жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ӨМІРГЕ КЕЛДІМ.
Батыс Қазақстан облысы.Орал қаласы.
Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің
МАД 0 «Б» тобы тәрбиешісі: Адилова Самал Сансызбаевна.
Білім беру саласы : Коммуникация.Шығармашылық.
Білім беру бөлімі: Сөйлеуді дамыту.Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Өмірге келдім»
Мақсаты: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау.Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану. Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау.Ұлттық әдет-ғрып,салт-дәстүрлерді бойларына сіңіріп,имандылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ауыл көрінісі,бесікке салу рәсіміне керекті құралдар,арнайы пісірілген бауырсақтар,салт-дәстүрлердің суреттері,үнтаспа.
Алдын -ала жүргізілетін жұмыс: салт-дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдері:түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Билингвалды компонент:сәби – младенец – baby,салт-дәстүр – обычай – custom
Оқу қызметі |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қызығушылық |
Шаттық шеңбер: Армысың,шапағатты Күн-Ана! Армысың,қайырымды Аспан-Ана! Армысың,мейірімді Жер-Ана! Құт дарыт,барәлемді жарылқа! -Жылдың қай мезгілі? -Аптаның қай күні? |
Бірге қайталайды.
Қыс айы. Ақпан айы. Аптаның екінші күні,сәрсенбі. |
Ұйымдастырушы лық-ізденістік
|
Ғажайып сәт: Топқа қуыршақ Әйгерім келеді.Қолында сылдырмақ ойыншығы және отбасымен түскен фотолары бар. – Балалар, қалай ойлайсыңдар бұл ойыншықты кімге беруге болады? -Әйгерім бізді өз үйіне қонаққа шақыра келген екен. Ең алдымен салт-дәстүрлерімізбен танысып алайық. – Салт-дәстүрді білу не үшін керек? – Сенің отбасында қандай салт-дәстүрді ұстанады? – Енді, балалар, назарларыңды тақтаға аударыңыздар. Суретпен жұмыс: Сәби өмірге келгенде салтымыз бойынша ата-анасы той жасайды. Той шілдехана деп аталады. Сәбиге есім қойылады. Шілдеханада көп қонақтаржиналады, олар балаға өзінің тілектерінбілдіреді, ойын-сауық өткізеді. Осылайша баланың алғашқы қадамы басталады.Тұсау кесер рәсімі сәби жастан аса бастаған жасында өткізеді,ала жіп баланың аяғына байланады,бала адал болып өссін деп алдына ақ мата жаяды.Алдына кітап,домбыра, қойылады,өскенде оқымысты,күйші болсын деп тұсауын үлгі тұтатын тәрбиелі,ақылды адамға кестіреді. Көптілділік: сәби – младенец – baby, салт-дәстүр – обычай – custom -балалар біздер Әйгерімнің үйіне құр бармайық,біздерде сәбиге арнап сылдырмақ жасап апарайық. Шығармашылық сәт: Тұзды қамырдан сылдырмақ жасау.Дайын болған соң өздері қалаған түспен бояпәдемілеу. Сергіту сәті: Кел, балалар, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық, Шаңырақты көтеріп, Керегені құрайық. Уықтарша иіліп, Қазақ үйді құрайық. -Ауылға қандай көлікпен барамыз? -Жақсы,дала қар болғандықтан шанамен барғанымыз дұрыс. -Міне,ауылға да келдік.Үйге кіргенде үлкендермен амандасамыз. -Әйгерімнің інісіне ат қойылып,шілде хана тойы өтіп жатыр екен.Бесікке сәбиді әжелер салады екен,сәбиге есім беріледі екен.Есімі-Қайрат екен. -Не себепті ат қойылады деп ойлайсыңдар? Әжей балаларға тәттілер береді.Балалар сәбиге арнап жасаған ойыншықтарын сыйлады. Топқа қайтатын уақыттың болғанын айтып,шаналарымен кері қайтады. Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-тапсырма. Суретте қандай салт-дәстүр бейнеленген? Ол туралы не білесің? Балаларға арналған тағы қандай дәстүрлер бар? Әліппе-дәптермен жұмыс 2-тапсырма. Баланың жасына қарай суреттерді сәйкестендір. Нәрестенің суреті мен бесікті; бір жастағы бала мен ала жіп және қайшыны; 5-6 жастағы бала мен ер-тоқымды аттысәйкестендіреді. 3-тапсырма. Жұмбақ шешейік. Әкесі баласын көтереді, Баласы бөркін көтереді. (Кереге, уық, шаңырақ) Төрт бұрышты, бір ауызды. (Сандық) Билингвалды компонент: сәби – младенец – baby, салт-дәстүр – обычай – custom Қимылдық ойын: «Тақия тастамақ»
|
Келген қонақпен амандасады. Кішкентай сәбилерге. Қуанады.
Шілдехана. Тұсау кесер т.б. Суретке қарап мұқият тыңдайды.
.
Үш тілде қайталайды. Тұзды қамырдан ойыншық жасауға келіседі
. Сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Шанамен.
Қайратты болсын, ақылды азамат болып өссін деп .
Рахмет айтады. Топқа кері келеді. Әліппе дәптермен жұмыс.
Балалардың жауаптары.
Ойынға қатысады. |
Рефлексиялық- түзетушілік |
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан бесікті түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. |
Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар. |
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырта алады: Сөздердің мағыналарын түсінеді.Диалог құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді
Түсінеді: салт-дәстүрлерді құрметтеуді түсінеді. .
Қолданады: Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолданады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген