Материалдар / Өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен жұмыстану барысындағы түрлі тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен жұмыстану барысындағы түрлі тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
қиын отбасы балаларымен жұмыстану үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2498
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жалпы білім беретін Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп бабалақша кешені






Баяндама





Тақырыбы: « Қиын отбасы балаларымен жұмыстану барысындағы түрлі әдіс- тәсілдер »










Әлеуметтік педагог: Анесова Айгерім Сайынқызы




















2017-2018 оқу жылы



«Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын»

Халық мақалы.



Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын негізгі мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі – салғырттыққа, себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп және отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Соңғы кезде жасөспірімдер, жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп-ақ кейбір келеңсіз оқиғаларға оқушыларымыздың көп ұрынуы, «қиын» бала есебін толықтыруы, сөз жоқ, мұғалімдер мен мектеп ұжымын ойландырады.

Психолог-педагог ғалымдар А.Макаренко, С.Шацкий, А.Выготский, П.Блонский “қиын” балалар мәселелерін жан-жақты зерттеді.

Тәрбиені жас ерекшеліктеріне қарай жүргізсе, баланың ынтасын дамыта отыру арқылы әдіс-тәсілдерді жаңартып отырса нәтижелі болады. «Егер бала бұзақы бола бастаса, онда бұған бала кінәлі емес, педагогикалық әдістер кінәлі», – деген А. С. Макаренконың пікірі өте орынды. Пайдасыз әдістердің зиянды салдарын түзеу үшін, жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген психологиялық – педагогикалық жүйе болуы керек. Бұл жүйенің ерекшелігі – «қиындардың» түзелу мүмкіндігіне ғана емес, сонымен бірге олардың рухани жағынан да бүтіндей қайта өзгеретіндігіне кәміл сену қажеттігінде.

Қазақ психологиясында баланың 11-12; 15-16 жас аралығын «жетіліп келе жатқан кезеңі», -дейді. Олар әрекет жасау жағынан әлі бала, ал талап қою жағынан ересекпін, – деп сезінеді. Бұл кезең «өтпелі кезең», «құбылмалы шақ» немесе акселерация кезеңі. Ол кез – ересектер талабына көнуі қиын кезең, жан дүниесінде жаңа құрылымдар пайда болып, бала ол өзгерістерге жол таба алмай қиналып, уайым шегетін кез. Сондықтан ата- ана мен ұстаз бірігіп баланың болашығын ойлау өте маңызды.

Қиын отбасы баласын тәрбиелеуде тек оқушымен ған емес,сонымен қатар ата- ананы бірге тәрбиелеу керек. Отбасын тәрбиелеу барысында қазақтың нақыл сөздері мен мақал-мәтелдерін көптеп алуға болады. Мысалы: «Баланы іске бұйыр,артынан өзін жүгір», «Ақ жаулығы ананың,ақ көрпесі баланың», «Бала тентек болатыны үйінен,Ердің тентек болатыны биінен», «Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды», «Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келер», «Ат болатын құлынның,бауыры жазық келер; Адам болатын баланың, маңдайы жазық келер» деген секілді нақыл сөздердің мағынасына зер салып, түсіндіру,ұғындыру.

Ал Қытайдың ұлы ғалымы Конфуций «Баланы 5 жасқа дейін еркелет,15 жасқа дейін құлша жұмса,15 жастан кейін досыңдай көр » деген екен.

Ал мектеп қабырғасындағы әлеуметтік педагогтарға төмендегі әдіс-тәсілдерді ұсынамын.

  1. Бақылау – баланың іс- қимылын, сөзін әртүрлі іс- шаралардан, сабақ айтқанынан байқау.

  2. Әңгімелесу- баламен сөйлесу арқылы оның ішкі дүниесіне ену, проблемасын білу,түсіну және оны шешуге бағыт - бағдар сілтеу.

  3. Сауалнама- арқылы бала туралы ақпарат жинау. Сауалнаманың мазмұнында негізгі проблема ғана болуы тиіс. Ойы, мінезі, әлеуметтік демографиялық жағдайы, белгілі бір бағыт бойынша қызығушылығы.

Сұрақтар мынандай түрде болуы мүмкін:

  • Сұрақ (дайын жауаптардан керегін бала өзі таңдап алады.)

  • Өз бетімен жауап беру

  • Тура жауаптар

  • Жанама жауаптар

  1. Сұхбаттасу - алдын ала дайындалған сұрақтарға жауап алу. Сұхбаттасу мынандай түрде болуы мүмкін:

- қарапайым жағдайда сөйлесу

- баланың үнемі болатын ортасында сұхбаттасу

- жауап беру мүмкіндігін ескеру

- белгілі бір уақыт ішінде жауап беру керектігін айту

- үшінші адамның көмегінсіз әңгімелесу;

  1. Тест – стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу. Жауаптарды белгілі бір жүйе арқылы сараптау, талдау қажет.Қорытындысы хаттамаланады.

Мысалы: «Ата-ана мен баланың қарым-қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу.»

1. Бала сізді тыңдамаса, не істейсіз?

а) оған айғайлайсыз;

ә) әңгімелесесіз, көндіресіз;

б) оның ақталғанына мән бермейсіз, үндемейсіз;

в) оны ұрып тастауыңыз мүмкін;

г) желкесінен ұрасыз;

д) оның кінәсін түсіндіруге ұмтыласыз;

е) басқаша іс-әрекет жасаймын (қандай) ___________________________________________

2. Сіздің көңіл-күйіңіз болмаса, өшіңізді балаңыздан аласыз ба?

а) жиі;

ә) сирек;

б) ешқашан;

в) айту қиын;

г) басқаша (қандай) ____________________________________________________________

3. Сіздің балаға айғайлауыңызға, қорқытып-үркітуіңізге, ұрып-соғуыңызға әкелетін себептерді көрсетіңіз:

а) тәрбиелеуге ұмтылу;

ә) балаға қатысты емес ашу туғызатын жағдайдан құтылу үшін;

б) әйеліммен (күйеуіммен) ұрысып қалғаным себепті;

в) балам бір нәрсені талап етеді, сұрайды;

г) балам мені ренжіткенде;

д) ұрып-соғу үшін;

е) өзімнің көзқарасыма оны сендіру үшін;

ж) түсіндіре алмаймын;

з) басқа себептер (қандай) _______________________________________________________

4. Сіздің кейде баланы ұрып-соғып, үйден қуып, қараңғы бөлмеге қамап қойғыңыз келген сәттер бола ма?

а) иә;

ә) жоқ;

б) ешқашан;

в) айту қиын;

г) басқа (қандай) _______________________________________________________________

5. Баланың күнәсі ауыр болған жағдайда қандай жаза қолданасыз?

_______________________________________________________________

6. Жазып көрсетіңіз:

Жасыңыз қаншада? ____________________________________________________________


Отбасыңызда неше бала бар? ____________________________________________________

Олардың жасын көрсетіңіз? _____________________________________________________

7. Сіз бала кезіңізде ата-анаңызды тыңдамаған сәттерде, олар:

а) көндіргісі, сендіргісі келетін еді;

ә) үндемейтін;

б) желкемнен соғып қалатын;

в) ұрып-соғатын;

г) күш қолданатынын айтып қорқытатын;

д) басқаша _________________________________________________________________

8. Үйдегі мерекелерді, қуанышты сәттерді жазып көрсетіңіз:

__________________________________________________________________

Ата-ананың аты-жөні: __________________________________________________________


  1. Тренинг өткізу - әлеуметтік – педагогикалық, психологиялық тренингтер өткізу.

Мысалы : 1. «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығу

Ойынның шарты:
Қатысушылар арасынан 6 адам шығып, 3-3-тен екі топқа бөлініп тұрайық. Бірінші топтағы қатысушылар «Оқушы мені жақсы көрмейді, себебі...» деп әңгіме бастайды.
Екінші топтағы қатысушылар тыңдап болып, « Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» деп жалғастырады.

Талдау:
* Сіз серіктесіңіздің әңгімесіне түгелдей лайықты жауап бере алдыңыз ба?
* Жауап беру қиын болған жоқ па?
* Қиындық не нәрсеге байланысты болды деп ойлайсың?
* Қолдау тапқан кезіңізде қандай сезімде болдыңыз?

2. Аутотренинг:

Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.
- Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.
- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)
- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …
- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …
- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …
- Алма бағы …
- Қып-қызыл алмалар қол созым жерде …
- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …
- Дәмі керемет …
- Жеген сайын жегіңіз келеді …
- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …
- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз …Иығыңызда дорба.
- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …
- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …
- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты..
- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …
- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма?
Сізге балалар да, олардың ата - аналары да дән риза …
- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді!

  1. Жаднамалар тарату - бала құқығы, құқықбұзушылық, ата анаға кеңес атты ақыл кеңестерді жаднама түрінде шығарып тарату.

Мысалы: «Ата-аналарға жадынама»

  • Балаңызды жетістіктері үшін емес өз қалпында жақсы көретіңізді көрсетіңіз.

  • Қандай жағдай болса да, балаға бәрінен де жамансың деп айтпау керек.

  • Баланың кез-келген сұрағына мүмкіндігінше шынайы түрде және шыдамдылықпен жауап беру қажет.

  • Балаңызбен күнде оңаша болу үшін уақыт табуға тырысыңыз.

  • Баланы тек қана өз құрдастарымен емес сонымен қатар ересектермен де еркін сөйлесуге үйретіңіз.

  • Балаңызды мақтан тұтатыныңызды көрсетуге ұялмаңыз.

  • Балаңызға деген сезіміңізді бағалағанда шынайы болыңыз.

  • Балаңызға ылғи да тек шындықты айтыңыз, тіпті сіз үшін бұл кері әсерін тигізсе де.

  • Баланың өзін емес, тек оның жасаған әрекетін бағалаңыз.

  • Жетістікке күшпен жетпеңіз.

  • Балаңызға берген уәдеңізді үнемі орындаңыз.

  • Баланың қателесуге құқығы бар екендігін мойындаңыз.

  • Балаға үлкендер қалай қараса, бала да өзіне солай қарайтынын ұмытпаңыз.

  • Кейде өзіңізді баланың орнына қойып қараңыз, сол кезде онымен қандай қарым-қатынас ұстау керектігі белгілі болады.

  1. Үйлеріне барып жеке сөйлесу - ең тиімді тәсілдің бірі.Себебі оқушының көңіл күйі мен отбасының атмосферасын көріп,білуге болады.

А. С. Макаренко: «Тәрбие – баламен сөйлесумен, оған ақыл - кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие - тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі - өнеге көрсетуінде»,- дейді. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір - қасиетін, ар - намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым - қатынас жасаған абзал.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!