Материалдар / "Өмір - шексіз керуен(
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өмір - шексіз керуен(

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірге деген бейімділік,табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру,өмірдің құндылығын сезіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2017
1081
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қоныс орта жалпы білім беретін мектебі















Shape1

«Өмір шексіз керуен»









Өткізген: Майхина Н.М














2017 – 2018 оқу жылы

«Өмір- шексіз керуен» тренинг сабақ
Мақсаты: Өмірге деген бейімділік,табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру,өмірдің құндылығын сезіндіру.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу
Көңіл - күйлерін сұрау

Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар, оқушылар бугінгі ұйымдастырылып отырған «Өмір – шексіз керуен» тақырыбындағы тренинг кешімізге қош келдіңіздер! 
«Танысу» жаттығуы. (5 мин)

Шарты: оқушылар дөңгеленіп, бір – бірінің қолдарын ұстап тұрады және сағат тілімен есімін және есімі қандай әріптен басталса сондай жемістің атын айтады, солай жалғаса береді. Есімін және жемісті айтқан адам алдыңғы адамдардыкін қоса айтады. Соңғы адам барлық қатысушылардың есімдерімен жемістерді айтып шығады. Бұл жаттығу арқылы оқушылардың ойлауы, еске сақтауы, зейіні дамиды және бірі – бірін тануға әсерін тигізеді.

Өмір деген тұрмайды: қап-қарадан

Өмір деген тұрады:  Ақ-қарадан.

Ақ-қара. Екі арасын ашып өтіп,

Арамен өз бақытын тапқан адам

 Өміріме өзімнің таң қаламын,

Қалмаймын деп қатардан қамданамын.

Бүгінімді өткізсем қиындықпен,

Ертеңіме үмітпен қамданамын,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың. Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

Сұрақ-жауап

Өмір дегеніміз не, қалай түсінесің?

Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

Өмір адамға несімен қымбат?

Сіздер өмірде өздеріңді бақыттымын деп санайсыңдар ма?

Келешекте сіздер өз өмірлеріңізді қалай құрар едіңіздер?

Өмір деген – алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы, жарқын өмір сүруі тиіс. Өмірдегі кездесетін сәтсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп, не істесең де ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы, шыдамды, төзімді болуды үйрен. Өмірде бәрі де өткінші екенін ұмытпа.

Өміршендік ережесі. (оқушылар МЕН деп айқайлап отырады)

Әр адамның ережесі – өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, Өміршеңдік ережелерін айтайық.

1. Жігер деген – Мен

2. Күш деген – Мен

3. Махаббат деген – Мен

4. Кешірім деген – Мен

5. Құдірет деген – Мен

6. Жасөспірім деген – Мен

7. Жастық шақ деген – Мен

8. Денсаулық деген – Мен

9. Адалдық деген – Мен

10. Жарқындылық деген – Мен

11. Бар ғажайып деген – Мен

Хормен: Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда.

«Өмір ағашы» психологиялық  мінездеме  беріледі

Қазір сіздер экранда берілген өмір ағашының бір бөлігін таңдаңыздар.

- Сіз не үшін  бұл бөлікті таңдадыңыз?

- Ал сіз ше?

Білімгер  пікірі

Тамырды  таңдағандар – істің нәтижесіне мән беретіндер.

Діңін таңдағандар – берік, мықты, біреуге тірек бола алатындар

Жапырақ таңдағандар – сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар

Релаксация « Уайымнан арылу». (жайлы әуен ойнату)


Мақсаты: бойларындағы күйзелістерді жою және жаман ойлардан арылту.

Нұсқау: Біз кейде шаршаған кезде демалғымыз келеді...

Ыңғайлы жатыңыз(отырыңыз), көзіңізді жұмыңыз да ерекше саяхатты елестетіңіз.Айтқанымның барлығын елестетіп отырыңыз...

Қолымызда бір қапшық бар. Сол қапшықты толтырайық.Керек емес нәрсенің барлығын соның ішіне салайық; өкпе, реніштерді, көз жасын, ұрыс- керісті, сәтсіздікті, өкінішті... Қапшықтың аузын байлап саяхатқа аттанайық..

Сіз тұратын үйден кең жолға шықтық...

Жолымыз алыс, қапшығымыз ауыр, иығымыз ауырды, біз шаршадық, аяқ- қолымыз талды. О-Ох! Демалғымыз келді! Ендеше демалайық! Қапшықты жерге тастап, жатайық. Терең демаламыз: ауаны тартамыз(3 секунд) тартамыз-шығарамыз.Деміміз жеңіл, түзу, терең. Жердің иісің сезесіндерме?

Жапырақтардың аңқыған иісі, гүлдердің хош иістері, кеудеңді кернейді.Жер бүкіл уайымды, өкініш пен шаршауды сіңіріп алып денеңізді күшке, қуанышқа толтырады.

Енді әрі қарай жол жүру керек.Тұрыңыздар.Қапшықтарыңызды көтеріңіздер, сезесіздер ме, ол жеңілденіп қалды.Сіз гүлге толы дала бойымен келе жатырсыз:шегірткелер шырылдап, аралар ызылдап, құстар ән салуда.Осы дыбыстарды мұқият тыңдайық.Алдыңызда мөп-мөлдір бұлақ.Бұлақтың суы емді, дәмді.Сіз бұлаққа созылып, қолыңызды мөлдір суға батырып, мұздай, дәмді судан ішіп жатырсыз.Бүкіл денеңізге мұздай судың таралғаның сезесіз бе? Сіз денеңіздің жеңілдеп, жаңарғаның сезесіз... Жақсы!Суға түстіңіз. Ол аяғыңызды жұмсақ сипайды,шаршағаныңызды басады.Сіз тастан тасқа секіріңіз, сізге жеңіл және көңілді қапшық мүлдем жеңілдеп кетті.Түрлі- түсті тамшылар шашырап, бетіңізді, маңдайыңызды, мойыныңызды, бүкіл денеңізді жаңартады.Ке-рем-ет.!!!

Сіз арғы бетке өтіп шықтыңыз! Ешқандай кедергіден қорықпайсыз!

Әдемі жасыл алаңда аппақ әсем үй тұр.Есігі ашық сізді ішіне шақырып тұрғандай.Сіз кірдіңіз.Алдыңызда пеш, жылынып кеуіп алуға болады.Сіз пештің алдына отырып, оттың жарық алауларын қарап отырсыз. Олар көңілді секіріп, билеп қояды.Жылы лебіз бетіңізден қолдарыңыздан сипап, бойды жылытады.

Айнала тыныш, жайлы! От сіздің бойыңыздағы реніш, сағыныш, уайымды алып кетеді.Қараңызшы, сіздің қапшығыңыз босап қалды...Сіз үйден шығып, таза ауаны бір жұтасыз! Сіз ризасыз және қуаныштысыз! Самал жел сізді шашыңыздан, бетіңізден сипап өтті.Денеңіз ұшып кетердей жеп-жеңіл.Сіз өзіңізді керемет сезініп тұрсыз!Самал жел сіздің қапшығыңызды қуанышқа, мейірімге, махаббатқа толтырады...

Барлық осы байлықты сіз үйіңізге алып барып. Өз балаларыңыз бен, жақындарыңызбен, достарыңызбен бөлісесіз.(үзіліс 30 секунттан кем емес)

Енді көзіңізді ашып, жұмуыңызға болады- сіз үйдесіз және сізді жақсы көреді...

«Саяхатқа бірге шығайық» ойыны. (сергіту сәті)

Шарты:Көңілді әуен ойнап тұрады.Әуен қосылған кезде алдыңғы ойын кезінде бөлінген топ бойынша тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындау керек. Солай ойын жалғасады.

-бой өлшемдеріңізбен сап құраңыздар;

-жастарыңызбен (кім қай жылғы) сап құраңыздар;

-шаштарыңыздың ұзындығымен сапқа тұрыңыздар

- туылған айларыңыз бойынша (қаңтар ... желтоқсан)

- сынып – сынып бойынша сапқа тұрыңыздар

-бір ер бала, бір қыз баладан сап құраңыздар

«Арттерапиялық жаттығу» Оқушыларға ас тұзы және түрлі түсті бор беріледі. Сол бор арқылы ас тұзын бояу керек.

 Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!

Психологиялық  кеңес:  қызықты  өмір  сүру  үшін   ...      

- ай сайын  жаңа  кітап  оқы, оқығандарыңды  көңіліңе  тоқы;

- икемің  бар  іспен айналыс, мыс. (ән  айту , би  билеу , шеберлікістер);

- әрбір  демалыс  күніңе  жоспар  жасап, қызықты  өткізуге  тырыс,

- ертеңгілік  жаттығу  жаса, сергек  жүресің,

- ата – анаңа, бауырларыңа т.б. жақындарыңа  көмектесіп  тұр;

- әр айдың бір  күнінде  өзіңді  басқа  біреудің орнына  қойып  көр, содан  өзгеше  ойлап, тәлім  алуға  тырыс;

- әр  күні  кешке “ мен  бүгін  не істедім?” деп  өзіңе  есеп  беріп  үйрен;

- күнделік  жазуға  дағдылан, ол  сенің  ең  сенімді  серігің  бола алады .

Олай болса тренингімізді «Мен өмірге ризамын» деп 3 рет айтып аяқтайық, келесі кездескенше!!!

Жаңа-жаңа мен ұғына бастадым, 
Өмір деген қымбат екен, достарым. 
Өмір – менің жарқылдайтын аспаным, 
Өмір – менің сарқылмайтын дастаным 

Қорытынды: 
Өмір туралы ойланбайтын жұмыр басты пенде жоқ. Бірақ ешкім де сол ойының түбіне жеткен емес, бір пікірге келген емес. Әркім өмірді өзінше түсінеді, өзінше бағалайды, өзінше одан ғибрат алады. Біреу оған риза, біреу одан мұлдем түңілген. Біреу өмірді мәңгі күрес, айтыс- тартыс деп бағаласа, енді біреу сыры мол, мәні терең құбылыс деп сезінеді. 
Қысқасы, «өмір» деген ұғым бар да, өмір сүретін адам да бар, ол туралы ортақ пікір жоқ, әр алуан көзқарас, әр алуан көзқарас, әр түрлі түсінік. Бірақ қалай болғанда да, өмір адамның жарық дүниеде, жер бетінде көрер аз күндік қызығы мен рақаты, не азабы мен қасіреті, жақсы- жаманға үйрететін мектебі, алар тәлім- тәрбиесінің көзі болып саналады. 
Адам баласының бойына тән, болмысына біткен парасаттылық пен пендешілік, даналық пен надандық, биіктік пен пәстік, өрлік, өжеттік пен ынжықтық, дарындылық пен дарынсыздық, жомарттық пен сараңдық, азаматтық пен тоғышарлық сияқты екіұдай қасиеттердің бәрі де біреуде мол, біреуде кем, сол безбенімен өлшенер қасиеттер. 
Әрбір адам өмір сүруге құқылы. Өмірдің қайғысы мен қуанышы, бейнеті мен зейнеті бірге жүреді. Өмір сонысымен қызық, сонысымен тәтті. Сондықтан «қайғының артында қуаныш бар, бейнеттің артында зейнеті бар» деп, келер күнге үмітпен қарап өмір сүру керек. 
Жағылды ма жүрегімде жаңа шам, 
Ойлаумен өтеді ылғи оңашам. 
Армандаймын: ұлы еліме сүйікті, 
Жақсылықтар жасасам деп орасан 















ӨМІРІҢЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМА

Сөзі: Серік СЕЙІТМАН

Әні: Сәкен ДӘРІБАЕВ

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.

 

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

 

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

 Сын сағатта сақтау үшін өз басын

Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Айдын көлге айналса да көз жасың.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!