15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Өмірің өз қолыңда!»
Бекітемін:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Б.Баяхметова
Күні: 29.11.17
Тақырыбы: «Өмірің өз қолыңда!»
Түрі: Конференция сабақ
Мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, ЖҚТБ, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Жас балғындарды мектеп партасынан- ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге, ХХІ ғасыр басындағы ЖҚТБ ауруының алғы шарттарын болдырмауға баулу. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының
көрнекілігі: Қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер
жазылған плакаттар, балалар салған суреттер,
Газет, журнал материалдары, әр түрлi мазмұнды
плакаттар мен суреттер,“Слайд-шоу”.
Мұғалім: Қайырлы күн,
құрметтi конференция қонақтары! 1-желтоқсан “Халықаралық ЖҚТБ-мен
күрес” күнiне арналған “Өмірің өз
қолыңда” тақырыбындағы конференция
сабағымызға қош келдiңiздер!
- Оқушылар ортаға шығып шаттық шеңберіне тұрады. «Жүректен жүрекке...» шаттық шеңбері. Жүрекшені бір-біріне ұсыну арқылы бір-біріне деген жылы тілектерін айтады.
- Оқушылар “Нашақорлық”, “ЖҚТБ” , “Зиянды әдет” және осыған ұқсас сөздерді естігенде ойларыңа не келеді соны параққа жазыңдар немесе суретін салыңдар. Содан соң оны дауыстап оқып/көрсетіп талқылаңдар.
Кері байланыс:
Бұл қандай ойлар?
Бұлар бізге керек пе?
Бұл ойлар бізге өмір сүруге көмектесе ме?
Оны оқып/көрсетіп керегі не?
Оны сақтап керегі не?
Парақты умаждап, “Бұл зиянды әдеттер, жаман ойлар маған керек емес!”- деп айтып тұрып, қоқыс жәшігіне тастау керек.
Мұғалім: Бүгінгі конференция сабағымызға қонақ болып келіп отырған қонағымызбен таныстырып өтейін, ауылымыздың ақ халатты абзал жаны-Шынар апай бүгін бізде қонақта. Қош келдіңіз!
- Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев “Халық денсаулығы” атты Мемлекеттiк бағдарламада халықтың денсаулығын нығайту, мемлекеттiң бiрiншi кезеңдегi атқаратын шараларының бiрi екендiгiн атап көрсеткенi баршамызға мәлiм. Қазақстан азаматтарыньң денсаулығына әсер ететiн барлық факторлар жан-жақты қарастырылған бұл бағдарламаның басты мұраты — халықтың денсаулығын сақтау, демографиялык ахуалды жақсарту.
Мұғалім: Бүгiнгi таңда мемлекетiмiзге төнiп тұрған, салауатты өмiр суруге керi ыкпалын тигiзiп отырған, қоғамға кеңiнен таныс қауiптi дерт — ЖҚТБ құлашын кең жаюда. Елбасының “Қазақстан-2030”, “Қазақстан халқына жолдауы” — бiздің болашағымыздың сара бағыты. Болашақ — жастардiкi. Сондықтан, олардың денi сау, бiлiмдi де тәрбиелi азамат болуы — ел үшiн, халық үшiн, ұрпақ үшiн ең үлкен бақыт емес пе?! Емделмейтiн ауру ЖҚТБ пайда болғалы 25 жылдан астам уакыт өттi. ХХI ғасырдың басында АҚТҚ жұқтырғандардың саны әлемде 40 миллионға жеттi. 21 миллионнан астам адам осы дерттен көз жұмды. Ал бiздiң елімiз — Қазақстан Республикасында ондайлардың саны 4 мыңға жуық. ЖҚТБ ауруы 1981 жылы Африка құрлығының оңтүстiгiнде маймылдарға тәжiрибе жасап жүрген кезде, маймылдардан адамға жұқты деген деректер кездеседi. 1987 жылы бұл сұмдық дерт Қазақстанға жетiп үлгерген. Елiмiзде бұл аурумен ауыратындардың 484,3 пайызы нашақорлар екен. 2003 жылы бiздiң елiмiзде 24 мектеп окушысы, 20 мектеп жасындағы қараусыз балалар, 65 студент АҚТҚ жұқпасымен тiркелiптi. Мұндай дертке шалдыққан адам шамамен 5-8 жыл ғана өмiр сүредi екен.
“Жаны саудың—тәнi сау” атты слайд керсетiледi.
ЖҚТБ кандай жолдармен жұғады?
- қан арқылы (тiкелей қан құйғанда, инелердi ауыстырмай бiрiгiп пайдаланғанда);
- ауру ананың сүтi арқылы;
- ауру айелден туылған балаға;
- Жеке бас гигиенасын дұрыс сақтамағанда;
Аурудан қалай сақтанған жөн?
-
Шаныштыруға ине пайдаланғанда;
-
Қан құйғызғанда;
-
Жеке заттарды пайдалануда;
Мұғалім: Бүгінгі қонағымызға оқушылар көкейiндегi бiр сұрақ: Қазiргi таңда ЖҚТБ-дан сақтандыратын вакцина бар ма?
Жүргiзушi: Салауатты өмiрге керi ықпалын тигiзетiн тағы бiр iндет-нашакорлық. Себебi, бұл ауруды адам баласы өзi қолдан жасайды. ЖҚТБ дертiне себепшi болатындығы туралы да көп естимiз. Олай болса оқушыларымыздың дайындаған «ХХІ ғасырға тілек» атты көрінісін тамашалаңыздар.
“ХХI ғасырға тiлек” (Көрiнiс)
(Нашақор талықсыған күйде кiредi, ұйықтайды).
Бабалар өсиетi:
Жайлаған ел кетсе көл құлазиды,
Жайылған мал кетсе бел құлазиды.
Парқың кетсе сөз құлазиды,
Қатары кетсе ер құлазиды.
1 -перiште:
Уа, достым!
Ояншы, көзiнді ашшы.
Жұлдыз толы аспанға,
Көз салшы.
Жаман дерттен арылып,
Адамдықпен табыссаңшы.
Кем емес күлiмдеген күннiң көзi,
Халкымның нұрға толы жүзiн көрші.
Дамыған елу елдiң қатарына,
Енген күннiң куәгерi сен болшы.
2-перiште:
Уа, достым!
Ояншы, көзiнді ашшы.
Айналаға бiр қарашы.
Жаңа қоғам,
Жаңа адам.
Жаңа ғасыр,
Тiк көтерiп менi де бара жатыр.
ХХI ғасырда шарт жүгiнiп,
Айтсам деген тiлегiм санада тұр.
Мен адаммын,
Салауатты өмiр кешкен
Сенi де шақырамын бiрге көшке.
Елiмнiң көк байрағы,
Тiк көтерген.
3-перiште:
Адамдықтан безiп мен емес айды аңсаған.
Елден безiп,
Мен емес надандықты жайлаған.
Қара жерден үзiлсе,
Қайран табан,
Тiкенегiн жерiмнiң қайдан табам?!
Жаңа ғасыр.
Жаңа қоғам,
Жаңа адам.
Уа, достым ояншы, саған айтсам.
Жаман дерттен арылып,
Адамдыққа шақырам.
Сен адамсың,
Қайталап айта берем, айта берем.
Айналып қайта келем, қайта келем.
Жаңа ғасыр,
Жаңа күн,
Жаңа әлем.
Автор:
Уайым түбi- тұңғиық, батасың да кетесiң,
Бабалар өсиетi:
Тәуекел түбi- жел қайық, өтесiң де кетесiң.
Тұр, ойлан, есiндi жи,
Әлi-ақ құрметтiкке жетерсiң.
Нашақор (оянады):
Мен, мен адаммын ғой,
Адасып бұл өмiрде қалғанмын ғой,
Жоқ, жоқ керек емес мұның бәрi,
Жаңа өмiрге қадам басамын ғой.
Мен емес пе, елiмнiң болашағы.
Мен емес пе елiмнiң қос қанаты,
Бiз емес пе Отанньң арқа сүйер,
Тiрек болар ер-Азаматы.
Жаңа ғасыр,
Жаңа қоғам,
Жаңа Адам.
Жаңа өмiрге, асқақтатып есiк ашам. (Салауатты өмiрге нық қадам басқан азамат бейнесiнде сөзiн аяқтайды).
Жангүл:
Нашақорлық бұзады сау адамды,
Санаңды улап, бұл жаман аздырады.
Бұл ісіңнен денсаулығың әлсірер
Ей, бауырлар, аулақ ұста бойыңды.
Аида:
Өмірің болсын десең сенің
сәнді
Ойланып, айналаңа қара
мәнді.
Адам бол! Білімі тасқын, өнері
асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа
жанды.
Салауатты мақсатың - өмір
сүру,
Өмірдің мағынасын керек
білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің
жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ
жүру
Мұғалім: Дәрігерге оқушылар тарапынан дайындалған тағы бір сұрак: Елiмiзде бiз сияқты салауатты өмiрге бастайтын қандай жоспарлар мен жүргiзiлген iстер бар?
Мұғалім: АҚТҚ/ЖҚТБ, нашакорлықтың т.б. аурулардың болмауы үшiн қоғамымызда пайда болған келеңсiз дерттерге қарсы қандай игi iстер жүргiзіледі?
Қорытынды: Оқушылар бүгінгі конференция сабақтан не алдық? (Өз ойларын айтады)
Мұғалім: ХХI ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бiрге денсаулығы мықты, рухани дүниесi бай, жаны мең тәні кiршiксiз таза, ерекше тұлғалардан тұруы тиiс. Олай болса, осы келеңсiэ жағдайлардың алдын алу, адамдардың денсаулығын күшейту мен олардың жан-жакты дамуына қалыпты жағдай туғызуды көздейдi. Себебi, Қазақстан елiнiң экономикалық-әлеуметтiк жағдайының өрге басуы тек материалдық байлықты молайтуға ғана емес, сонымен бiрге сол игiлiктi iстi жүзеге асыратын адамдардың денсаулығы мен рухани өмiрiнiң салауаттылығына тiкелей байланысты. Сол үшiн де халқымызда: “Бiрiншi байлық — денсаулық” деген ұлағатты сөздерi текке айтылмаған секiлдi. “Бәсекеге кабілетті Қазақстанның әлемдегi экономика мен қоғамдастыққа табысты кiрiгуiнің кiлтi — жастарда” деп елбасымыз айтқандай, құрметті оқушылар сіздерге деген үлкен сеніммен бүгінгі конференция сабағымызды аяқтаймын. Шынар апай уақытыңызды бөліп, біздің оқушыларға пайдалы кеңестеріңізбен және жаңа ақпараттармен бөліскеніңізге үлкен алғыс айтамын. Еңбегіңізге жеміс тілейміз!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Мұғалім: Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген