400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өмір маған қымбатсың!" тақырыбында 8-9-10-11 сынып оқушыларымен сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірге деген бейімділік, табандылық, қарым -қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

СҚО Уәлиханов ауданы, Әуезов орта мектебі КММ психологы: Кабильденова Н.Қ


Тақырыбы: Өмір маған қымбатсың!

Мақсаты:

Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.

Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу.

Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру.

Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

- өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардң адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның ара жігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

- оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайд, жағдаяттар.

«Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы». /М.Мақатаев/

«Өмір — теңіз, өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» /Рудаки./

«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» /Дж.Неру/

Тренинг ережесі

1.Тыңдай білу;

2. Сөзді бөлмеу;

3.Белсенділік;

4.Шығармашылық;

5. Сыйластық;

6. Бірігіп жұмыс істеу;

7.Түсіністік қарым- қатынас;

Түрі: Тренинг

Барысы:

  1. Кіріспе

  2. Сәлемдесу” жаттығуы

3. “Менің көңіл –күйім” жаттығуы

4. Ойланайық, пікірлесейік

5. “Ойлануға арналған балықтар”

6. Жағдаяттарды талқылау

7. Постер қорғау

8. «Жүректен жүрекке»

Кіріспе сөз

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, оқушылар және ұстаздар!

Бүгінгі кездесуімізді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.

Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап ұзартады әр күнін.

Сәл қуанса,шығарады ол естен,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.


Осы өлеңде не жайлы жырлаған?

Әрине,өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы МАҒАН ӨМІР ҚЫМБАТ –деп аталады.

2.“Сәлемдесу” жаттығуына оқушылар бір –біріне қарама –қарсы тұрады.

Көзбен, баспен, қолмен, кез келген қимылмен, аяқпен, сөзбен амандасу.

3.“Менің көңіл -күйім” жаттығу

Қызыл түс – энергиясы толы, өмірлік күшті, белсенді, қиындыққа мойымайтын, күрескер, батылмын. Сол себептен көңіл –күйім өте жақсы.

Сары түс – көңілді, жігерлі, сенімді, қайсар, энергиям көп болғандықтан қиыншылықтардың бәрінен өтемін. Менің көңіл – күйім өте жақсы.

Көк түс – өзіне сенімді, тыныштықты, достықты сүйемін. Менің көңіл –күйім тамаша.

Жасыл түс – жігерлі , табанды, мақсаткер, өзімшіл, “Мен” деп өзіме жоғары баға бере аламын, адами құндылықты жоғары ұстаймын.Көңіл –күйім керемет.

Ақ түс – ақкөңіл, ақжарқын, адал, сабырлы, сенімді, бауырмалмын. Көңіл –күйім өте тамаша.

4.Пікірталас сұрақтары:

Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?

Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

Өмір адамға несімен қымбат?

Міне осы сұрақтарға сіздердің берер жауаптарыңыз қандай болмақ? Сөз кезегі өздеріңізде.

Өмір мен бақыт жайында жақсы ой-пікірлеріңді тыңдадық рахмет.

Психолог сөзі:

Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады.адамдар бір –біріне және өздеріне мейіріммен қарап,ізгі ниетпен жақсылық жасай біле керек.Өмір дегеніміз- баға жетпес асыл зат.Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Бір ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың” деген екен.Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз Олай болса,Өмір адамға бірақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.

5.“Ойлануға арналған балықтар” жаттығуы

Біз бір –бірімізді жақсы тану үшін әрбіреуіңе “балық аулайды”, себеттен аяқталмаған сөйлемді бар үлестірмені алады да, өз сөздері мен аяқтайды.

Ең үлкен қорқыныш -бұл ….

Мен мынадай адамдарға сенбеймін…..

Мен ренжимін, егер….

Мен ұмытпаймын, егер….

Маған көңілсіз,егер…..

Егер маған дауыс көтерсе, мен……

Мен қарсыласқанда…..

Егер мен сенімсіз болсам, онда….

Сөйлемді аяқтаған кезде қандай сезімде болдыңдар? Әрине, қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік.

Енді келесі жағдаятты қалай шешер едіңіздер?Соған тоқтала кетейік.

6.Жағдаятты талдау:

Әкесінің жеке тікұшағы бар. Ол бизнесмен. Шалқыған бай. Ол жасөспірімде бәрі бар. Бірақ, өзін бақытсыз сезінеді. Достары да аз, ата-ананың жылулығы жоқ. Бұл байлықтан шаршаған. Қандай кеңес берер едіңіздер?

7.Постер қорғау:

1-топ “Өмір сүру деген не?”

2-топ “Өмірде кездесетін қиындықтар және одан шығу жолдарын” көрсету

Жүректен- жүрекке.

Өмір деген –театр,

Адам оның әртісі

Өмір деген – бір кеме,

Алға жүзіп өрлеген

Өмір деген найзағай жарқ етіп тұрған жұлдыздай.

сіздердің бүгінгі кештен не түйгендеріңізді және осы күнге тілектеріңізді тыңдағым келіп тұр.

(Оқушылардың ойларын, тілектерін ашық айтуы.)

Олай болса мен сіздерді мына ұранмен өмір сүруге шақырамын

Барлығы қосылып:

Біз өмірді сүйеміз!

Бақытты өмір сүреміз!

Біз бәріміз біргеміз!

Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесек үйретеді» - дегендей

«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді.

Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.

Келесі кездескенше сау болыңыздар! Уақыттарыңызды бөліп,тренингке қатысқандарыңызға рахмет.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.02.2019
690
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі