400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

"Өмір, қымбатсың маған!" сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарияланып отырған материал сынып жетекшілер мен тәрбиешілерге көмекші құрал ретінде пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі, сыныбы, пәні

18.11.14 ж 10 «а»-сынып Сынып сағаты

Сабақтың тақырбы

Өмір, қымбатсың маған!

Сабақтың мақсаты

Өмір құндығын, адамның өмірдегі орнын және жаман әдеттерден сақ болуға тәлім алады. Оқушы бойында өмірге деген құлшыныс пайда болады, адами жақсы қасиеттерді жинайды. ҚР-ның толыққанды азаматы болуға бағыт алады.

Нәтижесі

Тақырып мазмұнын меңгереді,өмір мәнін, құндылығын түсінеді.ҚР-ның толыққанды азаматтары болады

Сілтеме

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық

  2. Бала тәрбиесі

  3. «Қазақ әңгімелері»

Көрнекілігі

Маркер, постер, компьютер, интернет желісі

Сабақтың әдіс-тәсілі

СТО, топпен жұмыс, жеке жұмыс

Пәнаралық байланыс

Музыка пәні, өмірмен байланыс

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. «Шаттық шеңбері» поэзия минуты, топқа бөлу

Өмір деген атқан таңның шапағы,

Шыққан күн кеп ұясына батады.

Кейде өмір-жол бекеті секілді,

Біреу келіп, біреу кетіп жатады.

Өмір деген-кешкен ғұмыр, жүрген із,

Күндерімен, түндерімен біргеміз.

Аққан жұлдыз секілді боп бітетін

Өмірлерді көріп жүрміз күнде біз.

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді


«Өрмекші торы» стратегиясы арқылы оқушылар өмір туралы өз болжамдарын айтады. Өмірдің басты құндылығы неде? Өмірде біз нені басты мақсат етеміз? Өмірді жасаушы кімдер?

Адам, қоғам, табиғат-өмірдің негізгі тірегі.

Топқа: «Адам», «Қоғам», «Табиғат» атаулары беріледі.

Түсіну

Менің өмірдегі өз орным қалай болу қажет ойлайсыңдар?.

«Адам», «Қоғам», «Табиғат» Әр топ өз атауы бойынша өз болжамдарын ұсынады. Постермен жұмыс жасайды.

Қолдану

Табиғат пен адам егіз, екеуі де қоғамның саласы. Осы үйлесімді біз орынды ұстай аламыз ба? Үшеуі де «Өмір» деген тылсым дүниені кешеді, ол өмірдің сан алуан қадірін біліп, өзіне лайықты деңгейін сезіне аламыз ба?

«Ақылдының алты қалпағы» стратегиясы бойынша әр топ өз болжамдарын ұсынады.



Прямая со стрелкой 4 Прямая со стрелкой 5 Прямая со стрелкой 6 Өмір

Адам т

Қоғам Табиғат

«Ақ»-фактілер, деректер

«Қызыл» - эмоциялардың көрінісі

«Қара»- көлеңке жақтары

«Сары»- жағымды жақтары

«Көк» - алар тәлім, өнегелі жағы

«Жасыл»- болашақтың жарқын жолы




Талдау

Адам неге өмірден түңілуі мүмкін?

Қоғам кім үшін қызмет етуі қажет?

Табиғатқа неге адамдар қиянат жасайды?

Себептері. Шығу жолдары, болдырмау қажеттілігі.

Жинақтау

Бейнекөрініс: «Құмырадағы сызат» көрінісі көрсетіледі

Оқушылар бейнекөріністі тыңдайды, қорытынды жасайды.

«Өмірдегі өз орным...»

«Инсерт» әдісін қолданып кесте жасайды (жеке жұмыс) «Білдім», «Не білемін?», «Нені білгім келеді?»

Бағалау

«Егерде мен...» шешімін табу. Әр топқа жағдаят ұсынылады.

Жағдаят

Гүлім сендермен бірге оқиды. Өте үлгілі, тәртіпті оқушы. Ол өз-өзінен тұйықталып, ешкіммен сөйлеспей оқшауланып жүр. Алғашында сендер байқамадыңдар. Біртіндеп сендерден күн санап алыстай берді. Сынып жетекшіге мектеп формасын тастап, басқа киім кисем деген өтініш жасаған. Оны да сендер сезбедіңдер. Сабақтан қалмайды, бірақ сендерге қосылмайды, сөзге тартсаң үнсіз қалады. Оның өмірі сендерді алаңдата ма? Сендер Гүлімге қалай көмек бере аласың?


Сергіту сәті






Оқушы рөлдерді бөліп алады да өздері поэзия, рөлдік, суретпен өздеріне берілген тапсырманы орындайды.















Сергіту сәтін жасайды.



Кері байланыс

«Бақытты болудың жолдары» бейнекөріністі көріп, топ ішінде талқылау жүргізеді, өз ойларын эссе түрінде жазады.


Топ ішінде талқылау жүргізеді.«Өмір» өлеңін тыңдай отырып, өз ойларын эссе түрінде жазады.


Келесі тапсырма

Өмір, қымбатсың маған! Болашақта:

Өмірді өз мәнінде өткізу үшін қандай мақсаттарды жүзеге асыруым керек? Топ мүшелері өз ойларын білдіреді.

Бағалау

Бағалау критерийі арқылы бағалау

Жұптық немесе топтық бағалау

Өзін-өзі бағалау, «Екі жұлдыз, бір тілек»



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
933
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі