|
Сынып сағатының
басы:
5
минут
|
• Оқушылармен
амандасу
• Oқyшылaрдың зeйiнiн caбaққa
аудару.
• Сыныптан тыс іс-шараның
тақырыбы мен мақсатын хабарлау
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
Мұғалім
сөзі:
«Қайырлы күн, құрметті
оқушылар!
Бүгін біз
— «Өмір қауіпсіздігін ЖИ
арқылы түсіндіру» атты пікір-сайыс
сабағымызды бастаймыз
Бұл пікір сайыста жылдам
ойлау, дұрыс шешім қабылдау және командамен жұмыс істеу
маңызды.
Топқа бөлу «Пазл жина»
әдісі
Пазлдар таратылып, сол бойынша
құрастырып
2-топқа
бөлінеді.
1-топ Жалын
сақшылары
Ұраны: «Тілсіз жауға төтеп
беріп, қауіптің алдын аламыз»
2-топ Қауіпсіз жол
қырандары
Ұраны: «Жол тәртібі – өмір
кепілі»


|
Амандасады
Мұғалімді
тыңдайды
Пазлдарды жинап, сурет
құрады.
Оқушылар топқа
бөлінеді
Әр оқушы өз тобына
отырады.
|
Көңілді
әуен
Презентация
Презентация
ЖИ
бейне
Пазлдар
Презентация
ЖИ
бейне
|
|
Сынып сағатының
ортасы
35
минут
|
I кезең – ЖИ ойы (Ой
қозғау)
(Бұл кезеңде екі топтың
оқушылары топтың атын қорғайды, плакатқа және 3D карандашпен сурет
салады. ЖИ арқылы экраннан осы тақырып бойынша
түсіндіріледі)
II кезең – ЖИ әлемінде
сурет салады (промпт)
(Өмір қауіпсіздігі
туралы CHatGPT
де промпт құрап, сурет жасайды. Жасаған
суреттерін экран бетінен
көрсетіледі).
III кезең – Жасанды интеллект
жұмбақтары
(Lumio платформасы арқылы
жұмбақтар беріледі. Екі топтың оқушылары
табады.)
ІV кезең – Болашақ мамандық иелері
(Егер де мен
...)
(Оқушылар жұмыртқаның ішінен
қандай мамандық шығады, сол туралы өз түсініктерін айтып
береді).
I кезең – ЖИ ойы (Ой
қозғау)
-
Өрт неден пайда болады, суда
қандай қауіп бар?
-
Жолда қандай қауіптер
кездеседі?
2-кезең: «ЖИ әлемінде сурет салады»
(15мин)
Мақсаты: Жасанды интеллект мүмкіндіктерін
түсіну
Тапсырма:
«Өмір қауіпсіздігін ЖИ
арқылы түсіндіру»
тақырыбында промпт құрып, сурет
жасау
CHatGPT /Gemini осы платформаларды қолдануға
болады.

III кезең – Жасанды
интеллект жұмбақтары
Тілсіз жау боп таралам,
Бір ұшқыннан жаралам.
Бақылаусыз қалдырсаң,
Бар тірлікті жалмап алам. Жауабы: Өрт
Қызыл түсті батырмын,
Қабырғада жатырмын.
Қауіп туса қолданып,
Жалынды мен басамын. Жауабы: Өрт
сөндіргіш
Иісім жоқ, түсім жоқ,
Бірақ қауіпті күшім көп. Газбен бірге тарасам,
Тынысыңды үзіп өт.
Жауабы: Түтін / Көмірқышқыл
газы
Үш көзім бар қарайған,
Қала ішінде тараған.
Қызыл, сары, жасыл боп,
Тәртіпті қадағалаған. Жауабы:
Бағдаршам
Ақ жолақтар созылған,
Жаяуға арнап сызылған.
Асықпай өтсең аман-сау,
Өмірің болар ұзыннан.
Жауабы: Жаяу жүргінші
өткелі
Төрт дөңгелек зулайды,
Ереже бұзса жылайды.
Бір сәт қате шешімнен,
Тағдыр күрт өзгереді.
Жауабы: Көлік / Жол
апаты
Тіршілікке нәр берем,
Бірақ кейде қатер мен.
Тереңімді білмесең,
Толқыныммен әкетем. Жауабы: Су
Көрінбейді астымда,
Құйын бар ғой жасырын.
Жақындай берсең байқамай,
Тартып кетер жас өмірін. Жауабы: Су
иірімі
Жазда салқын саямын,
Суға түсу — аяғым.
Қауіпсіздік сақталмаса,
Қайғыменен аяқталамын. Жауабы: Өзен /
Көл
ІV кезең – Болашақ
мамандық иелері
(Егер де мен
...)
(Оқушылар жұмыртқаның ішінен
қандай мамандық шығады, сол туралы өз түсініктерін айтып
береді).

|
Оқушылар сайыс шартымен
танысады.
Сұрақтарға жауап
береді.
Бағалануы:
- Промпттың нақтылығы – 3
балл
- Тақырыпқа сәйкестік – 3
балл
- Шығармашылық идея – 2
балл
- Түсіндіруі (қорғау) – 2
балл
? МАКСИМУМ: 10
БАЛЛ
Промпт құрады, суретін
салады
Оқушылар жұмбақтарға жауап
береді.
Оқушылар өз ойларын
айтады
|
Презентация
ЖИ
бейне

Парақтар,
маркерлер
Презентация
CHatGPT
/Gemini
Презентация
ЖИ
бейнеролигі
Презентация
|