Сынып жетекшінің
аты-жөні
Күні:31.01.2025
Сынып 8
Қатысушылар
саны:25
Қатыспағандар
саны:25
Сынып сағатының
тақырыбы
Өмір
қауіпсіздік ережелері.
Тәрбие жұмысының
бағыты
Мақсаты
Төтенше жағдайларда өмір қауіпсіздігі
ережелерін сақтау, өзін және қасындағы адамдарды қорғау, оларға
қалай көмек көрсету керектігі жайлы түсініктерінің қалыптасуына
мүмкіндік жасау.
Бағалау
критерийлері:
Барысы
Тәрбие сағатындағы орындалуы
тиіс іс-әрекеттер
Ресурстар
Кіріспе
10 мин
Негізгі бөлім
25 мин
Барысы
І. Топқа бөлу
Суреттерді таңдау арқылы топқа бөліну
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ой шақыру
Балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Өмір
қауіпсіздігі»
-Сендер «Өмір қауіпсіздігі» дегенді қалай
түсінесіңдер?
-Қалай ойлайсыңдар, қандай жағдайда адам өміріне қауіп
төнеді?
Өмірден қымбат еш нәрсе
жоқ, өйткені өмір ең қымбат байлық болып табылады. Адамның ең
негізгі мақсаты, ол - өмірді сақтап қалу. Көп жағдайларда адамның
өз өмірін және жақындарының өмірін сақтап қалуы қарапайым
ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы, төтенше жағдайлар
кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету және өзін қалай ұстау
керектігін білу. Сондықтан өмір қауіпсіздігі ережелерін білу өте
маңызды. Төтенше жағдай болған кезде сабырлық сақтап, қасыңыздағы
адамға жасаған көмегіңіз оның өмірін сақтап қалуына мүмкіндік
жасайды. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану- біздің
міндетіміз. Мысалы, от өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. Отсыз тіршілік
жоқ. От жағылмаса, тамағымыз да піспейді, үйіміз де жылымайды.
Бірақ кей жағдайда өзіміздің ұқыпсыздығымыздан өрттің қалай күш
алып кеткенін де байқамай қаламыз.
Тұрмысымызда тағы бір көп
қолданатынымыз – электр. Электр - жарық көзі. Дегенмен, оны да
ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы, қауіпсіздік ережесін
сақтамасақ, ток соғуы мүмкін. Олай болса, бүгінгі тәрбие
сағатымызда осындай төтенше жағдайларда өзімізді қалай ұстауымыз
керек, апатты жағдай болмас үшін не істеуіміз керек екендігі туралы
сөз қозғаймыз.
Өрт
қауіпсіздігі
-
Себептері:*
-
Электр
құралдарын дұрыс пайдаланбау (мысалы, үтіктің сөндірілмеуі,
розеткаға көп құрал қосу).
-
Абайсыздықпен отпен жұмыс жасау (мысалы,
сіріңкенің немесе темекінің дұрыс
сөндірілмеуі).
-
Газ
плитасын қараусыз қалдыру.
-
Алдын
алу шаралары:
-
Электр
құралдарын пайдаланғаннан кейін сөндіру.
-
Отпен
жұмыс жасағанда абай болу.
-
Газ
плитасын пайдаланған кезде қадағалау.
-
Үйде өрт
сөндіргіш пен түтін датчигін орнату.
-
Өрт
кезіндегі әрекеттер:
-
Дүрбелеңге
түспеу.
-
Өрт туралы
101 нөміріне хабарлау.
-
Ғимараттан
шығу (егер мүмкін болса).
-
Түтіннен
қорғану үшін бетті дымқыл шүберекпен жабу.
-
Еденге
еңкейіп, еңбектеп жүру, себебі түтін жоғары
көтеріледі.
2. Жер
сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік
3.
Терроризмнен сақтану
4.
Көшедегі қауіпсіздік
5.
Судағы қауіпсіздік
Слайд
Таратпа
қағаздар

Таратпа
қағаздар
Сұрақ-жауап
Таратпа
қағаздар
Қоры
тынды
10 мин
Міне, балалар, бүгінгі
сабағымызда адамдар төтенше жағдайлар
бола қалған жағдайда төнген қауіптен өздерін қалай құтқару керек
және қандай шаралар қолдану керек екендігі жөнінде көп мағлұматтар
алдыңдар. Осы ережелер мен ескертулерді сақтап, алдын ала ондай
жағдайларды болдырмау қамын ойлап жүрсеңдер, бұндай жағдайлар
өмірімізде аз кездеседі.
Смайликтер
Тәрбие сағаттың
ақпараты
Сынып:
8
Өткізілген күні:
31.01.2025
Тақырыбы: Өмір қауіпсіздік
ережелері!
Сабақтың
мақсаты: Төтенше
жағдайларда өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау, өзін және
қасындағы адамдарды қорғау, оларға қалай көмек көрсету керектігі
жайлы түсініктерінің қалыптасуына мүмкіндік
жасау.
Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ,
өйткені өмір ең қымбат байлық болып табылады. Адамның ең негізгі
мақсаты, ол - өмірді сақтап қалу. Көп жағдайларда адамның өз өмірін
және жақындарының өмірін сақтап қалуы қарапайым ережелерді білуіне
байланысты болады. Мысалы, төтенше жағдайлар кезінде алғашқы
медициналық көмек көрсету және өзін қалай ұстау керектігін білу.
Сондықтан өмір қауіпсіздігі ережелерін білу өте маңызды. Төтенше
жағдай болған кезде сабырлық сақтап, қасыңыздағы адамға жасаған
көмегіңіз оның өмірін сақтап қалуына мүмкіндік жасайды. Сол
себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану- біздің
міндетіміз.