Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өмірлерін жеткіншекке арнаған,ұстаздарды ардақтайды барша жан"ұстаздарға арналған кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар күніне арналған мерекелік кештерді жүргізуге көмегі тиіп қалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Өмірлерін жеткіншекке арнаған,ұстаздарды ардақтайды барша жан" атты ұстаздарға арналған кеш

Қош келдіңіздер,қымбатты ұжымдастар-ұстаздар!!!

Сіздердің егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер өскелең жас ұрпаққа өрелі білім мен өнегелі тәрбие беру жолында атқарып жатқан еңбектеріңізге табыс тілей отырып,бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Кешімізді бастамас бұрын марапаттау рәсіміне кезек береміз.Құланды орта мектебінің директоры Муханов Житек ағайға соз кезегін береміз.

2012-2013 оқу жылында күткен үміттеріңіз бен тілектеріңізді талапты шәкірттеріңіз ақтап,жоғарғы жетістіктерге жете беріңіздер!Отбасыларыңызға амандық,дендеріңізге саулық,көңілдеріңізге қуаныш тілейміз.Төл мерекелеріңіз құтты болсын!-дей отырып бүгінгі кешімізді ашу салтанатын ардақты ұстаз,ардагер ұстаз ИФМ бірлестігінің жетекшісі Ахмет Нұрсәуле апайымызға береміз.

Кешіміз қызықты өту үшін барлығымыз ат салысып отырайық.Ол үшін математикалық жетон таратамыз,сол жетондар бойынша сөз кезегін береміз.

Попури ИФМ триосы:

Ұстаздар,қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар-деп 1 деген жетон алған мырзалар мен ханымдарға сөз береміз.

1-саны адам өмірін басқаратын,әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі,жасампаздың саны.Қандай да бір құбылыстың,тіршіліктің, әлем жаратылыстың бастауын білдіреді.1 саны шыршамен теңестіріледі.Баяу болсада басқалардан биік, көркем болып өсіп , ұзақ жыл сақталып,кез келгеннің көзіне жоғарыдан,алыстан ақ ілінеді.

Демейді қабақ шытып жалғыз қалдым ,

Боп алды Менделеев,Чарльз Дарвин

Географта боп журеді ол арасында

Биік тау,шың,құздардың

Көңілде шуақ,көзінде ойнап шаттығы

Алыста қалды-ау жалындап өткен жастығы

Қырандай баптап баласын берді талайдың

Ақ қырау басты -ау ұстаздың екі самайын.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,

Сөз берейік құрметпенен өзіңізге,

Мерекеге арналсын тілегіңіз.

Еңдегіңіз еленіп тасып жатыр

Қалаулы деп халқыңыз танып жатыр,

Құрметпенен ұсындық сөзді сізді,

Ақтарылып көріңіз ағыңыздан- деп сөзді ұстаздардың ұстазы ардагер ұстаз Шолпан апайға береміз.

Өмірлерін жеткіншекке арнаған,

Мұғалімді ардақтайды барша жан.

Мектепте емес жүрсе-дағы жырақта

Еңбектерін ұмытпаймыз әрқашан ,-деп ауыл әкімі Төкенов Санат мырзаға сөз береміз.

(Райисова Шолпан апайды марапаттау)

Өзіңізбен әрдайым ұстаз біргеміз,

Қай кезде де ажыраған жоқ іргеміз.

Немерелердің шуына толсын шаңырақ

Ақ жүрекпенен тілейміз тілек сізге біз,-деп ұжымдастар атынан марапаттау табыс етілді.

(Ойын ойналады)

Ертеде ағылшындар елінде шәкірті ұстазын қадір тұтса,сол шәкірті өз ұстазына алма сыйлаған.Содан бері сан ғасырлар өтті,алма мен кітап "Қадірлі ұстаз"символына айналды.Ойын жеңімпазын меркеңізбен құттықтап алма мен кітап сыйлаймыз.Қабыл алыңыз!

Сұрақ:Адамзат не нәрсені бекер ойлап тапқан?

Әрқашан ойлаған ойларыңыз дөңгеленіп орындала берсін.

ӘН:

II.Жанарыңда жалын ойнап ,

Гүлге орансын маңайың.

Жас ұрпақтың қамын ойлап,

Болашаққа самғай бер

Келесі сөз кезегін алтын балық алған азаматтар мен азаматшаларға береміз.

Сұрақ:-Ертегідегідей алтын балық ұстап алсаңыз,қандай үш тілегіңізді айтар едіңіз?

Ертегідегідей армандарыңыз орындала берсін

Сұрақ: Сөмкеңізде міндетті түрде болатын 3 зат

Ойын:"Угадай мелодию" 3-4 нота ойналады ,мұқият тыңдап қандай әннің музыкасы екенін табамыз және осы музыкаға билейміз.

III. Ұстазым ұйытқысы өзіңсің ұлылықтың,

Жаныңмен шәкірттердің сырын ұқтың.

Адамды абзалдыққа жетелейтін,

Жүрегіңнен өмірдің жырын ұқтым-деп үшбұрыш жетон алғандар бүгінгі ұстаздар мерекесіне арнап өз тілектеріңізді білдірсеңіз.

Жалпы түркі халықтарында,соның ішінде қазақ халқында 3 саны қасиетті боп есептеледі.Аптаның 3- күні сәтті күн.3 саны өткеннің,осы шақтың,келешектің символы.

Сұрақ:Өзіңізді 3 жақсы сөзбен қалай сипаттар едіңіз?

Ойын:"Ұстаз" сөзін талдап берсеңіз.

IV. 4 саны қазақта 4 құбыласы сай,"алтау ала болса ,ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді"деп бекер айтылмаса керек.Бұл сан тұрақтылық пен беріктік,әділдіктің белгісі болған.Төртбұрыш жетон алған ханымдар мен мырзалар сөз кезегі өзіңізде

Сұрақ:Қоя алмай жүрген әдетіңіз?

V.5 саны жоғарыда айтылған төрт бастаманың ортасында орналасып,жан-жағын басқарып тұрады.5 саны күшті,белсенді де сабырлы және биіктен көрінер сан болып есептелінеді.Сондықтан оны белеске теңейді.Бес бұрыш алған топқа сөз кезегін береміз.

Сұрақ:Өмірде қандай қанатты сөз сізге күш береді?

Ойын:Смайлик бүгінгі кештегі көңіл-күйіңізді білдірсеңіз.

Бүгінгі кешіміздің қортынды сөзі мектебіміздің ТЖО Қайнарбайқызы Оңайкүл апайға береміз.

Өмір тәтті,өмір деген шырын гүл

Тілек деген жүректегі діріл бір,

Оқушыға білім нәрін бересіз,

Болашағы болмау үшін бұлыңғыр.

Көңілдерің жайнап тұрған бау болсын,

Білім теңіз,еңбегің ерен тау болсын.

Шәкірт үшін аямайтын бар жанын,

Ұстаздарым дендеріңіз сау болсын,-деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
587
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі