400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өмір құндылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жетістіктерді жинақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: Төзім мен табандылық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Сыпайылық, сыйластық, еңбекқорлық

Мұғалім: Нурпейсова Ақерке Мейрхановна

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «төзімділік», «табандылық» адами қасиеттер туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту;

  • Төзімділікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: суреттер, қима – қағаздар, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

«Нұрға бөлену» тыныштық сәтін орындату.

Оқушылар тыныштық сәтін баяу әуен арқылы орындайды.

Үй тапсырмасын тексеру

«Еңбек» өлеңін жаттау. 103-014 бет.

Оқушылар жаттап келген жаттауларды айтады.

Әңгімелесу

  1. Төзім, табандылық дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндің бе?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Мәтінмен жұмыс

Әдемі әже

Р.Әбілқадырова

1. Әңгімдегі берілген төзімділік пен табандылық туралы ұғымдардан нені түсінесіңдер?

2. Сендердің төзімділік пен табандылық танытқан кездерің болды ма?

Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады.

Топпен жұмыс

Түйіндеме

Табандылыққа жетудің жолдарын біліп алыңдар!

1.Еңбектеніңдер!

2.Қиындықтан қашпаңдар!

3.Кедергілерді жеңе біліңдер!

4.Бастаған ісіңді аяғына дейін орындаңдар!

5.Мақсатыңа жете біліңдер!

6.Бәрекелді!

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Дәйексөз

«Табандылық кез келген кедергіні жеңеді»

Қ.Мырза Әли

Халық мақалы

Дәптермен жұмыс:

Шыдаған ғана іс тындырар

Сағди


Еңбектің жеңбейтін ештеңесі жоқ

ДЖ.Бруно

Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті

Ж.Ж.Руссо

Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

Үй тапсырмасы:

Қ.Мырза Әлидің «Жеңіс» өлеңін жаттап келу.

Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті:

Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Оқушылар көздерін жұмып демалады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қазан
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі