Материалдар / «Өмір –байлық, бағалай біл»! 7 сыныбымен тренинг – сабақ

«Өмір –байлық, бағалай біл»! 7 сыныбымен тренинг – сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру, өмір туралы ұғымдарын дамыту, бір – бірін түсіну, ой – пікірлерін ашық айта білуге дағдыландыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2018
384
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

279 орта мектебі













«Өмір –байлық, бағалай біл»! (7 «Ә» сыныбымен тренинг – сабақ)



















Күні: 22.12.2017ж. Өткізуші:П.Жугинисова (педагог – психолог)















































2017 – 2018 оқу жылыТақырыбы: «Өмір –байлық, бағалай біл»!

Мақсаты: Өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру, өмір туралы ұғымдарын дамыту, бір – бірін түсіну, ой – пікірлерін ашық айта білуге дағдыландыру.Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауапТүрі: тренинг-сабақКөрнекілігі: суреттер, қалам, қағаз, слайдтар

Өтілу барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2.Кіріспе сөз Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нарсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір – баға жетпес бағыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізуі керек. Адам шыр етіп дүниеге келгеннен о дүниеге өткенге дейін аралық. Сол аралықта пенденің тіршілік етуі, қуаныш – қайғысы, жақсылығы мен жамандығы, яғни сол ортаға қалыптасуы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асу-толқындар кездессе, бірде жай шуақ күндер болады. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатты болады. Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес тәңірдің сыйы. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін, мәнді де, сәнді етіп өткізу керек.3. Сергіту жаттығуы /оқушылар шеңбер құрып тұру/ Әрқайсысымыз айналамызда айна бар деп есептейміз, сол айнаға қарағанда бір құпия бар табасыңдар. Күлкі бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Алақан бейнеленсе, амандасамыз.Күн бейнеленсе, жан-жағымызға қолымызды созамыз. Жүрек бейнеленсе, құшақтасамыз.4. «Ой толғау» бөлімі: - Өмір деген тұрмайды: қап-қарадан -Өмір деген тұрады: ақ- қарадан, -Ақ-қара екі арасын ашып өтіп. -Арымен өз бақытын тапқан Адам.Бұл жерде «ақ», «қара» деп нені меңзеп отыр? Қай кезде адам өмірі «аққа» толы болады? Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек? Адам баласы не үшін өмір сүреді? Өмір деген несімен қымбат? Сенің өмірдегі мақсатың қандай? Өмірдің мәнін түсінуге қаншалықты қажет? 5. «Өзіңді теңей біл» жаттығуы. (оқушылар суретті таңдап алады)Сіздер өздеріңізді бір затқа немесе табиғат жаратылысына теңейсіздер. Ол «мен» деп есептейсіздер. (Мысалы: мен өзімді бұлаққа теңеймін. Менің бұл өмірге пайдам көп. Өйткені, мен бұлақпын. Жануарларды өсімдіктерді қоректендіремін. Мен бұл өөмірге керекпін.)6. «Ойланып көрейік» жаттығуы. (төменде берілген сұрақтарға жауап береді)Адам не үшін өмір сүреді? - Жақсы өмір сүру үшін. -Үлгілі отбасын құру үшін. - Қоғамға, өз ортасына пайда тигізу үшін. - Жақсы білім алу үшін.Өмірден өз орнын табу деген не? -Оқу орнына түсу. -Жақсы дос табу. -Мол дәулетке жету. - Бақытты болу.Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? - Еңбекқор,әділ, адал болу - Қабілетті,дарынды болу - Адамдармен тез тіл табыса алу.7. «Метафора арқылы сөйлеу» жаттығуы.Өмірде кейбір жағдайларды суреттеу, ертегі, аңыз,мысал, өлең арқылы түсінуге болады. Ендігі тапсырма метафора арқылы сөйлейтіндеріңді білдіреді. Сіздерге он сөз беріледі. Осы сөзді пайдаланып өлең, әңгіме, ертегі, т.б. құрастыру керек: өмір, күрес, мектеп, жарайсыңдар, ойын, тамаша, дос, психология, ура,сабақ.8. «Бұл қандай нәрсе» ойыны.Ойын шарты: «жоқ» немесе «білмеймін» деп айтпау қажет. Шұлық
  • Мына зат сізде бар ма?
  • Күнде пайдаланасыз ба?
  • Күніне, айына шаққанда қанша рет пайдаланасыз?
  • Қай жерде тұрады?
  • Сіз оны иіскейсіз ба?
Монша
  • Сіз оған неше рет барасыз?
  • Кіммен барасыз?
  • Не үшін барасыз?
  • Сіз ол жақта қанша уақыт боласыз?
Отбасы
  • Сізде ол бар ма?
  • Қашаннан бері?
  • Ол қандай? (сипаттап беріңізші)
  • Бәрі күнде сіздің қасыңызда жүре ме?
Сиыр
  • Бұл нәрсе сізде бар ма, әлде жоқ па
  • Үйде немесе далада тұра ма?
  • Оның адамдарға қанша пайдасы бар? (сіз үшін, халық үшін)
Тіс щеткасы
  • Бұл зат үйіңіздің қай бөлмесінде орналасқан?
  • Неше рет қолданасыз? (күніне ме, айына ма, жылына ма?)
  • Мүлде қолданбай кеткен кезің болды ма?
  • Не себепті қолданасыз?
  • Қай уақытта қолданасыз? (бір жерге барайын деп жатқанда ма?...)
9. «Мен бақытты баламын!» жаттығуыБетімізге самал жел лебі еседі. Кенеттен баяу жел соғады, гүлдер желмен жан жаққа шайқалады. (қолдарын жан жаққа шайқайды) Бір мезгілде аспанға бұлт төніп,жаңбыр жауа бастайды.Гүлдер тоңып бүрісіп,жабылады.(Қолдарын тізе үстіне қойып бүрісіп отырады).Бір уақытта күннің көзі күлімдеп,жайнап шығады,сол уақытта гүлдер құлпырып жайнап,ашыла бастайды.(Балалар үлкен шеңбер жасап,бір үлкен гүл шоғырына жиналады).Міне осы иіс аңқыған гүлдерді ең жақын достарыңызға,тілек айтып сыйлаңыздар.Балалар шеңберде тұрып бір-бірінің қолын көтеріп, алақандарын түйістіріп,хормен мына сөзді қайталайды. Біз өмірді сүйеміз!10. «Мен өмірді қолдаймын!» атты оқушылардың үндеуі. (оқушылар қағазға алақандарын бастырып, өз аттарын жазады және өмір туралы пікірлерін жазады)11.Психологиялық кеңестер: Өз жүрегіңізді жек көрушіліктен босатыңыз. Өзіңізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз. Өз жүрегіңізді толқулардан босатыңыз-олардың көбі пайдасыз. Қарапайым өмір сүріңіз, барға қанағат етіңіз. Істеген жақсылығыңызға мақтау күтпеңіз. Сіз басқаларға қалай қарасаңыз, өзгелер де сізге солай қарайтынын ұмытпаңыз.12. Қорытынды: Оқушылар пікірін тыңдау.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ