жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өмірдің қауіпті қырлары және олардың алдын алу тәсілдері
Тақырыбы: «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары»
Мақсаты :
- өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету.
- адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту .
- балалардың ойын ашу , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру .
Көрнекілігі: слайд, бейнеклип, плакаттар
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері ()
Топқа бөлу (Ақ, қара түстер арқылы)
Миға шабуыл
Видео және суреттер көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын айқындау
ІІ. Кіріспе сөз
Дән көтерген құмырысқаға тимеңдерші, алысқаны өмір ғой, ө мір сондай абзал ғой. /Фирдоуси/
(Аманова Әмина)
Өмір,
өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды
жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл
өмірде қол ұстасып
Достықтарың
жарасып дәл осылай.
Шыдамдыны
мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып,
бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде
сені құлатады.
Жылатып тұрып
жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені
сынатады,
Қатал тағдар бірақта
шыдатады,
Мына өмір бірақта қымбат
әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия
шатқал, қия шың.
Сол жолдан адаспаудың
ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану,
өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу.
ІІІ. Топтық пікіралмасу
Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,
Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық.
/Абай/
Өмірдің мәні не?...
Өмірдің сәні кім?..
Өмір дегенің
Өмірді сенің көмегіңе мұқтаж болып, іздеген жандардың санымен немесе өмірлік серік ретінде таңдаған жанмен өрнектейтін болсаң қателескен екенсің. Өмір санға толы есеп емес.
Өмірді бағалы киіммен, соңғы шаш үлгісімен, терісінің түсімен, ата-тегімен байланыстыратындар бар. Сосын тәлім алып жатқан оқу орындарымен, қызмет орнын өмір деп түсінетіндер бар. Өмірді жалғыздық немесе көпшіліктің ортасы деп ұғатындар да бар. Бірақ өмір дегеніміз бұл емес!
Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.
«Ойлануға арналған балықтар»
Біз бір-бірімізді жақын тану үшін алдыларыңда жатқан аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алып, өз сөздерімен аяқтаңдар.
Карточкадағы сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш – бұл...
Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
Мен ренжимін, егер...
Мен ұмытпаймын, егер...
Маған көңілсіз, егер...
Егер маған дауыс көтерсе, мен...
Мен қарсыласқанда...
Егер мен сенімсіз болсам, онда...
IV. Топтық пікір алмасу
Өмір
деген тұрмайды: қап — қарадан.
Өмір
деген тұрады:ақ — қарадан,
Ақ —
Қара,екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз
бақытын тапқан Адам
Ақын «АҚ»және
«ҚАРА»деп нені меңзеп отыр?
Өмірдің
қара тұстарына нелер жатады? Өз ойларын
жазып, плакатқа жапсыру және қорғау.
Өмірдің қара тұстарынан қалай соқтықпай
өтуге болады.
V.
Жұптық жұмыс
Уақыттың босқа кеткеніне оны бағалайтын
адам ғана қиналып, қынжылады. /Иоганн
Гете/
Төменде
берілген жағдаяттарды сен қалай шешер
едің. Осы баланың қабылдаған шешімі
дұрыс деп ойлайсын ба? Дәлелде.
Жағдаяттар:
1.
Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде
өмір сүрүге жағдай жоқ, қара нан мен
қара шайдың өзі сирек кездеседі.
2.
Ата-анасынан айырылған. Отбасында
жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын
білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп
ойлайды.
3. Тірлігі басқалардан
төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле
алмайды.Достарымен бірге жүрмейді.
Осыны өзінің кемшілігі деп санайды.
Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу
болады.
Жауабы: 1 Осы балаға
берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі
керек, әке-шешесінің жолына түспеу
керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы
керек. Өзінің бар өмірі алда екенін
түсініп, өзінің әке-шешесіне ермей,
өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек.
Егер әр адам басына түскен қиыншылықты
жене алмай, өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат
әуелі құрып кетер еді.
2 Ата-анасынан
айырылған адамдар қазіргі заманда өте
көп. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз
бар. Ол өзін ешқашан жетім деп санамауы
тиіс. Бұл да өмірдің бір сынағы. Басыңды
тік көтеріп, тек қана алға қара. Қиындықтың
бәрін өліммен шешуге болмайды. Өзіне
жақын адамдарды таба аласың, сондықтан
еңбек етіп, өмірде өз орныңды тап. Ыбырай
Алтынсарин атамыз айтқандай «Сен де
бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар
қалан!»
3. Біздің ойымызша бұл
жалғыздық. Жалғыздық тек құдайға тән
қасиет. Ол бала өмірдің қызығы тек
киініп, ішіп-жеу деп ойлайды. Біз оған
өзіне жақын дос табуына тілектеспіз
және өзін-өзі бағалай білу керек. Өмір
үшін қандай ма болса да қиындыққа тәуелді
болмай күресуі керек.
V. Суреттер көрмесі (Постер қорғау)
VІ.Өміршендік ережесі. (Видео көрсету)
Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптану
Өміршеңдік ережелерін айтайық.
1. Жігер деген-Мен
2. Күш деген-Мен
3. Махаббат деген-Мен
4. Кешірім деген-Мен
5. Құдірет деген-Мен
6. Жасөспірім деген-Мен
7.Жастық шақ деген-Мен
8. Денсаулық деген-Мен
9. Адалдық деген-Мен
10. Жарқындылық деген-Мен
11. Бар ғажайып деген-Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
Х. Рефлекция (Синквейн)
Өмір туралы 5 жолды өлең құрау
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Өмірдің
қауіпті қырлары
және
олардан өту жолдары
Ашық сабақ
9-сынып
Өткізген: Курметжанова Ж.К
2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген