400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өмір сен маған қымбатсың (отбасылық эстафеталық сайыс)

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы мүшелерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өмірдің қымбат байлық екенін ұғындыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



№ 102 орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі










Тәрбие сағатының тақырыбы:

Өмір сен маған қымбатсың

(отбасылық эстафеталық сайыс)






Сыныбы: 8

Сынып жетекшісі: Ұ.Қайназар















2019 жыл




Тексерілді...................................... Сыныбы: 8 Күні: 18 ақпан

Тәрбие сағатының тақырыбы:

« Өмір сен маған қымбатсың » отбасылық эстафеталық сайыс.

Тәрбие сағатының мақсаты:

Таза ауада спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата-аналарды мектеп өміріне араластыру. Оқушылардың салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Жас ұрпаққа және ата-аналарға денсаулығының, өмірдің қымбаттылығын, өмір сүруге қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру, отбасының үндестікті және балалардың икемділігін, шапшаңдылығын, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Доптар, ленталар, фитбол, қарлар, үй жануарлар, жіптер, қапшық.

Сабақтың барысы:

Мұғалім:

Береке де осында,

Мерекеде осында

Болып жатыр той думан

Мектептің бағында

Көңіл қойып қараңыз

Жалындап тұр балаңыз

Қатысатын топтарды

соғып қарсы аламыз

(Сайысқа қатысушы отбасылар саппен жүріп келіп, қатарға тұрады)

Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар және балалар. Бүгін біздің мектепте үлкен мереке, біздің балаларымыздың ата-аналар арасында спорттық сайыс. Сайысқа қатысушы ата-аналар «Өмір сен маған қымбатсың» атты көңілді сайысқа қош келдіңіздер!

Мұғалім:

Отбасылық жарысқа

Әділқазы береді

Жеңімпазын анықтап

Бізге айтып береді- деп әділқазыларды таныстыру.

1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Р.Ағыбергенова

2.Сынып жетекшілер төрайымы: К.Сембаева

3. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: А.Рахат

Мұғалім: Біздің сайысымыз 6-бөлімнен тұрады:

1. Таныстыру

2. «Кім жылдам»

3. «Бәйге»

4. «Ептілік»

5. «Тіркесіп жүгіру»

6. «Қар жинау»

Мұғалім:

Өнер қуып өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз

Сайысқа келген отбасы кезектесіп

Таныстырып өздерін кетер дейміз-дей отырып кезекті таныстыруға берейік.

(әрбір отбасы өздерін таныстырады)

І. «Кім жылдам»:

Әр отбасылы топқа доп беріледі, кедергілер арқылы баласы жүгіріп,мәреден айналып келіп, допты сынып оқушысына берді, сынып оқушысы кедергілер арқылы айналып сол жерде тұрған ақ параққа тапсырманы орындайды (патриоттық тәрбиеге байланысты мақал мәтел жазып кету), сосын мәрені айналып келіп, әкесіне допты береді, осылайша әкесі де межені айналып келіп сынып оқушысы орындаған тапсырманы әділқазыларға әкеп тапсырады.

Мұғалім:

Бәйге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма

Білім мен өнер жараспай

Сайыстың мәні бола ма-деп келесі сайысымыз

ІІ. «Бәйге» әкесі жүрелеп отырып қасына баласын жетектеп алады, сынып оқушысы стартта қалады, сынып оқушысының қолында әртүрлі қағаздар болады, қағазда жазулар жазылған керілген жіпке сынып оқушысының қолындағы қағаздарды жіпке бір-бірден жапсыру керек, сынып оқушысы түрлі тапсырма бар қағазды бір-бірден беріп тұрады. Осылайша сайыс қағаздағы сөздерден отбасы туралы мақалдар құрастырылады. Құрастырылған мақалды әділқазы алқасына оқып береді.

1-топқа:

Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

2-топқа:

Қарға баласын аппағым дер,

Кірпі баласын жұмсағым дер.
3-топқа:

Балаға пышақ бермесең бір жылар,

Берсең екі жылар.
4-топқа:

Жақсы таз басын жасырмайды,

Жақсы әйел асын жасырмайды.
5-топқа:

Ағайын туған кімде жоқ,

Сыйласпаса одан жат жуық.
6-топқа:

Бас жарьлса, бөрік ішінде,

Қол сынса, жең ішінде.
ІІІ.«Ептілік»: Әкесі допты еденге соғып, межеден айналады, сынып оқушысының қолында екі ақ бет қағаз болады,қағазды алма кезек еденге қойып,дәл солай межеден айналып,қайту керек,баласы еденде жатқан жануарларды жинап,қоржынға салып,әкелу керек.

Қалма жұрттың соңында

Қажет болса мың атта

Аздық етер оныңда

Жету үшін мұратқа

ІҮ.«Тіркесіп жүру» Әкесі, анасы және сынып оқушысы үшеуінің орталарында шар болады, кедергілер арқылы сол шармен бірге тіркесіп, аяқталмаған сөйлемдерді аяқтап межеден айналып келеді, баласы межеден жүгіріп барып айналып келіп, орындаған тапсырманы алып келеді.

«Аяқталмаған сөйлемді аяқтау» тапсырмасы.

1. Өмір біз үшін .....................................................................................

2.Өмірдің мәні, ол ..................................................................................

3.Бақытты өмір, біз үшін ....................................................................

4.«Өмір – бағасы жоқ сый» - дегенді біз .........................................

5.Қызықты өмір сүру үшін, біз ...................................................... ...

Ү.«Қар жинау» Балалар еденде шашылып жатқан қарларды бір-бірден шелекке жинап салу керек, қарда отбасына қатысты сөздер және қатысты емес сөздер жазылған. Соның ішінде отбасына қатысты сөздерді теріп шелекке жинап келеді, қанша отбасыға қатысты сөзі бар қар жинағанын есептеу арқылы жеңімпаз анықталады.

Жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің бірліктері кәміл шықты

Бүгінгі отбасылық сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз отбасысы-деп әділқазыларға сөз кезегін береміз.

(ата-аналарды мадақтау )


Мұғалім:

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену,жалықпау

Біреу озса,сайыста

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады-дей отырып,бүгінгі « Өмір сен маған қымбатсың» отбасылық сайыс аяқталды,сайысқа қатысқан отбасыларға мың алғыс,сау болыңыздар.














































«Аяқталмаған сөйлемді аяқтау» тапсырмасы.

1. Өмір біз үшін ........................................................................................

.....................................................................................................................

2.Өмірдің мәні, ол ....................................................................................

......................................................................................................................

3.Бақытты өмір, біз үшін ........................................................................

......................................................................................................................

4.«Өмір – бағасы жоқ сый» - дегенді біз ..............................................

......................................................................................................................

5.Қызықты өмір сүру үшін, біз ............................................................

.................................................................................................................. ...


«Аяқталмаған сөйлемді аяқтау» тапсырмасы.

1. Өмір біз үшін ........................................................................................

.....................................................................................................................

2.Өмірдің мәні, ол ....................................................................................

......................................................................................................................

3.Бақытты өмір, біз үшін ........................................................................

......................................................................................................................

4.«Өмір – бағасы жоқ сый» - дегенді біз ..............................................

......................................................................................................................

5.Қызықты өмір сүру үшін, біз ............................................................

..................................................................................................................







Қар Ынтымақ Ана әке отбасы бірлік шелек үй қабырға үшбұрыш теңдеу қосу азайту татулық достық бауыр аға ата қарындас ата әже бала сәби жасөпірім

Береке татулық татулық береке ынтымақ отбасы ана ана ана ана ана ана әке әке әке апа апа апа апа апа апа апа апа аға аға аға аға аға аға аға аға көке көке көке отағасы отағасы отаасы отағасы папа папа папа папа папа папа сиыр сиыр сиыр жануар жануар жануар жануар қой қой қой қой ешкі ешкі бере береке береке береке ынтымақ ынтымақ татулақ фигура фигура фигура ана ана ана ана ана ана ана ана бірлік бірлік бірлік бірлік бірлік отбасы отбасы отбасы отбасы ана мама мама мама мама достық ауызбіршілік ауызбіршілік ынтымақ татулық татулық береке ата

отбасы отбасы ана мама мама мама мама достық ауызбіршілік ауызбіршілік ынтымақ татулық татулық береке ата

1.Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.


2.Қарға баласын аппағым дер,

Кірпі баласын жұмсағым дер.

3.Балаға пышақ бермесең бір жылар,

Берсең екі жылар.

4.Жақсы таз басын жасырмайды,

Жақсы әйел асын жасырмайды.

5.Ағайын туған кімде жоқ,

Сыйласпаса одан жат жуық.
6.Бас жарьлса, бөрік ішінде,

Қол сынса, жең ішінде.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
508
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі