Өмірді сүйе
білейік
Тақырыбы: «Өмірді сүйе
білейік»
Мақсаты:
- оқушыларды қоғамымыздың болашағы екендігін ұғындыру арқылы
имандылыққа, отансүйгіштікке, жат қылықтардан аулақ болуға
тәрбиелеу;
- өмірді сүйіп, қадір – қасиетін түсініп, қоғамда өмір сүре білуге
үйрету.
Түрі: сыныптан тыс жұмыс
Типі: аралас
Көрнекілігі: компьютер, слайд, белсенді тақта
Өтілу барысы:
І. Кіріспе сөз (слайд 1)
Өз - өзіне қол салу қазіргі таңда әлемді қатты алаңдатып отырған
үлкен мәселе. Дүниежүзінде жыл сайын 1 миллион адам өз - өзін
ажалға қиса 10 - 20 миллиондай адам өзін өлтіруге әрекет жасайды.
Ең жаманы өз - өзіне қол жұмсайтын адамдардың арасында жастар
өлімінің көбеюі.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша 15 – 44
жастағылар арасында суицид жиі болады. Соңғы 45 жылда өз - өзіне
қол жұмсаушылар саны 60 пайызға өскен, ал жыл сайын бұл көрсеткіш
өсуі де мүмкін. 2000 жылы суицидтен 1 млн – ға жуық адам қайтыс
болса, 2020 жылы өзі - өзіне қол жұмсаушылар саны 1, 5 есеге өсуі
мүмкін деген болжам бар.
ТМД елдерінің арасында өзіне - өзі қол жұмсау фактісі бойынша
Ресейден кейін Қазақстан екінші орында. Жылма жылғы статистика
бойынша 100 мың адамға 34, 5% өзіне - өзі қол жұмсауға ерікті түрде
барады. Вильемстің түсіндіруі бойынша өзін - өзі қол жұмсау себебі
психикалық депрессия болып отыр. Профессордың айтуы бойынша
адамдардың осы жолды таңдауына еске сақтау қабілеті әсер етеді.
өткен өмірдегі сәтсіз және жағымсыз эмоцияларды жиі еске түсіруі
адамдардың психикалық депрессияға ұшырауына ұрындық болады.
Қоғамдағы жетістіктерінің негізгі күші – адам, оның білімі,
шеберлігі еңбегіндегі табандылығы ойлаумен адамгершілік қасиеттері.
Қазіргі адам баласы адами құндылықтарының құлдырауына жеткіншектер
мен жасөспірімдердің ерік - жігерінің әлсіреуінен бүгінгі таңда
туындап отырған көкейкесті мәселелердің бірі бұл - суицид
“Суицид” латын тілінен аударғанда “өзін - өзі өлтіру, өзіне қол
салу” деген мағынаны береді. Өз - өзіне қол жұмсаудың қазіргі таңда
80 - ге жуық тәсілі анықталып отыр. Әлемде кең тараған түрлері:
асылу, суға кету, улану, биік жерлерден секіру, қару қолдану т.
б.
Суицид себептері:
1. Шынайы – ондайда адам өмірден түңіледі. Белгісі: үнемі көңілсіз
жүреді, өлгісі келеді
2. Жария - өзін - өзі өлтіргісі келгендердің көбі өлместен бұрын
өзгелердің назарын аударғысы келеді. (мысалы, біреумен ренжіссе,
қолына суық қару алып, болмаса арқан жіп ала жүгіріп «өлем» деп
жариялауы)
3. Жасырын – бұл түрінде адам өз - өзін өлтіру жақсы іс еместігін
түсінеді. Бірақ қиындықтан шығар шара, жол жоқ болып
көрінгендіктен, өлімге апаратын істерге бас тігеді
Суицид себептері:
1. Ерте суицид – 1 айға дейін
2. Жақын суицид – 1 аптаға дейін
3. Кеш суицид – 5 айға дейін
ІІ. Сұрақ – жауап
1. “Мектеп бітіруші ҰБТ жағдайында”
Мектеп бітірушілер ҰБТ қатысатын. Асхат ҰБТ - дан өз ойындағыдай
ұпай жинай алмады. Көңілсіз күйде үйіне оралып келе жатты. Асхаттың
ойына небір ойлар келді. Ойлаған мақсаттарына балта шабылғандай күй
кешті. “Ата – анам ренжитін болды ғой. Енді немен айналысамын,
ақылы оқуға түсуге әке - шешемнің қаражаты жетпейді”, - деп ойланып
келе жатып, үйіне кеш оралғанын да байқамай қалды.
- осыдан кейін Асхаттың әрекеті қандай болмақ?
- сіздің жақын досыңыздың басынан осындай жағдай өтсе қалай көмек
берер едің?
IІІ. Психологиялық тренинг
ІV. Қорытынды.
Өлім мен өмірдің арасындағы сұрақтардың шешімін табатын – ол
адамның өзі. Тек қана сол адамның өзінің өмір тауқыметтеріне
бейімделуінің мәнісінің және жеке адамның қасиеттерінің ерік -
жігерінің күштілігіне өлімді қабылдауы, әлде қабылдамауы бағынышты.
Адамға, ең бастысы осы мәселелердің шешімін табу маңызды. Бәрі де
өтеді, өмір орнына келеді, бұл адамдар үшін дәлелденген. Өз
өмірімізді өзіміз қадірлейік, бағалайық осы үшін атсалысып қажымай
бір - бірімізден қол ұшымызды
аямайық.
№ 3 Аршалы орта
мектебі
Баяндама
Тақырыбы:«Өмірді сүйе білейік»