жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өмір тамшысы.
Өмір тамшысы
Жоспар:
1.Су тіршілік көзі.
2.Судың өмірдегі алатын орны.
а) ауыл шаруашылығындағы су.
ә) үй – тұрмыс, тіршілігіндегі су.
3.Әдебиеттегі су туралы жазылған шығармалардан мысалдар.
4.Суға байланысты тыйым сөздер мен мақал - мәтелдер.
5.Қорытынды.
Су тіршілік көзі
Су тіршіліктің қайнар көзі, тіршілік иелері үшін ауа қалай керек болса, су да сол сияқты үлкен маңызға ие. Жердің көп бөлігін су алып жатқандықтан жерді ғаламшардан қарағанда көк болып тұрады.Бұл жерде ғана тіршілік бар деген сөз. Сусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді, әрі өмірге қажетті заттарды жинақтайды.Егер де сен гүлге апталап су құймайтын болсаң, гүл солып өліп қалады, егер де күн сайын бақылап су құятын болсаң, гүл құлпырып өседі.Солай сияқты адам да су ішкен сайын өсіп жетіледі, дамып тіршілік етеді. Су барлық жерде, адам бойында да жерде де , аспанда да, жер астында да, тіпті жерден тыс күн мен жұлдыздарда болады.Су өзінің қайталанбастығымен, үш күйде болатындығымен, орналасқан жағдайына байланысты формасын өзгертетінмен ерекшеленеді.Су үлкен күшке ие, ол адам баласына орасан зор септігін тигізеді. Жер бетіндегі кез-келген заттармен су оп-оңай араласып кете алады, бұл оның тез әрекетке түсетінін көрсетеді.Әзірге жер бетінде судан артық ғажап зат табыла қойған жоқ, бұл судың қайталанбастығын көрсетеді. Мыңдаған жылдар өтсе де су әрқашанда өз маңызын жоғалтпайды.Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері суды қажетті мөлшерде ғана керек етеді.Жер бетіндегі әр жерлерде орналасқан сулар көзі бір-бірімен байланыста болады.Олар жаңбыр, қар, сел тасқындары, бұршақ, қырау, өзен, көл, теңіз, мұхит сулары. Жаңбыр аспаннан жауса ол жерге сіңіп жер астындағы сулармен араласып кетуі де мүмкін.Күн ыстық кездерде көл айдындағы сулар буланып көкке көтеріледі, ол да аспанда қалықтап, ауа-райына байланысты су қалпына түсіп, жерге қар, бұршақ, жаңбыр болып оралуы да мүмкін.Осылайша жердегі су саяхаттап жүреді екен.Жер бетіндегі әр затта сәл болсада су мөлшері болады.Кейбір ғалымдар жердің өзі бір кездері судан пайда болған дейді, бірақ бұндай болжамдарға нақты дәлелдемелер табылған жоқ.Бірақта су расымен бұрында пайда болған.Адам өркениеті үшін су үлкен маңызға ие. Күнделікті өмірде біз суды ауыз суы ретнде пайдалансақ, оны шаруашылықта мысалы құрылыста, химия өнеркісібінде, азық-түлік жасауда, ауылшаруашылығында кенінен қолданылды.
Судың өмірдегі алатын орны.
а) ауыл шаруашылығындағы су.
Жер шарында негізгі бөлігін Дүниежүзілік мұхит сулары құрайды. Жердегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Жер шарында алып Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы 361 млн.км. Күн жүйесіндегі ешбір ғаламшарда дәл жер шарындағыдай мөлшерде су жоқ. Олай болса,су-жер табиғатының басты байлығы,тіршілік көзі.
Су- құрлықтағы сұйық, қатты күйінде болатын және бір күйден екінші минерал. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты ішкі су да әркелкі келеді.Шөл мен шөлейт зонасында көлдер мен өзендер аз, ал дала және орманды дала зонасында едәуір мол.Республика аумағында ішкі суды төрт түрге бөлеміз:
1.өзендер
2.көлдер
3.жер асты суы
4.мұздықтар
Қазақстан аумағында ірілі ұсақты 85 мың өзен бар.Олардың ішінде және өзен ірілері болып келеді:Ертіс,Тобыл,Есіл,Жайық, Сырдария, Іле,Шу.
Ұзаққа кетпей-ақ Сырдария өзені маңындағы шаруашылыққа тоқталатын болсақ,Мақтаралдың тұрғындары,ақ алтынды алып отырса,Қызылордалықтар Ақ маржаны,жағалай ауыл-аймақтар ақ балығымен күн көрісін түзеп отыр.
Жағалай ел қыстап күн көреді жанабында,
Дәм татар алуан-алуан балығында,
Тас-таста алтын таста сынамаққа,
Сонда да алтын өзен қалыбында,-
деп, Ыбырай атамыз айтқандай,Сырдария өзені қашанда өз ырзығын халыққа беріп отыр.
Жазба деректерге қарағанда,Отырар қаласында 18 ғасырда Отырар тұрғындары үйлерінің ішінде 1тонна астық сиятын қамбасы болған.Орташа алғанда Отырарлықтың әрбір үйінде 5-8 тонналық астық қамбасы болған.Тіпті 15 тонналық қамбалар табылғаны назар аудартады.Бұл егуге арналған дәнді есептемеген күнде, қалғаны бір отбасының орташа жылдық тағамынан үш-төрт есе артық шығады екен.Демек,қала халқының үштен бірінің кәсібі ауыл шаруашылығынан дәлірек айтсақ,астық-бидай,арпа өсірумен байланысты болғаны анықталды.Қ.Байтпақов"Қазақстанның ежелгі қалалары" 177 бетте. Мұндағы айтпағымыз,ел тұрғындары өзен жағасында мекендеген, суды ауыл шаруашылығына тиімді пайдаланып,жылдың төрт мезгіліне пайдаланудың көзін тапқан.
Ыбырай Алтынсарин
«Таза бұлақ »
Үш жолаушы келе жатып бір бұлаққа кездеседі.Таза бұлақтан су ішеді бірі саудагер, ғалым.бірі – жас жігіт болады.Суды ішіп тұрғанда мынадай жазуды оқиды.
-
Әй жолаушы, болсан осы бұлақтай бол, - деген жазуды оқып, бір бірінен мұның мағынасын сұрайды.
Сонда саудагер:
Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн – түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара – бара кеңейіп үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол «Сенде адам тынбай қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып, тоқтап қалма,сойтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме депбілемін» - деді.
Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
- Жоқ, мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек,бұл бұлақ: «Кім – кімге болса да даяр,ыстықтағанды салқындатып,жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығынды ешкімге міндет етпе»дегені болса керек, - деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен,бұл үндемей тұрды.Жолдастары: «Сен не ойласың?» - деп
Жігіт айтты:
- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді;бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрмай, шөп шалам түсіп, лай қоқым күні –түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады.Олай болса, жазудың мағынасы: «Көңіліңді,бойыңды осы бұлақтай таза сақта, бұлаққа қарасақ күн түссе күннің,шөп түссе, шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын» дегені ме деймін, -деді.
Әрбір адам таза су секілді жаны таза, жүрегі ақ болу керек. Сонда ғана өмірдегі алған мақсаттарына жетеді.
ә) үй – тұрмыс, тіршілігіндегі су.
Ғылыми негіздерге қарағанда үй тұрмыс,тіршілігіндегі судың қолдануы:
Баланың қырқына дейінгі күтімі.
Бала дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша түнде шам өшірмейді. Мүның мәнісі –бала түнде шомылмай үйықтауы үшін қажет
Әдетте бала қырқынан шыққанша баланы бір күні тұзды, бір күні сабынды, кейде марал шөп. Салынған суға алма кезек шомылдырып алады
Баланы тұзды сумен шомылдыса баланың денесі шымыр болып, ауру сырқауға қарсы иммунитеті қалыптасады.Сабынды су –баланың денесіне жабысқан микробтарды, бөгде иіс –қоңыстарды жойып, терідегі саңылауларды ашады.
Ал маралшөп қосылған баланың денесіндегі түрлі зиянды бактерияларды жойып, бала тез ширайды.
Нәресте 40 күнге толғанда ата-ананың көңілі орнына түсіп қырқынан шығару дәстүрін жасайды.
Баланы қырқынан шығарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік сияқты заттар салып 40 қасық таза су құйып қояды.
Баланы шығарған адам сыйлы болу керек.
Шомылған соң,қарын шашы мен шырнағын алдырады.Сол адамға шапан кигізеді.
Қырқынан шыққан бала қыдырып ата-әжелеріне барғанда, тоң, қой сыйлап бетінен сүйіп, ақ баталарын беретін болған.
Баланы қырқынан шығарудың да өзіндік ғылыми мәні бар.
Баланы шомылдырған суға күмісті бала адал,ақ,пәк болсын деп салады.
40 қасық суды ырыздығы судай мол болсын деп құяды.
Шаш-тырнағын сол адамдай инабатты ортасына сыйлы адам болсын деп алғызады.
Сүттен ақ бол,
Судан пәк бол.- деп бата берген.
Сенің келіп жағаңнан
Анам талай су алған.
Сенің келіп жағаңда
Әкем атын суарған.
Айналайын ақбұлақ,
Асыр салып жағаңнан.
Сенен артық өлкені
Бұл әлемнен таба ма?
Күндіз-түні бір тынбай
Дала кезген шапқылап.
Құмар едім өзіңе
Бала кезден ақбұлақ.
Әнге бөлеп маңайды
Асып-тасып жатасың.
Бойыңдағы барыңды
Жиып беріп жатасын.
Әдебиеттегі су туралы жазылған шығармалардан мысалдар.
Ертедегі ақындар айтысында әрбір ақын өзінің серіктес жұбының дүниетанымын байқау үшін табиғаттың құпия сырларын жұмбақтап айтып,қарсы ақының ой -өрісін сынаған.Мысалы, ертеректе Аягөз өңірінде өмір сүрген ақын Сабырбай мен Байбаланың айтысында,Сабырбай ақын судың тіршілік үшін маңызы екенін бір ауыз шумақ арқылы аса білгірлікпен жеткізген:
Адамның денедегі қаны да – су,
Қан су болса, болғаны жаны да - су
Сусыз дүние көгеріп - көркеймейді,
Не заттың керек алар нәрі де – су.
Суға байланысты тыйым сөздер мен мақал - мәтелдер.
1. Су – табиғатың ажары.
2.Су бүлінсе сүлдең қалар,ауру асқынса мүрдең қалар.
3.Су өткен жерге өсімдік шығады, суайт өткен жерге өтірік шығады.
4. Су біткен жерге өмір де бітеді.
5. Бұлақ көзін аша жүр.
6. Ылас суда ылаң көп.
7. Таза су ең алдымен адам денсаулығының басты кепілі.
Мысалы, «суға түкірме», «суды сабалама», «су ішкең құдығыңа түкірме»,
«бұлақты былғама»,«өзің ішетін суға өлген ит тастама».
Қазақ ұғымында түнде су алуға барған адам суды қастерлеп, су атасы Сүлейменнен рұқсат сұрайды және суды «ұйқысынан» оятып барып су алады. Бұлай етпеген жағдайда алған су арам деп есептелінеді.Адал суды алу үшін үш рет қайталап Судың пірі –
Сүлейменнен жалбарынып сұрайды:
Айдыныңа тас аттым
Су атасы – Сүлеймен,
Айдыныңа тас аттым.
Рұқсат ет балаңа,
Су алуға бола ма?
Түн ұйқыңнан ояттым
Толқыныңды аяп тым.
Тұнығыңды қорғаймын,
Лайласам оңбаймын
Су атасы-Сүлеймен
Рұқсат ет балаңа
Су алуға болама?
Су балықтар үшін де, тіршілік адамдар үшін де қолданылады демек.Ауа мен су бір – бірімен тығыз байланысты, бұл екі зат бірігіп, тіршіліктің басты элементін құрайды.
Бұл шығармада судың адамзат үшін пайдасы мен қолдану дәйектері келтірілді.
Пайдаланған әдебиеттер.
1. А.М Бейсенбаев,Н.Ә Бейсенбаева Оқушы анықтамасы 6 -10 сыныптар Арман баспасы 2004 ж 41 бет
2. Қ.Байпақов Қазақстанның ежелгі қалалары 2005 ж 177 бет
3.Биология және салауаттылық негізі журналдары.
4. Айып Нүсіпоқасұлы, Әкімбай Жапарұлы Ағаш бесіктен жер бессікке дейін «Өнер» 2011 ж
5.Құрастырған Елікбаев С.Т. Қазақ әдебиетіне арналған Хрестоматия 1 кітап «Арман ПВ» баспасы,2007 ж 283 бет

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген