Өмір, қымбатсың маған!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өмір, қымбатсың маған!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өмір құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; Өмірдің мәні мен мағынасын түсіне отырып, өмірді сүюге тәрбиелеу, өмірге деген құштарлықтарын арттыру; өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету;
Материалдың қысқаша нұсқасы





Қаракөл ЖОББМ балабақшасы»КММ-нің

мектеп психологы

Есенова Жұмабике Базарбайқызы


Рисунок 10









Тақырыбы: Өмір, қымбатсың маған!

Мақсаты: Оқушылардың өмір құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; Өмірдің мәні мен мағынасын түсіне отырып, өмірді сүюге тәрбиелеу, өмірге деген құштарлықтарын арттыру; өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету;

Қажетті құрал-жабдықтар: баяу әуенді диск, қағаз бен қалам, үлестірмелі тапсырмалар және компьютер слайд тақтасы.
Тренинг құрылымы:
1. Психологтың кіріспе сөзі
2. «Ертегілер әлемі» әні
3. «Ой жинақтау» жаттығуы
4. «Өміршеңдік ережесі» хормен айту
5. «Мен өмірді сүйемін …» поэзия минуты.
6. «Адам» сөзжұмбағын шешу
7. Қорытындылау

8. Қоштасу рәсімі: «Майшам» жаттығуы

1.Психолог: Құрметті оқушылар! «Өмір , қымбатсың маған!» тақырыбымен өткелі отырған әңгіме сағатына қош келдініздер!

Не деген керемет күн!

Жаныңа бәрі даяр не керектің.

Көрінеді гүлдердің гүл жарғаны

Естіледі ұшқаны көбелектің

Не деген керемет күн!

 

Естіледі бал ара нәр сорғаны

Бармақтай балапан құс ән салғаны

Бәрін де кеудесіне қондырып ап

Дала бір рахатта

Дел-сал жаны

2.«Ертегілер әлемі» әні тыңдалады.

Балалар! Жаңа ғана қиял әлемінде қалықтап, адам баласының ең бір әсем, қимас та қымбат кезеңі балалық – жасөспірім шақтың бақшасымен қимай қоштасқан сіздерді жалынды жастық шақтың жарық күні күлімдеп қарсы алады!

(қол соғылып, жоғарыға жылжып күн шығады).


Шыдамдыны мына өмір ұнатады,

Бірде қуантып, бірде жылатады,

Сүріндіріп кейде сені құлатады.

Жылатып тұрып жұбатады.

Дұшпандарға кейде сені сынатады,

Қатал тағдар бірақта шыдатады,

Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.

Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу.

3. «Ой жинақтау» жаттығуы

Олай болса алғашқы баспалдақ – МЕН КІМ? деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

1. Мен – елімнің келешегі, ертеңі…

2. Мен – жұлдызбын, жарқыраймын жанамын…

3. Мен – Отанның «Жас ұланы», айбыны…

4. Мен – тілімін халқымның қиып түсер…

5. Мен – гүлімін даламның жайнап тұрған…


4.Балалар! Бәріміз қосылып «Өміршеңдік ережесін» айтайық.

Жігер деген – Мен

Адалдық деген – Мен

Парасат деген – Мен

Иман деген – Мен

Жастық деген – Мен

Адамдық деген – Мен

Махаббат деген – Мен

Кешірім деген – Мен

Достық деген – Мен

Ғажайып деген – Біз.

Бәрі де маған байланысты.

Бәрі менің қолымда


«Мен өмірді сүйемін …» поэзия минуты.

Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?

Қайратыңды жігерге жанығандай.

Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып

Достықтарың жарасып дәл осылай.


Рахмет балалар! Енді орындарыңызға жайғасыңдар.

«Адам-өмір тұтқасы»

Сіздердің адал, білімді азамат болатындарыңызға мен сенемін.

МЕН АДАММЫН!

Алдарыңыздағы АДАМ деген сөзжұмбақтың шешуін табуларыңыз сұралады.

А – адалдық А – адамгершілік

Д – даналық Д – достық

А – ақыл А – абырой

М – махаббат М – махаббат

 

Қорытынды: Заманымыздың заңғар жазушысы Ғ.Мұстафин естелігінде былай деген екен: «Кейде көшеде, аялдамада, автобус ішінде нақ бір басқа жер таппағандай көптің көзінше құшақтасып тұрған жастарды көресің. Махаббат неғұрлым ұятты, әдепті келсе соғұрлым қадірлі болмай ма? Бұл сезімнің жалаңаштанып, әдеп пердесінің сырылуы емес пе? Сабыр, нысап, ар-ұят, әдеп – бірінсіз бірінің күні жоқ. Бәрі жиналып махаббатты құрайды», – деген екен. Махаббат ұғымының мағынасы кең. Отанға, туған елге, ата-анаға, сүйген жарға, өмірге деген махаббат. Махаббаттың ұясы – мейірімді жүрек. Жүректеріңіз мейірімге толы болсын.

 

Қоштасу: Жаттығу: “Май шам” (Шырақ).

Психолог: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын. Мен сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын.

Ал қазір мен май шамды жағамын. Барлығымыз бір – бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір – бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.

Қоштасуға май шамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек.



 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
610
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі