400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Өмір керемет

Материал туралы қысқаша түсінік
өмірге қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Өмір керемет» тренинг-ойыны

Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.

Міндеті:

  • Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту;

  • оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

  • Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу;

  • Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.

Қатысушылар: 7 сынып

Жұмыс түрі: топтық жұмыс


Сабақтың барысы:

Ұйымдастырушылық кезең

Кіріспе сөз. Оқушылар сіздерді көргендерімізге қуаныштымыз! Бүгінгі тренинг-ойын сабағымыздың тақырыбы «Өмір керемет!». Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа» өмірде адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керек.
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қақтығыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты.
Олай болса, бүгінгі тренинг-ойынымыз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.


1. «Танысу» жаттығуы

Нұсқау: - Балалар, «Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.


2. «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы

Шарты: тақтадағы «Өмір» деген сөзге ассосация жасай отырып, әр әріпті жеке-жеке талдау. Мысалы: өмір-өзен, өмір-мейірім,

Өмір- өзен...

Өмір-м...

Өмір-і...

Өмір-р...


3. «Өмір шыңына саяхат» жаттығуы

Құндылықтар тізімі.


4.  «Ойланып көрейік» жаттығуы.
Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.
Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер:
Адам не үшін өмір сүреді?
- Үлгілі отбасын құру үшін.
- Білім алу үшін.
- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.
- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.
- Өзін өзгелерге таныту үшін.
Өмірден өз орнын табу деген не?
- Жоғары атаққа ие болу.
- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету.
- Тату және берік отбасын құру
- Адал достар көп болу.
- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.
Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
- Еңбекқор, адал, әділ болу
- Қабілетті, дарынды болу.
- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу.
- Адамдармен тіл табыса білу.
Оқушылардың сөздері қорытындыланып, бейнеролик көрсетіледі.



5. «Қиындықтан бірге өтейік» жаттығуы

Нұсқау: оқушылар топқа бөлінеді. Көздеріне маска беріледі. Оқушылар аттарының 1 әрпіне байланысты тұру керек. Екінші тапсырма бойынша оқушылар амандасу әдісін таңдап, бірге орындау керек. Және алдыңғы оқушылардың амандасу әдісін қайталау қажет. Бір-бірін жетектеу.



Қорытынды бөлім

Қорытынды психолог сөзі: Бүгінгі «Өмір кереметм » тренинг-сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет! Осылай өмірде белсенді, қуанышты болыңыздар! Өмірлеріңді бағалап, мәнді өткізе біліңдер! Қызықты сәттеріңіз мол болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11.01.2025
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі