"Өмір қандай керемет"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өмір қандай керемет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, дұрыс қарым-қатынас орнату, өмірдің құндылығын сезіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ШҚО,Жарма ауданы, Қалбатау ауылы

«Георгиевка орта мектебі» КММ







Тренинг



Тақырыбы: « Өмір қандай керемет».







Орындаған мектеп психологы : Кокиева Айгерим Нурлановна











Қалбатау, 2017 ж

«Георгиевка орта мектебі» КММ –де суицидтің алдың алу бойынша жүргізілген жұмыс.

Өтілу мерзімі : 6 желтоқсан.

Сыныбы : 10 « Б»

Тренингтің тақырыбы: « Өмір қандай керемет».

Тренинг тақырыбы: « Өмір қандай керемет»

Мақсаты: Оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, дұрыс қарым-қатынас орнату, өмірдің құндылығын сезіндіру.

Көрнекіліктері: Ватман, жемістер, жаднама, баяу музыка.

Барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық жаттығу

Баяу музыка қойып көзденрін жұмғызып, 30 секунд демалту

2. Негізгі бөлім.

«Мен жасай аламын»

Балалар шеңбер бойынша отырады. Шеңбер бойынша допты лақтырып, тосқан оқушы өзінің қолынан не келетіндігі туралы айтады.

Сұрақтар:

- Сен қандай еңбек етуді ұнатасың?

- Сенің қолыңнан қандай іс келеді?

3. «Мен саған, сен маған»

Оқушыларға сұрақ қоямын, олар тез жауап беру керек

Сенімділік дегеніміз не?

Өзіңе деген сенімділікті қалай арттыруға болады?

Сен кімге сенесің?

4. «Қорқыныштың суретін сал» жаттығуы (10 мин)

Нұсқау: Оқушыларға бойдағы қорқыныштың суретін салып оған ат беру ұсынылады. Олар өз кезегімен суреті жайында әңгімелейді. Талқылау жүреді. Одан кейін қорқыныштан құтылудың бірнеше нұсқасы ұсынылады:

Суретті (қорқынышты) майдалап жырту, мыжу т.с.с.

Суретті қосымша аяқтау арқылы, оны күлкілі суретке айналдыру;

Өзіне ұнайтындай мейірімді қылып безендіру;

Суретті жүрек тұсына қойып,бойдағы қорқынышты толығымен қабылдау, оны төмен жіберіп, аяқпен таптау.


5. «Өмір ағашы»

Оқушыларға қағаздар таратылып берілді. Сол параққа өмірде кездескен қиындықтарды қалай жеңуге болады? – деген сұраққа жауап жазып, жеміс ағашына іліп шығады.

Міне, біз өмірдегі кездескен қиындықтарға мойымай оған қарсы тұрып жеңе білсек, әрбір қиын жағдайдың шешімін бірлесе отырып табатын болсақ, мұндай жағдайда қай нәрсенің болмасын жемісін көретініміз анық екен.

6. Тренингті аяқтау.

Сөйлемді аяқта

«Мен сенемін .....................»

Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.Әрбір оқушы өздерінің өмірге деген көзқарастары мен неге сенетіндіктерін айтып,қорытындылады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1054
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі