Материалдар / Өмірге риза болып , алғыс айт!- тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өмірге риза болып , алғыс айт!- тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұжымда тренинг жүргізу жағымды орта қалыптастырады. Ризашылық білдіру, көңілді күй сыйлай отыра бірігіп жұмыс істеуге ықпал жасайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2023
479
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алғыс айту күніне арналған ұжыммен жүргізілген тренинг тақырыбы:

Өмірге риза болып , алғыс айт!


Мақсаты: Бірігу, сергіту, топпен жұмыс, ауызбіршілікті нығайту, демалу.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Көрнекті құрал - жабдықтар: Қаламдар,смайликтер, түрлі - түсті қағаздар,желімдер.

Барысы:

Кіріспе сөз.

Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын.. Ендеше «Өмірге риза болып, алғыс айт» атты тренингімізді бастаймыз.


Тренинг бағдарламасы:

  1. Сәлемдесу.

  2. Ойланайық, пікірлесейік

  3. «Құпия сыйлық» жаттығуы.

  4. «Ортадағы қалам» жаттығуы.

  5. Сергіту сәті

  6. Қорытынды. Жүректен-жүрекке


1. Ал қане, шеңберге тұрайық. Үстел үстіндегі қағаздарды ала қойыңыздар. Енді екі - екіден бір - бірімізге қараймыз. Егер қағазда күлімдеу (смайлик) белгісі тұрса, бір - біріне күлімдеп ишаратпен амандасып жылы сөздерді айтамыз, егер екі смайликтің суреті тұрса, қол алысып амандасып жылы сөздерді айтамыз, жүрек белгісінде құшақтасып амандасып, жылы сөздерді айтамыз, күн белгісінде күндей бір - бірімізге жылы қарап амандасып, тілек айтуымыз керек.

2. Ойланайық, пікірлесейік


1. «Алғыс айту», «ризашылық білдіру»дегенді қалай түсінесіздер?
2. Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
3. Сіз көбіне қандай жағдайларда алғыс айтасыз?
4. Алғыс білдіру қиын ба, кешірім сұрау қиын ба?



3. «Құпия сыйлық» жаттығуы.

Педагогтарга  түрлі – түсті қағаз, желім, қайшы түрлі құрал – жабдықтар таратылып беріледі. Өз қалаулары бойынша сыйлық жасайды, бірақ кімге жасап жатқаны белгісіз. Соңынан артына цифр жазылған смайликтер таратылып беріледі. Сыйлық иесін тапқан соң ізгі тілектерін, айтып жасаған сыйлықтарын бір – біріне ұсынады.

4. «Ортадағы қалам» жаттығуы.

Барлық педагогтардың қаламдарын жинап алып, көзді жұмып бір қалам таңдап алынады. Қалам иесін ортаға шақырып, қобдишадан тапсырма алу тапсырылады.

1 тапсырма. Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін айту тапсырылады. Ойын осылай жалғаса береді.

2 тапсырма. Соңғы кезде теледидардан көріп жүрген теле сериалыңыздағы  сүйікті кейіпкеріңізді сомдаңыз.

3 тапсырма.Бала күніңіздегі күлкілі оқиғаны айтып беріңіз.

4 тапсырма.Көмекші тәрбиешіңіздің жақсы қасиеттерін айтып беріңіз.

5 тапсырма.Күлкілі әңгіме(анекдот) айтып беріңіз.

6 тапсырма.4 қатар өлең оқып беріңіз.

7 тапсырма.Жұмбақ жасырыңыз.

8 тапсырма . 2 смендегі тәрбиешіңіздің телефон номері қандай?

5. Миға шабуыл:

Әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамдық парызың жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу. Сіз жақыныңызға қалай алғысыңызды жеткізер едіңіз....(Телефон қоңырауы арқылы ең жақын адамына алғыс айту)

6. Қорытындылау:

Құрметті әріптестер, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңізде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білу және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.



Жүргізген: педагог- психолог Онланбекова Н.О.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!