«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп № 46 орта мектебі
Мерзiм
Мұғалiм Башикова М.Ж
Оқушылар саны ____
Тақырып №5 Өмірдің мәні
Құндылық Ақиқат
Қасиеттер адалдық, жауапкершілік, шынайылық
|
Сабақ мақсаты: оқушыларға өмірдің мәні туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - өмірдің мәнін ақиқат құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;
|
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, дәйексөз |
|
Сабақ барысы:
Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
«Жаңылыс пен ақиқаттың есігі» Талдау сұрақтары: ● Мәтінде адам неліктен Ақиқатты іздеді деп ойлайсың? ● Мәтінде Жаңылыс неліктен «Оны өзім де іздеп жүр едім» деді? ● Не себепті Ақиқат пен Жаңылыс кездесе алмайды? ● Өзің Ақиқатты қайдан іздейсің? «Ақиқат – адастырмайды» дегенге сенесің бе? Неліктен? |
Ескерту |
«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер» Қаныш Сәтбаев.
|
Мұғалім оқиды Ұл балалар оқиды Қыз балалар оқиды |
Адамды сүйе біл С. Байжанов Біз жайшылықта көп нәрсені елемейміз. Көбіне мән бермейміз. Мысалы, күнде таңертең қызарып күн шығады, күн кешкілікте қызарып барып батады. Оған, әрине, ешқайсымыз таңданбаймыз. Өйткені ол үйреншікті нәрсе. Ал енді біреулер сол күннің қыр басынан қылтиып, қызарып шығуының өзінен аса бір сүйкімділік, сұлулық табады, ләззат алады. Сүйсініп жырға қосады. Суретші сұлу күннің көркіне табынып, тамсана отырып сурет салады. Композитор сол сұлу күннің, мейірлі күннің аспан аясына көтерілуінен аса бір нәзік сырлы әуен сазын аулап, ән толғайды. Әлгі адамдардың жазғанын оқып, салған суретін көріп, шығарған әнін тыңдағаннан кейін барып, күнде көріп жүрген елеусіз күнге қарап көрсем, күнім баяғыдай емес, сұлу да сымбатты, сырлы да сазды, қылықты да сүйкімді көрінеді. Тіптен өзіме қарап, күлім қаққандай, жымың еткендей болады. Мен де еріксіз езу тартып, өз-өзімнен жымиямын... Немесе таңғы шық, сыңғырлаған бұлақ үні, сыбдырлаған жапырақ, ұшы қиырсыз кең дала... «Иә оларда тұрған не бар?..» Ойсыз көзбен қараған жанға бәрі де елеусіз, жай ғана жапырақ, баяғы бір дала... Ал енді бір адамдар солардың бәрінен сыр ұғады, әркім байқай қоймайтын үн, бояу табады. Солардың көзімен қарасаң, расында да әлгі елеусіз құбылыстардан әсем сырлар ұғады екенсің. Бұл қандай керемет, мұнда не сиқыр бар? Ойлап-ойлап, әр нәрсенің қадіріне жетіп, көре білу үшін, бағалай білу үшін көрген көз, сергек сезім керек екен-ау деп таң-тамаша қалдым. Дәл солай, кейде біз, адамдар, бір-бірімізді түсінбейміз, айналамыздағы адамдардың жақсысын көре білмейміз, асылын жасығынан, алтынын жезінен ажырата алмай қаламыз. Сондықтан да адамдар мұхитынан асылы мен жақсысын ажыратып тани білу үшін де адам жаратылысының тұңғиық тереңіне сүңги білетін көреген көз, сезімтал жүрек керек. Жақсы адам... Жақын адам... Жанашыр адам... Қандай жақсы ұғымдар. Тек солар жайлы ойлағанның өзінде жаныңды әлде бір жылы сезімдер бойлап өткендей болады. Жақсы адам, жақын адам, жанашыр адам деп кімдерді айтуға болады? Былай қарасаң, бұл сұрақ өте оңай, қарапайым сияқты көрінеді. Бірақ ол алғашқы, алдамшы әсер ғана. Ойланып, толғанып, нақты жауап іздей бастасаң, бұлардың оңайлығы да, қарапайымдылығы да сағымдай бұлдырап, алуан ойлардың жетегіне әкетеді. Кейде, біз жақсы адам дегенде айналамызға, төңірегімізге қарамай, әлдебір алыстан, ғайыптан іздеп, бөгде бөтен жаққа көз тігетініміз бар. Қасымыздағының бәрі қарапайым, елеусіз, ешқандай кереметі жоқ дегендей қомсанамыз ба, қайткенде оны аттап өтуге бейім тұратынымыз бар. Шынтуайттап келсек, бағдарлап, бағалап көре білсек, әлгі біз іздеп жүрген кереметтердің бәрі тап өзіміздің қасымызда, көз алдымызда болып жатады. Айтып жүрген жақсы адамдарымыз жанымызда, өз арамызда жүреді. Бұл жерде менің айтайын деп отырғаным – біздің айналамыздың, өміріміздің тамаша адамдарға толы екендігі. Тек соларды көріп, танып, сүйе білу керек екен. Сұрақтар: - Мәтінді оқығанда қандай сезімде болдыңдар? - Жанымыздағы жақсылықты байқамаудың, сезінбеудің себебі неде деп ойлайсыңдар? - Өз жақындарыңды қалай бағалап жүрсіңдер? |
|
1-тапсырма: Шәкәрімнің «Өтірік ақиқаттан алыстатса, шындық ақиқатқа жақындатады. Ақылы мен ұжданы үйлесім тапқан адам өтірік айтпайды» деген ойын «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдiсiмен талқылаңдар. 2-тапсырма: Жақындарыңмен (ата-ана, ата-әже, туысқандар, іні-қарындас, аға- әпке, көрші және т.б.) «Өмірдің мәні неде?» деген тақырыпта пікірлесіп, өз көзқарасыңмен салыстыра отырып, мұғалімнен кеңес ал. 3-тапсырма: «Мен кіммін?», «Менің өмірімнің мақсаты неде?» деген сұрақтарды қатыстыра отырып эссе жазыңдар. |
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. |
Балдәурен Балдәурен көктем, асығып жеткен, Шағала күндер. Базарлы маусым, шырқалған даусым, Тамсанып әсем. Балауса балғын, көк майса шалғын, Барады күндер. Тербеліп билеп, жайқалып билеп, Ән салып әсем. Қайырмасы: Балдәурен, бақытты ән дәурен, Келеді қанатын самғаумен. Көңілдің ұшырып, аққуын, Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.
|
|
Айтып несіне әуіре боласың... оқу 27 бет «Өмірдің мәні – адамгершілік болса!?» тақырыбында сауалнама жүргізіңдер. |
|
|
Рефлексия -Бүгінгі сабақтан нені үйрендім? -Қандай әсер алдым? 9.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Балалар сендер бұл
дүниеге қасыңдағы жолдасыңды, сабақ беретін ұстаздарыңды ата
–анаңды, өзіңді қоршаған қоғамды күн сайын қуантып, оларға шаттық
силау үшін келдіңдер. Бозбала, бойжеткен кезіңнен қартайғанша сенің
міндетің, адамдық борышың - адам ұрпағына қуаныш пен шаттық сыйлау.
Кез келген адамның баласына жаның ашып, оның нәсіліне, ұлтына,
түріне, дініне, тіліне қарамастан оларға адал қызмет етіп, еткен
қызметіңе мақтау, ақы күтпестен бақытты сезімде жүру өмірдің
негізгі мәні болып табылмақ! |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өмірдің мәні (Өзін - өзі тану сабақ жоспары)

шағым қалдыра аласыз