Материалдар / "Өмір керемет "тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өмір керемет "тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп психологтарына арналған барлық сыныптарға пайдалануға болатын тренинг жоспары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өмір керемет!” атты тақырыбында тренинг.

Тренинг жоспары:
1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі.
2. «Фонтан» жаттығуы.
3. «Менің өмірім...» жаттығуы.
4. Қорытынды.
Тренинг ережесі:
- Тыңдау әдебін сақтау;
- Өз пікірін ашық білдір;.
- Ашық, көңілді болу;
- Белсенділік таныту;
- Сыйластықта болу;
- «Мен»принципін ұстану;
- «Мұнда және қазір» болу.
Тренинг мақсаты:
білім алушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау;
өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.
Міндеті:
білім алушылардың эмоцияналдық көңіл-күйін жақсарту;
білім алушылардың өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
білім алушылардың өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу;
білім алушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.

  1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!

    Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.

    Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын. Тренинг барысында 3 топ қатысады. Әр сыныптан 8 оқушыдан. Ал, қалған қатыспайтын оқушылар көрермен және қатысып отырған топтарды бағалаушы болып есептеледі. Тренинг соңында осы 3 топ ішінен жоғары белсенділік танытқан топ анықталып, мадақталады.

  2. «Фонтан» жаттығуы.

«Өзім бақытты болсам» 1 рет қол соғу.

«Өзге бақытты болсын» 2 рет қол соғу.

«Әлем бақытты болсын» 3 рет қол соғу.

3. «Менің өмірім...» жаттығуы. Бұл жаттығу сұрақ - жауап түрінде өтеді. Яғни, біздің сүріп жатқан өмірімізге қатысты сұрақтар. Мәселен, күнделікті қарап жүрген киноларымызға, қызығушылық танытатын компьютерлік ойындарымыз жөнінде болмақ.
Сұрақтар:
Өмір деген не?
Өмірді қалай сүру керек?
Өмір қаншалықты қызық?
Өмір несімен қымбат?

Өмір – ол адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды саған сыйлаған кім?...
Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата-анаң. Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек. Айтады ғой “Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да борышыңды өтей алмайсың” – деп. Себебі, ол саған “өмір” сыйлайды, саған жарық дүние көрсетті, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйіп, суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп, сені аялады, тәрбиелеп өсірді. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің.

Қортынды.

Өмір шексіз керуен!
Бұл сенің өмірің – ол үшін күрес!
Оны қорғай біл!
Өйткені ол өте керемет.

Өмір керемет!

Өмір – бұл мүмкіндік, жіберіп алма!

Өмір – бұл арман, іске асыр!

Өмір – бұл сүйіспеншілік, ендеше сүй!

Өмір – бұл міндет, атқар оны!

Өмір – бұл бақыт, оны өз қолыңмен жаса!

Оны құртуға қақың жоқ!

Әр бір атқан таң арайлы болып,
Өміріңіз қуанышқа тола берсін.

Өз өміріңізді бағалай біл!

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға
рақмет!













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!