жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өмірлік ұстаным
Мұғалім – бүгінгі оқушы,ертеңгі қоғамның , елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы осында деп түсінген дұрыс. «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген, бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да, зерек, қанағатшыл, жаны таза, әділ білімге құштар, батыл болуы керек» -деп әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса,бәсекеге қабілетті, шебер ұстаз болу - заман талабы. Білім сапасын көтерудің тетігі- білімді ұстаз қолында. Ия, білім беру ұйымының басшысы инновациялық басқару жағдайында кәсіби қалыптасудың жоғарғы дәрежесіне жеткен, өз кәсіби міндеттерін қою және оларды өз көзқарастары мен ұстанымына сәйкес шешу қабілетіне шебер болуы тиіс деп ойлаймын. Қазіргі таңдағы, білім жетілдіру курсынан алғаным мен түйгенім өте көп. Басшылар білімді жетілдіру стратегияларын, мазмұнын, формаларын, әдістерін, технологияларын,басқару негіздерін, әртүрлі басқару стильдерін талдай және шеше білуі тиіс. Барлық кәсіби атқарымдарды меңгеру және жетілдіру үздіксіз білім алу барысында іске асырылады деп ойлаймын. Басқарушы кадрларды даярлау мен біліктілікті артырудың ,курстардың, семинарлардың практикалық бағдарламаларын басшы меңгеруі тиіс барынша өзекті. Курс барысында , тиімді білім беру ортасы, ең алдымен басшылардың көшбасшылығымен сипатталатынын түсіндім. Ол үшін мектептің даму кезеңдерін жоспарладым. Яғни, мектептің даму командасын құру, деректерді талдау, жетістік өлшемдерін енгізу керек деп ойлаймын. «Бетпе -бет» кезеңдерінде коучингтің тақырыбы, мақсаты,нақты күтілетін нәтижелері жоспарланып өту керектігін түсіндім. Мектептің стратегиялық бағыттарын жүзеге асырудың жолдарын түсіндім. Мұғалімдермен жұмыс кезінде коучингқа қатысу тартылды, бағалау түрлері, топтағы жұмыс,сыни ойлау, сындарлы бағалау, сабақтың барлық кезеңіндегі рефлекцияны бақыладым. LESSON STADU сабақты зерттеу әдісі тиімді, негізгі тәсілдердің бірі. Бұл әдісте мұғалімдер бірлесіп, сабақ жоспарын құруы, сабақтан кейінгі талдау, талқылау, қайта жоспарлау тиімділігі. Сабақ мақсаты бұрынғыдай тек мұғалім әрекетін бақылау емес, керісінше сабақта қолданылған әдіс –тәсілді, оқушыны зерттеу арқылы сабақты жақсарту керектігі анық.
Бағдарламаның басты маңызды идеясының бірі қоғамдастықты құру. Сондай қауымдастық –ата –аналар. Ата –аналар –тәрбие және оқыту мәселелері бойынша мектептің кеңесшілері. Ата –аналар формативтік және сындарлы бағалау түрлері туралы біледі, өз балаларының көңіл күй суреттерін оқиды. Мектептен тыс іс –шараларға қатысады.
Білімді ұрпақ – ұлт болашағының жемісі. Дана халқымыз: « Бала –артта қалған із» - деп тегіннен тегін айтпаса керекті. Сол үшін де «баланың үнін» , яғни «оқушы үнін» тыңдау да абзал. Сонда ғана нәтижеге жетеріміз анық. Ұлт азбасын, ұрпақ тозбасын! Білім кемесі ешқашан артта қалмасын!
Түсінік хат
Егеменді ел азаматын тәрбиелеудегі тіл мамандарының бірден бір алдына қойған міндеті – оқушыны тіл мәдениетіне байланысты теориялық білім бере отырып, оны өмірде орынды қолдана білуге баулу болып табылады.
Тіл мәдениетін қалыптастырудың жолы – тілдің халықтық қасиетін ауыз әдебиеті үлгілері, көркем әдебиеті арқылы бала бойынша сіңіру. Оқыған шығармасы бойынша ойын көркем етіп жеткізуге білу де-тіл мәдениетін меңгерудің бірден бір шарты. Әрбір оқушы өз халқының,ана тілінің мұрагері болуға тиісті. Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін — өнердің өнері, «Өнер алды — қызыл тіл» деп бағалаған. Асылы, жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да жүйелі сөзге бас иген, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен теңестірген бір халық болса, ол қазақ халқы болар.
Жаңадан «тіл мәдениеті», «сөйлеу мәдениеті» деген күрделі ұғым-түсініктер пайда болды, кейін оның арнасы кеңейіп, өзіндік бір мақсаты бар жеке ғылымға айналды. «Тіл мәдениеті» дегеніміз мағыналық өрісі кең дүние.
Қысқасы, санай берсек, сөздің беретін ұғымы өте кең. Сондықтан «тіл мәдениеті» дегенді — «сөйлеу мәдениеті», «сөз мәдениеті» деп те айта береміз. Сөз — тілдің қолданыстағы көрінісі болса, «тіл мәдениеті» тілдің жеке элементтерін, тұлға-тәсілдерін, оның тәжірибе елегінен өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданған заңдылықтарына сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. «Тіл мәдениеті» — тілдің фонетиканың нормаларын бұлжытпай сақтау ғана емес, айтайын деген ойымызды тыңдаушыға жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп-тегіс жұмыр келген», әсерлі ұғымды дәл жеткізу жайын қамтиды.
Тіл мәдениеті — тілдік нормаларының, тіл тәсілдерінің жетіп, ширап даму дәрежесі. Тіл мәдениеті негізінен сөзді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Сөйлеу коммуникативтік қызмет атқарумен қатар, адамның ішкі өмірінің рухани байлығын жарыққа шығарып, жан сарайын танытады
Мақсаты:
Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас
құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру;
оқушылар¬дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза
білуге жол
ашу.
Тәрбиелік
мақсаттар: оқушылардың
тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру;
тілдің адам қоғамымен бірге жасасып,
өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті
қарым-қатынас құралы болатындығын
түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына
жасалып отырған жағдай қазақ тіліне
мемлекеттік дәреже беру актісімен
дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру,
көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр
сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі
сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап,
еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар
арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың
танымдық қабілеттерін дамыту: ана
тіліне деген қызығушылықты арттыру;
оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық,
ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына
жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы
өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету;
тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты,
жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен
тіл фактілерін талдау іскерлігін
қалыптастыру.
Міндеті:
Сөз адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, байыптылығын, ақыл-парасатын көрсететінін ұғындыру
Сөйлеу мәдениетіне қай уақытта болса да ерекше мән бергенін, қай халық болса да қатты бағалағанын түсіндіру
Сөйлеу мәдениеті сөйлеуші адамның ішкі жан дүниесінің тазалығына да, сөз өнеріне де қатыстылығын ескере білу
Сөзге шешен адам мәдениетті әрі шебер сөйлей білу керек екеніне түсінік беру. Мәдениетті, ой-өрісі жоғары, өмірге сенімді, адал адамдардың сөйлеу тілі де жоғары болуға тиістілігін аңғарту
Тіл — адамның ішкі жан дүниесінің айнасы екенін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже:
7 – сынып оқулығы бойынша берілетін лексикалық тақырыптар бойынша білімдерін дамыту.
Тіл мәдениетін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған оқушы
Ұлттық мәдениетін құрметтей білетін, рухани адамгершілігі мол, отансүйгіш азаматы
Білім – білік дағдылары
Лексикалық нормаларды білу.
Жалпы халыққа бірдей жиі қолданылатын сөздері тануы;
Қосымшаларды таңдап, талғай жалғай білуі;
Сөйлем мүшелерін орнымен қолдана алуы;
Сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін білуі;
Сөздердің байланысу тәсілдерін білуі;
Сөздердің байланысу түрлерінің (қиысу, матасу, меңгеру қабысу, жанасу) бір-бірінен ерекшелігін білуі.
Тіл мәдениеті «Тілдің көркі -сөз» факультатив
бағдарламасының мазмұны
Тіл мәдениеті туралы түсінік. (1 сағат)
Тіл және сөйлеу. (1 сағат)
Ауызша сөйлеу мәдениеті. (1 сағат)
Сөйлеу мәдениеті. (1 сағат)
Тіл ұстарту. Зат есім. (1 сағат)
Әдеп. (1 сағат)
Деңгейлік тапсырмалар арқылы зат есімді пысықтау. (1 сағат)
Өнер алды- қызыл тіл. (1 сағат)
Мазмұндама: Қарлығаштар қайтқанда. (1 сағат)
Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту. (1 сағат)
«Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті.» ( 1 сағат)
«Әдептілік, ар — ұят — адамдықтың белгісі.» (1 сағат)
Жұмбақтар, жаңылтпаштар. (1 сағат)
Мәтіндік тапсырмалар (1 сағат)
Салалас құрмалас сөйлемдерге деңгейлік тапсырмалар. (1 сағат)
Синонимдер мен антонимдер. (жарыс ойыны) (1 сағат)
Мәтіндік тапсырмалар (1 сағат)
Достық» іскерлік ойын (1 сағат)
«Достық қымбат өмірде»тренинг сабақ (1 сағат)
Мазмұндама: «Бейтаныс бала» (1 сағат)
Отбасы құндылығы (1 сағат)
Деңгейлік тапсырмалар арқылы сын есімді пысықтау. (1 сағат)
Адамгершілік. (1 сағат)
Шығармашылық диктант. (1 сағат)
«Қазыбек би мен Бұқар жырау.» (1 сағат)
« Еңбек етсең емерсің.» (1 сағат)
Сан есімге тіл ұстарту. (1 сағат)
Сын есімге мәтіндік тапсырмалар. (1 сағат)
«Қазақ халқының киелі сандары.» (1 сағат)
«Табиғат таң қаламын тамашаңа.» (1 сағат)
Мазмұндама : «Әкемнің әңгімесі» (1 сағат)
Мұқағали өлеңдері (1 сағат)
«Мемлекеттік тіл- менің тілім». (1 сағат)
«Өмір сүргім келеді» (Б.Бұлқышев) (1 сағат)
«Тілдің көркі –сөз» факультатив сабақтың күнтізбелік жоспары
7 - сынып 34 сағат
№ |
Тақырыптың атауы |
Сағат саны |
Уақы ты |
Мақсаты |
1. |
Тіл мәдениеті туралы түсінік. |
1 |
|
Оқушыларға тіл мәдениеті жайлы толық мәлімет беру. |
2. |
Тіл және сөйлеу. |
1 |
|
Тіл және сөйлеу туралы білімдерін тереңдету. |
3. |
Ауызша сөйлеу мәдениеті. |
1 |
|
Тіл мен сөйлеу мәдениетін дамыту. |
4. |
Сөйлеу мәдениеті |
1 |
|
Ситуациялық сұрақ, дидактикалық ойындарды оқушыларға ұсыну. |
5. |
Тіл ұстарту. Зат есім. |
1 |
|
Тіл ұстарту туралы лингвистикалық білім беру. |
6. |
Әдеп |
1 |
|
Мақал — мәтелдерді пайдалана отырып, адамгершілікке тәрбиелеу. |
7. |
Деңгейлік тапсырмалар арқылы зат есімді пысықтау. |
1 |
|
Оқушыларды жылдам ойлауға, кез — келген кедергіден өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру. |
8. |
Өнер алды- қызыл тіл |
1 |
|
Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру. |
9. |
Мазмұндама:
|
1 |
|
Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойларын дұрыс әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру. |
10. |
Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту |
1 |
|
Тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сауаттылығын арттыру. |
11. |
Ұлттық үрдіс және сөз мәдениеті |
1 |
|
Оқушыларға ұлттық үрдіс және тіл мәдениеті арасындағы байланысты түсіндіру. |
12. |
«Әдептілік, ар — ұят — адамдықтың белгісі» |
1
|
|
Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу. |
13. |
Жұмбақтар, жаңылтпаштар. |
1
|
|
Жаңылтпаш пен жұмбақ арқылы оқушыларды зерделілікке баулу. |
14. |
Мәтіндік тапсырмалар |
1 |
|
Оқу барысында алған білімдерін нығайту. |
15. |
Салалас құрмалас сөйлемдерге деңгейлік тапсырмалар |
1 |
|
Ойын еркін жазуға үйрету. |
16. |
Мәтіндік тапсырмалар |
1 |
|
Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру. |
17. |
«Қазақ тілінің білгірі» |
1 |
|
«Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту. |
18. |
«Достық» іскерлік ойын
|
1 |
|
Оқушылардың пікірі мен көзқарасының қалыптасуына, ойын айтуға ықпал ету. |
19. |
«Достық қымбат өмірде»тренинг сабақ |
1 |
|
Сыйластыққа, әдептілікке, шынайлыққа,адалдыққа тәрбиелеу |
20. |
Мазмұндама:
|
1 |
|
Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойларын дұрыс әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру. |
21. |
Отбасы құндылығы |
1 |
|
Отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту |
22. |
Деңгейлік тапсырмалар арқылы сын есімді пысықтау |
1 |
|
Тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту. |
23. |
Адамгершілік |
1 |
|
Адамгершілікке,бауырмалдыққа тәрбиелеу. |
24. |
Шығармашылық диктант |
1 |
|
Оқушыларға тақырып бойынша тапсырмалар беріп өз беттерімен ізденуге, орындауға дағдыландыру. |
25. |
Қазыбек би мен Бұқар жырау
|
1 |
|
Ой — саналарын оятып, жақсы мінезге, байқағыштыққа, зерек болуға үйрету. |
26. |
Еңбек етсең емерсің |
1 |
|
Еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту. |
27. |
Сан есімге тіл ұстарту. |
1 |
|
Өз беттерімен ізденуге, орындауға дағдыландыру. |
28. |
Сын есімге мәтіндік тапсырмалар. |
1 |
|
Өз ойын жеткізуге үйрету,ойлау қабілеттерін арттыру. |
29. |
Қазақ халқының киелі сандары. |
1 |
|
Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру. |
30. |
«Табиғат, таң қаламын тамашаңа» |
1 |
|
Оқушының тілін,қиялын еркін ойлауға , ой қорытуға баулу. |
31. |
Мазмұндама.
|
1 |
|
Сөйлеу тілдерін байытып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу. |
32. |
Мұқағали өлеңдері
|
1 |
|
Оқушының тілін,қиялын еркін ойлауға , ой қорытуға дағдыландыру,шығармашылық ізденіске баулу. |
33. |
«Мемлекеттік тіл-менің тілім» |
1 |
|
Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. |
34. |
«Өмір сүргім келеді» (Б.Бұлқышев) |
1 |
|
Сөйлеу мәдениеті мен ойлау әрекетін дамыту. |
СӨЗ СЫРЫ
8 сынып.
Мұғалім: Абдрахманова Ғалия Құрманжанқызы
2018-2019 оқу жылы.
«Сөз сыры» факультатив туралы негізгі мәліметтер:
Өзектілігі: Мектептің негізгі деңгейіндегі 8-сынып қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында грамматика бөлімі бойынша факультатив оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы тұтас білім беру көзделеді. Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту тіл білімі салалары бойынша сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі.
Бағдарлама: 8-сынып оқушыларына арналған.
Жиілігі: аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.
Қажеттілігі: Негізгі деңгейдегі оқушы білімі меңгерген сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениетіне қалыптасады. Ана тілінде оқытылатын курстың мақсаты оқушының лексикалық қорын байытады, сөз мағыналарын танытады, тіл дыбыстарының жасалу жолдары мен қызметін білдіреді, сөздерді топтастырудың белгілерін меңгертеді, сөзжасам тәсілдерін игертеді, сөздерді байланыстырудың тәсілдері мен түрлерін білгізеді, сөйлемнің түрлерін меңгертеді. Оқушыға тіл туралы, оның қоғамдық маңызы мен адам өміріндегі мәні, рөлі жайлы, танымдық қызметі жөнінде өзара сабақтас түсінік қалыптастырады.
МАҚСАТЫ:
«Сөз өнері» арнайы курсының негізгі мақсаты-оқушыларды ойлау еңбегіне дағдыландыру, ізденіске жетелеу, жазбаша көркем тілін дамыту, олардың қабілет, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.
Міндеттері:
әдеби тіл ,оның даму тарихынан мәлімет беру;
қазақ тілінің қоғамымыздағы рөлі;
грамматиканың салалары бойынша шығармашылық жұмыс ұйымдастыру:
лингвостилистикалық талдау жасауға үйрету:
«Сөз сыры» факультатив көлемінде оқушылар игеруге міндетті білік, дағдылар:
Нені білу керек?
әдеби тіл, оның даму тарихынан мәліметтер;
қазақ тілінің қоғамымыздағы рөлі;
грамматиканың салалары бойынша шығармашылық жұмыстар;
лингвостилистикалық талдау жасау:
Әдеби көркем тілді жазбаша және ауызша қолдана білу.
Нені игеру қажет?
Оқушылар игеруге тиіс негізгі білім, икем, дағдылар:
тіл ұстарту амалдарын дұрыс ажыратып, орынды қолдана алу, функционалдық сауаттылық дағдылары (тұжырымдау, жинақтау, салыстыру, қорыту, дәлелдеу);
тілдің қоғамдық маңызын, ана тілінің қадыр-қасиетіп түсіне білу;
әдеби тілдің даму тарихынан олу, дамуын саналы түрде түсіне білу;
стиль түрлерін ажыратып алу;
шығармашылық жұмыстардың орындалу техникасын меңгеру;
көркем шығармадан автордың стильдік қолданысын түсініп, талдай білу;
мәтінді тақырыпқа сай баяндап, суреттей, талдай білу, поэзиялық шығармалардың әсемдігін түсініп, орындай білу;
жазбаша жұмыстарға талдау жасай білу, өз көзқарасын, әсерін кірістіріп, қорытындылай алу.
Түсінік хат:
Бұл бағдарлама қазақ тілінің грамматика саласы (синтаксис пен морфология) бойынша терең білім беру үшін құралған. Қазақ тілінің курс бағдарламасы оқу материалдары дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді. Грамматиканы жақсы меңгеру үшін оқушылардың жазу, оқу, сөйлеу сауаттылығын, яғни функционалдық сауаттылығын жетілдіру, өзіндік көзқарасты мен дүниетанымын дамытуға жол аша отырып оқытуды басшылыққа алады. Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескерту, оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқытуға негізделген.
«Сөз сыры» курсы оқушының жеке адами қасиеттерін, тілдік қабілеттерін арттыру көзделеді. Бүгінгі заман талабының қажеттілігі: іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге тәрбиелейді. Тіл мен сөйлеу адамның болмысының, оның жалпы табиғатының көрсеткіші. Оқушының коммуникативтік дағдыларын, жеке тұлғаның мәдениетін дамытады. Сауатты сөйлеу қабілетін практика арқылы дамытуды қажет етеді. Нәтижесінде оқушының қазақ тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі.
Бұл бағдарлама орындалу үшін грамматикалық тұлғаларын айыру қажет. Ол үшін грамматикалық материалдарды таңдау ұстанымын негізге алу шарт:
1. Сөйлем құрастыруға қажеттілігі Қарым-қатынасқа қажетті грамматикалық форма, құрылым пайдалана отырып, сөйлеуге керекті сөйлем түрлерін құрастыру.
2. Жиі қолдану принципі. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданылатын грамматикалық құбылыстарды таңдау.
3. Өнімділік ұстанымы. Грамматикалық құбылыс пен лексикалық материал байланысы, өмірде жиі кездесетін лексиканы қалыптастыру. Пәрменді сөз қоры тақырыптық ұстаным арқылы құралады, ол грамматиканың ең қажетті деген формаларын таңдауға әсер етеді.
4. Тіркесу ұстанымы. Сөз тіркестерінде жиі кездесетін грамматикалық формалар таңдау.
5. Түсініктілік ұстанымы Грамматикалық форманы игерудегі қиындықтарды еске алу. Әр кезеңде, әр деңгейде қиын материалды жоғары сатыға көтеру, немесе тереңдету деңгейінде қалдыру.
6. Оқу материалын тереңдету, баптау.
- оқушылардың есінде лексикалық қорын сақтау;
- жаңа сөздердің жасалуын түсіндіруіне дағдыландыру;
- сөздердің жазу және айтылу техниканы меңгеріп алу;
Осылай оқушылар сөздерді – сөз тіркестерді – сөйлемдерді меңгере алады, ауызекі сөйлеу тілінде және жазбаша практикада пайдаланады. Оқу сапалы және нәтижелі болу үшін жаңа технологияға сүйену керек. Педагогикалық технологияның дидактикадан айырмашылығы «нені, қалай, не үшін?» оқытамыз деген сұрақтар туғызады. Теория мен практиканың бірлігін нығайтумен коммуникативтік біліктің қатар қалыптасуына жол ашады.
«Сөз сыры» атты факультативтің мазмұны.
«Сөз сыры» факультативінің мазмұны оқушының қазақ тілін оқыту процессінде тілдің қоғамдық – әлеуметтік мәнін түсіну, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру, іскерліктерін жетілдіру мақсатын көздеді. Мазмұны негізгі V бөлімге жіктелді.
I бөлім
Оқушылардың тіл қызметін жүйелі меңгеру үшін, лексика тарауына орай жұмыстар қарастырылды. «Мәңгілік ел» идеясына негізделіп, оқушылардыңфункционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша білік дағдыларды жетілдіру көзделді. Оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, интеллектуалдық қабілеттерін арттыруға бағытталған сабақ түрлері қарастырылды. «Қазақ тіл өнерінің құдіреті», «Поэзия тілінің құдіреті, «Әдеби тілдің қолдану аясы» тақырыптары жазбаша мәтіндерді ұғуына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия жасап, олардың мазмұнын меңгеруге бағытталды.
Осы бөлімдегі «Ойтолғау жазу, сөйлемдерге сатылай-кешенді және лексикалық талдау»,«Лексикалық, фразалық қолданыстар», «Морфологиялық қолданыстар құпиясы», «Қазақ әдеби тілі бойынша ғалымдар пікірі.» тақырыптары оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрету мақсатныда алынды. Сондай-ақ, бұл бөлімде «О.Бөкей шығармалары», ««Сөздердің қолданылу аясы», «Ақын-жыраулардың сөз қолданысы» сабақтары аймақтық компонентті қолдана отырып, оқушыларды тіл өнеріне қызықтыру мақсатын қойды.
II бөлім
Бөлімде грамматиканың синтаксис тарауына шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушыларды тұлға ретінде әлеуметтендіругемүмкіндік беретін қазақ тілінің білімдік, танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту басты назарда болды. Бөлім«Синтаксисте қонақта...» сайыс сабағымен ашылып, тарауға жалпы шолу жасалу көзделді. «Синтаксистік құрылымдар», «Қызықты байланыстар», «Сөйлемдер талдау сұрайды...» сабақтары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға, оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру мен әдеби тіл нормаларын меңгертуге бағытталды.
Бөлімде қарастырылған «М.Әуезов шығармаларын дағы сөздер тіркесі.», «Поэзиялық шығармалардағы сөз тіркестерінің қолданылуы» сабақтары аймақтық компонентті қолдана оытрыып, оқушылардың грамматика ерекшеліктерін дұрыс пайдалану арқылы өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауға жұмсалуына мән берілді. Ал, «Менің ертегім», «Синтаксисті сараптау» сабақтары оқушылардың қызығушылығын көтеру, дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін қалыптастыру міндетінде алынды.
III бөлім.
Бөлім қазақ тілінінің морфология тақырыптарын толық меңгерту аясында тілдік қолданыстарды шебер ықпалдастыру мақсатында келесідегідей сабақтар таңдап алынды: «Сәлем, морфология», «Қызықты грамматика.» сабақтары ұйымдастыру жоспарланды. Бөлімдегі «Көріктеуіш сын есімдер», «Сандар, сандар...», «Ғажайып есімдіктер әлемі», «Менің сценарийім», «Бай тұлға» сабақтары морфология тарауын терең меңгере отырып, қазақ тілінің бай қолданыстарын және астарлы ойды түсіну, қабілеті ұшталған, ойын жүйелі жеткізуге бейімделген сөз сазына зер салатын тұлғаны даярлауға бағытталды.
IV бөлім.
Бөлім пунктуация тарауын басшылыққа ала отырып, оқушылардың жазу сауаттылығын арттыруға негізделген. Тараудағы «Сөйлем тыныс белгісін сұрайды..», «Қызықты пунктуациялық қолданыстар» «Ең әлсіз топ» сабақтары пунктуациялық белгілерлерді орынды қолдана білу машықтарын жетілдіруге бағытталды.
Бөлімде өз шеберлігі мен кемшілігін аңғара білетін, жазба тіл шеберлігі қалыптасқан, айшықты сөйлеуге бейімделген тұлғаның тәрбиеленуіне жағдай туғызатын «Біз таңдаған қаламгер» сабағы кіргізілген. Сабақ көркем туындылардағы тереңдікті түсіну; көркем шығармаларға тілдік талдау жасауды жүзеге асыру міндетіне орай көркемдік таным мен әдеби талдау, ғибрат алуға міндетін «Қызықты пунктуациялық қолданыстар»сабағы жоспарланды.
V бөлім.
Бөлім курсқа қорытынды жасау мақсатында жоспарланып, «Сынып ақындары», «Сынып жазушылары» сабақтары енгізілді. Оқушылардың таным көкжиегі кең, сөйлеу мәдениеті жоғары, өз ойын сенімді, жігерлі, шешен тілмен жеткізе білетін, көпшілікті өз сөзіне ұйыта алатын дағды, қасиеттерге бейімделіп тәрбиеленуі қажет. Осы мақсатта бағдарламада оқушылардың ойын, тіл шеберлігін, сауаттылығын, шығармашылық қабілетін арттыратын, тіл шеберлігінің ұшталуын, тіл ұстартуды көздейтін жұмыс түрлері іріктеліп алынған.
Сөз өнері” факультатив курсына құрылған жұмыстың жоспарына сәйкес өтілетін тақырыптарды толық меңгерту астарлы ойды түсіну қабілеті ұшталған, ойын жүйелі жеткізуге бейімделген, сөз сазына зер салатын, өз шеберлігі мен кемшілігін аңғара білетін, жазба тіл шеберлігі қалыптасқан, айшықты сөйлеуге бейімделген тұлғаның тәрбиеленіп шығуына жол ашады.
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
1 |
Қазақ тілінің құдіреті |
1 |
|
2 |
Поэзия тілінің құдіреті |
1 |
|
3 |
Әдеби тілдің қолданылу аясы |
1 |
|
4 |
«Мәңгілік ел» эссе |
1 |
|
5 |
Морфологиялық қолданыстар құпиясы |
1 |
|
6 |
Қазақ әдеби тілі бойынша ғалымдар пікірі |
1 |
|
7 |
Ақын –жыраулардың сөз қолданысы |
1 |
|
8 |
Синтаксистік құрылымдар |
1 |
|
9 |
Қызықты байланыстар |
1 |
|
10 |
Сөйлемдер талдау сұрайды |
1 |
|
11 |
М.Әуезов шығармаларындағы сқз тіркесі |
1 |
|
12 |
Поэзиялық шығармалардығы сөз тіркесі |
1 |
|
13 |
Синтаксисті сараптау |
1 |
|
14 |
Қызықты граматика |
1 |
|
15 |
Көріктеуіш сын есімдер |
1 |
|
16 |
Сандар, сандар |
1 |
|
17 |
Ғажайып есімдіктер әлемі |
1 |
|
18 |
«Туған –жер тұғырым» эссе |
|
|
19 |
Сөйлем тыныс белгілерін сұрайды |
1 |
|
20 |
Қызықты пунктуациялық қолданыстар |
1 |
|
21 |
Менің сценарийім |
1 |
|
22 |
Өлеңнің құрылысы |
1 |
|
23 |
Айтыстың түрлері |
1 |
|
24 |
Әдебиеттің тектері |
1 |
|
25 |
Граматикалық норма |
1 |
|
26 |
Етістіктің тұлғасы |
1 |
|
27 |
Етістіктің шақ категориясы |
1 |
|
28 |
Шылау мен одағай әлемі |
1 |
|
29 |
Шығарма « Сөз өнері» |
1 |
|
30 |
Тіл ұстарту |
1 |
|
31 |
Сынып жазушылары |
1 |
|
32 |
Сынып ақындары |
1 |
|
33 |
«Білім –біздің өрісіміз» эссе |
1 |
|
34 |
Жылдық қорытынды |
1 |
|
Түсінік хат
Білім беру жүйесінің талаптары бойынша қазақ әдебиетін оқыта отырып оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру көзделеді. Көркем шығарманы оқып-талдау арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланады. Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда көркем шығармаға қызығушылық азайып, оқушылардың оқу белсенділігі төмендеп келеді. Ең алдымен мұғалімдер оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып, әр түрлі оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, адамның рухани құндылығын арттыратын поэзиялық шығармаларды өз бетімен оқуға ізденуге тәрбиелеуі тиіс. Осындай өзекті мәселелердің шешу жолының бірі ретінде осы бағдарлама ұсынылды. Аталған бағдарламада белгілі ақындардың поэзиясын тереңірек оқытуға және оларды мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру көзделіп отыр. Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 10-сыныбына арналған. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып жасалды. Бағдарлама 68 сағатқа жасалған. Оқушылардың өзіндік-зерттеу жұмысын жетілдіру үшін, пәндік теориялық бөлімге 34 сағат, тәжірибелік (практикалық) жұмыстарға 34 сағат бөлінді. Апталық жүктеме – 2 сағат. Көркем поэзияны оқыта отырып, заманға сай белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру көзделеді. Үйірменің басты мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру; Оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету; Әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға дағдыландыру; Оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету; Лирикалық шығарманы жан-жақты талдай білуге дағдыландыру. Осы мақсат негізінде келесі міндеттер анықталды: оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету; бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау; зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру; жазушы шеберлігіне көз жеткізу; әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту; оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғындыру. Аталған курс бойынша білім алған оқушы оқу жылының соңында күтілетін нәтиже: Көркем әдебиеттерді оқуға ынтасы артады; Берілген мәтіннен тілдік-көркемдік ерекшеліктерді байқау қабілеті артады; Кез келген әдеби шығармаға жан-жақты талдау жасай алады. 10-сынып оқушыларына арналған «Поэзия әлемі» үйірмесінің базалық мазмұны Кіріспе (1 сағат) Кіріспе. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы Махамбет поэзиясы (10 сағат) Даланың дауылпаз ақыны Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық жолы. «Өттің дүние», «Махамбеттің жебесі», «Исатай – Махамбет», «Махамбет Өтемісұлы» т.б. өлеңдері. Махамбеттің туған жер туралы өлеңдері. Ақынның батырлық, ерлік туралы отты жырлары. Махамбеттің Исатайға арналған өлеңдері. Абай поэзиясы (17 сағат) Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлы. Ақын Абайдың табиғат лирикасы . Ақынның азаматтық лирикасы. Көңіл-күй лирикасы. Саяси лирика. Философиялық лирика. Махаббат лирикасы. Абайдың поэмалары. Ақынның аудармалары. Шәкәрім поэзиясы (9 сағат) Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы . Саяси-әлеуметтік лирика. Азаматтық лирика. Махаббат лирикасы . Философиялық лирика. Мұқағали поэзиясы (11 сағат) Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы. Саяси-әлеуметтік лирика. Азаматтық лирика. Махаббат лирикасы. Философиялық лирика. Ақынның поэмалары. Жерлес ақын Қуандық Шаңғытбаевтың поэзиясы (11 сағат) Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы. Туған жерге арнаған жырлары. Ақынның арнау өлеңдері. Табиғат лирикасы. Аудармалары. Ақын өлеңдеріне жазылған әндер. Төлеген поэзиясы (5 сағат) Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылық жолы. Табиғат лирикасы. Азаматтық лирика. Поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқу (4 сағат) Мәнерлеп оқуға төселдіру жаттығулары. Жыл бойына танысқан ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқыту сабақтары. № Сабақтың тақырыбы Сағат саны Уақыты Пайдала-нылған әдебиеттер Жалпы сағат саны Тео-рия-лық Тәжі-рибе-лік Кіріспе (1 сағат) 1 Кіріспе. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы 1 1 З.Қабдолов. «Сөз өнері» Махамбет поэзиясы (10 сағат) 2 Даланың дауылпаз ақыны 1 1 «Өттің дүние», «Махамбеттің жебесі», «Исатай – Махамбет», «Махамбет Өтемісұлы» т.б. 3 Махамбеттің туған жер туралы өлеңдері 3 1 2 4 Ақынның батырлық, ерлік туралы отты жырлары 3 1 2 5 Махамбеттің Исатайға арналған өлеңдері 3 1 2 Абай поэзиясы (17 сағат) 6 Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлы 1 1 «Абай» журналы 7 Ақын Абайдың табиғат лирикасы 2 1 1 «Абай». Шығар-маларының толық жинағы. 1,2,3,4 томдар 8 Ақынның азаматтық лирикасы 2 1 1 9 Көңіл-күй лирикасы 2 1 1 10 Саяси лирика 2 1 1 11 Философиялық лирика 2 1 1 12 Махаббат лирикасы 2 1 1 13 Абайдың поэмалары 2 1 1 14 Ақынның аудармалары 2 1 1 Шәкәрім поэзиясы (9 сағат) 15 Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы 1 1 «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық...» атты Ш.Құдайберді-ұлы шығармала-рын оқытуға арналған авторлық бағдарлама 16 Саяси-әлеуметтік лирика 2 1 1 17 Азаматтық лирика 2 1 1 18 Махаббат лирикасы 2 1 1 19 Философиялық лирика 2 1 1 Мұқағали поэзиясы (11 сағат) 20 Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы 1 1 М.Мақатаев. Толық шығармалар жинағы. 1,2,3,4 томдар 21 Саяси-әлеуметтік лирика 2 1 1 22 Азаматтық лирика 2 1 1 23 Махаббат лирикасы 2 1 1 24 Философиялық лирика 2 1 1 25 Ақынның поэмалары 2 1 1 Жерлес ақын Қуандық Шаңғытбаевтың поэзиясы (11 сағат) 25 Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы 1 1 Қ.Шаңғытбаев «Шайыр» жинағы 26 Туған жерге арнаған жырлары 2 1 1 Қ.Шаңғытбаев «Ар», «Лирика», «Махаббат пен ғадауат» жинақтары және А.С.Пушкин «Евгений Онегин» (ауд.) 27 Ақынның арнау өлеңдері 2 1 1 28 Табиғат лирикасы 2 1 1 29 Аудармалары 2 1 1 30 Ақын өлеңдеріне жазылған әндер 2 1 1 Төлеген поэзиясы (5 сағат) 31 Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылық жолы 1 1 «Төлеген» электронды оқулығы 32 Табиғат лирикасы 2 1 1 33 Азаматтық лирика 2 1 1 Поэзиялық шығармаларды мәнерлеп оқу (4 сағат) 34 Мәнерлеп оқуға төселдіру жаттығулары 4 4 Х.Қожахметова «Мәнерлеп оқу», С.Тілешева «Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру» Мұғалімдерге арналған әдебиеттер: 1. З.Қабдолов. «Сөз өнері». Алматы, 1991 ж. 2. З.Қабдолов. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы, 1970 ж. 3. Р.Нұрғалиев. Өнер алды – қызыл тіл. Алматы, 1974 ж. 4. Р.Сыздықова. «Абайдың сөз өрнегі». Алматы, 1995 ж. 5. Р.Сыздықова. «Сөз құдіреті». Алматы, 1997 ж. 6. Б.Кәрібаева. «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы». Алматы, 1988 ж. 7. Қ.Сыдыиқов. «Көркемдік өрнектер». Алматы, 1992 ж. 8. «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық...» атты Ш.Құдайбердіұлы шығармаларын өз бетімен ізденіске бағыттап, қосымша материалдарды пайдалану арқылы оқытуға арналған авторлық бағдарлама. 2011 ж. 9. «Төлеген» электронды оқулығы. 10. Х.Қожахметова. «Мәнерлеп оқу». Алматы, 1982 ж. 11. С.Тілешева. «Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру». Алматы, 1984 ж. 12. Ә.Нұрмаханова. «Сөз құдіреті». Алматы, 1971 ж. 13. Ә.Нұрмаханова. «Мәнерлеп оқу мәселелері». Алматы, 1976 ж. Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1. «Абай» журналы. 2. «Абай». Шығармаларының толық жинағы. 1,2,3,4 томдар. 3. Мұқағали Мақатаев. Толық шығармалар жинағы. 1,2,3,4 томдар. 4. Қ.Шаңғытбаев «Шайыр». Алматы, 2010 ж. 5. Қ.Шаңғытбаев «Лирика». Алматы, 1976 ж. 6. Қ.Шаңғытбаев «Махаббат пен ғадауат». Алматы, 1995 ж.
Түсінік хат
«Ежелгі дәуір әдебиеті» факультативтік курсын оқытудың мақсаты мен міндеттері: Мәдениетіміз бен әдебиетіміздің қазіргі күмбезі бірден пайда бола қалған жоқ. Ол өзінің туу, өрбу, даму кезеңдерін басынан кешірді. Әдебиетіміздің көркемдеу құралдары, поэтикасы өзінің тіл ұстарту жолдарынан өтті. Қазақ әдебиетінің тарихы тез жетіліп толассыз өркендеу үстінде. Өзінің нағыз ғылыми бастауынан бергі уақыттардан басталатын жүйелі тарихы бар. Қазақ әдебиетінің тарихы біржола жаңаша жүйеленді. Оның жүйе-салаға бөлініп, түбегейлі дәлелденгеніне де көптеген жылдар өтті. Жаңа буын оқулықтарында ежелгі дәуір әдебиетінен үзінділер берілген. Ол негізгі бағдарламадағы тақырыптар болғандықтан міндетті оқытылады. Ал ұсынылып отырған факультативтік курс бағдарламасы қосымша шығармалар, тақырыптар мен тарауларды қамтиды. Қазір ежелгі қазақ әдебиетін тереңдей оқыту оқушылардың қызығушылығы мен қабілетін дамытып, білімдерін байытады. Ежелгі әдебиет мұраларынан бастап, Ислам дәуіріндегі, Алтын Орда қыпшақ, қазақ хандығы тұсындағы әдебиет өкілдері шығармашылығын кеңірек түсіндіру мақсаты қойылды. Бағдарламада көркем мәтінмен жұмыс, ақын-жыраулардың поэтикалық ерекшеліктері мен шеберліктерін таныту арқылы оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл аударылды. Факультативтік сабақ 8-сынып Тақырыбы – Ежелгі дәуір әдебиеті (Негізгі бағдарламаға қосымша) Р/с Тақырыбы мен мазмұны Сағаты Уақыты Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі 1 Қазіргі қазақ халқының көне дәуірі. Қазақ тегі-түркі тайпасы 1 2 Түркештер. Бұл тұстан сақталған ежелгі жазбалар, құлпытас, жартастарға ойылған көне жазулар. 1 3 Жоқтау, мақтау, арнау, өсиет өлеңдер. 1 4 Талас, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі көне жазулар сипаты 1 5 «Білге қаған», «Тоныкөк» ескерткіштері, Күлтегін есімі-түркі тілді халықтарға ортақ мұра 1 6 Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктері 1 7 Қорқыт ата кітабы (ҮІІІғ)-оғыз-қыпшақ дәуірінің эпостық жыры. 1 8 Қорқыт ата жырларының аңыз, ертегі, эпостық жырларға ұқсастығы. «Алпамыс» жырымен салыстыру 1 9 «Оғыз-нама» эпосының тарихи мәні, халықтың сипаты 1 10 Шығармашылық жұмыстар 1 11 Әл-Фараби (870-950)-ғалым, философ, философ-әдебиетші 1 12 Әл-Фарабидің бізге жеткен өлеңдері. Әдебиет теориясы мен өлең сөздің табиғаты туралы 1 13 Қазіргі Фарабитану 1 14 Жүсіп Баласағұн (1020-1069)-талантты ақын, қоғам қайраткері. «Құтты білік» дастаны-дидактикалық дастан. 1 15 Махмұд Қашқари – белгілі филолог 1 16 «Диуани лұғат – аттүрік» жинағы, ондағы әдеби шығармалар, өлеңдер, мақал-мәтел, жұмбақ 1 17 Ахмед Иүгінеки –ХІІІ ғасыр ескерткіші –«Ақиқат сыйы» кітабының авторы 1 18 Шығармашылық жұмыстар 1 19 Хорезми – ХІІІ ғасыр ескерткіші-«Махаббат-нама». Оның тарихи мәні 1 20 ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы көне түркі тіліндегі әдеби ескерткіштердегі мұсылманшылық түсініктер. Қожа Ахмет Иассауи хикметтері 1 21 С.Бақырғани хисса-хикметтері 1 22 Рабғузи шығармалары 1 23 ХІҮ ғасырдағы аударма әдебиет өкілдері. Дүрбек жырау 1 24 Сайф Сарайи лирикаларының мәні 1 Қазақ хандығы дәуіріндегі қазақ әдебиеті 1 ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ жырауларының поэзиясы «Жырау», «жыршы», «шешен», «ақын», «шайыр» атауларының мәні 1 2 Шығармашылық жұмыстар 1 3 ХҮ ғасырдағы қазақ хандығының мемлекеттік сипаты. Авторлы поэзияның қалыптасуы. 1 4 Сыпыра жырау 1 5 Асан қайғы – көркем сөз шебері. Жырау толғауларына талдау 1 6 Шалкиіз жырау шығармалары, оның халықтық сипаттары, поэтикалық тілі 1 7 Қазтуған, Доспамбет, Жиембет т.б. жыраулар мұралары 2 8 Қорытынды сабақ (тест, өздік жұмысы тапсырмалары) 2 Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Әл-Фараби «Поэтика» 1996ж. 2. Ж.Баласағұн «Құтадғу білік» 1986ж. 3. М.Қашқари «Диуани лұғат-аттүрік» 2004ж. 4. «Қорқыт ата» кітабы 1986ж. 5. А.Иүгінеки «Ақиқат сыйы» 1998ж. 6. М.Әуезов «Әр жылдар ойлары» 1961ж. 7. Ә.Марғұлан шығармалар жинағы 2004ж. 8. М.Мағауин «Қобыз сарыны» 2003ж. 9. «Бес ғасыр жырлайды» І том 1989ж. 10. Х.Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиетінің қалыптасуы даму кезеңдері» 11. А.Қыраубаева «Ежелгі дәуір әдебиеті» 2001ж. 12. «Қазақ әдебиетінен факультативтік сабақтар бағдарламасы» 1991ж. 13. Н.Келімбетов, Ә.Қанафин «Түркі халықтары әдебиеті» 1996ж. 14. М.Жолдасбеков «Асыл арналар» 1990ж. 15. Қ.Бітібаева «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» 2003ж. 16. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» хрестоматия 1993ж. 17. Б.Кенжебаев «Түрік қағанатынан бүгінге дейін» 2004ж.
1.
Түсінік хат
Үйірме бағдарламасы
«Әдебиет –асыл мұра» бағдарламасы орта
мектептің
6-сыныбына арналып құрылған. Бұл бағдарлама оқушылардың білімін тереңдете отырып, олардың жан-жақты дамуына, халқымыздың салт-дәстүрін сақтауға және құрметтеуге баулиды.Мұндай сабақтардың ерекшелігі: оқушының өзіне деген сенімділігін арттырады, өзін еркін ұстай білуге баулиды, оларды шығармашылық жұмысқа бағыттайды, қызығушылығы мен қабілетін арттырады, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.Сабақтың қызықты , тартымыды өтуі оның дұрыс ұйымдастырылуына, жоспарлануына байланысты. Бұл бағдарлама қазақ мектептеріндегі 6 сынып оқушыларына арнап шығарылған.Болашақ азаматтарды жан-жақты, қабілетті адам етіп тәрбиелеуде халықтың салт-дәстүрлерінің тәрбиелік, танымдық маңызы зор.Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға көшетін тарихы қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер жиынтығы. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты болады. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттік сезімдер барлық халықтарға тән дәстүр ретінде қалыптасады.
Әдебиет
–асыл мұра
БАБАДАН ҚАЛҒАН БАР
БАЙЛЫҚ
(үйірме бағдарламасы)
Үйірме бағдарламасы «Әдебиет –асыл
мұра» бағдарламасы орта мектептің
5а-сыныбына арналып құрылған. Бұл
бағдарлама оқушылардың білімін тереңдете
отырып, олардың жан-жақты дамуына,
халқымыздың салт-дәстүрін сақтауға
және құрметтеуге баулиды.Мұндай
сабақтардың ерекшелігі: оқушының өзіне
деген сенімділігін арттырады, өзін
еркін ұстай білуге баулиды, оларды
шығармашылық жұмысқа бағыттайды,
қызығушылығы мен қабілетін арттырады,
жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал
етеді.Сабақтың қызықты, тартымыды өтуі
оның дұрыс ұйымдастырылуына, жоспарлануына
байланысты. Бұл бағдарлама қазақ
мектептеріндегі 7 сынып оқушыларына
арнап шығарылған.
Болашақ азаматтарды
жан-жақты, қабілетті адам етіп тәрбиелеуде
халықтың салт-дәстүрлерінің тәрбиелік,
танымдық маңызы зор.Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа,
атадан балаға көшетін тарихы қалыптасқан
әлеуметтік нормалар мен принциптер
жиынтығы. Дәстүр мәдениетпен тығыз
байланысты болады. Ата-ананы құрметтеу,
үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттік
сезімдер барлық халықтарға тән дәстүр
ретінде қалыптасады.
Үйірме жұмысының
мақсаты, міндеттері:
Қазақ халқының
әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерін жас ұрпаққа
үйрету;
Сөз мәдениетін таныту;
Пікірталас
мәдениетін жетілдіру;
Оқушының тілін
дамыту, тілідік шығармашылық қабілеттерін
жетілдіру;
Ұлттық сана-сезімі мол,
рухани деңгейі биік, әдепті, саналы адам
тәрбиелеу;
Ұлттық таным шеңберін
одан әрі кеңейтіп, түсініктерін молайта
отырып, оқушылардың өзіндік дүниетанымын
қалыптастыру.
Бұл бағдарламаның
мазмұны ғасырлар бойы атадан балаға
беріліп келе жатқан салт-дәстүрдің,
тәрбиелік әдет-ғұрыптың түрлерінен
тұрады. Алған білімдері тест, мәнжазба,
баяндама, шығарма сияқты тапсырмалар
арқылы тексеріліп, бағаланады.
Үйірме
бағдарламасы бойынша күтілетін
нәтиже:
Ұлттық салт-дәстүрдің түрлерін
біліп, оны толық түсіну;
Өз бетінше
қосымша мағлұматтар іздеп, оны саралап,
ең керекті деген ой түйіндерін
жеткізу;
Пікірталаста өз ойларын
ортаға салып, ойын толық жеткізу;
Өмірде
мақал-мәтел мен қанатты сөздерді
пайдалана білу;
Ана тіліне құрметпен,
сүйіспеншілікпен қарау;
6
сынып Қазақ әдебиеті
«Әдебиет — асыл
қазына»
Үйірме жұмысының мазмұны
.
Барлығы — 34 сағат. Апталық сағаты
— 1
1
Нақыл-өсиет сөздердің шындығы 1 Мәтінмен
жұмыс, талдау Дауысты дыбыстар
2
Шешендік сөздер 1 Шығарма «Шешеннің
тілі –өткір тіл» Да уыссыз дыбыстар
3-4
Ертегілер әлемі 2 Пікірсайыс өткізу
Үндестік заңы
5 Ұлағатты ұлттық
ұғымдар мен нанымдар 1 Баяндама дайындау
Екпін,буын түрлері
6 Наурыз жырлар.
Ақ
тілек. Ақ бата. 1 Бата, тілек жаттау Зат
есім
7-8 Жұмбақтар. Жаңылтпаштар,
Мақал-мәтелдер.
Қанатты сөздер. 2 Мақал-мәтелдер сайысы.
Сын есім
9-10 Аңыз әңгімелер
Алдар
көсе. Қожанасыр. Аяз би. 2 Шешендік
сөздерді талдау, түсіну Сан есім
11
Ежелгі дәуір әдебиеті. Орхон-Енесей
жазба ескерткіштерінің құпиясы 1
Баяндама. Есімдік
12-13 Қорқыт ата 2
Буклет. Етістік
14 Ислам дәуірі әдебиеті
3
15 Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінің
ерекшеліктері 1 Пікірталас. Үстеу
16-17
Абай және Шәкәрім шығармашылығына зер
салу 2 Пікірталас.Бағдарлама Шылау
18-19
Ахмет байтұрсынұлының мысалдарын талдау
2
20-21 Ыбырай Алтынсариннің тәрбиелік
мәні бар әңгімелері мен өлеңдері 2
22
Жамбыл Жабаев жүз жасаған ақын 1 Одағай
Үнтаспа.
23-24 Мағжан Жұмбаевтың поэзиясы
2 Еліктеу сөздер
25-26 Мұхтар Әуезов
әңгімелері мен романдырына шолу жасау
2 Модаль сөздер
27-28 Мұқағали Мақатаев
«Поэзия меніменен егіз бе еді» 2 Каратпа
сөздер
29 Шерхан Мұртазаның кейіпкерлерді
сомдауы 1 Қыстырма сөздер Бейнетаспа.
30-31
Сәкен, Бейімбет, Ілияс шығармаларына
зер салу 2 Тест өткізу Тест сұрақ
тапсырмалары
33
Олжас Сүлейменовтың өлеңдеріне шолу
жасау 1 Мәнжазба Сөз тіркестері
34
Әдебиеттің көркемдегіш құралдары 1
Өлеңді жаттау Сөйлем түрлері
6 –сынып « Әдебиет –асыл қазына» үйірмесінің жоспары
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
1 |
Нақыл-өсиет сөздердің шындығы |
1 |
|
2 |
Шешендік сөздер |
1 |
|
3 |
Ертегілер әлемі |
1 |
|
4 |
Ұлағатты ұлттық ұғымдар мен нанымдар |
1 |
|
5 |
Наурыз жыры |
1 |
|
6 |
Жұмбақтар |
1 |
|
7 |
Жаңылтпаштар |
1 |
|
8 |
Мақал –мәтелдер |
1 |
|
9 |
Аңыз әңгімелер |
1 |
|
10 |
Ежелгі дәуір әдебиеті |
1 |
|
11 |
Қорқыт ата |
1 |
|
12 |
Қорқыт ата жырлары |
1 |
|
13 |
Ислам дәуірі әдебиеті |
1 |
|
14 |
Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің ерекшелігі |
1 |
|
15 |
Абай және Шәкәрім шығармашылығына зер салу |
1 |
|
16 |
Ахмет Байтұрсынұлы |
1 |
|
17 |
А.Байтұрсынұлы мысалдарына зер салу |
1 |
|
18 |
Ы.Алтынсарин |
1 |
|
19 |
Ы.Алтынсариннің шығармаларының тәрбиелік мәні |
1 |
|
20 |
Ж.Жабаев 100 жасаған ақын. |
1 |
|
21 |
Мағжан Жұмабаевтың поэзиясы |
1 |
|
22 |
М.Әуезов |
1 |
|
23 |
М.Әуезовтің шығармаларына шолу |
1 |
|
24 |
М.Мақатаев |
1 |
|
25 |
М.Мақатаев өлеңдері мен поэмалары |
1 |
|
26 |
Шерхан Мұртаза |
1 |
|
27-28 |
Сәкен,Бейімбет,Ілияс шығармаларына зер салу |
2 |
|
29 |
О.Сүлейменовтің өлеңдеріне шолу жасау |
1 |
|
30 |
Әдебиеттің жанрлары |
1 |
|
31 |
Өлеңнің құрылысы |
1 |
|
32 |
Әдебиеттің көрккемдегіш құралдары |
1 |
|
33 |
Әдебиет – сөз өнері |
1 |
|
34 |
Жылдық қайталаулар |
1 |
|
|
|
34 |
|
5 «а» , «ә» cынып 34 сағат
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
1 |
Кіріспе сабақ. Тіл білімінің салалары |
1 |
|
2 |
Фонетика .Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстардың ерекшеліктері |
1 |
|
3 |
Дауысссыз дыбытар. Дауыссыз дыбыстардың емлесі |
1 |
|
4 |
Орфография. Орфоэпия. |
1 |
|
5 |
Үндестік заңы. Дыбыстардың бір –біріне ықпалы |
1 |
|
6 |
Буын. Тасымал.Екпін.Екпін түспейтін буындар. |
1 |
|
7 |
Тест жұмысы . Фонетика бөлімі бойынша алған білімдерін қайталау. |
1 |
|
8 |
Лексика.Лексиканың салалары. |
1 |
|
9 |
Қолданылу аясы шектеулі сөздер. |
1 |
|
10 |
Тұрақты сөз тіркесі .Еркін сөз тіркесі. |
1 |
|
11 |
Сөз мағынасы.Амоним.Антоним.Синоним. |
1 |
|
12 |
Тест жұмысы. Лексика бойынша өткенді қайталау. |
1 |
|
13 |
Сөзжасам.Сөзқұрамы. |
1 |
|
14 |
Қосымша. Жұрнақ пен жалғау. |
1 |
|
15 |
Морфология.Сөз таптары. Зат есім. |
1 |
|
16 |
Сын есім.Түрлері.қызметі. |
1 |
|
17 |
Есімдік.Есімдіктің түрлері. |
1 |
|
18 |
Етістік. |
1 |
|
19 |
Шылау.Атқаратын қызметі. |
1 |
|
20 |
Тест жұмысы |
1 |
|
21 |
Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрамы. |
1 |
|
22 |
Сөйлем. Сөйлемнің түрлері. |
1 |
|
23 |
Сөйлем мүшелері |
1 |
|
24 |
Біріңғай мүшелер. Ерекшелігі. |
1 |
|
25 |
Пунктуация. Ерекшеліктері. |
1 |
|
26 |
Фонетикалық талдау ерекшелігі |
1 |
|
27 |
Лексикалық талдау ерекшелігі |
1 |
|
28 |
Морфологиялық талдау ерекшелігі |
1 |
|
29 |
Грамматикалық талдау ерекшелігі |
1 |
|
30 |
Синтаксистік талдау ерекшелігі |
1 |
|
31 |
Сатылай комплексті талдау ерекшелігі |
1 |
|
32 |
Мәтінмен жұмыс. Тілдік талдау. |
1 |
|
33 |
Тіл ұстарту |
1 |
|
34 |
Қорытынды. Жылдық қайталаулар |
1 |
|
.
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
«Сөз өнері» атты факультативтің жоспары. 6 -сынып I бөлім. 1. Кіріспе. «Қазақ тіл өнерінің құдіреті» 1.Қазақ тілінің құдіреті туралы дәйексөздерге комментарий жасау 2.Синтаксис сөзіне суретті жұмбақ құрау және шешу. 3.Криптограмма шешу (сөздердің байланысу түрі)
2. Поэзия тілінің құдіреті. 4.Ұстаз туралы өлеңдердің көркемдігі бойынша пирамида құрау. 5. «Менің сүйікті ұстазым» эссе жазу. 6. Таңдау өлеңдеріне салыстыру, тілдік талдау, талқылау жазу. Шығармашылық сабақ
3. Әдеби тілді қолдану аясы. 7.«Қазақ тілі- мемлекеттік тіл» тақырыбында өз ойларын жазу. 8. Жұптық талқылау жасау, өзара бағалау. 9.Сыныптық –әңгімеге түсу. Әңгіме-сабақ
4. 10. Ойтолғау жазу, сөйлемдерге сатылай-кешенді және лексикалық талдау. 11.«Менің мектебім» тақырыбына жай және құрмалас сөйлемдер қолданып, мәтін құрау. 12.Мәтін ішінен сөйлемге сатылай-кешенді талдау жасау. 13. Талдауларға топтық талқылау жасау. Шығармашылық сабақ
5. Лексикалық , фразалық қолданыстар. 14.Тұрақты тіркестер шыңын жасау; 15. Тіркестер мағынасын ашу. 16. Тіркеске комментарий жасау. Танымдық ойын
6. Морфологиялық қолданыстар құпиясы. 17.Сөздік құрамға талдау жасап, ерекшелігін талқылау; 18.Сөзжұмбақ құрау; 19. Сөзжұмбақ шешу. 20. ЦОР бөлімінен шығармашылық тапсырмаларды орындау. Өзіндік жұмыс сабағы
7.
Қазақ
әдеби тілі бойынша ғалымдар пікірі. 21. Пікірлерді жинастыру; 22.Дәйексөздерге ауызша талдау жасау; 23«Екі жақты түсініктеме күнделігін құрау» Пікірлесу сабағы
8. О.Бөкей шығармалары. 24. Жерлес жазушы О.Бөкей шығармашылығымен танысу; 25. Шығармаларынан үзінділер оқу; 27 «Менің таңдауым» (шығармасынан сөйлемдер жазу, тілдік талдау) Шығармашылық сабақ
9. «Сөздердің қолданылу аясы» 28.Қолдануы шектеуілі сөздер тізбегін құрау. 29. Диалект және кәсіби сөздерді қолданып, сөйлемдер құрау; келесі топқа жасыру. 30.лексикалық талдау түрін жасау. Өзіндік дәріс сабақ.
10. Ақын-жыраулардың сөз қолданысы 31. Дидактикалық толғаулар, арнау өлеңдер, поэтикалық образ жасау ерекшеліктерін талқылау(тілдік талдау) Талқылау
II бөлім. 11. «Синтаксисте қонақта...» 32.Синтаксис тарауы бойынша сұрақтар әзірлеу, қарсы топ шешу; 33.Шығармашылығ жұмыстар әзірлеу және қарсы топ орындау; 34. «Менің ертегім» синтаксис тарауы бойынша топтық ертегі құрау. Сайыс сабақ
12. Синтаксистік құрылымдар 35.Синтаксис сөзіне суретті жұмбақ құрау және шешу. 36.Криптограмма шешу (сөздердің байланысу түрі) Танымдық сабақ
13. «Қызықты байланыстар» 37.Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдеріне арналған сөзжұмбақтар құрау; шешу. 38.Формула бойынша сөз тіркестерін жасау жарысы. Топтық жарыс.
14. 39. М.Әуезов шығармаларын дағы сөздер тіркесі. М.Әуезеов шығармаларынан сөйлемдердегі сөз тіркестерінің қолдану түрлерін іздестіру. (ауыспалы мағыналы, фразалық) Зерттеу сабағы
15. 40Поэзиялық шығармаларда ғы сөз тіркестерінің қолданылуы. 41. Бөлмедегі поэзиялық туындылардан көркем сөз тіркестерін іздестіру, зерттеу жасау. Зерттеу сабағы
16. «Сөйлемдер талдау сұрайды...» 42.О.Бөкей шығармаларындағы сөйлемдердің синтаксистік ерекшелігін қарастыру, талқылау; 43.Сөйлемдерге сатылай-кешенді талдау жасау; Шығармашылық сабақ
17. «Қызықты синтаксис» 44.Синтаксис тарауына орай жасалынған шығармашылық ойын тапсырмалары. 45.«Жұлдызды сәт»
18. Білім сараптау 46. «Синтаксисті білеміз бе?» тақырыбымен тарауға байланысты сұрақтар шоғырын шешу: бәйге, көкпар, 47.Қасиетті жетілік. XXI ғасыр озығы
19. 48.«Менің ертегім» Синтаксис тарауынан сөйлем түрлері, сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлеріне орай, тіркес түрлерін қатыстыра отырып, ертегі жазу, иллюстрациялау 49. Сценарий қою сабағы
20. «Синтаксисті сараптау» 50. Жинақтау, салыстыру, дәлелдеу, ерекшеліктерін табу жұмыстарын жасау Зерттеу, ізденіс сабағы
III бөлім. 21. «Сәлем, морфология» 51.Морфология тарауын жинақтау. 52. Топтастыру. 53. Модель құрау 54. Кластер жасау Шығармашылық сабақ.
22. Қызықты грамматика. 55..Сөз таптарына орай сөзжұмбақтар құрастыру, топтар шешу. Топтық сайыс.
23. «Көріктеуіш сын есімдер» 56.Синономдік, омонимдік антонимдік қолданыстағы сын есімдер қатарын жасау; 57..Фразалық тіркестегі сын есімдер қолданысын жинақтау Ізденіс сабақ
24. 58. «Сандар, сандар...» 59..Сан есімі бар мақал-мәтелдер жинастыру. 60. «Сан есімдер елінде.» ертегі құрау Шығармашылық сабақ
25. «Ғажайып есімдіктер әлемі» 61.«Менің елім-Қазақстан» есімдіктерді қатыстыра отырып ойтолғау немесе эссе жазу. 62. «Ең таңдаулы жұмыс» анықтау, жалпы сыныпқа жариялау. Шығармашылық сабақ
26. «Менің сценарийім» 63.Үстеулерді қатыстырып, «Менің қалам» тақырыбына сценарий жазу; 64. Жылдық қайталау
|
|
|
|
||
|
||
8 – сынып «ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет» үйірме жоспары
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
1 |
Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында |
1 |
|
2 |
Ұлттық баспасөздің пайда болуы |
1 |
|
3-4 |
1916-17 жылдардағы тарихи оқиғалар және қазақ зиялылары |
2 |
|
5 |
1916 жыл оқиғаларына арналған өлең-жырлар |
1 |
|
6 |
ХХ ғасырдың басындағы әдеби ізденістері |
1 |
|
7 |
Басты таұырыптар арқауы |
1 |
|
8 |
Абай өнегесінің өрісі |
1 |
|
9 |
Тәржімә –тәжірбие мектебі |
1 |
|
10 |
Жаңа жанрлардың өркен жая бастау |
1 |
|
11 |
Әдеби талғам –танымның қалыптасуы |
1 |
|
12 |
Көркемдік әліс көріністері |
1 |
|
13-14 |
Діни –ағартушы бағыттағы ақын –жазушылар |
2 |
|
15 |
М.Жүсіп Көпейұлы |
1 |
|
16 |
Ақынның өлең –толғаулары |
1 |
|
17 |
Мысалдары мен дастандары |
1 |
|
18-19 |
Ағартушы –демократтық бағыттағы ақын –жазушылары |
2 |
|
20 |
Ш.Құдайбердіұлы |
1 |
|
21 |
Ақын лирикасындағы ой-таным |
1 |
|
22 |
Ақынның поэмалары |
1 |
|
23 |
Қарасөзді көркем шығармалары |
1 |
|
24 |
С.Торайғыров |
1 |
|
25 |
Ақын өлеңдеріндегі суреткерлік өрім |
1 |
|
26-27 |
А.Байтұрсынов |
2 |
|
28-29 |
М.Дулатов |
1 |
|
30-32 |
М.Жұмабаев |
3 |
|
33 |
Бернияз Кулеев |
1 |
|
34 |
Қорытынды |
1 |
|
Түсінік хат
ХХ ғасыр кезіндегі қазақ әдебиеті дегеніміз 1900-1920 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі әдебиетті кейбір зерттеушілер 25,30-шы жылдарға дейін созып жүр. Бірақ, тарих шындығынан ешкім асып кеткен емес.1920 жылы 4 қазанда Қазақ АССР-і құрылғаннан кейінгі уақытта Қазақстан жеріндегі бүкіл идеологиялық жүйе басқа бағытқа бет алғаны , әдебиетіміздің көрнекті өкілдерінің көбі , әсіресе, ХХ ғасыр басындағы әдебиетке елеулі үлес қосып, әдеби бағыты айқындалып, шеберлігі жетілді.
ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің тарихи қоғамдық –әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысын қарастыру;
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетпен байланысын, дәстүрлі әдебиет үлгісін дамыту мен өзіндік ізденістерден туған жаңашылдықтың белгілерін тану;
ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттегі ірі әдеби тұлғалардың романтизм мен реалистік әдіс –тәсілдерді қатар ала жүріп, өмір шындығын ашудағы өзіндік қолтаңбасын бағамдау;
Әрқилы әдебиет өкілдерінің шығармашылық болмысына бойлау арқылы ілгершіл әдеби қаламгерлердің шығармашылықтарындағы басты жетістіктерді ашу;
ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттің өркендеуіне негіз салған қоғамдық –санаткерлік , көсемсөздік міндеттердің нәтижелерін салыстырмалы түрде қарастыру;

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген