Мерзімі:
17.10.2019
Дайындаған:
Қайнарбекова Қ.Қ.
Өткізілу
орны:
Акт. зал
Тақырыбы:
Өмір қымбатсың сен маған!»
Мақсаты
:
— өмір
адам баласына бір ақ рет
берілетін қымбат сый екеніне
ықпал ету.
— адам бойында
болатын асыл қасиеттерді,
адамгершілік,мейірімділік сезімдерін
дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету,
жаман қасиеттерден жиренту .
—
балалардың ойын ашу , өмірге
деген көзқарастарын қалыптастыру
.
Көрнекілігі:
плакаттар, гүлдер,шар
Барысы:
(Қатысатын
студенттерді гүл таңдау арқылы үш топқа
бөлу)
Кіріспе
сөз
Сәлеметсіздер
ме құрметті студенттер және ұстаздар!
Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге
теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді
тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп
жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз
арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері
бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз
жолдарын таба алмай жатады. Ұлы ойшыл
Ш. Құдайбердіұлы атамыз:
Дүние
қу,
Бір
ағын су,
Түстік
онда көп болып.
Күнде
ағамыз,
Сандаламыз,
Бейнетіміз
көп болып.
Кейде
тасқа,
Кейде
ағашқа,
Соқтығамыз
дөп келіп, - дейді. Демек өмірде өз
ағысымыз бен өз арнамызды тура табуымыз
үшін өзімізді, өзгелерді, қоршаған
ортаны танып - біліп, рухани құндылықтарды
терең меңгеріп, адамгершілік қасиеттерді
бойымызға дарытсақ, мақсат - мұратымызға
қол жеткізе аламыз. Ендеше, осы мақсатта
ұйымдастырылып отырған «Өмір, қымбатсың
сен маған!» атты ашық тәрбие сағатымызға
қош келдіңіздер!
Өмір
дегеніміз – адам баласының туған күнінен
бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы.
Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ
әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге
қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші.
Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады.
Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп
отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын
білгізбейтін тентек ат секілді, қай
жағыңнан келіп тебетінін білмей де
қаласың” деген екен. Иә, шынында да
солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті
де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен
тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген
қайықпыз. Олай болса, Өмір адамға бірақ
рет беріледі. Осы қамшының сабындай
қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек
сыйласып өткенге не жетсін.
Студенттерге
сұрақ:
- Өмір
дегеніміз не , қалай түсінесің ?
- Өмірдің
мәні неде деп ойлайсыңдар?
Топтарға
тапсырма:
Менің
балалық шағым
Менің қазіргі шағым
Менің
болашағым - тақырыптарына постер
құрау. (7
мин)
Топтар
өз постерлерін құрап болғанша біз
көрермендермен ойын ойнай тұрайық .
“ Ойлануға
арналған балықтар ” жаттығуы.
—
Өмір дегеніміз не , қалай түсінесің
?
— Өмір
сүру жақсы ма ,әлде жаман ба
?
— Сен
бақыттысың ба ?
—
Сені не қобалжытады , сондай
кездерің болады ма?
—
Өз — өзіне қол жұмсау ерлік
пе ,әлде әлсіздік пе ?
—
Егер саған біреу қатты дауыс
көтеріп ұрысса , сен не істейсің
?
— Сенің
мінезіңнің жаман , жақсы жақтары
қандай ?
—
Келешекте сен өз өміріңді
қалай құрар едің ?
Жағдаяттар.
Уақыттың
босқа кеткеніне оны бағалайтын адам
ғана қиналып, қынжылады.
/Иоганн Гете/
Төменде
берілген жағдаяттарды сен қалай шешер
едің. Осы баланың қабылдаған шешімі
дұрыс деп ойлайсын ба? Дәлелде.
Жағдаяттар:
1.
Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде
өмір сүрүге жағдай жоқ, қара нан мен
қара шайдың өзі сирек кездеседі.
2.
Ата-анасынан айырылған. Отбасында
жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын
білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп
ойлайды.
3. Тірлігі басқалардан төмен.
Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле
алмайды. Достарымен бірге жүрмейді.
Осыны өзінің кемшілігі деп санайды.
Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу
болады.
Жауабы: 1 Осы балаға берер
кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек,
әке-шешесінің жолына түспеу керек. Осы
өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің
бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің
әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір
сүруіне талпыну керек. Егер әр адам
басына түскен қиыншылықты жене алмай,
өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі
құрып кетер еді.
2 Ата-анасынан
айырылған адамдар қазіргі заманда өте
көп. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз
бар. Ол өзін ешқашан жетім деп санамауы
тиіс. Бұл да өмірдің бір сынағы. Басыңды
тік көтеріп, тек қана алға қара. Қиындықтың
бәрін өліммен шешуге болмайды. Өзіне
жақын адамдарды таба аласың, сондықтан
еңбек етіп, өмірде өз орныңды тап. Ыбырай
Алтынсарин атамыз айтқандай «Сен де
бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар
қалан!»
3. Біздің ойымызша бұл жалғыздық.
Жалғыздық тек құдайға тән қасиет. Ол
бала өмірдің қызығы тек киініп, ішіп-жеу
деп ойлайды. Біз оған өзіне жақын дос
табуына тілектеспіз және өзін-өзі
бағалай білу керек. Өмір үшін қандай ма
болса да қиындыққа тәуелді болмай
күресуі керек.
“ Сөйлемді
жалғастыр ” жаттығуы .
( жазылған сөйлемді өз
сөзімен толықтырып жазып , ой
қорту .)
Өмірді
сүйсең уақытты оздырма – ол тіршілік
арқауы.
/Венналин
Франклин/
— Жақсы
өмір — бұл …..
— Баққытты
адам — ол ……
5.
«Өмір символын жасау» жаттығуы
Әр топ алдарыңыздағы құрал жабдықтарды
пайдалана отырып, «өмір символын»
құрайсыздар. Жасаған символдарды
қорғайсыздар.
6.
«Мен өмірді қолдаймын»
«Мен
өмірді қолдаймын» деген жазуы бар
плакатқа өздеріңіздің қолдарыңызды
бастырып, аттарыңызды, бүгінгі
сабаққа,жолдастарыңызға тілектеріңізді
жазуды өтінеміз
Қорытынды:
Сабағымыздың қорытындысы ретінде 1ДВК
топ қыздарының орындауындағы «Студенттік
өмір» әнін қабыл алыңыздар.
Қатысып,
назар қойғандарыңызға көп рахмет.