Материалдар / Өмір қымбат сый
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өмір қымбат сый

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1183
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: « Өмір қымбат сый » тренинг
Мақсаты: Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.
Күтілетін нәтиже: балалардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту.
Тренинг жоспары:
1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі.
2. «Ойланып көрейік» жаттығуы.

3. «Менің өмірім...» жаттығуы.
4. Ой қозғау «Ұлылардан ұлағат»
5. Жағдаяттарды талқылау
6.Ақыл – кеңес

7. «Бақытты өмір»

8. Жаттығу «Арман кемесі» .
Тренинг ережесі:
- Тыңдау әдебін сақтау;
- Өз пікірін ашық білдір;.
- Ашық, көңілді болу;
- Белсенділік таныту;
- Сыйластықта болу;
- «Мен»принципін ұстану;
- «Мұнда және қазір» болу.
1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.
Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.
2. «Ойланып көрейік» жаттығуы.
Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.
Уақыты: 5 минут
Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап таңдап алып, дәлелдеңдер.
Адам не үшін өмір сүреді?
- - Үлгілі отбасын құру үшін.
- Білім алу үшін.
- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.
- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.
- Өзін өзгелерге таныту үшін.
Өмірден өз орнын табу деген не?
- Жоғары атаққа ие болу.
- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету.
- Тату және берік отбасын құру
- Адал достар көп болу.
- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.
Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
- Еңбекқор, адал, әділ болу
- Қабілетті, дарынды болу.
- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу.
- Адамдармен тіл табыса білу.

3. «Менің өмірім...» жаттығуы. Бұл жаттығу сұрақ - жауап түрінде өтеді. Яғни, біздің сүріп жатқан өмірімізге қатысты сұрақтар. Мәселен, күнделікті қарап жүрген киноларымызға, қызығушылық танытатын компьютерлік ойындарымыз жөнінде болмақ.
Сұрақтар:
1. Қандай теле сериалдарды білесің?
2. Қандай компьютерлік ойындарды білесің?
3. Сәнге айналып жатқан ұялы телефондар мен оның түрлері.
4. Компьютердің түрлері.
5. Қазіргі өмірде қандай затсыз өмір сүре алмаймын деп ойлайсың?

4. Ой қозғау «Ұлылырдан ұлағат»
Ұлылырдың өмір жайлы айтқан сөздерін оқып, ой қозғайды немесе ойды аяқтайды.
•«Өмір деген – бұйым емес қолдағы,

Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы». /М. Мақатаев/
• «Өмір — теңіз, өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» /Рудаки./
• «Адам боп оңай туғанмен
Адам боп қалу көп қиын» / Қадір Мырзалиев /
Өмір жайында жақсы ой - пікірлеріңді тыңдадық. Енді келесі жағдаятты қалай шешер едіңіздер? Соған тоқтала кетейік.
5. Жағдаятты талдау:
Әкесінің жеке тікұшағы бар. Ол бизнесмен. Шалқыған бай. Ол жасөспірімде бәрі бар. Бірақ, өзін бақытсыз сезінеді. Достары да аз, ата - ананың жылулығы жоқ. Бұл байлықтан шаршаған. Қандай кеңес берер едіңіздер?
Ата - анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды.
Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу болады.
6.Ақыл – кеңес

1. Жақсы адам болып өсу үшін ата – анаңды сыйла, олардың ұрысын көңіліне алмай түсіністікпен қара, өздеріңе өмір сыйлаған ардақты жандарға ренжу – ақымақ адамның ісі.

2. Өмір болған соң қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Қателіктерге ұрыну барлығымыздың табиғатымызда бар нәрсе. Жол таппайтын, шешімі болмайтын істің болуы мүмкін емес. Сондықтан өзіңді сергелдең өмірге сала бермей серпіліп, өзіңді тығырыққа тіреген істің шешімін табуға тырыс.

3. Өзіңді өзің қандай қиындықтарға болса да шыдауға, оны жеңіп шығу жолдарын қарастыруға дағдыландыр. Қиындық кімде жоқ дейсің? Иманы мен өмірге көзқарасы дұрыс емес адам ғана мұндай уақытша қиындықтарға төзе алмауы мүмкін, ал сен оны болдырмауға тырыс.

4. Өзіңе етене жақын адамдардың жүрегіне мәңгіге ұмытылмастай қасірет жарасын түсірмей, оларды бақытты етуге тырысу керек. Ол әрбір адамзат баласының басты міндеті. Сондықтан өмірді сүйіңдер, қателік, шалыс істен бойларыңды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанып өмір сүруге тырысыңдар.

7. «Бақытты өмір»

Балаларға ватман қағаз беріледі, сол қағазға балалар «бақытты өмірді» қалай елестеді, соны суреттейді. Балалар бірігіп жұмыс жасап,бірер сөзбен суретін қорғау..

8. Жаттығу «Арман кемесі»

Әрбір адам өмір сүрген соң оның арманы, тілегі болады. Сол арман мен мақсат қоя отырып, адам өмір сүруге құлшынады. Олай болса, мына арман кемесіне өмірдегі арманымызды жазып, қандай кедергі кездессе де жеңіп, оған қол жеткіземіз деп тілейік.
Олай болса мен сіздерді мына ұранмен өмір сүруге шақырамын
Барлығы қосылып:
Біз өмірді сүйеміз!
Бақытты өмір сүреміз!
Біз бәріміз біргеміз!
Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді» - дегендей өмірдің ащысына төзе біліп, тәтісін ұғына білейік.
Ал енді осы тренингтен алған әсерлеріңізді айта кетсеңіздер. Келесі кездескенше сау болыңыздар! Уақыттарыңызды бөліп, психологиялық тренингке қатысқандарыңызға рахмет!



Тренинг тақырыбы: Әріптестік қарым-қатынас тренингі 
Мақсаты: 
1.Мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. 
2.Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып, адамгершілік, сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық құндылықтарын 
ұсынуға көмектесу. 
3.Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу 
Жоспары: 
І.Кіріспе 
ІІ.Негізгі бөлім:
1.” Танысу”
2. “Балға,шеге қағу”ойыны
3.Топқа бөлу.
4.” Ой жинақтау”
5.Менің серігім қандай адам?

6. «Жақсы адам бейнесі»жаттығуы 
7. «Қамажай»
ІІІ Қорытынды
8.”Тілек шамы”
І. Кіріспе бөлім: 
« Сәлеметсіздер ме, қымбатты қонақтар! 
Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының жоғарғы формасы- ұжым. Ұжым –ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның белгілерін 
А.С. Макаренко анық та толық айтып берді. Ұжым дегеніміз- жеке адамдардың өз алдына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплексі. Ал, әріптестік дегеніміз- белгілі бір ұйымдарда бірігіп, жұмыс жасайтын қызметтес адамдар. Әріптестік әр түрлі жас аралығын қамтиды. Әріптестік белгілі бір мамандықтар бойынша бөлінеді. Мәселен мұғалімдер, дәрігерлер, құрылысшылар, әншілер. 
Олай болса қымбатты қонақтар бүгінгі біздің тренигіміздің алғашқы айналымы танысу жаттығуына кезек берейік.
1. Танысу 
Көңілді музыка ойнайды, жаттығуға қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Әрбір қатысушы өзінің есімін айтады және сүйікті хоббиін қоса айтады. Келесі қатысушы өз есімін айтпас бұрын алдыңғы адамның есімін, хоббиін айтып барып, өз есімін айтады. 
2.«Балға,шеге қағу» ойыны. 1,2,3,4 дейін қазақ,орыс,ағылшын тілінде айту.

Сандарды орысша, қазақша айту. Один екі,үш четырий, бес шесть, семь сегіз,девят он
3. Топқа бөлу 
Ал енді тренигімізді бастамас бұрын топқа бөлінейік. Ол үшін сіздер түрлі-түсті гүлдерден өздеріңізге ұнайтын бір түсті таңдайсыздар, сол таңдаған түстеріңізге қарай топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады. Үш топқа мына аттар ұсынылады. 
І топ. Ұжымдық 
ІІ топ. Әріптестік. 
ІІІ топ. Достық 
4. «Ой жинақтау» 
Әр топ мүшелері өз топтарының атауларын қорғап шығу керек. Әр топқа өз атауларына байланысты 3 сұрақтан беріледі. Ойлануға 5-10 минут уақыт. 
І топ сұрақтары. 
1. Ұжым дегеніміз не? 
2. «Ұстаздың қолында адам өмірінің келешегі, тағдыры тұр»- дегенді 
қалай түсіндіресіз? 
3. Өз қуанышыңызды ұжыммен бөлісіңіз (Рөлге ену) 


ІІ топ сұрақтары 
1. Әріптестік сөзіне тұжырымдама беріңіз. 
2. Әріптестікті кім басқарған жөн (Жасына сәйкес) 
3. Бір жағдайға байланысты жұмыстан сұрандыңыз, әріптесіңізден өзіңіздің орныңызға қалуға өтініш білдіріңіз (Рөлге ену) 
ІІІ топ сұрақтары 
1. «Достық» ұғымын қалай түсіндіресіз? 
2. Достық туралы бірнеше мақал-мәтел келтіріңіз 
3. Достық қиындықта көрінеді (Рөлге ену) 

5.Менің серігім қандай адам? 
Дөңгеленіп отырамыз. Сіздер 2-2 ден бөлініп, бір-бірлеріңізге қарап отырыңыздар. Музыканың ырғағымен бір-бірлеріңізге зер салып ойлана қарап, алдарыңызда кім тұрғандығын әңгімелеп беріңіз. Әңгімені, менің алдымда... көріп тұрмын деп бастайсыз.
Адамның сыртқы бейнесін суреттеңіз. Әңгімеге оның жеке қасиеттері, өз бағалауыңызды қоспаңыз. Мысалы: мейрімді көздер, ойлы жанр т.б осы сияқты. Рөлдеріңізді сосын ауыстырасыздар. 
1.Сіз өзіңіз туралы әңгімені тыңдағанда қандай күйде болдыңыз?
2. Жаттығуды орындау барысында сіз қандай әсерде болдыңыз?
6. «Аппликация»жаттығуы: бұл бөлім бойынша әр топ өзі таңдап алған түсінен плакатқа жабыстыру арқылы белгілі бір бейнені білдіреді. 
Нұсқау: мына бөліп қойған түстерді топ басшыларыңыз таңдауға болады. 
Енді 1 топқа – қызыл, жасыл түс келді (Бұл топ Қалампыр гүлін жасайды және оны өзі қорғап , қалаған адамға сыйлайды) 
2-топқа – көк, сары түс келді (бұл топ ҚР Туын бейнелеп, оны қорғап , өзі қалған адамға ұсынады 
3 топқа- көк,сары түсі келді (бұл топ Теңізде жүзіп бара жатқан желкенді қайық бейнесін бейнелеп, қорғап,қалаған адамына ұсынады) 
( Топ басшылары өз ойларын жеткізеді)

1-топқа, рахмет сізге. Гүліңізді кімге сыйлар едіңіз? 
Сіздің шәкірттеріңіз, сізден алған білімімен тәрбиесінің арқасында Отанымызды сүйетін патриоттар болып, осы гүл сияқты құлпырып өсе берсін деп тілеймін! 
2-топқа. Керемет! Сіз кімге сыйлайсыз? Сіздің шәкірттеріңіз, еңбектеріңізді ақтап егеменді еліміздің білімді ұрпағы болып, тілімізді,дінімізді құрметтей отырып, еліміздің туын биікке көтеруіне шын жүректен тілектеспін! 
3-топқа. Жарайсыз,тамаша! Ал сіз кімге ұсынар едіңіз? «білім –теңіз, мектеп -кеме» демекші, сіздің шәкіттеріңіз,сіздің берген білміңіздің арқасында,осы кемедей еш кедергісіз асулардан тосқауылсыз өтіп теңіздің шетіне, яғни білімнің шыңына қиындықсыз жетсін деген ақ тілегімді білдіремін! 

 7. «Жақсы адам бейнесі» жаттығуы. Әр топқа 3 заттан беріледі. Сол затты қатыстырып Ұстаз,ата-ана,бала сөздерін қатыстырып өз ойларын айту керек.
8. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» жатығуы.












































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!