Материалдар / "Өмірлік құндылықтар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өмірлік құндылықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы : Өмірлік құндылықтар Мақсаты: Өмірде адам өзі байқамайтын құндылықтарды бағалау. Таңдау қабілетін, өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту, пікірін анықтау және негіздеп айта білу. 1. Амандасу. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Сәлем сөздін анасы – демекші бір –бірімізбен амандасайық. Қазыр біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір – бірлеріңізбен амандасыңыздар. Сонымен, көзбен..., қолмен..., иықпен..., құлақпен..., тіземен..., иекпен..., өкшемен..., арқамен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2574
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы : Өмірлік құндылықтар

Мақсаты: Өмірде адам өзі байқамайтын құндылықтарды бағалау. Таңдау қабілетін, өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту, пікірін анықтау және негіздеп айта білу.

  1. Амандасу.

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Сәлем сөздін анасы – демекші бір –бірімізбен амандасайық. Қазыр біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір – бірлеріңізбен амандасыңыздар. Сонымен, көзбен..., қолмен..., иықпен..., құлақпен..., тіземен..., иекпен..., өкшемен..., арқамен.

Бәріміз бір- біріміздің қолымыздан ұстап, жылуымызды сезінейік. Енді бәріміз сағат тілімен көршіміздің құнды қасиеттері айтайық.

Кері байланыс:

Көңіл –күйлеріңіз қалай?

Өздеріңізді қалай сезінесіздер?

Біз жұмысқа кірісе берсек бола ма?

«Ұжымдық портрет»

Қатысушылар жартылай дөңгелек құрып отырады. Мұғалім сол жақ шетте отырған қатысушыларға ватман береді, оған өміріне риза адамның суретін салып, қасындағы көршісіне береді. Ол көршісі сол суретті толықтырып, жанындағы адамға береді. Ал оң жақ шеттегі қатысушыға өміріне риза емес адамның суретін салу тапсырылады. Ол көршісіне сурет салған ватманды береді. Осы тәртіппен ойынға қатысушылар өмірге риза және риза емес адамның суретін салуды жалғастырылады. Жұмыстан аяғына ұжымдық екі портретті олар тақтаға іледі.

Кері байланыс:

Сіздерге қай портрет ұнады?

Портретті салуда қандай қиындықтар болды және қай портретте?

Қай портрет жағымды?

«Ия» жаттығу.

Мақсаты: мазасыздану деңгейін тыныштандыру және төмендету.

Ұзақтығы: 10 минут.

Мәтіні: Көздерінізді жұмыңыздар, өздеріңізді орманда жүрмін деп елестетіңдер, жапырақ исін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар....... Қыдырып жүріп үңгірге жақындаңдар, қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезініп көрініздер....... Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап..........Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс......... Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш, өзіңе ыңғайлы оорынға отырып тыныштықпен үйлесімге кел............ Бүкіл айнала сіздің денеңізді бастан аяқ толтырсын........ «ия» деген сөз барлық әсерге енсін, осы сөзбен сіздің жаман көңіл – күйіңіз кетсін. Ия, менің тамаша бүгінім мен ертеңім!!!!! Ішінізден күлкіні сезініңіз. Өз өткеніңізге, бүгінгі күніңізге,ертеңгі күніңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі өте майда, жұқа, жаңа ашылған раушан гүлі сияқты. Ол сіздің ішіңізде ашылып, бүкіл денеңізге хош иіс таратады. Өзіңізге айтыңыз « мен бақытты , сабырлы болғым келеді...... Мен бақытты адамын.» ...... Орманың әсемдігіне бір көз жүгіртіп , біздің кобинетімізге оралыңыз. Көздеріңізді жайлап ашыныздар.



Кері байланыс:

Өздеріңізді қалай сезінесіздер?

Көңіл –күйлеріңіз қалай?

Елестете алдыңыздар ма?

Қаңдай әсер алдыңыздар?



«Құндылықтар аукционы» ойыны.

Ойын шарты: Мен жүргізуші, сіздер аукциондағы сатып алушылар боласыздар. Аукционға өмірлік құндылықтар қойылатынын хабарлайды. Барлық қатысушыларға «ақша» таратылады, аукцион ережесіне сай бастапқы баға белгіленіп , кімнін одан артық төлейтіні жарияланып отырады.

Аукциондағы құндылықтарды өзінізде бар өнерлеріңізге ауыстыруыңызға болады.







Құндылықтар тізімі: Енді бастаймыз, аукционға қойлатын алғашқы құндылығымыз Алғашқы баға 100 евро



  • Денсаулық

  • Қызықты жұмыс

  • Әлеуметтік жетістік.

  • Достық.

  • Даналық.

  • Махаббат.

  • Тәрбиелі, әдемі ,ақылды балалар.

  • Тәуелсіздік.

  • Мансап ( белгілі бір дәрежеге жету)

  • Таза табиғат.

  • Әлемдегі бейбітшілік.

  • Ата – ананың денсаулығы.

  • Сәттілік.

  • БАҚЫТ.

Алған құндылықтарыңыз құтты болсын. Әр қашан сіздемен бірге болсын.

Кері байланыс:

  • Көңіл – күйлеріңіз қандай?

  • Қандай әсер алдыңыздар?

  • Неге бұл құндылықты таңдадыңыз?

Релаксация: Қатысушылар «жүрек» ойыншықты бір – біріне беріп осы кездесуден алған әсерлерін айта отырып, жылы тіліктер тілейді.



Қорытынды : Кездесу барысында жас мамандар өздерін еркін ұстап, ойларын ашық жеткізе білді. Ойындарға белсене қатысып, алған әсерлерімен бөлісті. Осындай кездесулердің жиі болғанын қалайтыңдарын білдіріп, бір –бірімен жақынырақ танысты . Бәрі бір серігіп, жақсы көңіл –күймен қайтты.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!