400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өмір сыры" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке шығармашылық, өлең
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өмір сыры

Бұл өлеңнің жаны бар, жалыны бар,

Жүрегімнің сырлары өзің ұғар.

Бір-біріне ұқсатпай берген тағдыр,

Ей,тыңдаушым,сен бұдан тағылым ал.



Біреуі байлық іздеп,шарқ ұрады,

Біреулер күн сәулесін көруге зар.

Бар кезінде бағыңды бағалай біл,

Бұл өмір бір кезде кең,бір кезде тар.



Қуаныш пен қайғысы қатар жүрген ,

Дүние-ертең елес, бүгінше бар.

Қайыспай, қайырылмай ілгері жүр,

Күресі удай ащы, жемісі бал.



Кей тұсы: гүл оранған,желі самал

Кей тұсы:бітпес билік құз бен жар.

Қай жері кездессе де соқпақ ізде,

Алға бас, мүмкіндікті бағалап қал.



Жалғанда тек жолаушы болғаннан соң,

Кеш болмай ақ-қараны саралап ал.

Кай жолға түсеріңе көзіңді емес

Ақылмен зерделенген ойыңды сал.

Өкіну мен жеңістің екеуі де,

Алғашқы қадамыңнан бастау алар.



Бәрінің іздегені бақыт болса,

Әркім оны,өзінше,бөлек ұғар.

Сондықтан соқпақ толы бұл ғұмырда

Кез-келген өзіңе тән жолын салар.



Бақыт деген-жанған от,жалыны өшпес,

Барша жанның бағы бар,тепсе кетпес.

Бұйырғаны сол болса төбеңде тұр,

Әттең-ай, дәл төбеңе көзің жетпес.



Әр адам суретшісі өмірінің,

Бейнелер қалағаны көңілінің.

Ренжиді сурет реңсіз болып шықса,

Түсіріп туындыға өзі кірбің.



Қалмайды өмірдің еш сәні бітіп,

Қарашы айналаңа өзің жітік.

Тағдырың тосын сыйын даярлап ап,

Тұрады келуіңді сенің күтіп.



Жатса да кешің батып, таңың атып,

Жүрсеңде тағдырдың бал дәмін татып,

Бар кезде бағыңды іздеп,шарқ ұрасың

Ойлансаң, өміріңнің өзі-бақыт.



Өмірің өте шығар,сағым болып,

Бір күн жылып, тағы да,бір күн тоңып.

Алайда,тағдырыңның тармақтарын

Салғайсың жақсылықтың жолын жоңып.



Жамандық атаулысы кімге керек?!

Жүрейік жолымызды нұрға бөлеп.

Жанымызға жақсыны серік қылып,

Бастайықшы шаттықты біз бір бөлек!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
775
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі