400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өмірдің мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: – оқушыларға өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету. Міндеттері: Білімділігі: – оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру; Дамытушылығы: – өмірге құштарлықтарын дамыту; Тәрбиелілігі: – өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу. Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары



Мектеп: №3 ЖОББҚМ

Мерзім: 04,11.10.2018 №5-6

Тақырып: Өмірдің мәні

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Адамгершілік

Мұғалім: Сулименова Г.С.

Сынып: 7


Сабақтың мақсаты:

– оқушыларға өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

Міндеттері:

Білімділігі:

– оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;

Дамытушылығы:

– өмірге құштарлықтарын дамыту;

Тәрбиелілігі:

– өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)


Тыныштық сәті :

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)

немесе

1..................2


Ресурстар:(құралдар,

мәліметтер) гүлдер, шарлар, смайлики

2.Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген эссені оқушылар оқиды. Оқушылардың эсселерін тыңдап, өз сөзіммен қорытындылаймын

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз: Халқымыз:

«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз,сөз жоқ, жеңіске жетесіздер» – дейді.

Қаныш Сәтбаев.

Адам жаман-жақсыны ажырата біліп, жаманнан бойын аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана дұрыс өмірлік айқындамасын таба алады.


4.Әңгімелеу(сұхбат):

Жаңылыс пен ақиқаттың есігі.(аңыз)

  • Мәтінде адам неліктен Ақиқатты іздеді деп ойлайсың?

  • Мәтінде Жаңылыс неліктен «Оны өзім де іздеп жур едім» деді?

  • Не себепті ақиқат пен Жаңылыс кездесе алмайды?

  • Өзің Ақиқатты қайдан іздейсің?







5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс: ( сахналау)

Суреттермен жұмыс істеу оқушылардың өмірге бейнелі түрде қарауына, өмірдің әр сәтінен ләззат ала білуіне ықпал етеді. Оқушылардың қоршаған ортаға, онда өмір сүріп жатқан адамдарға, олардың өмірінде болып жатқан түрлі оқиғалар мен жағдайларға жаңаша қарауын, әсемдікті түсіне білуін дамытуда тапсырманың алатын орны ерекше.

1-тапсырма

25-бетте берілген үзіндіні оқып,ондағы өмірдің мәні суреттелген ойлар мен сәттерді тауып, дәптерге жазыңдар.

2-тапсырма

«Мен кіммін?», «Менің өмірімнің мақсаты неде?» деген сұрақтарды қатыстыра отырып, эссе жазыңдар.


6.Топпен ән айту. Балдәурен Өзіңмен тұрмағанмен, сый мен сымбат Адамға қай жаста да өмір қымбат, достар – ай! Шарықтап шыққанменен, шындарыңа, Жас келер шын жүректе шыдам бар ма, достар – ай? Ай – ай – ай, гүл дәурен, Бал – бұл дәурен, бал дәурен! Өмір әлі сын ғой, дәурен, сол дәрен! Қарасам, қасіреттің бұлтын бұзып Жіберер жақсылықты көрген қызық, достар – ай! Жол өзі шаттығымен сәнді етеді Өмірді еңбек қана мәнді етеді, достар – ай!


7.Үй тапсырмасы.

27-беттегі 6-тапсырманы үйде орындап келеміз.


8.Соңғы тыныштық сәті. (Тыныштық....бар жерде,тыныштық.....бүкіл әлемде)

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қараша
532
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі