Материалдар / Өмірге қажетсің-математикалық сауаттылық

Өмірге қажетсің-математикалық сауаттылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 10-11 сынып оқушыларына ҰБТ тапсыруға дайындалуға көмек ретінде қажет. Онда 10 тапсырма мысалға келтіріле отырылып, шешу жолдары көрсетілген. ҰБТ мектеп түлектері үшін үлкен сынақ, жауапкершілікті сезінуге септігі тиер.
Авторы:
30 Қаңтар 2019
2137
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Өмірге қажетсің-математикалық сауаттылық


Математикалық сауаттылық ойды қалыптастырудың негізі. Бүгінде мектеп түлектерінің ҰБТ-леуде математикалық сауаттылықты тапсыруы дұрыс қойылған талап сияқты. Оның құрамында өміріңде қажетті тапсырмалар кездеседі. Сондай бірнеше тапсырмаларды мысалға келтірсек және есептеуін орындап көрелік.

1-тапсырма.

Астана қаласына қыдырып келген Әмір төмендегі кестені пайдаланып, екі күнге автомобильді жалға алу үшін ең тиімдісін (арзанын) есептеп алды. Егер Әмір күніне 100 км жүрген болса, онда қанша ақша төлегенін анықтаңыз

Автомобиль тұтынатын жанармай

1 л жанармайдың бағасы (теңгемен)

Әр 100 километрге жұмсалатын жанармай (литрмен)

1 тәулікке жалға алу бағасы (теңгемен)

Дизель

108

5

19500

Бензин

125

11

18500

Газ

55

16

19000

A) 39760 теңге B) 39700 теңге C) 38970 теңге D) 39750 теңге

E) 39720 теңге

Шешуі:

19500*2+(5*2*108)=40080

18500*2+(11*2*125)=39750

19000*2+(16*2*55)=39760

Жауабы: 39750 тг

2-тапсырма.

Cуреттегі үйдің жоспарын пайдаланып, осы үйдің жалпы ауданын анықтаңыз.

A) 70 м2 B) 75 м2 C) 76 м2 D) 74 м2 E) 72 м2

Шешуі: 5*4+3*3+3*3+2*5+3,5*3+3,5*5=76

Жауабы: 76 м2

3-тапсырма. 

Айтолқын жазғы демалысын Оңтүстік Африкада өткізуді шешті. Төменде ақша айырбастау пунктінің кестесі көрсетілген

 

Сату құны

Сатып алу құны

1 ZAR

15,5 KZT

 15,0 KZT

*ZAR - Оңтүстік Африка рэнді

KZT – Қазақстан теңгесі

Айтолқынның жазғы демалысына 341 000 теңге алып шықты. Оңтүстік Африкаға жеткенде ақшасын неше рендіге айырбастай алады?

А) 21500 В) 22000 С) 23750 Д) 23700 Е) 22500

Шешуі: 341000/15,5=22000

Жауабы: 22000

4-тапсырма.

Айтолқын жазғы демалысында 17 500 рэнд жұмсады. Қазақстанға қайтқанда қалған ақшасын неше теңгеге айырбастай алады?

А) 69750 В) 67500 С) 71500 Д) 65000 Е) 70250

Шешуі: 22000-17500=4500

4500*15=67500

Жауабы: 67500

5-тапсырма.

Ұзындығы 16 м, ал ені 10 м болатын тіктөртбұрыш тәрізді жер телімін қоршау үшін ұзындығы 2 метрлік неше қорған қажет болатынын есептеңіз.

А) 23 B) 26 C) 30 D) 40 E) 36

Шешуі: 2(16+10)=52

52/2=26

Жауабы:26

6-тапсырма.

Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 22 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 23 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз.

А) 20 B) 12 C) 21 D) 20 E) 19

Шешуі: 11*22=242

10*23=230

242-230=12

Жауабы: 12

7-тапсырма.

Асан Павлодар қаласына 3 – күндік іссапармен барып қонақүйге тоқтамақшы болды. Ол төмендегі кестені пайдаланып өзіне ең тиімдісін (арзанын) таңдап алса іссапарда қонақүйге жұмсаған ақшасын табыңыз.

Қонақүй атаулары

«Ертіс»

«Павлодар»

«Ақсу»

1 тәуліктің құны

1500 тг

1700 тг

1450 тг

Таңгы ас

600 тг

600 тг

750 тг

Түскі ас

1200 тг

1100 тг

1250 тг

Кешкі ас

750 тг

800 тг

860 тг

А) 12600 тг B) 14250 тг C) 11250 тг D) 13000 тг E) 12150 тг

Шешуі: (1500+600+1200+750)*3=12150

(1700+600+1100+800)*3=12600

(1450+750+1250+860)*3=12930

Жауабы: 12150 тг

8-тапсырма.

Асан Павлодар қаласына 3 – күндік іссапармен барып келді. Егер Асанның іссапар қағазында қонақүйге жұмсаған ақшасы 12600 тг болса қандай қонақүйге тоқтағанын табыңыз.

Қонақүй атаулары

«Ертіс»

«Павлодар»

«Ақжайық»

«Баянауыл»

«Ақсу»

1 тәуліктің құны

1500 тг

1700 тг

1650 тг

1100 тг

1450 тг

Таңгы ас

600 тг

600 тг

700 тг

1000 тг

750 тг

Түскі ас

1200 тг

1100 тг

1300 тг

1500 тг

1250 тг

Кешкі ас

750 тг

800 тг

950 тг

1050 тг

860 тг

А) Ертіс B) Павлодар C) Ақжайық D) Баянауыл E) Ақсу

Шешуі:

(1700+600+1100+800)*3=12600

Жауабы: Павлодар

9-тапсырма. 

Сымнан қабырғасы 16 см тең қабырғалы үшбұрыш құрастырылды. Егер осы сымды жазып, одан квадрат жасаса, онда оның ауданын табыңыз.

A) 144 см2  B) 100 см2  C) 81 см2  D) 36 см2  E) 64 см2

Шешуі:16*3/4=12

12*12=144

Жауабы: 144 см2 

10-тапсырма.

Нұржан нысанаға дәл тигізсе 20 теңге алады, тигізе алмаса 15 теңге береді. Нұржан 20 атыстан соң 225 теңге ақша алды. Ол нысанаға неше рет дәл тигізген?

А) 10 В) 16 С) 20 Д)18 Е) 15

Шешуі: 20*х-(20-х)15=225

35х=525

525/35=15

Жауабы: 15

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі