Материалдар / Өмір-өзіммен ғажап!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өмір-өзіммен ғажап!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өмірдің мәнін түсіндіруге арналған тренинг сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2023
298
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренинг тақырыбы: «Өмір-өзіммен ғажап!»

Тренинг мақсаты: Оқушылардың өмір құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, өмірге жағымды көзқарас қалыптастыру.

Контенгент: 9 «б» сыныбы

Өткізген: Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің педагог-психологі А.О.Таскенова

Жүру барысы:

  1. Кіріспе. Боргильд Дальдың «Мен көргім келді» кітабынан үзінді

Барысы:

Сәлематсыздар ма, балалар! Мен бүгін сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Ал бүгінгі тақырыбымыз  «Өмір, өзіммен ғажап!»   деп аталады. Қалай ойлайсыздар балалар? Ғажайып деген не?

Ғажайып бақытпен байланысты. Ал бақыт  байлықпен саналмайды өзінің  «Мен көргім келді» атты кітабының авторы Боргильд  Даль осы туралы тамаша жазған еді. Ол 50 жасында соқыр болып қалды. «Менің тек қана бір көзім ғана көретін еді, оның да тек кішкене ғана саңылауынан ғана көретінмін». Бірақ ол өзін аяуға жол бермейтін еді. 53 жасында көзіне ота жасағаннан кейін ол жақсы көре бастады. Ол өз кітабында «Мен асүйде ыдыс жуғанда көпіршіктерді көрген сайын ойнай бастаймын. Мен үшін бұл үлкен бақыт. Әр көпіршіктен неше түрлі бояуды көремін» деп жазған еді. Міне, осындай мысалдар арқылы өмірдің әрбір сәтін бағалай білу қажет екенін көресіздер. Көре, ести алатынымызға, дем алғанымызға шүкір ету қажет.

Виктор Франкль былай деп еске алады: Тоғызыншы сыныпта оқитын кезім. Биология пәні болып жатыр. Мұғалім: «Барлық органикалық заттар сияқты адам да д.ниге келеді, өседі, жасайды, қартаяды, сосын өледі», -деді. Мен:

-Ағай сонда адам өмірінің мәні не? Неліктен біз мұнда келіп кетіп жатырмыз? Мұнда бізге жүктелген қандай да бір міндет барма? - деп сұрадым.

-Ешқандай мәні жоқ. Адамның өмірі мына жанып тұрған шам сияқты. Шамның майы таусылғанша жанады. Майы біткенде сығырайып барып сөнеді. Шам сөнген соң, жарық қайда кетті деп сұрау ақылға қона ма? Өмірде сол сияқты.

Мұғалім адам мен заттың арасындағы өзгешелікті байқамай қалды. Дәл осы жерде адам өмірінің мәні жасырын жатыр.

Сұрақ: Франкль нені байқап қойды? Ол не жайлы айтқысы келді?


Уақытты сен құнға айналдырмасаң,

уақыт сені құлға айналдырады.


Өмірде адамдар екіге бөлінеді. Оның бірі ағыммен жүретін адамдар болса, екінші ағымға қарсы адамдар. Ағыммен жүретін адамдар. Таң атырып сабаққа келіп, сабақ біткен соң үйіне барады. Қолы босай қалса инстаграмнан біреудің өмірін, не қажетсіз ойын ойнап, тіпті біреудің өмірін талқылап отырады. Бұндай адамдардың қатары өте көп. Сондықтан оларды тобыр деп атайды. Ал екінші түрі ағымға қарсы жүретін адамдар. Бұл кісілердің алға қойған өзіндік мақсаттары болады. Олар бос уақыттарында қажетсіз нәрсемен айналыспайды. Мысалы мұғалім шығып кетсе оқушылар шулап гу гу әңгіме айтып, не телефон ақтарып отырады. Енді бірі сол пәнді оқып отырады. Мұғалім кіріп келген жағдайда сәйкесінше кім оқып дайындалып отырды сол оқушы жақсы бағаға ие болады. Сол секілді бос уақытын белгілі бір мақсатқа пайдаланса, мысалы ютубтан ағылшын тілін үйреніп, не кітап оқып отырады. Күндердің күнінде кім ағымға қарсы жүрді, сол кісілер ағыммен жүрген адамдарға үйретеді, басқарады. \

Сіздерге сұрақ: Өмір сүргім келмейді, ештеңеге қызығушылығым жоқ дейтін адамдар қай адам қатарына жатады? Ағымға ма, әлде ағымға қарсы ма? Әрине, ағымға қарсы.

Бақытты бол деп үйретуге болмайды,
тек, бақытты болу жолдарын көрсету қажет!


Бақыт деген не?

Бақыт деген сенің өзің, мына өмірде бар екенің, таза ауаны иіскей білетін тынысыңның барлығы, әдемілікті көре алатын көзіңнің барлығы, бауырларың туған туысыңның барлығы, халқыңның амандығы, елбасының тыныштығы. Бақыт деген ертеңгі күнді қорқынышсыз қарсы алу. Түнде жатар кезде барлық басыңдағы мұңыңды бір аллаға тапсырып, ертеңгі күнге сенімділікпен ояну. Бақыт деген өмірде бар екенің және сол өмірде өзіңді шынайы сезіне білуің!


БDrawObject1 DrawObject2 ақытты болуға кедергі

DrawObject3

1.Қызғаныш, көреалмаушылық 2. Өркөкірек, өзімшілдік


3. Өткенмен өмір сүру


Шығармашылық жұмыс.

Тапсырма. Үш топқа үш түрлі тақырып беріледі. Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша бақытты болуға не кедерге, не үшін кедергі? Қалай кедергі? Сұрақтарына жауап беріп, дәлелдейді.

1 топ - Қызғаныш, көреалмаушылық

2 топ - Өркөкірек, өзімшілдік

3 топ - Өткенмен өмір сүру

Үш топқа тақырыптары бойынша өмірден алынған оқиғалармен мысал келтіріледі (оқушылар талқылайды)

«Стақандағы су» әдісі.

Шығармашылық жұмыс. «Менің гүлім!» жаттығуы

«Құшақтасу» жаттығуы

«Жерде жатқан тас» жаттығуы

Қорытынды
Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,
Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы, - деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады.
Өмір деген менің түсінігім бойынша тәңірдің бізге берген сыйы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.

Байқасаңыздар кейбір адамдар қызығушылығым жоқ, энергиям жоқ деп жатады. Қарапайым таспен түсіндірейін. Жерде жатқан таста күш, энергия барма? Мен оны алып сізге лақтырғанда оны қимылдатқанда оның күшті екенін түсінесіз. Сол сияқты қимылдамаған адамда әрине энергия, күш болмайды. . Сол секілді адамда дәл солай, ол қозғалыс жасап, әрекет еткен сайын энергия күш пайда болады. Сондықтан әрекет етуден жалықпаңыздар!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!