400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өмірлері өнегелі болған ұлы адамдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобының ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

тақырыбы: Өмірлері өнеге болған ұлы адамдар.

Мектеп/МДҰ:Абай атындағы мектеп гимназия


Күні:

педагогтің аты-жөні:Жакаева Замзагуль


сынып/топ:

Қатысқандар саны:

Болмағандар:

ҰоҚ-ның оқытылу

мақсаты

0.3.1.1. Тарихи тұлғалардың және белгілі батырлардың рөлін түсіндіру.


Күтілетін нәтиже









тілдік мақсат
















Өткен ҰоҚ-дан алған білімі

Барлық тәрбиеленушілер:

Өмірлері өнеге болған ұлы адамдар туралы біледі.


Көпшілік тәрбиеленушілер:

Абайдың «Адам болам десеңіз» өлеңін жатқа айтады, батырдың негізгі қару-жарағын атайды.


Кейбір тәрбиеленушілер:

Батырлардың атын атап береді және ерліктері жайлы әңгімелейді.

Ұлы Отан соғысының батырларын атайды.


тәрбиеленушілер:

Еліміздің әскері, батыр, ел қорғайтын, ержүрек жауынгерлері туралы айтып әңгімелеп береді. Қазақ батырлары мен тарихи тұлғалардың, ақын жазушылардың сөздерін жатқа айтады.

Көптілділік:

Батырлар – герои – нeroes


негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Тарихи тұлғалары, батырлары, ақын жазушылары.


Пікір алмасу сұрақтары.

Өнеге болған қандай ұлы адамдарды білесіңдер? Қалай ойлайсың, суретте не бейнеленген?

Батырлардың қасиеттерін сипаттап беріңдер? Оларға халық қалай қарайды?

Сен қандай батырларды білесің?


Қазақ халқының тұрмыс-салты және мәдениеті туралы.



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурстары

і. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.



(Ұ) шаттық шеңбері

Күлімде күн, күлімде, Жер жасарып көгерсін. Кешегідей бүгін де, Қанат қақсын көгершін.


іі. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.


(пт) педагог өнеге болған ұлы адамдар мен батырлар туралы айтады.

Қазақ халқында өмірлері өнеге болған адамдар көп болған. Олар: хандар, билер, ақындар, батырлар.

Әділ, ақылды хан ел басқарған. Билер халыққа ақыл айтып, дауларды шешіп отырған. Ақын, жыршылар халқымыздың өмірі туралы жыр шығарған.

Батыр – елі үшін жаумен соғысқан, ер жүрек, қайтпас қайсар, әділ және тапқыр адам. Сондықтан, қазақ халқында әрі батыл, өткір де тапқыр, қажырлы да қайратты адамға «батыр» деген құрметті атақ берілген.

«Батыр» атағы ешқашан мұраға қалдырылмаған, оған адам соғыс кезінде өзінің ерекше қасиеттері мен жеке ерліктері арқылы жеткен. Осындай ел басына

қиын-қыстау күн туған заманда есімі ел арасында кең тараған тұлғалар.

(пт, Ұ) сөздік жұмысы жүргізіледі.

Көптілділік:

Батырлар – герои – нeroes

  1. Педагог айтады.

  2. Балалар хормен қайталайды.

  3. Жеке-жеке қайталайды.

Интерактивтік тақта. Слайд арқылы көрсетіледі.

ҰоҚ-ның ортасы ііі. тақырып бойынша жұмыс.

(пт) педагогтің түсіндіруі:

Өмірлері ұрпақтарға өнеге болған адамдар көп. Өмірлері өнеге болатын адам көп. Олардың біреуі білімімен, біреуі ерлігімен еліміздің өркендеуіне еңбек сіңірді. Бүгін осындай адамдармен танысамыз. абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. Ол бала кезінен шешен, ертегі, әңгімелерді тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен көзге түскен. Оның өлеңдерін бүкіл дүниежүзінің адамдары оқиды. ыбырай алтынсарин (шын аты – Ибраһим) – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушысы. Қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан, балаларға арнап өлең, әңгіме, ертегілер жазған. «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңі жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырады.

шоқан уәлиханов шыңғысұлы – қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшы, суретші. Жерімізді картаға түсірді, тарихи ескерткіштердің тарихын, әдеби мұраларды зерттеп, көптеген еңбек қалдырды.

(Б, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма орындатылады. Педагог Абай Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңін мәнерлеп оқып береді.

Адам болам десеңіз, Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз, Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз.


Мағынасын түсіндіреді. Бес жаман – өсек айту, өтірік айту, мақтаншақтық, еріншектік, ысырапшылық екенін түсіндіру. Адам бойындағы бес жақсы – талап, ақыл- ой, қанағат, қайырымдылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді айту.


Тарихи тұлғалар. Алматыкітап баспасы, 2006 ж.

Ұлы тұлғалардың портреттері, слайдтар.












Әліппе-дәптер.



(пт) педагог тәрбиеленушілерге:

Батыр – әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр – елі, жері үшін жаумен соғысқан, ер жүрек, қайтпас қайсар, әділ және тапқыр адам.

Қазақ халқында ел қорғаған батырлар өте көп болған. Олар: Бөгенбай, Қабанбай және Наурызбай батырлар. Олар – Абылай хан тұсындағы батырлар. Қалмақ және қытай әскерлерінен жерімізді қорғаған.

Ал Абылай – Қазақ ордасындағы ұлы хан.

(Б, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 2-тапсырма: Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр туралы не білесіңдер? Әңгімелеп бер.

Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан, елі, жері үшін от кешкен батырлар – Бауыржан Момышұлы – Әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Халық қаһарманы, Әлия Молдағұлова – Кеңес Одағының батыры, Мәншүк Мәметова – Кеңес Одағының батыры, Рақымжан Қошқарбаев – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ батыры, Халық қаһарманы, Қасым Қайсенов – Қазақ батыры, жазушы, Халық қаһарманы, Хиуаз Доспанова – ұшқыш, Халық қаһарманы, Талғат Бигелдинов – ұшқыш, Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры.

Елін сүйген әрбір адамның ерлік жасауы, өз борышының өтеуі болып, оның халық алдындағы қадір-қасиетін арттырады.

Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз – бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын!

Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім, алып өз жеріміздің патриоттары болайық.

Тәрбиеші: Балалар, біздің шегараны кім қорғайды?

Балалар: Солдаттар. Шегарада солдат тұр, Ел бақытын қорғап тұр. Көңілденсін ағалар,

Амандық хат жолдап тұр.

Балалар, жер шары балаларының тілегі не?

  • Бейбітшілік болсын!

  • Соғыс болмасын!

  • Достық болсын!

  • Адамдар бір-бірімен тату, дос болсын!

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен.

Абылай ханның портреті. Батырлардың портреті.













Рейхстагқа ту тіккен кім?

Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнетаспа көрейік

Өр тұлғалы, келбетті. Қошқарбаев Рақымжан Сын сағатты ерлепті.

Ел сүйсінген батыржан Арпалысып ел күнде Аңсап талай жыл күткен. Жеңіс күні Берлинде Рейхстагқа ту тіккен!

(Ұ) Сергіту сәті:

Бұл шақта, бұл шақта Кішкентаймыз қазір біз. Кішкентай болсақ та

Ел қорғауға әзірміз.

(Ө, т) 3-тапсырма: Батырлардың құрал- саймандарын бояуға көмектеседі.

Жеке жұмыс жүргізу. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіру.










Әліппе-дәптер.

іV ҰоҚ

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап

Әліппе-дәптер,

қорытындысы.

рефлексиялық

қорыту.

Балалардан қалқанды кез келген түсті қарындашпен

түрлі түсті қарындаштар.

түзету.

бояуын сұраңыз:



  • ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;



  • түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары



қарындашпен;



  • бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –



жасыл қарындашпен.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
2469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі