Өмірдің
өзі физика
Жансугирова
Гульден Жубаткановна, Арал көпсалалы
колледжінің физика пәні мұғалімі
Мақсаты:
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,
білім дағдыларын дамыту, бақылау, зерттеу
қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа,
ұқыптылыққа,
ұжымшылдыққа баулу.
Көрнекіліктер:
интерактивті тақта, тәжірибе көрсететін
құрал - жабдықтар,ребустар,
Жүргізуші:
Ұққанға
табиғаттың сыры терең,
Дегенге
оқып, зерттеп, көрем, білем.
Демесең
болсын егер еңбегім еш,
Әуелі
физиканы оқы дер ем
Бүгінде
физика барлық жерде.
Құрылыста,
техникада, өндірісте
Сырларын
бұл ғылымның игеріңдер
Шәкірттер,
ынта қойып үйреніңдер!
Білім
деген биік шың,
Бақытқа
сені жеткізер
Білім
деген ақылшың
Қиындықтан
өткізер,- деп, бүгінгі «Өмірдің өзі
физика» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
КЕШІМІЗДІҢ
ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУҒА РҰҚСАТ ЕТІҢІЗДЕР:
Жоспары:
І
-тур. “Суреттер сөйлейді”
ІІ-
тур. “Кім білімді?”
ІІІ-
тур. “Ойлы болсаң озып көр?”
ІV
–тур.
“”Сіз білесіз бе?”
V
–тур.
“ Ребус шешу”
Кешіміз
топ аралық сайыс түрінде өткізіледі.
Бұл
сайысқа 5 топ өз білімдерін сынағалы
келіп отыр: «Қырандар» тобы, «Асыл тас»
тобы, «Ақ сұңқар» тобы, «Парасат» тобы,
«Болашақ» тобы.
Сайысымызды
бастамас бұрын төрелік жасайтын әділ
қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1-Директордың
оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі
орынбасары Әйділдаев Бақтыбай ағай
2-
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Еленов Мұқан ағай
3-колледжіміздің
әдіскері Бәйімбетова Алтынай апай.
Табиғат
сырын аштырған,
Токпен
қазан астырған.
Миллион
гектар астықты,
Комбайнмен
бастырған.
Физика
емей немене? –
демекші
сайымыздың «Суреттер сөйлейді» атты
1-турын бастаймыз.
Көрсетілген
суреттерге қарап физикаға қатысты
термин,сөздер, қасиеттерін айту (Әр
жауап 5 балмен бағаланады)
Құтқарып
ауыр бейнеттен,
Техниканы
үйреткен.
Робот-темір
адамды,
Тіл
бітіріп, сөйлеткен
Физика
емей немене? –
демекші
сайымыздың «Кім
білімді?»
атты 1-турына кезек берелік.
Әр
топ білетін физикалық формулаларын
жазады. ( 4 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс
жауапқа 1 ұпай)
Айдан
хабар алғызған,
Зәулім
сарай салғызған.
Теңіз
суын каналмен,
Шөл
далаға барғызған.
Физика
емей немене?
«Ойлы
болсаң озып көр» шарты бойынша сұрақтарға
жауап береміз. Сұрақ жауабын білетін
команда қол көтеріп жауап береді
Эйфель
мұнарасының биіктігі ауа температурасына
байланысты 12 сантиметрге дейін өзгереді
екен. Неліктен? ?(
Жылудан метал ұлғаяды.)
Адам
бойы күндізгі ұзындығынан жатарда 1-2
см-ге қысқарады екен? Неліктен? Ауыр
жұмыстан,жүрістен омыртқа қысылып
тығыздалады
Маса
жаңбыр тамшысынан аспанда өлмейді, ал
жерде болса өледі екен? Неліктен? Төменге
түскенде жылдамдық артады. Қысым ұлғаяды
Неге
құстар өткізгіштерде осылай отырғанда
токқа тартылып өлмейді? Ал кеуде не
қанаты тигенде өртеніп кетеді екен.
Неліктен? (Табаны ток өткізбейді)
Керең
адамдар да ести алады. Бұған
бір мысал: атақты композитор Бетховен,
білетініміздей, керең болған, алайда
ұлы туындыларды дүниеге алып келді.
Қалайша? (Ол...
тісімен тыңдайтын! Композитор таяқтың
бір ұшын рояльға қойып, ал екінші ұшын
тісімен қысып отырған – осылайша дыбыс
ішкі құлаққа жетіп отырған. Композитордың
ішкі құлағы сыртқысына қарағанда сау
болатын)
Масада
тіл болмайтын көрінеді. Олай болса неге
ызылдайды?
(Қанатының
ауа кедергілерінен өткендегі дыбысы)
«Ребус
шешу» Келесі
шартымызға кезек берейік. Әр дұрыс
жауапқа 5 балл.
Сіз
білесіз бе?
Қазан
айында күн күркіресе, қыс қысқа болады
Жаз
найзағайлы болса, қыс жұмсақ өтеді.
Жылқы
оқыранып, сиыр мөңіреп, қой маңырап,
шошқа мен үй қояндары безек қағып, тыным
таппайды
Үйдің
мұржасынан түтін тіке бағыт алса
суықтықтың белгісі
Жыл
құстары қайтқанда төмен ұшса қыс қатты
Қарлығаш
аласа ұшса, ертең жаңбыр жауады
Ай
туғанда шалқасынан жатса шаруаға
қолайсыз, өзіне қолайлы, тігінен тұрса
өзіне қолайсыз, шаруаға қолайлы.
Ит
жерге аунай берсе, жазда жаңбыр
жауады, қыста бұрқасын соғады;
Мысықтың
пеш үстіне шығып бұйығуы - салқындық
нышаны
Құрбақа
суда отырса, жаңбыр жаумайды, жағаға
шығып тырбандап секіріп жүрсе, жауын
жауады;
Қорытынды:
Физика
тілдесер табиғаттың тілі екен ғой
Көз
тартар сұлулықтың сыры екен ғой
Аттасаң
аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан
қалмайды екен тірі де ол
Саған
ән, айтылған сөз ішілген ас,
Ғарыштың
кемелері, атылған тас
Аққан
су, соққан дауыл, айтылған жыр,
Бәрінің
бағынары физика ғой!- дей отырып, ендігі
сөз кезегін әділ қазыларға береміз.