Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы : Өмір қауіпсіздігі туралы не білеміз?
Бағыты : Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Түрі : ойталқы
Күні : 7.09.16 ж.
Сыныбы :11 б
Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова
2015-2016 оқу жылы
Бекітемін: ...............
Cабақтың тақырыбы: Өмір қауіпсіздігі туралы не білеміз?
Мақсаты: Төтенше жағдайларда іс-қимылдарын ұйымдастырудағы білімді үгіт-насихаттауды күшейту мақсатында –болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне , төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйретудің қарапайым жолдарын меңгерту; Өрттен , жер сілкінісі , боран , үсік шалу , мұздақта жүру , зардап шегушілерге қамқорлық жасап , әдепті болу , жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету;Топпен жұмыстануға дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі:суреттер,сайд
Түрі: топтық жұмыс
Мерзімі:7.09.2016ж.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Өмір қауіпсіздігі»
Жүрісі:
1.Ұйымдастыру.
2.Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
1 кезең. «Сұрақ саған,жауап маған!»
2 кезең. «Кім шығармашыл?»
3 кезең. «Кім тапқыр?»
Бөлінген топтар бойынша сайысты жүргізу. 2 топ бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар.Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол — өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді. Енді кезекті сайысымыздың кезеңдеріне берелік.
1 кезең. Сұрақ саған,жауап маған. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
-
Жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалуы. Жер сілкіну ұзаққа созылмайды, әдетте бірнеше секундттардың ішінде ғана өтеді.
-
Жоғары температура (от, ыстық бу, қайнаған су), химиялық заттар (қышқылдар, негіздер) немесе иондаушы радиациялық сәуле әсер етуі нәтижесінде ұлпалардың зақымдануын қалай атамыз?
Күю кезіндегіалғашқы көмек көрсетудің алгоритмі: Күйген жерді таза матамен жабу керек. Күйген жерге суық басу (қар, мұз) немесе ағып тұрған суық суға салу (5-10 мин.). Бұл көпіршіктердің пайда болуын болдырмайды.Зақымданушыға ауырсынуды басатын дәрі беру.«Жедел жәрдем» кешіккен жағдайда жылы сусын беру. Жылы сусын ағзамен тез игеріледі.
-
Төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдануын қалай атаймыз? Үсік шалу
Сіздің іс-әрекетіңіз: 1. Адамды жылы көрпеге ораңыз. 2. Оған ыстық шәй немесе кофе беріңіз. 3. Құрғақ матадан жасалған орамалмен терісі қызғанша уқалау .4. Ал егер өзіңіз зардап шегіп қалсаңыз, мүмкіндігінше ыстық ваннаға түсіп және орамалмен құрғақтай денені сүртіп жіберіңіз.
-
Электр тоғының әсерінен болатын зақымдануды қалай атаймыз? Электр жарақаты.
Алғашқы көмек:Электр тоғынан ажырату, ұйқы артериясында лүпілдің жоғына көз жеткізу, кеуде қуысына қатты соғу. Жүрек тоқтағанда арнайы аппарат дефибриллятор қолданады. Ол қол астыңда болмаған жағдайда кеуде қуысына қатты соғу рекардиальды соққы деп аталады.
-
Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-400) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысынуды қалай атаймыз?
Ыстық тиген адамға алғашқы көмек көрсету. Зардап шегушіні суық жерге, немесе жақсы желдетілген орынға апарып, киімдерін шешіп, басып сәл көтеріп жатқызып, басы мен жүрек төңірегіне суық су құйып, температураны төмендетіп, кордиамин ерітіндісін беру қажет.
-
Алғашқы 20-40 минутта адам шок болады: бет ағарады, бас айналады, жүрек айналуы, жиі және әлсіз пульс, артериалдық қысымның төмен түсуі, сананың жоғалуы (потеря сознания). Бұл қандай жағдайда болады? Жылан шаққандаалғашқы жәрдем дұрыс берілмесе немесе мүлде берілмесе у адам организмде тез таралу мүмкін.
-
Миға қан келуінің уақытша төмендеуі салдарынан болатын жартылай немесе толық мерзімдік естен тану. (Талу)
2 кезең. «Кім шығармашыл?» Берілген суретке қызықты әңгіме құрастыру. Бұл сайыста әділқазы алқасы қатысушылардың жазған әңгімелерінің мағыналығы, қызықтылығына, жинақылығына көңіл аударуы тиіс. (5 ұпайлық жүйемен).
3 кезең. «Кім тапқыр?»Өмір қауіпсіздігіне байланысты бірнеше сауалдар қойылып,жауабы алынады.
Қорытынды. Сайыс жеңімпаздарын марапаттау
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы : Өз құқығыңды білесің бе?
Бағыты : Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Түрі : Танымдық сайыс
Күні : 12.10.16ж.
Сыныбы :11 б
Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова
2015-2016 оқу жылы
Бекітемін: ......................
Тақырыбы: «Өз құқығыңды білесің бе?».
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып,заң алдындағы жауапкершілігін арттыру,ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету,алдына мақсат қоя білуге баулу.Конституцияны және құқықтық нормативтік актілерді орындай,құрметтей білуге үйоету,адамгершілікке,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:слайд,суреттер,қанатты сөздер
Түрі:танымдық сайыс
Мерзімі:12.09.2016ж.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Ата заң», «Адам,өоғам,құқық»11-сынып оқулығы
Жүрісі:
1.Ұйымдастыру
2.Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
-
«Іріктеу»кезеңі.
-
«Шынығу»кезеңі
-
«Өз құқығыңды біл?»кезеңі
-
«Ой елегіне өткіз»кезеңі
-
«Құжатты тани біл»кезеңі
-
«Біліміңді көрсет»кезеңі
-
«Құқық қорғаушы сойлейді»кезеңі
І. «Іріктеу»кезеңі.
-
ҚР Елтаңбасында не бейнеленген?
А) шаңырақ,ұлттық өрнек,күн
Б) шұғылалы күн,қыран құс,пырақ
В) шаңырақ,парақтар,бес бұоышты жұлдыз
-
ҚР Елтаңбасы қашан қабылданды?
А)1991 ж. Б) 1992 ж. В) 1997 ж.
-
«Сындарлы он жыл»кітабының авторы кім?
А) М.Шаханов Б) Н.Назарбаев В) Ә.Кекілбаев
4. 22 қыркүйекте ҚР қандай мереке кім?
А) республика күні
Б)ҚР халықтарының тілдер күні
В) нашақорлық қарсы күрес күні
-
Ата заң не үшін қызмет етеді?
А) әр адамның құқығын қорғауға,бостандық сақтауға
Б) дауыс беру құқығын сақтайды.
В) мем.тілді қорғауға қызмет етеді.
-
Президенттің жарлығында ҚР-ң мемлекеттік рәміздері туралы не айтылған?
А) білу аса қажет Б) құрметтеуге мінднтті В) орындауға міндетті
-
Соттар үкім шығарғанда кімге бағынады?
А)президентке Б) жоғарғы сотқа В) заңға
-
Қазақстан халықаралық ассамблеясы қашан құрылды?
А) 1995 ж. 1 наурыз Б) 1995 ж. 10 ақпан В) 1994 ж. 1 наурыз
-
Сенаттың неше депутатын президент белгілейді?
А) 10 Б) 15 В) 7
-
ҚР Президенттігіне кандидат қай тілді білу керек?
А) мем. тілді Б) ағылшын тілді В) орыс тілді
ІІ. «Шынығу»кезеңі
-ЕКОНЮС-БҰҰ-ның білім,ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы;
-АТКРДЕИЯМО-халық еркі немесе билігі;
-ЕНТЕЗПРИДЕ-Мемлекет басшысы;
-УАТРА-айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім;
-АТТӨЛЖҰҚ-азаматтықты куәландыратын құжат.
ІІІ. «Өз құқығыңды біл?» кезеңі.
-
Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады?-(бала туған кезінен бастап).
Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі?-(18).
Баланың өз пікірін білдіруге,ақпарат алуға,ақпаратпен идея беруге құқығы бар. Ол шектеулі ме, әлде шектеусіз бе?-(шектеусіз).
Бала басқа адамдармен қатысуға және ұйымдар құруға,оларға кірге құқылы ма?-(иә)
Неше жасқа толмаған баланы Отан алдандағы борышын өтеуге әскерге шақырылуға жатпайды?-(15).
Бала құқықтары туралы конвенцияға қосылуға ниет білдірмей отырған тек қай елдер?-(АҚШ пен Сомали.).
Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?-(16).
ІҮ. «Ойды аяқта »кезеңі.
-
Заңның құрығы…………..(бәрнен ұзын).
Өш алғаннан гөрі…………..(кешірген жақсы).
Туғанды биде………………….(иман жоқ).
Таста тамыр жоқ……………..(биде бауыр жоқ).
5.Әр адамның құдайы…………….(оның ары).
-
Әділ істің…………………………(арты игі).
Атаның баласы болма………….(адамның баласы бол).
Ү. «Ой елегнен өткіз»кезеңі
Ойлан,артығы бар ма? Тапсаң,сызып таста. Берілген тапсырмадан артық сөз,ұғымдарды сызып,қателерді түзе.
-
Оқушы неге құқылы?
Білім алуға,емделуге,демалуға, ұрлықжасауға,қоршаған ортаны ластауға,өз сыныптастарына кедергі жасауға.
-
Оқушы неге міндетті?
Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға,оқулықтарын таза ұстауға, үй тұрғызуға.
ҮІ. «Білімді көрсет»кезеңі.
-
Қазіргі дүние жүзінде қанша қазақ бар-12 млн.
Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы қашан қабылданды?-1948 ж. 10.12.
Шет елдерде қанша қазақ тұрады?-4 млн. астам
Азаматтық дегеніміз не?-адамдардаң сол мем-пен тұрақты саяси құқықтың өзара қатынасы.
Қоғамның бастапқы ұясы не?-отбасы.
Ата –ананың қасиетті міндетті не?-балаларына қамқорлық көрсету.
Біздің мем-дегі меншік түрлерін ата?-мем-тік меншік,жеке меншік.
Азаматтың конституциялық мінднті?-респ-ң заңын сақтау, қылмыс істемеу, тәртіпсіздік жасамау, өзіне жүктелген міндетті орындау.
Саяси қуғын –сүргінге ұшырағандарды еске алатын қай күн?-31 мамыр
ҮІІ. «Құқық қорғаушылар» сөйлейді. (Шешендік өнер).
Тақырыптары:
-
«Кім құқығын пайдаланса, ол ешкімнің құқығын бұзбайды».
-
«Құқық барда-Отан бар».
-
«Заңды білу-заман талабы».
-
«Мен-болашақ заңгермін».
-
«Ата заңды құрметтейік».
ҮІІІ.Қорытынды.Сайыс жеңімпаздарын марапаттау.
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы :Ата-ана парызын ,өтеу - сенің қарызың
Бағыты : Отбасы тәрбиесі
Түрі : тәрбие сағаты
Күні : 26.10.16 ж.
Сыныбы :11 б
Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова
2016-2017 оқу жылы
Бекітемін:.....................
Тақырыбы: Ата-ана парызын, өтеу-сенің қарызың!
Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, қайырымдылық, инабаттылық
тәрбиесін бере отырып, ата-ана алдындағы парыздары туралы
ой қозғау. Ата-ананы құрметтеуге, аялауға баулу.
Көрнекілігі:слайд,суреттер,қанатты сөздер
Түрі:тәрбие сағаты
Мерзімі:26.10.2016ж.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Отбасы құндылығы»
Жүрісі:
1.Ұйымдастыру
Сабақтың барысы:
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, аяулы ата-аналар,
оқушылар, кешіміздің қонақтары!
Отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері- Ата-ана. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, аяғын тәй-тәй басып, былдырлап тілі шыға бастағаннан ұлттық салт-санасын қалыптастырып, барын алдарына тосып, баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін деп тілейтін де- ата-ана.
Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Сол үшін ата-ана жатта – жалынып құдайдан перзент тілеген, перзент көргенде, жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп, әлпештеп өсірген. Перзенті ауырып, не басқа бір қатер төнгенде, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» – деп құдайға жалбарынған, өздерін балалары үшін құрбан еткен.
«Бала – ата-ананың бауыр еті», « Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген сияқты толып жатқан мақалдарда да ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?!
Әлемге әйгілі ғұламалар мен ақындардың
ата-ана махаббаты, перзент парызы жайында тебірене айтпағаны,
жазбағаны аз деуге болады. Олардан қалған асыл сөздер
қаншама!
Міне, бүгінгі біздердің кешіміз де баланың ата-ана алдындағы парызы
туралы болмақ. Олай болса, «Ата-ана парызын, өтеу-сенің
қарызың!» атты кешімізге қош
келдіңіздер!
Аталған тақырыптағы кешімізге орай, өз пікірлерімен келген қонақтарымыз бар. С ол қонақтарға сөз кезегін береміз.
«Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды,
Сол себепті бар тілеуін балаға бағыштайды»
Кешімізге қош келдіңіз. Бүгінгі тақырыбымызға байланысты өз ойыңызды өрбітсеңіз.
Сұрақтар: Қазақта «Баланы – жастан» деген бар. Бірде атақты
драматург Бернард Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы, баланы қай
жастан тәрбиелеген қолайлы?» деп сұрайды замандасы, сонда қарсы
сауал қойыпты: «Балаңыз қанша жаста?». «Өмірге келгеніне екі апта
болды», депті оған сауал қоюшы. Сонда Б.Шоу: «Сіз дәл екі аптаға
кешіктіңіз» деген екен. Мұның өзі достық нақышта айтылғанмен,
астарында шындық жатыр. Ал сіз қалай ойлайсыз, бала тәрбиесін қашан
бастаған жөн?
ІІ. Қонағымыздың пікірін білдік, енді көпшілік қауым не дейді екен,
халықтың пікіріне құлақ түрейік. Экранға назар
аударыңыздар!
Сұрақ: Ата-ана парызын өтеуде қазіргі жастарға көңіліңіз тола ма?
Сұрақ: Ата-ана алдындағы сенің парызың қандай деп ойлайсың?
Экраннан халық пікірі тыңдалады.
Жүргізуші: Ортаға бүгінгі кешімізге өзіндік пікірімен келген қонағымыз 11б сыныбының топ басшысы Ә.Жұматты шақырамыз.
-
Осы пікірге келуіңіздің жөнін тарқатып айтып берсеңіз.
Сұрақ: Өзің жанұяда үш баланың бірісің. Мен қыз баламын, ата-ананы бағып-қағу ұл баланың міндеті деп алаңсыз жүре бересің бе? Сен есейгенде ата-анаңның қартайған шағы сені алаңдатпай ма?
Бейне көрініс. Көрініс бойынша келген қонақтардың пікірлерін сұрау
Жүргізуші: Баланың ата-ана алдындағы ұлы
парызы - мейіріммен, жақсылықпен өтелмек. Бала – ата-ананың көз
нұры, көңіл қуанышы.
Ұл-қыз ата-анасын қуанышқа бөлеп, бақытқа жеткізу үшін, ең әуелі,
әдепті болуы керек. Әдепті болып өскен бала ата-анасының көңілдерін
тауып, мерейлерін өсіреді.
Бала өзін әлпештеп өсірген ата-анасын дәл солай әлпештеп аялауға
міндетті, сәби шағында өзін қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды
да солай алақанға салып мәпелеуге
борышты.
Ендеше кешіміздің үшінші қонағы 11-сынып оқушысы, пән
олимпиадасының жеңімпазы Қойшығали Бағдатты
шақырамыз.
А та-ананың сенімін ақтау-
Өз болашағыңды сақтау
Сұрақ: Сен өмір бойы ата-анаңның қасында отырып қарайласуға мүмкіндігің бола ма?
Өмірде ата-анаңа ренжіген сәттерің болды ма?
Балаңмен дос, сырлас бола біл. Баланы қаталдықпен тәрбиелеуге болмайды. Қатыгездік баланы ашындырады, жүрегіне өшпенділік тудырады. Сырттай бағынышты көрінгенімен, ішкі қарсылығы өсе береді. Қай уақытта да жұмсақ қаттыны жеңеді. Су жұмсақ, тамшылап тұрып, тасты теседі. Әке-шеше ретінде қатқылданып, өз ойыңды тықпалай берсең, баланың тұлғалық қасиеттері ашылмай қалады. «Бетінен қақпа, бірақ белін буып жолға сал» демей ме қазақ.. Дүниедегі мақсаттың да, міндеттің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.
Бұл орайда келесі қонағымыз не дейді екен, пікірін тыңдап көрелік. Ортаға келесі қонағымыз ата-ана Таумұханова Әлияны шақырамыз.
Б аланың ұлы парызы жақсылықпен өтелмек,
Аман жүріп алыстан қарайласа да жетер ед.
Сұрақ: Сізді қартайған шағыңызда ұлдарыңызды жұмсап, немере-шөбере қызығына бөленіп отыру қызықтырмай ма? Ағайын-туыс балаларыңызды сынамай ма, сөкпей ме?
Арнайы шақырылған сарапшыларға сөз беру.
-
Жоғары санатты қазақ тілі пәні мұғалімі Г.Шүкіртай
-
Жоғары санатты орыс тілі пәні мұғалімі Ж.Түркістанова
-
Мектеп психологы
Көрермендерге сөз беру.
-
Қатынасушы ата-аналар
-
Пән мұғалімдері
-
Оқушылар
Жүргізуші: Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, балаларын адалдық пен мейірімділікке, жауапкершілік пен кешірімділікке тәрбиелейді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары боп есептеледі.
Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың әдепті болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деп тәрбиелей отырып, «Өскенде бізді асырайсың ба?» деген сауалды балаларының құлағына құйып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шығады және ата-анасын жалғыз тастамайды. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Кешімізді қорытындылай келе, ой жарыстырып отырған қонақтарымызға қима қағаздар ұсынамыз. Қағаздағы таңдаған сөздеріңізге байланысты қорытынды сөздеріңізді айтасыздар.
Қонақтарға ұсынылатын сөздер:
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі кешімізде сөз болғандай баланың ата-ана алдындағы парызы қандай болса, ата-ананың бала тәрбиесіндегі міндеті де зор екеніне көзіміз жеткендей болды.
«Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» дейді қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы. Баланың тәрбие алудағы жол бастар ұстаздары жақсы болса, баланың ата-ана алдындағы парызы да ойдағыдай өтелмек.
Сөзімді қорыта келе, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Отанға деген ыстық сезім ата-анаға, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» дегендей ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, ыстық сезім, махаббат, мейірімділік, сыйластық кеңінен болсын деген тілек айтамыз.
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы : Дауылпаз ақын-ел мақтанышы
Бағыты :Рухани-адамгершілік тәрбие.
Түрі : интеллектуалдық ойыны
Күні : 7.12.16 ж.
Сыныбы :11 б
Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова
2016-2017оқу
Бекітемін:.....................
Тақырыбы: Ұшқыр ойлы жұлдыздар»
сыныптан тыс интеллектуалдық ойыны
Мақсаты:
- танымдық белсенділігі жоғары, ұшқыр ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін интеллектуалдылығы жоғары ұрпақ тәрбиелеу ;
- оқушылардың ғылыми-теориялық көзқарасын дамыту, инновациялық технологияның тиімді тәсілдерін қолдану.
Көрнекілігі:
Ұлы адамдардың қанатты сөздері жазып қойылады
«Қабілетті өрендер - еліміздің болашағы»,
«Адам адамнан тек білімімен ғана артық» (Абай)
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім». (М.Әуезов)
«Біліммен қаруланғаның,
Келешекке жол ашқаның».
Түрі: интеллектуалдық ойыны
Мерзімі:16.11.2016ж.
Пайдаланылған әдебиеттер: 11-сынып оқулықтары
Жүрісі:
1.Ұйымдастыру
Ойынға 11б сынып оқушыларынан екі топ алынады.
Ойын 4 тур бойынша өтіледі.
Сарапшылар тобын құру:
Сарапшылар тобымен таныстыру
Жүргізу барысы:
1. Оқушыларға ойын барысын таныстыру.
2. Әр топ өзін -өзі таныстыру.
3. І тур «Көкпар» сайысы
4. ІІ тур «Ойлан, тап» сайысы
5. ІІІ тур «Тапқырлық» сайысы
6. І V тур «Санның сыры» сайы
«Өмір» деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық.
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі - деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі де сайыс.
Екі топ алғырлары білім сайысына келіп отыр.
1. Оқушыларға ойын барысын таныстыру.
2. Оқушылар өзін -өзі таныстыруы.
Ортамызға келіп тұр
Әр топтың шоқ жұлдызы
Танысатын сәт келді
Жұлдыздардың сөзімен деп сөз кезегін сайыскерлерге береміз;
І тур «Көкпар» сайысы
Бұл сайыста әр топқа төрт пән бойынша жиырма сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.
Шын жүйрік шабысынан танылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер сарапшылар ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғады.
Бірінші топ сұрақтары
Математика
1. Функция ұғымын енгізген кім? (Г.Лейбниц)
2. «Тригонометрия» сөзінің мағынасы (үшбұрыштарды өлшеймін)
3. Дәлелденейтін ұйғарым не деп аталады? (аксиома)
4. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда қалай аталады? (диаметр)
5. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу (перпендикуляр)
Физика
1. Бір дененің молекулаларының екінші дененің молекулаларымен
өздігімен араласу құбылысы қалай аталады? (диффузия)
2. Молекулалардың арасындағы өзара әсер күшін ескермеуге болатын
газдың түрі қалай аталады? (идеал газ)
3. Термодинамиканың екінші заңын табиғаттағы қандай процесстерді
сипаттайды? (қайтымсыз)
4. Метал бетінен электрондардың өз бетімен ыршып шығу құбылысы
қалай аталады? (фотоэффекті)
5. Тұрақты көлемі, меншікті пішіні жоқ заттың күйі (Газ)
Химия
1 - Сіріңке қорабының бүйіріндегі қандай химиялық элемент қоспасы?
(фосфор)
2- Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылды? (гелий)
3 - Қандай метал қалыпты жағдайда сұйық түрде кездеседі? (сынап)
4 - Ағашты отсыз қалай көмірлендіруге болады? (концентірленген күкірт
қышқылына салып)
5 - Жер қыртысы неден құралады? (оттек, кремний және т.б.)
Биология
1. 21 ғасыр дерті (СПИД)
2. Адам ағзасындағы ең қатты зат (тіс)
3. Адам ағзасындағы ең ыстық мүше (бауыр)
4. Қанның ақ түйіршіктері (лейкоцидтер)
5. Медицинаның атасы кім (Гиппократ)
Екініші топ сұрақтары
Химия
1-ең қиын балқитын элемент (вольфрам)
2 Ең жеңіл химиялық элемент(сутек)
3 Ас содасының формуласы (
4 Патша шарабы дегеніміз не?
5 Фосфордың неше аллоторпиялық түрі бар?
Биология
1. Түсті ажырата алмайтын құбылыста ашқан ғалым (Дальтон)
2. Қанның қызыл түйіршіктері (Эритоцидтер)
3. Қан беруші адам қалай аталады (Донор)
4. Адам ағзасындағы ең күшті бұлшық ет (балтыр бұлшық еті)
5. Адам тоқсан пайыз ақпаратты қай мүше арқылы қабылдайды? (көру)
Физика
1. Дене қысымын сиататтайтын шама (температура)
2. Энергияның берілу формасы (жылу)
3. Молекулалардың үздіксіз қозғалыста болатынын бірінші ашқан ағылшын ботанигі (Броун)
4. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым (Ньютон)
5. Денелердің электрленгенін анықтайтын құрал (электроскоп)
Математика
1. Квадраттық функцияның графигі (парабола)
2. Тікбұрышты үшбұрыш туралы теорема кімнің теоремасы (Пифагор)
3. Дискриминант қазақ тілінде қалай аударылады (айқындауыш)
4. Бұрындары бұл терминнің аты болған жоқ-ты. Ол терминнің атын XVII ғасырда француз математигі Франсуа Виет енгізді. Латыншадан аударғанда бұл сөз "доңғалақтың сымы" деп аударылады. (радиус)
5. Бұл фигураның аты грек тілінен аударғанда "тартылған садақтың жібі" дегенді білдіреді. Бұл не? (Гипотенуза)
ІІ тур «Ойлан, тап» сайысы
«Ойлан тап» сайысының мақсаты оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін, өз пікірін дәлелді жеткізуін бағалау. Сайыс әр сұраққа белгіленген бір ұпаймен бағаланады.
1. Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма? (24)
2. Шопанның барлық қойының 320-сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр, жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой бар. (400 қой)
3. Жұлдызды құрт күндіз ағаштың басына қарай 6 м көтеріледі. Ал түнде 4 м төмен түседі. Жұлдызды құрт 14 метр ағаштың басына қанша күнде шығады? (5 күнде)
4. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда 1 асық дорбада қалды. Бұл қалай? (1 бала асығын дорбасымен алады)
5. Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты, қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге ойлап қой. (17)
6. Қосарлап жегілген ат-арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (25 шақырым)
7. Бөлмеде төрт бұрыш бар. Әр бұрышта қара мысық отыр. Әрбір қара мысыққа қарап үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық?(4)
8. Жеті үйрек ұшып бара жатыр. Аңшы екеуін атып түсірді. Неше үйрек қалды. (2, өйткені қалғаны ұшып кетті)
9. Стол басында екі әке және екі баласы отыр:бұларға алты алма берді, ал алма саны тең әрі бүтін күйінде жетті. Бұл қалай? (екі алма)
10. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (бес)
Алғырлар мен тапқыштар
Бар өнерін салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Тапқырлар биіктерде қалықтасын.
Жеңіспенен көк жүзінде шарықтасын,
Жеңіс туы желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
ІІІ тур «Тапқырлық» сайысы
Берілген құрал-жабдықтарды пайдаланып мүмкін болатын, тәжірибе жасау арқылы физикалық және химиялық құбылыстарды түсіндіру (5 ұпай аралығында бағаланады).
Бірінші топқа
1. Дененің электрленуін көрсету. (пластмасса сызғыш, қағаз, мақта)
2. Картоп неге көгерді (крахмал ерітіндісі, йод, пипетка)
Екінші топ
3. Дененің деформация қасиетін көрсету. (екі кітап, қиылған картон қағаз, құм)
4. Құпия хаттың сыры (сүт, спирттік шам, қағаз, қылқалам)
Алып тұлға дарамыз,
Санның сырын ұғамыз.
Мақал-мәтел шешеміз,
Асулардан өтеміз.
Данадан қалған ұлы сөз,
Әрқашанда ұлағат.
IV тур «Санның сыры» сайысы
Бұл сайыста қазақ халқының мақал -мәтелдерінде әрбір санның тәрбиелік мәнін түсіне білуін қалыптастыру. Сайыс бес ұпаймен бағаланады. Мақалдың жалғасын табу керек.
1. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
2. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығар.
3. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
4. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына
5. Бір елі ауызға, екі елі қақпақ
6. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
7. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
8. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
9. Жүз есе тырыссаң да, мезгілі жетпей іс бітпейді.
10. Он мың сөздің түйінін, он сөзбен шеш.
Жүргізуші:
Судай тасып, әр биік белден асқан,
Дүниеге сан алуан өнер шашқан.
Білім алып, ғылымның жолын қуған,
Әрбір шәкірт өмірде өрге басқан
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау - дей отырып сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз,ойын жеңімпазы марапатталады.
Қорытындылау.
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы : «Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»
Бағыты : Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие
Түрі : топтық жұмыс
Күні : 23.11.2016ж.
Сыныбы :11 б
Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова
2016-2017 оқу жылы
Бекітемін:................
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Сабақтың түрі: Топпен жұмыс
Мерзімі:23.11.2016ж.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Тәуелсіздік толғауы»
Жүрісі:
1.Ұйымдастыру
Тәрбие сағатының барысы:
1.Психологиялық ахуал орнату .- Әр оқушы шеңберде тұрып, бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.
2.Оқушыларды топқа бөлу:1-топ:Білімділер, 2-топ:Тапқырлар, 3 топ-Алғырлар
-
Сабақтың ұйымдастыру түрі: диалогты топпен
4. Постермен жұмыс:
1-топ:Мәңгілік ел
2топ- Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл
3топ-Қазақстанның бүгінгі жетістіктері.
5. Қорытынды
6.Күтілетін
нәтиже
Сабақтың
барысы:
I. Мұғалімнің
сөзі
2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.
Мәңгілік Ел-
Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.
-біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
-біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.
-ол-Мәңгілік Ел идеясы
-Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады
-ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті
-Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы
-Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда
-Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда
Үстіміздегі жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспары жөніндегі стратегиялық бағдарламаныұсынатынын айтқан болатын. Жақында Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылды. Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.
Қазақстанның бүгінгі жетістіктері:
1991 жыл.
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жыл.
Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.
1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді.
1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.
Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.
1994 жыл.
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
1995 жыл.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
2001 жыл.
2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.
Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.
2011 жыл.
2011 жылғы халқымыз үшін ең басты мереке бұл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы. Бұл -Тәуелсіз еліміздің тарихындағы осы күнге дейінгі ең атаулы оқиға. Елбасымыздың тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға және еліміздің болашақта дамуын қамтамасыз етуге бағытталған
-
Постермен жұмыс:-оқушыларға берілетін тапсырмалар
1-топ:Мәңгілік ел
2топ- Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл
3топ-Қазақстанның бүгінгі жетістіктері.
Қортынынды: Міне оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын –қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсізідікке қол жеткізгеннен гөрі , оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл-әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан –жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген, тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен , өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.
Күтілетін нәтиже: «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы мәңгілік ел-идеясының маңызын түсінді, бірлікті, ел тарихын білуді, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуді, отанымыздың байлығын қорғауды үйренді. Білімді ұрпақ болуға, татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау қиынның қиыны. Ең алдымен, өзгеге үлгі болу үшін өз ішімізді ретке келтіруіміз қажет. Жік-жікке бөлінбей, бірлігіміздің беріктігі басқа да ұлт өкілдерін бауырымызға тартуда үлгі болмақ.
Бекітемін:......................
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Дауылпаз ақын -
ел мақтаны»
Тәрбие сағатының мақсаты:1/ ХІХ ғасырдың
бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып
үндеген Махамбеттің ақындық дарының өлеңдері арқылы оқушыларға
түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған
ерекше қасиетін оқушы бойына
дарыту
2/Өмірі мен өлеңдерінің ерекшелігін аша
отырып, күйлері, термелері жөнінде түсінік беру. Ерлікке, Отанды
қастерлеуге шақыру.
3/ Өршіл жырлары арқылы ерлікті ту еткен
Махамбеттің ерлігін қастерлеуге баулу, елінің адал азаматы болуға
тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивті
тақта, слайдтар, видео, үнтаспаға жазылған
күй
Түрі: Ашық
журнал
Мерзімі:7.12.2016ж..
Пайдаланылған
әдебиеттер: Баспасөз материалдары
Жүрісі:1.Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, сабаққа
дайындығын бақылау.
Кіріспе сөзі:- Оқушылар бүгін бізде ерекше
сабақ. Ашық журнал түрінде өтетін сабағымызда Махамбеттің ақындық
дарыны, күрескер ақындығы, айтулы күйшілігі жайында әңгімелеп, ой
қозғамақпыз. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов Махамбеттің
ақындық құдіретін жоғары бағалай келіп, былай деп
жазды:
«… Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының
ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз
заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі,
өз арман талабы». Бұл классик ақынымыздың шығармашылығына берілген
әділ баға деп білуіміз керек. Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың
інжу маржанын ұрпағына мұра еткен Махамбет – ерлік пен намыстың
ақыны. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы
Махамбет – сан ғасырлар бойғы тәуелсіздікке ұмтылған бабалар
рухының нақты көрінісі.1 - бет «Күреспен өткен ғұмыр» 1 -
слайд.
/Интерактивті тақтадан интернет желісі
бойынша Махамбет Өтемісұлы жөнінде деректі фильм көрсетіліп
жатады./
Сынып жетекші сөзі: Қазақ халқы талай қиын
кезеңді талай басынан кешірді. Елін, жерін көзінің қарашығындай
қорғаған, оның мүддесі үшін қабырғасы қайысып, қасық қаны қалғанша
қорғап болуды мақсат еткен дара – тұлға батырлары болған. Олар
сабырдың тәуекел мен арманның түлегі. Міне осындай көрнекі
өкілдердің бірі - Махамбет Өтемісұлы. Ол - тасқындаған қайраттың
ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кем пішер кемеңгер ақылдың
көрінісі. Махамбет Нарын өлкесінде өмір сүріп, « қара қаза, сары
бала қамы үшін» ашық қимылға шыққан, халықты соңына ерте білген. Ол
ерлікті, өрлікті өзі ғана жасамай, бүкіл поэзиясына ерлікті ту
етті, оны кейінгі ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырды. Олай болса
берілген сызбаға назар
аударайық
Сызба. 2 – слайд Махамбет
Өтемісұлы
1846 жылы Қараой өңірі, қазіргі Атырау
облысының Махамбет ауданында дүниеге келген қазақтың әйгілі ақыны,
күйші композиторы.
Отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған
көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі халықты патшалық, хандық
өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ
жыршысы
/Осы сызба арқылы ақын өмірінен мәлімет
беремін./
Менің атым –
Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір
хан
Ісінен болдым құса -
дерт.
Атасы өткен
Айшуақ
Соны көзі көрді
ғой:
Менің атам
Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой - деген жалынды отты
сөздерін еске ала отырып мына көрініске назарымызды
салайық.
Көрініс:Сарайда отырған Жәңгір хан.
Айналасында Баймағамбет сұлтан, сарайдың билері, уәзірлері, т.
б.
Жәңгір хан Махамбетті шақырып: - Ау,
Махамбет! Арамызда шыққан от ауызды, орақ тілді ақын емессің бе?
Жырла мені мақтап мына
жұртқа.
Махамбет: - Айтсам айтармын хан Жәңгір,
жұртқа жасаған ісінді. Қарапайым халықтың ақысын жеп, табаныңа
таптамадың ба мына жұртты?
- Хан емессің
қасқырсың,
- Қас албасты
басқырсың.
- Достарың келіп
табалап,
- Дұшпаның келіп басқа
ұрсын.
- Хан емессің
аянсың,
- Айыр құйрық
шаянсың.
- деп, айта бергенде Жәңгір хан: - Тоқтат!
Жетеді енді.
- Оқушылар, Махамбеттің бойындағы ер жүрек,
батырлығын, қайсар, тік мінездігілігін неге баласақ
болады?
- Намысқа тырысқан жігерлі, күшті де көсем
тұлғаға балаймыз./оқушы
жауабы/
2 - бет. Махамбет – дауылпаз ақын! 3 -
слайд
ӨЛЕҢДЕРІ
Ерлікке, елдікке
шақыратын
«Мұнар
күн»
«Ұлы
арман»
«Біртіндеп
садақ
асынбай»
«Ереуіл атқа
ер
салмай»
«Жалғыз
дүние»
«О,
Нарын!»
Исатайға
арналған
«Исатай деген ағам
бар»
«Арғымаққа оқ
тиді»
«Тарланым»,
«Соғыс»
«Мінген ер»,
«Мінгені
Исатайдың Ақтабан -
ай»
«Исатай
сөзі»
«Арыстан одан кім
өткен?»
Сынып
жетекші:
Махамбеттің өлеңдерінің бастан аяғына дейін
жырлаған негізгі өзекті тақырыбы – жастарды елін, туып өскен жерін
қорғау үшін «жалаулы найза қолға алып, жарақты жауды тоқтатып» есі
үшін құрбан болған елдің арманы жоқ, туған халқы, елі үшін
кездескен қиыншылықты жеңе білуге жас ұрпақты
үгіттеді.
Махамбеттің:
Толарсақтан саз
кешіп,
Тоқтамай тартып
шығуға
Қас үлектен туған
катепті
Қара нар керек біздің бұл
іске.
Қабырғасын
қаусатып,
Біздің бүйткен бұл іске, - деп аталатын өлең
жолдарында жастарды қандай ма болмасын қиындықты жеңе білуге туып
өскен Отанын елін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеуге жас ұрпақты
үндеді. Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде де ақынның еліне деген
сүйіспеншілігі тамаша өрнектелген. Ақын психологиялық параллелизмді
шебер қолдана отырып, қызғыш пен өз тағдырын салыстырады. Махамбет
көл қорыға қызғыштай елі үшін отқа
түседі:
Ау, қызғыш құс, қызғыш
құс,
Қанатың қатты, мойның
бос.
Исатайдан
айырылып,
Жалғыздықпен болдым
дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш
құс,
Ел қорыған мен
едім
Мен де айырылдым
елімнен
Көл қорыған сен
едің,
Сен де айырылдың
көліңнен.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл
жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық
дарыны ерекше.
Өлең - тәрбие құралы. Көне заманнан бері
халқымыз тәрбие құралы ретінде ертегі, аңыздарды, батырлар жырлары
мен дастандарды, өлеңдер мен терме, баталарды, мақал - мәтелдерді,
қанатты сөздер мен шешендік өнерді, ырым - тиым сөздерді тиімді
пайдаланып, ұлттық дәстүрімізді жалғастырып отырды. Көтеріліс
кезінде Исатай бастаған қолдың алдында тұрып, оларды Жеңіске
жетелеп, ұран көтеріп, өлеңмен жігер берген Махамбет ақынның басты
құралы - өршіл жырлары
болды.
Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да, ол өз рухын
жоғалтпады. Халықты көтеріліске қайта шақырып, өлеңмен ой салып,
халық санасын оятуға күш салады. Амал не, қараңғы халық ойын
түсінбеді, оның өлеңінің құдіретіне бас исе де, ақын соңына ермеді.
Патша әскерінің қаруынан сескенген халық ақынның өлеңмен шақырған
үндеуіне құлақ аспады.
Журналдың 3 - беті. Махамбет – күйші 4 -
слайд
«Жайық асу» «Қайран
Нарын»
«Жауға шапқан» «Жұмыр
қылыш»
«Өкініш» «Исатайдың Ақтабаны - ай» «Шілтерлі
терезе»
Сынып жетекші сөзі: Махамбет ақын мен
Махамбет батырдың осы қасиеттерін біз күйші Махамбеттен, композитор
Махамбеттен де анық байқағандаймыз. Егер біз Махамбет тағдырын ел
кегін жоқтаған кескекті ердің ереуіл ғұмыры деп танитын болсақ,
оның жырларын сол ереуіл өмірдің поэтикалық шежіресі деп білеміз.
Мынау жеті күй бізге сол асқақ ақын, асқаралы азаматтың жүрек
соғысы мен жүрек тынысының үнмен жазылып қалған кардиограммасындай
көп жайды аңғартып, көп нәрсені түсіндіріп тұр. Мұнда да
Махамбеттің сол таныс даусы, таныс шабыты, Махамбет жүрегінің сол
таныс дүрсілі.
«Исатайдың Ақтабаны - ай» баяғы ереуіл атқа
ер салғандардың дегені болып, тастары өрге домалап тұрған қайран
дәурендерін жарқылдатып көз алдыңа тосса, «Шілтерлі терезе» сол
өктем көңіл, өр жүректің торға түскен торғайдай бұлқынған, бірақ
қиянатшыл тағдырға көнбей тайталасқан арпалыс халынан зар
төккендей. Онда да тауы шағылып, таусылған мүскіннің мүсәпір жылап
- сықтауы емес, намысына қыл бұрау түсіп, бұлқынған арыстың
арпалысып буырқанғаны естіледі. Біз осы хал, осы әуенді Махамбеттің
«Өкініш» атты күйінен де жақсы аңғарамыз. Онда қалт жіберіп, қапы
соққан кісінің ызасы тепсінгенімен, «мұны неге істедім» деп өкінген
өксік жоқ. Күйдің әуен бітімі оның Исатайдан айырылып, көтерілістің
дағдарысқа ұшыраған тұсында туғанын аңғартқан. Бірақ сондай жер
жарылып, аспан шытынаған кездегі күйші жүрегі неткен сабырлы, күйші
зары неткен мәнді, ұстамды!
Махамбет күйінің бір бояудан ғана тұрмайтынын
қапысыз таныта алатын шығармалар санатына «Жұмыр, Қылыш» пен
«Қайран Нарынды» жатқызуға болады. Орындаушылар «Жұмыр, Қылышты»
Исатайдан айрылып, жалғыз жортқан Махамбетті Баймағамбет сұлтанның
қанды қақпанынан құтқарып қалған байбақты батырлары Жұмыр мен
Қылышқа арналған деседі. Осылай болуы ғажап емес. Күйде шалт
қимылды батырлыққа лайық аршынды ырғақ, адуын серпін бар. Ол
күмбірлей төгілген қоңыр сазбен ара жігі білінбей әдемі жымдасқан.
Ал, «Қайран Нарын» Махамбеттің ақындық творчествосының басты
арнасына айналдырған туған ел, туған елдің мүддесі мен мерейі
жолындағы кес-кесте ұрыс тақырыбына арналған. Күйден «аһ» ұрған
зар, қайнаған ыза, езілген мұң, серпілген арман, ашылған күндей
шуақты қиял қатар білінеді.
Ақыры жетті күн
бүгін,
Ақырып теңдік
сұраған.
Түнектің түріп
түндігін,
Ат міндің сұлу
құладан.
Парызың бүгін
өтелген,
Әр ізің жатыр
жаңғырып.
Азаттық туын
көтерген,
Ақынның жыры мәңгілік!- дей отырып ашық
журналымызды аяқтай отырып, Махамбет туралы алған білімдерімізді
мына берілген кесте бойынша толтырып
берейік..
Үнтаспадан «Жұмыр қылыш» күйі
орындалады.
INSERT кестесіБілемін Білдім Білгім
келеді
Қорытынды. Топтастыру
статегиясы
Үйге тапсырма: Махамбет «Тарланым». Өлең
құрылысына талдау
жасау.
Бекітемін:...............
Тақырыбы: Имандылық жүрекке ұяласа
Мақсаты: 1.Оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді
қастерлеп,өмір заңдылықтарын білуге үйрету.2.Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып,
оқушының рухани білімін байыту,логикалық ойын
дамыту.3.Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете
білуге трбиелеу,имандылық,инабаттылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд,нақыл сөздер
Түрі:тәрбие сағыты
Мерзімі:18.01.2017ж.
Пайдаланылған әдебиеттер:Өзін-өзі тану оқулығы
Жүрісі: Ұйымдастыру
Шатттық шеңбері. Музыка ойнап тұрады.Оқушылар шеңбер құрып, қолдарын дағы гүлдерін бір – біріне ұсынып,жақсы тілектерін айтады.
Білектей арқасында өрген бұрым
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшат бөрік,ақ тамақ,қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін ?!
Атадан жақсы ұл туса
Елінің туы болады
Атадан жаман ұл туса
Елінің соры болады
-
Оқушылар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Имандылық жүрек
ке ұяласа» деп аталады. Берілген екі түсті таңдап алып,екіге бөлініп отыра мыз.
Тренинг. Алдарыңыздағы параққа адам бойындағы жаман,жақсы қасиеттер ді жазып,алдарыңызға бүктеп қойыңыз.
«Топтастыру» стратегиясы
Имандылық
Адалдық
Әділдік
Адамның асыл қасиеттері
Әдептілік
Ізеттілік
Қайырымдылық
-
Балалар,қазақта мынадай тілек тілейді екен.Қыздарға ибалы,инабат
ты болсын,ұлың иманды,жүректі болсын,адамгершілігі мол болсын,қайырым ды болсын. Адам бойында жақсылық пен жамандық,имандылық пен имансыз дық қатар жүреді.Осы қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жаман қасиет терді жазған парақтарды жыртып тастайық.
Имандылық пен инабаттылық туралы не білеміз?
Балалар пікірі тыңдалады.
Жаңа ақпарат.
Иман – араб тілінде «сенім» деген ұғымды білдіреді. Имандылық Алланың ақ екендігіне,ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға,яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді. Адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі,ар – ұяты бар адамның бет – бейнесі,иман жүзділігі жарқын,биязы,парасатты болады. Инабаттылық – әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайы мдылық,сыпайылық,тіл алғыштық,адалдық,әділдік,жауапкершілік.
Ойланайық,пікірлесейік.
А) Ұлдарға сұрақ:
-
Қыздың көркі деп нені түсінесің?
-
Қыздарды неге өмірдіңгүлі дейді?
-
Қыздарға қандай қылықтар жараспайды?
-
Сұлу қыздарға арнап мақал айт
Ә) Қыздарға сұрақ:
-
Ұлдарға қандай қылық жараспайды?
-
Ұлдарға арнап мақал айт
-
«Атадан жақсы ұл туса,елінің туы болады» дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?
Проблемалық жағдаяттар
-
Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан бір үлкен кі
сі шықты. Сен не істер едің?
-
Автобуста,қоғамдық орында егде адамдарды көргенде не істейсің?
-
Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
Қорытынды. Адамгершілік,имандылық пен инабаттылық туралы мағлұмат алдық.Егер сен бала күніңнен әдепті,иманды,жүрегі мейірімге толы бала бо лып өссең, есейе келе ата –анаңның,өз Отаныңның мақтанышы боласың.
Бекітемін:.................
Тақырыбы:Білгірлер отауы
Мақсаты:Білімділік: Қазақ тілі мен әдебиет пәні
бойынша алған білімдерін жүйелеп, өздік пікірлерін қалыптастыру,
өзіндік ойлау қабілеттерін қалыптастыру, теориялық білімдерін
практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Студенттердің
байқағыштық, тапқырлық, жылдамдық, ұтқырлық, ойлау қабілеттерін
дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Достыққа, бірлікке, бірін - бірі сыйлауға,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: цитаталар,
слайдтар
Түрі: сайыс сабағы
Мерзімі:1.03.2017ж.
Пайдаланылған әдебиеттер:Әдебиет,қазақ тілі, «Тарихи тұлғалар»
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
ІІ. Топтармен таныстыру
ІІІ. Білгірлер сайысы
- Қайырлы күн, құрметті көрермендер, сайысқа
қатысушылар!
Өздеріңізге белгілі, қазір бізде қазақ тілі онкүндігі жүріп жатыр. Міне, бүгін осы онкүндікке байланысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Білгірлер отауы» атты сыныптан тыс жұмыс өткелі отыр.
(мақсатымен
таныстырылады)
Қазақ тілі – өміріңде,
өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей, мемлекеттік тіліміздің
мәртебесін көтерер сендерсіңдер.
Біздің дана халқымызда «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір»,
«Білегіңе сенбе, біліміңе сен» деген нақыл сөздер бар. Олай болса,
сайысқа қатысушыларды қол соғып, қошеметтеп, ортаға
шақырайық. Олай болса сайысқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар.
Бүгінгі «Білгірлер отауы» атты білгірлер сайысында 11а,б
сынып оқушыларынан
құралған
Осы сайысты бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Өз тілінде сөйлеп өсті сан
ұрпақ,
Алар бақыт тәрбиесі ұлағат.
Білімділік – өз жұлдызың көктегі,
Озып шығу – әрбір жастың арманы – ақ,- дегендей, сайыскерлерімізге
сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы айналымын
бастаймыз.
Алғашқы айналым –
«Деректер»
(әр топ белгілі бір деректер бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтардың үш нұсқасы оқылады. Егер сұрақтың жауабын білсе,
бірінші боп телефон тетігін басқан топ жауап береді.)
Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан.
1. «Еңлік –Кебек» дастанында Кебек кездесетін балгердің атын
атаңыз?
а)Сабалақ в)Хасан с) Нысан
2. «Жетім қыз» поэмасының авторы
кім?
а) Айша в)Алмажан с) Хадиша
3. Көркем шығармадағы кейіпкердің сөзі, өзімен өзі сырласуы,
толғанысы қалай аталады?
а) диалог в) монолог с) эпилог
4. Әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген шешен?
а) Бөлтірік шешен в) Қанай шешен с) Жиренше шешен
5. «Абай жолы» роман-эпопеясы
неше кітаптан тұрады
а) 2 в)4 с) 6
6. Сөздердің дұрыс жазылуы жайлы ережелердің жиынтығы
а) орфоэпия в) орфография с) пунктуация
7. Қазақтың «Үш бәйтерегі» биыл
неше жасқа толып отыр.
а) 100 в) 110 с) 120
8. Арасынан қыл өтпеу тіркесінің мағынасы
а) өте тату в) жақын с) бірге туған
9. Мақалды толықтырыңыз: Ат
сүрінбей ... танымас.
а) көк в) жер с) ел
10. «Батыр Баян» поэмасындағы хан бейнесі
а) Жәңгір в) Абылай с) Уәли
11. Қобыланды батырдың атын
атаңыз?
а) Байшұбар в) Тайбурыл с) Құлагер
12. Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған білімпаз, тілші
ғалым
а) М. Қашқари в) Әбу Насыр әл - Фараби с) Ж. Баласағұни
13. Қызды ұзатқанда киетін бас
киім қалай атайды?
а) тақия в) қызыл
орамал с) сәукеле
14. Ноян қай шығарма кейіпкері?
а) «Батыр Баян» в) «Қалқаман - Мамыр» с) «Еңлік -
Кебек»
(ұпайлар есептеледі,
әділқазылар ұпай сандарын жариялайды)
- Оқу - білім - әр болашақ шуағы
Бейнеленген өшпейтұғын шырағы
Дариядай шалқып, тасқан мәңгілік
Білім, ғылым көкте биік тұрады,- дегендей
енді «Дәлелдер» деп аталатын келесі
сайысымызға кезек
берейік.
Бұл сайыста берілген
сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп, өз дәлелдерін айтады.
(Мұнда да кім жауапты білсе, бірінші боп телефон тетігін
басқан топ жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан)
1. Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар. (иә)
2. Етістіктің 4 шағы бар. (жоқ 3)
3. «Бақытсыз Жамал» романын М.Дулатов жазған. (иә)
4. Алғабас - Жамбылдың Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ұлының аты
ма? (жоқ, Алғадай)
5. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 5 - ке бөлінеді (жоқ, 4 -
ке)
6. «Диуани хикмет» Ахмет Йассауйдің еңбегі (иә)
7. Ұзатылар қызға беретін мүлік байғазы деп аталады (жоқ,
жасау)
8. Кереге басы мен шаңырақты ұштастыратын ағаш бақан деп аталады
(жоқ, уық)
9. Айтыс халық ауыз әдебиетіне жатады (иә)
10. Ш. Құдайбердіұлы Меккеге барды (иә)
11. Ұлдар атқа мінер кезде, нағашылары арнайы ер-тұрман сыйлаған
(иә)
12. Абайдың жеңгелері қойған есімі Телқозы деп аталады (жоқ,
Телғара)
13. Тіліміздегі жаңа ұғымды білдіретін сөздер - неологизмдер
(иә)
14. Абылайдың шын аты - Әбілқайыр (жоқ, Әбілмансұр)
(ұпайлар есептеледі, ұпайлар жарияланады)
- Арман бар ма балада ұғып өскен,
Ұстаз ойын қимылдан қыбыр еткен,
Ал біздің сайыскерлер табады енді
Қызықтарды осынау суреттерден,- дей келе, ендігі
кезекті «Бедерлер» айналымына
береміз.
(Мұнда да кім жауапты білсе, бірінші боп телефон тетігін басқан топ жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпайдан) Суретте қазақ ақын-жазушылары, сал-серілері суреттері бейнеленген, сіздер кім екендігін және мансабын айтуларыңыз қажет)
(ұпайлар есептеледі,
ұпайлар жарияланады)
Санамызға тәрбие боп берілсін,
Жүректерге білім болып егілсін.
Ұлттық мұра, дәстүрлердің бәрі де,
Жүректерден асып сөз боп
төгілсін.
Ендеше сайысымыздың келесі
бөліміне де кезек берейік.
Келесі айналым – «Зымыран сұрақтар»
(бұл айналымда әр топқа жеке - жеке 10 сұрақтан қойылады. Әуелі
жауап беру кезегі ұпайы көп топқа беріледі) . Әр жауап үшін 5 ұпай.
Уақыт шектеулі 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беріп үлгеру
керек.
I-топқа:
1. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
2. Түркістан қаласының ескі атауы. (Яссы)
3. Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын жай сөйлем
түрі. (хабарлы сөйлем)
4. «Мұнар күн» өлеңінің авторы кім?. (Махамбет)
5. «Бармағын тістеді» тіркесінің мағынасы. (алданды)
6. Н.Орманбетұлы қай облыста дүниеге келген?. (Қарағанды
облысы)
7. Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер. (антонимдер)
8. Біржан сал кімнің тәрбиесінде болды? (атасы)
9. Ш.Уәлиханов қай жылы қайтыс болды? (1865)
10. Даңғара, ұран, үскірік бұл ненің атаулары (музыкалық
аспаптар)
II-топқа:
1. А.Байтұрсынов қай жылы дүниеге келді? (1873 18 қаңтар)
2. Түркі елі киелі жер, екінші Мекке деп түсінген қала
(Түркістан)
3. «Қамар сұлу» романының авторы кім? (С.Торайғыров)
4. «Еңлік-Кебек» трагедиясы қай жылы сахналанды? ( 1917,
мамыр )
5. Ж. Аймауытов қай жерде дүниеге келді? ( Павлодар обл,
Баянауыл ауд)
6. Жамбыл пір тұтқан ақын (Сүйінбай)
7. Айтылуы бірдей, мағыналары басқа - басқа сөздер (омонимдер)
8. Аңыз бойынша Асанқайғы қайда дүние салған? (Ұлытауда)
9. «Мырқымбай» өлеңінің авторын ата? (Б.Майлин)
10. Жігіттің «үш жұртын» ата? (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын
жұрты)
(қазылар алқасы ұпайларын
есептеп, жеңімпаз топты
анықтайды)
Қорытындылау
- Сонымен бүгінгі білім сайысы да өз мәресіне жетті.
Білім - гаухар, бағасы жоқ.
Надандық - кесел, дауасы жоқ,- деген нақыл сөз әрқашан жадымызда
болып, бағасы жоқ байлықты өмірімізге серік етіп, дауасы жоқ
кеселден аулақ
болайық.
Бекітемін:.....................
Тақырыбы: Тарихи мұраны сақтау- біздің борышымыз
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға тарихи ескерткіштер жайында толық мағлұмат беру, ескерткіштердің түр-түрлерімен таныстыру, болашаққа аманат екенін түсіндіру;
Дамытушылық: Тарихи ескерткіштер жайында ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Сәулет ескеркіштері арқылы оқушыларды ұлтжандыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, Электронды слайдтар, даналық сөздер, Қожа Ахмет Йасауи ескеркіштердің суреттері, ескеркіштер туралы бейнеролик.
Түрі: Тәрбие сағаты
Мерзімі:1.02.2017ж.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Тарихи тұлғалар»,инциклопедия
Жүрісі: Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, бүгінгі біздің өтетін тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тарихи мұраны сақтау біздің борышымыз» деп аталады. Яғни бүгін сендермен біз тарихи ескерткіштердің түр-түрлерімен таныса отырып, толық мағлұмат аламыз.
- Балалар сендер қандай ескерткіщтерді білесіңдер?
- Ескеркіш дегеніміз не? (Ескерткіш–кең мағынасында — елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды).
- Егер білмесек қазір мен сендерді ескерткіштердің түр-түрлерімен таныстырып өтемін.
- Суреттер – адамның рухани мәдениеті мен дүниетанымынан ақпарат беретін қайнар көз. Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 ж. 5 шілдесінде ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді. Қожа Ахмет Ясауи – шамамен 1040 жылы (кей деректе 1103 немесе 1093, 1095) Сайрам (кейбір деректер бойынша Ясы) қаласында дүниеге келіп, 125 жыл жасаған Түркі әлеміндегі мұсылмандық дәстүрді орнықтырған ғұлама ұстаз. Әкесі –Ибраһим, анасы – Қарашаш ана. Йасауидің ата-анасының зияраттары Сайрамда. Деректерде Қ. А.Йасауидің Ибраһим атты ұлы мен Гаухар атты қызы болғаны айтылады.
-
1-слайд: Міне, Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің бейнесі.
-2 слайд: Бұл Алтын адам ескерткіші.«Алтын адам» ескерткіші - Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзені жағалауындағы сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін хайуанаттар нышанында жасалған. «Алтын адам» – бүгінде Қазақстанның азаттық символына айналды.
Бейнеролик: Ескеркіштер туралы бейнероликке назар аударып, көрелік.
VІІ. Ой ашар
- Ерлік туралы,батыр туралы мақал-мәтелдер айту.
1. Жаңбыр жауса-жер ырысы,
Батыр туса-ел ырысы.
2. Елдің атын-ер шығарар.
3. Ерді намыс өлтіреді.
4. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
5. Жүк ауырын нар көтерер, ел ауырын ер көтерер.
6. Ер – елдің қорғаны.
ІХ. Ой толғау . Мағынасын ашу
«Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі
мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін
қалпына келтіруді қамтамасыз ету керек.»
Н.Ә.Назарбаев
- Бәсекеге қабілетті дамып келе жатқан Қазақстанда әдебиет пен мәдениеттің жетістіктерінің әкелер пайдасы мен үлесі қандай деп ойлайсыңдар? (Ой бөлісеміз.талқылаймыз).
Х. Қорытынды- Әлемдік өркениет тарихынан ойып орын алатын, адамзат мәдениетінің аса құнды мұралары – көне түркі жазба ескерткіштері. Бүгінде әрқайсысы өз алдына іргелі ел болып, дүниежүзіндегі өркен жайып отырған түркі тектес халықтардың ортақ мұрасы болып табылатын бұл ескерткіштер біздің тарихымыздың терең тамыры болып қалмақ.Сондықтан да ескерткіштерді, мәдени мұра ретінде сақтау біздің борышымыз болып табылады. Бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Назарларына рахмет!
Бекітемін:.............
Тақырыбы: Өмір теңіз жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз
Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген
құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәні туралы ой
пікірлерін ортаға салу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей
білуге, бағалауға тәрбиелеу. Өмірден өз орындарын табуға,
айналасына қуаныш сыйлай білуге
үйрету.
Көрнекіліктер: өмір туралы өлең
шумақтары.(слайд
беттерінде)
Түрі: тәрбие сағаты
Мерзімі:22.02.2017ж.
Пайдаланылған әдебиеттер:ақпараттар құралдары
Жүрісі:
1.«Мен өзімді.... таныстырғым
келеді»
Оқушылар өздерінің атына сын есім немесе зат
есім қосып таныстыруы
керек.
Мысалы: «Мен жаңашыл Жамилямын»... Мен
суретші Сайынмын... т. б
2. Оқушыларға түрлі - түсті қағаздардан
жасалған фигура беріледі.
Сол берілген фигуралар бойынша оқушыларды
топқа отырғызу.
1. қызыл
(үшбұрыш)
2. жасыл (төрт
бұрыш)
3. Тақтадан бейнебаян көрсетіледі. Бәріміз
мұқият бейнебаянды
тамашалайық.
Мұғалім сөзі: Оқушылар бейнебаянда не
көрдіңдер? Қандай тақырыпқа
жазылған?
4. Сұрақтарға өз пікіріңді
білдір.
Өмір дегеніміз
не?
Өмір қаншалықты
қызық?
Өмір мәні
неде?
Өмір несімен
қымбат?
Сіздерден мәнді де, маңызы бар, әдемі оймен,
көркем тілмен өрнектелген
пікірлеріңізді
күтемін.
Әр топта отырған оқушылар өз пікірлерін
білдіреді. Тақырыптың
мазмұнын
ашады.
5. Топтас, ойлан,
талқыла.
Постер
қорғау
1 - топ Өмірде ешқашан оралмайтын 3
нәрсе.
2 - топ. Өмірде адамды құртатын 3
нәрсе.
Оқушыларға плакат беріледі, сурет салу арқылы
ойын жеткізеді.
6.
Қорытынды:
Шыдамдыны мына өмір
ұнатады,
Бірде қуантып, бірде
жылатады,
Сүріндіріп кейде сені
құлатады.
Жылатып тұрып
жұбатады
Дұшпандарға кейде сені
сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та
шыдатады,
мына өмір сендер үшін қымбат әлі,- демекші
өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия
шың.
Сол жолдан адаспай өтіп арман –
мақсаттарыңыздың орындалуын тілей отырып бүгінгі тәрбиелік
шарамызды «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнімен
аяқтайық.
Бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер
алдың?
Стиктерге жазып тілек білдіріп, тақтадағы
смайликтерге
жабыстырайық.
Құрметті мектеп бітіруші! Өзіңнің көңіліңнен
шығатын сауалды белгілеуіңді
сұраймыз.
1. Сен болашақ мамандығыңды дәл таңдадың
ба?
2. Таңдау себебі- материалдық қызығушылық
па?
3. Таңдаған мамандығыңда Сені ең алдымен
жұмыс процесі қызықтырады
ма?
4. Сен жұмыс (оқу) орнын оған достарың
барғандықтан таңдадың ба?
5. Сен жұмыс (оқу)орнын сенің үйіңе жақын
болғандықтан таңдадың ба?
6. Қалаған мамандығыңа қол жеткізе алмаған
жағдайда қосымша баламаң бар
ма?
7. Өзің таңдаған мамандық туралы
басылымдардан оқисың ба?
8. Таңдаған мамандығыңның зиянды тұстарын
білесің бе?
9. Кім болып істеген маңызды емес, маңыздысы
қалай жұмыс істеуде.
10. Сенің пікіріңше мамандықты таңдауды
ойламас бұрын куәлікті алу қажет
пе?
11. Сенде өзің таңдаған мамандыққа қажет
қандай сапалық көрсеткіштер
жетіспейді?
12. Кәсіби маңызды сапаларды дамытуда жұмыс
жасайсың ба?
13. Сен денсаулықтың мамандық таңдауға әсері
жоқ деп ойлайсың ба?
14. Мұғалімдер сен таңдаған мамандықты
құптайды ма?
15. Сен өзің таңдаған мамандықтың жағымсыз
тұстарын білесің бе?
16. Сен таңдаған мамандыққа жақын қызмет
түрінен сынақ жасап көрдің
бе?
17. Сен дәрігермен болашақ мамандықты таңдау
туралы кеңестің бе?
18. Мамандықты таңдауда маңыздысы-кәсіптік
оқу орнына түсу мүмкіндігі.
19. Сен өзің таңдаған оқу орнына түсу
шарттары туралы білесің бе?
20. Сен өзің таңдаған мамандық бойынша
жұмысқа тұру мүмкіндіктері туралы білесің
бе?
21. Сен туыстарыңның жұмысқа (оқуға түсуге)
орналасуда көмек беретініне сенімдісің
бе?
22. Өзің таңдаған мамандық өкілдерінің табысы
туралы білесің бе?
23. Егер өзің таңдаған оқу орнына түсе
алмасаң қайтадан түсуге талаптанасың
ба?
24. Мамандықты дұрыс таңдау үшін «қаладым»
деген сөз жеткілікті ме?
Алынған нұсқаларды төмендегіше екі бағанға
қойып шығыңыз.
1-
қатар-1,3,6,7,8,11,12,14,15,16,17,19,20,22,23- сұрақтарға «иә»
жауаптарыңыз жиынтығы.
2- қатар-2,4,5,9,10,13,18,21,22,23-сұрақтарға
«жоқ» жауаптарының
жиынтығы.
Алынған сандарды қосып, келесі шкала бойынша
оқушылардың мамандық таңдауға дайындық деңгейін
анықта:
0-6 ұпай- дайын
емес;
7-12 ұпай – төмен
дайындық;
13-18 ұпай-орта
дайындық;
19-24 ұпай – жоғары
дайындық.
Білім беру ұйымының мониторинг матрицасына
оқушылардың жалпы жауаптар санының есебінен пайыздық қатынаста
жалпы берілгендер
енгізіледі.
Ескертулер бағанына жауап берген оқушылар
санын енгізу қажет.
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы : Имандылық- жүрекке ұяласа
Бағыты Рухани-адамгершілік тәрбиесі
Түрі : тәрбие сағаты
Күні : 18.01.2017ж.ж.
Сыныбы :11 б
Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова
2016-2017 оқу жылы
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы : Тарихи мұрамызды сақтау –біздің борышымыз
Бағыты : Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие
Түрі : топтық жұмыс
Күні : 1.02.2017ж.
Сыныбы :11 б
Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова
2016-2017 оқу жылы
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы : Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз
Бағыты : Көпмәдениетті және көркем мәдениет тәрбиесі
Түрі : тәрбие сағаты
Күні : 22.02.2017ж.
Сыныбы :11 б
Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова
2016-2017 оқу жылы
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы : Білгірлер отауы
Бағыты : Зияткерлік тәрбие
Түрі : білім сайысы
Күні : 25.01.2017ж.
Сыныбы :11 б
Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова
2016-2017 оқу жылы
Тәрбие сағат тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»
Тәрбие сағаты мақсаты:
1. Дамытушылық: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Тәрбиелілік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Білімділік: Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев атты стендтер, Елбасының портреті, оқушылар шығармасы.
Түрі:ауызша журнал
Мерзімі:30.11.2016ж.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Тәуелсіздік толғауы»
Жүрісі:
2 жүргізуші
1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!
Бағдат
Ауыр күнді артымызға тастауы
– Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Әбілхайыр
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Назерке
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Көркем
Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,
Өзіңді әлемге айтып шаттанамын.
Қазағым жетті бүгін арманына,
Елбасым, айналайын, атқан таңым.
Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
1-жүргізуші
Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің,
Жылытып мына әлемді гүлдендірдің,
Төрткүл дүние әлемін дүр сілкінтіп,
Елімнің шығардыңыз биік үнін. – дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!
Ерназар
Елбасым ер жүректі ер мінезді,
Елімді айналдырған гүл күмбезге
Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасы,
Жарқыраған қазағымның күні емес пе?
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Думан
Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов)
Бүгінгі күн бізге оңайлықпен келген жоқ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.
2-жүргізуші
Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 23 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.
Мәншүк
Қазағымның жарқыратқан маңдайын,
Атсын таңдар күлімдеп сізге әрдайым
Қақтырған талай дүниенің таңдайын,
Мен мақтанамын Елбасыммен әрдайым
1-жүргізуші:
Елі құрмет тұтқан, Елағамыз, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.
Гүлжанат
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Гүлназ
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Медет
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
Ардақ
Елбасымыз - еліміздің тірегі,
Ел ертеңін үнемі ойлап жүреді.
…Бар қазақтың мақтанышы Астана,
Үлкен елдің, байтақ жердің жүрегі.
Бағдат
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
Гүлмаржан
Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін.
Әбілхайыр
Бар өмірін өз еліне арнады,
Мәңгілік елге айналдыру арманы.
Бейбіт елдің күн жүзеді көгінде,
Азаттығы қыран болып самғады.
2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
Әсем
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.
2-жүргізуші:
Н.Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
«Ұлы достықта».Онда Қазақстан Республикасының Президентінің шетелге сапарлары, әр түрлі елдердің басшылармен түскен суреттері орын алған.
Көркем
Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н.Ә.Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік. «Замандастар көзімен» Джордж Буш- АҚШ бұрынғы Президенті -Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды тартпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. АҚШ, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін! Ким Дэ Чжун- Корея Республикасының Президенті - Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр.
Ерназар
Әрбір ұлтқа бауырым деп қараған,
Татулықты зор жеңіс деп санаған.
Достық пенен сыйластықты ту етіп,
Халқыңүшінқашандағы бол аман
Көркем
Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді. Кофи Аннан- Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда- бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады.
Ботакөз
Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
Әсем
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Назерке
Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді.Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Оған дәлел жаңа ғана өздеріңіз тыңдаған «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндері. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.
1-жүргізуші:
Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген: «Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».
2-жүргізуші:
«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. БіздіңПрезидентімізНұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев осындайтұлға!
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
Тақырыбы : Елін сүйген Елбасы
Бағыты : Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие
Түрі : ауызша журнал
Күні : 30.11.2016ж.
Сыныбы :11 б
Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова
2016-2017 оқу жылы
Мамандық таңдауды анықтау үшін оқушыларға арналған сауалнама
Фамилиясы ....................................... Есімі...................................
Мектебі....................... Сыныбы............................. Жасы....................................
Толтырылған күні................. Мекен-жайы................................................................................
Нұсқау: сіздің ойыңызбен сәйкес келетін жауаптың астын сызып, керек жерінде
толықтырып отыруға болады
1. Сіздің сабаққа үлгеріміңіз қалай оқисыз? Үздік, жақсы, орташа, нашар
2. Қандай пәндерді ұнатасың?
3. Қандай пәндерді ұнатпайсың?
4. Қандай үйірмеге қатысасың? Театр, музыка, спорт, би, сурет салу, кесте тігу, мүсіндеу, биология, жас техник
5. Осы уақытқа дейін қандай үйірмеге қатысқан едің?
6. Сыныпта қандай қоғамдық тапсырмаларды орындап жүрсіз? Староста, физруг, т.б
7. Достарың көп пе? (көп, біреу, бірнеше)
8. Саған қандай кәсіп ұнайды?
9. Қандай әдебиет оқуға құштарсыз? (көркем, ғылыми-көпшілік, шытырман оқиға)!
10. Өз бойыңызда қандай қасиеттерді тәрбиелегіңіз келеді? (мақсаткерлік, еңбексүйгіштік, қажыр, қайрат, адалдық, батылдық)
11. Сізді мына мамандықтың, білімдердің қайсысы қызықтырады: жаратылыс-ғылыми (математика, физика, химия, биология, медицина, экономика, юридиция), гуманитарлық (әдебиет, журналистика, лингвистика, педагогика, психология), өнер (музыка, театр, бейнелеу, вокал, өнірістегі жұмыс).
12. Өзіңді қызықтырған қызмет немесе білім саласын меңгеру үшін не істеп жүрсің?
- ынта- ықыласқа сай оқу пәндерінен мінсіз оқып жүрсіз беБ
- қосымша әдебиеттер оқисыз ба? (ғылыми-көпшілік, ғылыми-техникалық)
- қызықтырған пін жөніндегі үйірмеге қатысасың ба? (қандай)
13. Бос уақытыңызда немен айналысасыз? (сурет салу, техникамен, шеберлік іс, спортпен шұғылдану, музыкалық аспапта ойнау, театрға, музейге, көрмеге, концертке бару, тоқу, киім тігу)
14. Қоғамдық жұмысқа қалай қатысып жүрсіз? (қатыспайсыз, тұрақта тапсырмаңыз бар), берілген тапсырманы соңына дейін орындайсыз ба?
15. Экскурсияға бардыңыз ба (қайда, қашан)
16. Өндіріс озаттарымен кездесулерде болдыңыз ба? (неше рет, қай кездесу бәрінен көп әсер етті)
17. Сен өзің үшін қандай кәсіпті және одан әрі оқу жолын таңдайсыз?
Негізгі ой-ниетіңіз.....................................................
Екінші ой-ниетіңіз....................................................
Қосымша ой-ниетіңіз...............................................
18. Қалауыңызға ата-анаңыз келісе ме?
19. Ата-анаңыздың ұсынысы қандай...................................