Материалдар / «Өмірдің иесі сен, ғазиз ана!» ертеңгілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Өмірдің иесі сен, ғазиз ана!» ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
8- наурызға арналған ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2023
379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өмірдің иесі сен, ғазиз ана!»

(ересектер тобына арналған мерекелік ертеңгілік)

Зал әдемі безендірілген.

Әуен ойнап, өлең оқылады. Балалар шығады, жұппен би.


1- бала:

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
2- бала:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

 Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

 Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

 Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

 Ер жеткізіп елге берген баласын,

 Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

 Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

 Қайратыңнан қайта көрме, анашым

ЖҮРГІЗУШІ:Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!

Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!

Балалар аналарына сыйлықтарын табыстайды.

ЖҮРГІЗУШІ:

Өмірдің иесі сен, ғазиз ана!

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана, -дегендей асқақ құдірет иесі, ол- ана!

Тақпақтар:

1. Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегінде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын жан анам.

2. Бізге қарап елжіреп,

Сүйсе беттен күнім деп,

Құшақ ашса «келші» деп,

Жүгіреміз күлімдеп.

3. КөңіліңАлатаудыңақ қарындай,

 Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

 Қалайша, аяулы ана, тына алармын

 Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

Ән «Ақ мамам»

Көрініс «Бақыт іздеген қыз»

«Если я был султан» әнімен сұлтан шығады.

-Мерекеге жиналып қалыпсыздар, қандай әдемі қыздар! Маған 3- әйел боп тұрмысқа шығасыз ба? Кең сарайым бар, доллор дейсің бе, евро дейсің бе, санына жете алмаймын, шалқыған баймын.Ойлан, ойлан, қарақат көз қарындас. Демалайын. (отырады)

Қыз шығады.Жылап, қолындағы ойыншықтарын лақтырып:

Маған керек емес. Ұнамайды.

Сұлтан: Не болды? Қайдан келесің? Қайда барасың?

Қыз: Бақытымды іздеп жүрмін. Таба алмай жүрмін.

Сұлтан: Е, е, бақыт байлықта ғой. Мен, міне, бақыттымын, кең сарайым, әдемі киім, тәтті тамақ, алтындарым бар. Күнде сауық, күнде той, рақат! Отыр, кәне, көмекшілерім, би билеп беріңдер!

Би «Шайхана»

Қыз: Жоқ, маған ұнамайды. Менің бақытым басқаша, ол сондай, сондай жүрегімде күй ойнайтындай, сондай, сондай ерекше болуы керек.

Сұлтан тұрып: Ендеше, өзің біл, сондай бақытты табуыңа тілектеспін. (Если я был султан-әнімен кетеді)

Қыз да: Табамын сол бақытты. (кетеді)

«Аукцион» (Суреттер)

Әжелер туралы тақпақтар:

1.Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.

Әжем менің- асыл жан

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Әжеме ешкім жетпейді! 

2.Әжеме кетсем жұғысып,

Тапқандай болам сөз кенін.

Ертегі- қызық ұғысып,

Тыңдаймыз көзбен көргенін.

3. «Қоя ғой, қарғам, күнім»,- деп

Айналар жанды жылытып.

Қараса әжем күлімдеп,

Кетеміз бәрін ұмытып

ЖҮРГІЗУШІ:

Алпыста алты жасар баладай бол,

Жетпісте ханжығасы жағадай бол.

Сексен мен тоқсанда да сыр алдырмай,

Жүз жаста көпті көрген данадай бол!- деп асыл әжелерімізге ән арнаймыз.

Ән: «Сағындым, әже, өзіңді»

ЖҮРГІЗУШІ:

Қытайдағы қазақ қандастарымыздың ұлтжандылығының арқасында 10 мыңнан астам адам билеп шыққан «Қара жорға» биі  Гиннестің рекордтар кітабына жазылғандығы белгілі,сол биді біздің балалар әжелеріне арнайды.

Би «Қаражорға»

Ойын: «Сәбіз салаты»

Шарты: 3 ана және 1 баладан екі топ шығып жарысады. Бірінші ана сәбізді аршиды, екінші ана сәбізді жуады, үшінші ана майдалайды да балаға жегізеді. Қай топ бірінші аяқтаса, сол топ жеңеді.

2. Әнші шығады. (Ілияс, Омар, Алдияр) (микрофон, ат.)

«Мария Магдалена» әнімен әншілер шығады.

-Қошемет, қошемет!

Қыз: Ештеңе ұнамайды. Шаршадым. (жылайды)

Әнші: Не болды?

Қыз: Бақытымды таба алмай жүрмін. Шаршадым.

Әнші: Бақыт атақ- мансапта, әдемілікте. Міне, мен әншімін әрі әдемімін, бәрі мені таниды. Мен бақыттымын. Менің әнімді тыңдасаң сен де бақытты боласың. Отыр да тыңда.

Ән: «Он алты қыз» (фонограмма) (Қыздар шығып билейді)

Қыз: Жоқ, бұндай бақыт маған ұнамайды. Менің бақытым басқаша, ол сондай, сондай жүрегімде күй ойнайтындай, сондай, сондай ерекше болуы керек.

Әнші: Ендеше, өзің біл. Қошемет, қошемет! (Қол бұлғап, кетеді)

Қыз:Шаршадым, шаршадым. (жылап кетеді)

Тақпақтар:

1.Мен мұғалім анамның

Өнегесін аламын.

Ертең мен де анамдай,

Оқытушы боламын.

2.Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті абзал аналар!

3. Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

4. Анам, анам, ақ анам,

Мен өзіңдей ақ балаң.

Айтқан тілді аламын,

Жұмсағанда барамын.

ЖҮРГІЗУШІ:

Анамызға махаббатымызды қанша, қай тілде айтсақ та көптік етпейді.Ендеше балалар аналарына махаббаттарын ағылшын тілінде жеткізеді.

Ән: Ағылшынша

Ойын: «Аналар портреті»

ЖҮРГІЗУШІ: «Қыз- елдің көркі», «Жақсы қыз- жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» демекші халқымыз «Қыз- қонақ» деп төбелеріне көтеріп, еркелетіп тәрбиелеген.

1.Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жайсаң жайраңдаған.

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан, қайран бабам!

2.Намысын бермеу үшін қолдан жатқа ,

Арулар аз болды ма қонған атқа.

Бәрін айт, бірін айтта лайықсың,

Қазақтың қызы деген ғажап атқа.

Ән «Мен қазақ қызымын» (қыздар)

Тақпақтар:

1.Қырға тырна қонады,

Жылға суға толады.

«Көктем! Көктем!»- деп көкек,

Тынымсыз ән салады.

2.Көңіл асып кемерден,

Күн мен түн теңелген.

Көктем қандай тамаша,

Мал ырысқа кенелген.

3.Көктем келді нұр жайнап,

Саф ауасын сімірдік.

Керемет- ау күллі аймақ,

Тұнып тұрған сұлулық!

3.Қарлығаш шығады. Жанында қыздар гүл ұстап шығады

ЖҮРГІЗУШІ:Туған жерге қош келдің, қарлығаш! Нұр төккен гүл көктемді ала келгеніңе рахмет.

Ән «Көктем»

Қыз шығады: Қашан табам, қайда бақытым?

Қарлығаш: Не болды?

Қыз: Шаршадым, бақытымды іздеп шаршадым.

Қарлығаш: Қалай? Бақытың жаныңда ғой сенің.

Қыз: Кәне, кәне, сол бақыт?

Қарлығаш: Бақыт деген отбасың ғой. Әке- шешең қасыңда, туыстарың аман болса, Отаның тыныш болса, сол бақыт.

Қыз: Солай ма? Әкем мен анамды көрмегелі көп болды. Сағынып кеттім. Үйге барғым келеді.Мына көктем гүлдері қандай керемет! Анама жинап алайыншы. (гүлді жинап алып)

Анам мен әкемді ойлағанның өзінде жүрегім елжіреп тұр, кеудемде күй ойнағандай, міне, бақыт деген осы екен ғой! Рахмет, қарлығаш, енді үйіме жол көрсетші.

Қарлығаш: Жақсы кеттік.

Ән «Жұлдыз болып жанайық»

Тақпақтар:

1.Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде,

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.

2.Барша ана, құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда, ана, сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

3.Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Әуен: «Қазатың жігіттері» (ұлдар қыздарды құттықтайды.)

Жүргізушінің сөзі.

«Ана- жүрек, жүректі құдіретте,

Ана –тірек, тіректі құрметте.

Ана –шыңың, шыңыңа сағынып жет,

Ана –күнің, күніңе табынып өт!- деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!