400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өмір жолын таңдау 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмір жолын таңдау 9сынып. Өзін-өзі тану.Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: қарапайымдылық, адалдық, әділдік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Мектеп:

Сабақтың тақырыбы: Өмір жолын таңдау

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қарапайымдылық, адалдық, әділдік

Мұғалім

Сынып: 9

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға өмір жолын дұрыс таңдай білудің мәнін түсіндіре отырып, қарапайымдылық қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды өзін-өзі тануға, өмір жолын дұрыс таңдай білуга бағыттау арқылы адалдық қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды өмір жолын дұрыс таңдай білу, әділдікке тәрбиелеу


Ресурстар:

оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер

Дәйексөз

«Егер мақсатың болмаса, түк те тындыра алмайсың, ал мақсатың мардымсыз болса, ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың » Д. Дидро

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер ?

Дәйексөзді бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазады.

Мәтінмен жұмыс

А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы » еңбегінен алынған үзіндіні оқып беру.

Талдау сұрақтары:

1 .Мәтіндегі «тіпті мүддесі жоқ адам болмайды» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  1. Автордың «ішкі ғаламның ниетіне тысқы ғаламның шарттары тура келмей, ілінісіп , ұстаса кетеді » деген ойы нені білдіреді?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Шығармашылық жұмыс:

1-тапсырма: берілген қанаттты сөздерді пайдалана отырып, бүгінгі өмірмен байланыстырып, өз ойларыңды ортаға салыңдар

ФАЛЕС «Ең қиын іс-өзіңді өзің тану, ең оңай іс-басқаға ақыл айту».

И.ГЕТЕ «Өзіңді қалай танып білуга болады. Тіпті де, құр түйсінумен емес, тек қана іс-әрекет арқылы. Өөіңнің борышыңды орындап көрсең болды. Өзіңді тани кетесің »

АБАЙ «Қашан бір бала ғылым-білімді махабатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады»

2-тапсырма: Сәйкестендіру арқылы дұрыс нақ, ұғымдарды табыңдар


Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.

Топпен ән айту

«Арман жолдар» А.Дүйсенбінің әнін орындау.

Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді

Дәптермен жұмыс: дәптердегі тапсырмаларды орындайды.


Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Үй тапсырмасы: «Таңдау қиындығы »Бақытгул Салыхова

Күнделіктеріне жазады.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.11.2021
857
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі