400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өмір бойы оқыту: Неге? Қалай?"

Материал туралы қысқаша түсінік
аналарына «Ата-аналарды үздіксіз білім алудың маңыздылығымен таныстыру, балалардың дамуында өмір бойы оқу құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған ата-аналық қолдаудың жолдарын көрсету.» мақсатында іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы



Shape1




Сынып жетекші

Танашева Г.У.

Күні

09.04.25

Сыныбы

11 сынып

Тақырыбы

Өмір бойы оқыту: неге? қалай?

Мақсаты

Ата-аналарды үздіксіз білім алудың маңыздылығымен таныстыру, балалардың дамуында өмір бойы оқу құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған ата-аналық қолдаудың жолдарын көрсету.

Барысы


Мұғалімнің әрекеті

Ата-анаың әрекеті

Ресурстар

Басы

Ұйымдастыру





Психологиялық жаттығу





Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар!

Бүгінгі кездесуіміз – тек балалардың емес, ата-аналардың да үздіксіз дамуы туралы. Өмір бойы оқу – заман талабы.

Соңғы рет не үйрендіңіз?”

Сіз соңғы рет не үйрендіңіз? Бұл сізге қалай әсер етті?”
2 минут ойланыңыз – жазып алыңыз – көршіңізбен бөлісіңіз








Ата-аналар ойларымен, соңғы рет үйренген меңгерген дағдыларын айтады.








Қима-қағаздар

Ортасы



«Өмір бойы оқыту» дегеніміз не?

Бұл – адамның өмірінің әр кезеңінде білім алып, өзін дамытуы.

Формалды емес оқу: онлайн курстар, кітап оқу, кәсіби даму тренингтері, хоббилер арқылы үйрену.

1. Адам неге өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді?

2. Өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау, сондай-ақ өзін

өзі басқару қабілеті өзін-өзі тәрбиелеуде қандай

орын алады?

3. Өзiн-өзi тәрбиелеудiң қандай дағдылары мен

қабiлеттерiн бала меңгеруi тиiс.

4.Балаға өзiн-өзi тәрбиелеу жөнiндегi iс

шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету тәртiбi.

НЕГЕ ӨМІР БОЙЫ БІЛІМ АЛУ МАҢЫЗДЫ?

Жаңа заман – жаңа талаптар

Баламен қарым-қатынасты жақсарту

Кәсіби және тұлғалық даму

Балаларға үлгі болу

Миға сергектік, эмоционалдық интеллектіні дамыту

ӨМІР БОЙЫ ОҚУДЫҢ 5 СЕБЕБІ









Ата-аналар аталған сұрақтар төңірегінде пікір алмасады.


















Ата-аналар өмір бойы оқудың 5 себебін атайды.

Таныстырылым

Соңы


Ата-аналарға чек лист

ӨМІР БОЙЫ ОҚУ – ӨЗІМІЗ ҮШІН ДЕ, БАЛАЛАРЫМЫЗ ҮШІН ДЕ МАҢЫЗДЫ.

ӘР КҮНІ КІШКЕНТАЙ ҚАДАММЕН ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСКЕ ЖОЛ АШУҒА БОЛАДЫ.


Чек-лист


«Өмір бойы оқыту: неге? қалай?» атты іс-шараға анықтама.

9-шы сәуір күні ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы аясында 11сынып ата-аналарына «Ата-аналарды үздіксіз білім алудың маңыздылығымен таныстыру, балалардың дамуында өмір бойы оқу құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған ата-аналық қолдаудың жолдарын көрсету.» мақсатында іс-шара өткізілді.

Жиналыс барысында өмір бойы оқыту ұғымының мәні ашылып, оның баланың тәрбиесіне әсері талқыланды. Психологиялық сергіту жаттығуы арқылы ата-аналар соңғы үйренген дағдылары мен білімдерімен бөлісті.
"Өмір бойы оқу" ұғымы туралы ақпарат беріліп, формалды емес оқу түрлері (онлайн курстар, кітап оқу, хоббилер) мысалға келтірілді. Топтық талқылау форматында ата-аналар бірнеше маңызды сұрақтар төңірегінде ой бөлісті.
Сонымен қатар, "Өмір бойы оқудың 5 себебі" тақырыбында пікір алмасып, балаларға үлгі болудың маңыздылығы айтылды.

Ата-аналар өмір бойы оқудың қажеттілігін бөлісіп, шараға белсенді қатысты. Іс-шара соңында қатысушыларға тақырыпқа байланысты арнайы чек-лист ұсынылды.

Шара ата-аналардың тәрбиелік үдерістегі белсенді рөлін арттыруға және олардың үздіксіз даму қажеттілігін ұғынуға септігін тигізді.

Сынып жетекшісі: Танашева Г.У.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
11.04.2025
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі