Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өмірдегі ең қымбат жан

Материал туралы қысқаша түсінік
Макала устаздарга окушыларга ата аналарга кажет.Ананы калай кадірлеу керек екенән тусіну,қадірлеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өмірдегі ең қымбат жан

(Анамыз Бақтылы Отарғалиқызына)

Әрбір адамның өмірде өзіне ең жақын адамы болады, ол жаны жайсаң, жүрегі мейірімге толы менің алтыннан да ардақты анам. Олай дейтін себебім, ол маған жарық дүние сыйлады. «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да , оның алдындағы қарызыңды өтей алмайсың» деген халық мақалы бар емес пе? Мен сенің алдындағы балалық пәк перзенттік сезімімді еш уақытта да жоғалтқан емеспін. Анашым сенің аялы алақаныңды, еркелете сөйлеген асыл сөзіңді сағынамын. Әттең сұм ажал сені ортамыздан ерте алып кетті. Сен мен үшін даналықтың көзі болып табыласың. Бала болсам да, осы бауырларыңа бас көз болатын сенсің деп барлық жөн-жоралғыларды, салт-дәстүрді, кісілікті, кішілікті, қарапайым нәрсенің өзіне үлкен мән беруді үйреттің. Еңбекқорлығың, мейірімің, алғырлығың, әншілігің -бәрі көз алдымда, бүкіл ауылға көрік, сән беретін едің ғой... Орның толмайды, өмірден өткеніңе де 22 жыл өтіпті.

Өмір деген ағыс қой, тоқтамай ағып жатыр. Бәріміз сені сағынамыз, еске аламыз. Осы бауырларыңды сен аяқтандырасың, құда-құдагиларыммен төрде сен отыратынсың дейтінсің. Шынында да солай болды. Шіркін балалық –ай, сол сөздеріңнің астарына ерте түсінсемші.... Менің алтын құрсақты жан анам - өмірде он балаға жарық дүние есігін ашып, күн сәулесінің шапағын сыйлаған аяулы жан. Жастайыннан ата-анасынан айырылып,қанша қиыншылықтарды басынан өткізсе де, біздің әрқайсысымызды бағып-қағып тәрбиелеп өсірді.

Асыл ана тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейрімнің кәусар бұлағы- анадан асыл қасиетті ештеңе жоқ. Бүгінде кешеге бала қыз, өзі де ана атанды. «Ата-ананың қадірін, балалы болған да білерсің» демей ме дана халқымыз. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, дүниеге келтіріп қана қоймайды, көзінің қарашығындай қорғап, аялап, өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны туған елінің тілін үйретіп, халықтың күй сазын үретеін де ана. Нәресте өмірінің нәрі ана сүті арқылы ана тілін халқымыздың байырғы дәстүрлерін бойына сіңіреді. Бала үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма?

Ана болу бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерең еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін балуыз балапандарына жұмсайды. Бұдан оның жаны жасарып,нәрлене түседі. Егер ата-анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер деген ұлылардың ұлағатты сөзі бар. Кімде кім ата-анасының ризашылығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады делінген, сондықтан да саялы бағым, мөлдір суым, жылы жүректі анашымды мақтан тұтамын, ұлылықтың жаршысы, кәусар бұлағы деп танимын. Бүгін де немере, жиендерің де аяқтанып, шөберелерің алаңсыз өсіп жатыр. Сенің берген тәрбиең, ұрпағыңды биіктетеді. Сен бізді әрқашан желеп-жебеп жүресің аяулы анашым. Сені мақтан етемін. Сен ешқашан өлмейсің, мәңгі бізбен жасай бересің. Сен бізге күш беретін жарық сәулесің...



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.11.2018
1321
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12