«Өмір — теңіз, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өмір — теңіз, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өмір — теңіз, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» атты ашық тәрбие сағатының бағдарламасы #Біртұтас_тәрбие Мақсаты: Оқушыларға өмір құндылығы туралы білім беру, адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту, өмірден өзіндік орнын, өмірлік бағдарын айқындай алуға баулу, өмірге құштарлықтарын арттыру, өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу. Өмірдің алды – ыстық, арты – суық, Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық. /Абай/
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өтінім кестесі:

Сынып жетекшісінің Т.А.Ә

Ерханова Камшат Мұхитқызы

Қала/аудан

Мақтаарал ауданы, Атакент кенті

Сынып сағатының тақырыбы:

«Өмір — теңіз, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз»

Телефон WhatsApp, e-mail

+7 707 798 85 46, miss-kamshat@mail.ru

Білім беру мекемесі (толық атауы, мекен-жайы, телефон, факс, e-mail және т.б)

«Мақтаарал аграрлық колледжі» МКҚК

Республика Казахстан, Туркестанская область, Мақтаарал ауданы

Mak.kolledj@mail.ru

+7 (741) 253-26-12



«Өмір — теңіз, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз»

атты ашық тәрбие сағатының бағдарламасы

#Біртұтас_тәрбие

Мақсаты:

Оқушыларға өмір құндылығы туралы білім беру, адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту, өмірден өзіндік орнын, өмірлік бағдарын айқындай алуға баулу, өмірге құштарлықтарын арттыру, өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.


Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,

Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық.

/Абай/

Көрнекілігі: Слайдтар, өмір туралы қанатты сөздер.

Барысы: Ән. Кел студент

Орыдайтын: Акашова Айдана , Жамалов Тілеген, Шардарбек Алихан

1-жүргізуші Айдана: Армысыздар, құрметті ұстаздар және жалынды жастар! Бүгінгі бірінші тігін тобының «Өмір — теңіз, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші Жансая.

Өмір деген – алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі қажет. Яғни адам саналы, жарқын өмір сүруі тиіс.


Әдеби монтаж тамашалаңыздар!!!


Гүлбағира

Өмір жайлы сұрай берме сен менен,

Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.

Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,

Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.

Жесір келін, бір нәресте көрмеген,

Жетім шалды бала орнына тербеген.

Өмір жайлы не түсінем мен деген...

Өмір жайлы сұрай берме сен менен.

Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,

Өміріне кегі кеткен, өлмеген,

Жалған айып таңылғанда көлденең,

Ақиқаттың аппақ туын бермеген.

Содан сұра, содан сұра өмірді,

Нені көрді, нені сезді, не білді.

Heгe ақылды ақымақтан жеңілді,

Біреу жылап, біреу неге көңілді?


Шұғыла

Бар ізгілік аналардан тараған,

Бүкіл өмір жаратылған анадан.

Аппақ басын, аппақ шашын ананың

Аялайық, ардақтайық әр адам!

Аналарды сыйлай білсең бала боп,

Ақ ниеті дәл келсе де қағады оқ.

Аттап өткен ақ батасын ананың

Жауыздардың дертіне ешбір дауа жоқ!


Гүлжанат

Жүрегімді мекен етіп ізгілік.
Жанарымнан төгіледі мейірім.
Жүздеріңнен көрем ылғи ізгі үміт,
Мынау бақпен кереғар ғой кей ұғым.
Көп күйбеңнен кірбің тартса қабағым,
Күңгірт үйді жарық еткен күлкісі.
Бәсі бөлек, бұл бақыттың бағамын,
Тілмен айтып жеткізе алмас мың кісі.
Сендер барда әлденені армандап,
Әлдекімге кейігенім – күпірлік,
Өздеріңсіз дүние құнсыз,жалған-бақ,
Өн бойымды толқытады шүкірлік.


Орынкүл

Пай, пай, Өмір!

Өтесің-ау бір күні.

Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.

Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай,

Өмір деген - көк аспанның күркірі.

Пай, пай, Өмір,

Өтесің-ау бір күні!

Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,

Кетеміз-ау, әй, кетеміз,.. пендеміз.

Ұрпақтарға береміз де кезекті,

Біз кетеміз.

Кету үшін келгеміз.

Өмір деген - бұйым емес қолдағы,

Өмір дейтін - ұлы бекет жолдағы.

Қаның кеуіп қаталаған кезіңде

Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.

Мына күн де, мына аспан да, дала анау,

Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!

Өмір дейтін - тағатсыз бір қозғалыс,

Өмір дейтін - өлемін деп қарамау.


Ақжүніс

Шарлап бір жүрсем туған өлкені мен,

Қайда да өрлік көрем өркені кең.

Көркіңе көз тоймайды, о, туған жер,

Сен барлық жер біткеннің көркеміме ең?

Ізгілік - біздер үшін ата қалып,

Жүрміз ғой Адам деген атақ алып.

Қаласаң, жүрегімді жұлып беріп,

Сүйейін топырағыңды жата қалып.

Ешқашан емеспін мен тосын адам,

Қияннан бақытымды тосып алам.

Өзіңді жырлау үшін жаратылды,

Сезімі селден бетер осы балаң!


Дильноза

Өмір - теңіз, өтіп ағып барады,

Біз кеткен соң, тек ақ құмы қалады.

Біреуге теңіз, ал біреуге көл ғана,

Әрбір пенде лайықтысын алады.

Бірде тыныш, бірде ашулы толқыны,

Цунамидей көрінеді бір күні

Гауxар тасқа толы болсын өмірің

Желдей ессін бақыт шаттық түр-түрі







1-жүргізуші Айдана.

Өмір құлып, кілтін тапсаң ашасың

Өмір өрт ол, қорқақ болсаң қашасың.

Өмір деген сабырсызға қыс мәңгі,

Өмір көктем болсаң егер ұстамды – дей келе

«ТАМАША ӨМІР СҮРУДІҢ 10 КІЛТІ» атты тігін тобының жетекшісі

Ерханова Камшат апайдың баяндамасына кезек береміз.

2 –жүргізуші Жансая:

Өмір – ол адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды саған сыйлаған кім?...

Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата-анаң. Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек,

-демекші назарларыңызға бейне баянды ұсынамыз.

1-жүргізуші Айдана:

Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,

Өмір болмас қасіретсіз, мұң - қайғы,

Сондықтан да, өз - өзіңе абай бол,

Өмір сені сонда ғана шыңдайды, -деп жырлағандай, өмірдегі қиындықтарды ақыл-ойымызбен, сабырлығымызбен жеңе білуіміз керек.

Ән: «Өкінбе сен»

Орындайтын:Арманқызы Жансая


2-жүргізуші Жансая:

Жаңа-жаңа мен ұғына бастадым,

Өмір деген қымбат екен достарым.

Өмір- менің жарқылдайтын аспаным,

Өмір менің сарқылмайтын дастаным – деп қызықты ойынға кезек береміз.

Ойын


2-жүргізуші Жансая:

Өмір дегенің

Өмірді сенің көмегіңе мұқтаж болып, іздеген жандардың санымен немесе өмірлік серік ретінде таңдаған жанмен өрнектейтін болсаң қателескен екенсің. Өмір санға толы есеп емес.

1-жүргізуші Айдана:

Өмірді бағалы киіммен, соңғы шаш үлгісімен, терісінің түсімен, ата-тегімен байланыстыратындар бар. Тіпті тәлім алып жатқан оқу орындарымен, қызмет орнын өмір деп түсінетіндер бар. Өмірді жалғыздық немесе көпшіліктің ортасы деп ұғатындар да бар. Бірақ өмір дегеніміз бұл емес!

2-жүргізуші Жансая:

Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.

1-жүргізуші Айдана:

Өміршендік ережесі.

Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.

Сахнаға 11 оқушы шығады.

  1. Жігер деген-Мен –Алмас

  2. Күш деген-Мен - Диля

  3. Махаббат деген-Мен –Ақжүніс

  4. Кешірім деген-Мен - Алихан

  5. Құдірет деген-Мен –Гүлжанат

  6. Жасөспірім деген-Мен -Гүлсанам

  7. Жастық шақ деген-Мен – Ұлжалғас

  8. Денсаулық деген-Мен –Нұрмахан

  9. Адалдық деген-Мен –Гүлбағира

  10. Жарқындылық деген-Мен –Айткүл

  11. Бар ғажайып деген-Мен -Орынкул

Хормен: Бәрі маған байланысты,

                  Бәрі менің қолымда.

2-жүргізуші Жансая:

Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?

Қайратыңды жігерге жанығандай.

Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып

Достықтарың жарасып дәл осылай.

Келесі кезекте «Күй шашу» биі.


2-жүргізуші Жансая:

Адам күліп қарсы алады таң нұрын

Адам жырлап жөнелтеді әр күнін

Сәл қайғырса , ол ұғына түседі

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын, -дей келе келесі кезекте көрініс

«ӨМІР СҮРУДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖОЛЫ»   

2-жүргізуші Жансая:

Шыдамдыны мына өмір ұнатады,

Бірде қуантып, бірде жылатады,

Сүріндіріп кейде құлатады.

Жылатып тұрып жұбатады.

Дұшпандарға кейде сені сынатады,

Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,

Мына өмір сендер үшін қымбат әлі, -демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың. Сол жолдан адаспай өтіп мақсаттарыңызға жете беріңіздер.


Хор: Бақыт деген.

Қорытындылау.
1-жүргізуші:  Әрине, өмір жолы – даңғыл емес. Өрі де, ылдиыда жетерлік. Өмір сынынан сүрінбей өту – әр адамзаттың басты парызы. Әрбір адам аңсаған арманына жету үшін өмір бойы күреседі. Талаптанады, талпынады. Өмірдің «бір кірпіші боп қалануға» бар — ынта жігерін салады. Бізде сондай жастың біріміз. Аңсаған арманымызға жетуіміз керек. Қатарымыздан қалмай, өмір шыңына көтерілу біздің басты мақсатымыз. Еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда! Соны ұмытпауымыз керек…

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің ашық тәрбие сабағымыз аяқталды. Аспанымыз ашық өміріміз тыныш болсын!
1, 2-жүргізуші: Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар! 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
19.01.2024
627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі