Материалдар / Өмірлік қиын жағдайлардың алдын алу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өмірлік қиын жағдайлардың алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Дөңгелек үстел
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2019
1145
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

№ 35 «Болашақ» жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Дөңгелек үстелТақырыбы: «Өмірлік қиын жағдайлардың алдын алу»















Педагог-психолог: Сейтханова Жадыра Амирхановна







2018-2019 оқу жылы

Тақырыбы: «Өмірлік қиын жағдайлардың алдын алу»Мақсаты:1. Өмірге деген бейімділігін, табандылық, қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру; 2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын-алу; 3. Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру; 4. Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу; Міндеттері:- Өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру; - Оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның арасын ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету; - Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу;Адам күліп қарсы алады таң нұрын, Адам жырлап жөнелтеді әр күнін. Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,Дүниенің кеңдігі мен тарлығын. Адам күліп қарсы алады таң нұрын, Адам жырлап ұзартады әр күнін.Сәл қуанса, шығарады ол естен, Дүниенің кеңдігі мен тарлығын. Тұманбай МолдағалиевПсихолог сөзі: Өмір дегеніміз – адам баласын туған күннен бастап, осы күнге дейін жүрген жолы... Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда, осынау сөзде қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың” деген екен. Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз. Олай болса, Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін!
  • 1.”Сыйлық“ жаттығуы
  • Мақсаты:
  • сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір-бірін түсінісуге, тұлғааралық қарым-қатынастың маңызды сапаларын ашу.
  • Бір адам сыйлықты ым-ишарамен көрсетіп, оны орай бастайды. Ол оны орап болып, қасындағыға сыйлайды, екіншісі оны ашып көріп, өзі жаңа сыйлық орап дайындап ары қарай жалғайды.
  • Барлығы сыйлық алып болған соң, кім не алғанын автордың ойлағанымен сәйкес келді ме соны талқылайды.
  • 2.Жағдаяттарды талқылау:
  • Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүруге жағдай жоқ, қара нан мен қара шәйдің өзін талғажау етеді.
  • Осы жасөспірімге қалай көмектесер едіңіздер?
  • Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап-күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалған жасөспірім.
  • Әкесі бизнесмен. Шалқыған бай. Ол жасөспірімде бәрі бар. Бірақ, өзін бақытсыз сезінеді. Достары да аз, ата-ананың жылулығы жоқ.
  • Бұл байлықтан шаршаған.
  • Қандай кеңес берер едіңіз?
  • 3.“Бақа” мысалы
  • Бірде бақа ауыл жолындағы жаман шалшық суға түсіп кетіп, содан шыға алмай қалды. Достары да шығаруға көмектесті, дегенмен ешқандай нәтижесіз болды. Олар мүмкін болатын барлық жағдайды жасады. Кеш батқан соң, достары әбден шаршап, оны тағдырыңнан көресің деп тастап кетті. Келесі күні достары оны өліп қалған шығар деп келсе, бақа әдеттегідей секіріп жүр екен. Таңданған достары не болғанын сұрайды, сонда бақа былай депті:
  • - Жай ғана, жүк мәшинесі жақындап келгенде, мен ол жерден шығуым қажет болды.
  • 4. Пікірталас сұрақтары
  • Өмір дегенді қалай түсінесіздер?
  • 2. Өмірдің мәні неде деп ойлайсыздар?
  • 3. Өмір адамға несімен қымбат?
  • Сергіту сәті
  • “Басқарушы” ойыны
  • Қатысушылар арасынан бір адам ойын біткенше есіктің сыртында шақырғанша күтіп тұрады.
  • 2. Көілді музыка қойылады.
  • 3. Басқарушының қимыл-әрекетін қайталау арқылы басқалары билейді.
  • 4. Ойынды тоқтатып, есік сыртындағы қатысушыны шақырып, кім басқарушы екенін сұрайды?
  • Өмір деген тұрмайды қап-қарадан.
  • Өмір деген тұрады: Таң мен Кештен,
  • Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
  • Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге,
  • Адамдар Армен келіп, Армен көшкен.
  • Өмір деген екі өзен: мұң-қуаныш,
  • Толқыны: Шындық-Жалған, Күлкі-Намыс.
  • Бір таяздап, өмірде бір тереңдеп,
  • Бір лайланып, өмірде бір тұнамыз.
  • Күн десең де, тірлікті түн десең де,
  • Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,
  • Жолында жолығатын қос тағдыр бар:
  • Жусан-Жантақ, Гүл-Тікен, Гүл мен шеңгел.
  • Өмір дәмі, екі дәм:Ащы-тәтті,
  • Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ-Қатты.
  • Жолында жолығатын екі тағдыр,
  • Күтеді Адам үшін сын сағатты.
  • Өмір дәмі – екі дәм: Улы – уысыз,
  • Тірлік татып жатады шулы-шусыз.
  • Кез-келіп тағдырына келеді Адам,
  • Жұмыр Жер құрлығында сулы-сусыз.
  • Қолға түспес дүние жұрт таласқан,
  • Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан.
  • Сезінер жүрегімен, жанымен,
  • Өмір әр кез ашық Күн, Бұлт та басқан.
  • Өмір деген тұрмайды: Қап-қарадан,
  • Өмір деген тұрады: Ақ-Қарадан,
  • Ақ-қара, екі арасын ашып өтіп,
  • Арымен өз бақытын тапқан адам!
  • “ Күлкі сурет” ойыны
  • Мақсаты : Баланың өзіне сенімділігін арттыру, өзіндік бағалауын көтеру.
  • Бір түзу сызықтың бойына қатарласып тұрамыз.Жүргізуші бірінші баланың көзін орамалмен байлап, қағаздың алдына алып келіп, қолына фломастер береді. Қазір бәріміз тасбақа немесе қоянның суретін саламыз.Балалар кезекпен келіп,суретті әрі қарай жалғастырады. Өте күлкілі сурет пайда болады.
  • Ең бастысы адамдарды сыйлай білу, сүйе білу керек. Қайырымды болу – еліне, адам баласына, табиғатқа деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға кәсіби бейімділігіңіз болсын. Әрдайым баланың пікірін, не қажет екенін тыңдай біліңіз, оған ерік беріңіз, бала айтпай-ақ білетін көреген болыңыз. Шыдамды, сабырлы, ақылды болыңыз. Баланың қателігін көре тұра, оған сенетініңізді көрсетіңіз. Әрдайым күлімдеп қасында бірге екеніңізді білдіріңіз.
  • Сенімділік жақсы қасиет дегендеріңіз қол соғайық.
  • Кешірімді боламын дегендеріңіз орнымыздан тұрайық.
  • Сыпайылық, ізеттілік жақсы қасиет дегендеріңіз отырыңыздар
  • Бүгінгі сабақ ұнаса, бір – бірімізге мейіріммен қарайық!
  • Қорытынды
  • “Жүректен-жүрекке”
  • Міне, өмір, бақыт дегеннің не екенін талдадық. Олай болса “Адам боп оңай туғанмен, Адам боп қалу көп қиын” деп Қадыр Мырзалиев айтқандай сіздер бүгінгі сабақтан
  • не түйдіңіздер?
  •  Олай болса сіздерді мына ұранмен өмір сүруге шақырамыз:
  • Біз өмірді сүйеміз!
  • Бақытты өмір сүреміз!
  • Біз бәріміз біргеміз!
  •  
  • Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!