Сабақтың
тақырыбы: Өмір, қымбатсың сен
маған!
Сабақтың
мақсаты:
1. Өмірге деген бейімділік, табандылық
қарым-қатынаста болуын
қалыптастыру, өмірдің құндылығын
сезіндіру.
2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім
беру, олардың алдын алу.
3. Бір-бірімен қарым-қатынас машығын
қалыптастыру.
4. Қайырымдылыққа, білімділікке,
адамгершілікке тәрбиелеу.
.
Олай болса, мен бүгінгі сабағымды Тұманбай
Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр. Ал, сіздердің
міндеттеріңіз осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы жырлаған мұқият
тыңдау. (интерактивті тақтадан оқушы өлеңді айтып береді, видео
жіберіледі)
Адам күліп қарсы алады таң
нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр
күнін.
Сәл қайғырса, ол ұғына
түседі,
Дүниенің кеңдігі мен
тарлығын.
Адам күліп қарсы алады таң
нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр
күнін.
Сәл қуанса, шығарады ол
естен,
Дүниенің кеңдігі мен
тарлығын.
Осы өлеңде не жайлы
жырлаған?
Әрине, өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің
сабағымыздың тақырыбы «Өмір қымбатсың сен маған!» - деп аталады.
Сіздер жақсы орналасқан екенсіздер, ендеше мына көбелектерден
өздеріне ұнағанын таңдап 2-топқа
бөлінейік:
Бақыт-Компьютер
Тәтті
кәмпит
Түсінушілік
Видеофильм
Мұғалім: Адам өзге тұрмақ, өзінен жасырар ойы
болады. Әркімнің өз тілегі өзінде, қайғысы да қабырғасының астында.
Бірақ адамның ең басты қасиетінің өзі-туған күнінен бастап
жалғыздықпен күресіп, арпалысуы, ізденуі болмақ. Әйтпесе шын
мәніндегі жалғыздық түпсіз қара түнек, шыңырау, ауыр жүк. Сондықтан
адам баласы туа салып айқайлап жылап, қасына адам жинайды, анасын
іздейді. Дос іздейді. Махаббат іздейді. Қоғамнан өз орнын,
тіршіліктің мақсатын іздейді. Өмірдің өзі ақ пен қарадан, ауыр мен
жеңілден тұрады. Барлық қиындықты жеңсек-өмірдің мәні, адамның
ұлылығы болмақ.
Ал, енді, олай болса, біз сіздермен мынандай
ойын ойнап жіберсек қалай
қарайсыздар? . .
1 – оқушы. Өмір шіркін күннің сәулесі секілді
жарқ етіп өтеді де кетеді. Сондықтан да біз осы уақытқа дейін не
үшін өмір сүргенімізді, не істейтінімізді ойлануымыз қажет. Біз
өмірге келеміз, ата - анамыз бізге тәрбие беріп, бізді аяғымызға
тік тұрғызады. Кейін білім алып, жоғары оқу орнына түсіп, жақсы
жұмысқа орналасамыз. Бірақ соның барлығы не үшін екенін
түсінбейміз. Барлығымыз алдымызға мақсат қоямыз, бірақ ол мақсатты
орындағаннан соң не болады?
2- оқушы. Алла тағала бізге бұл өмірді
сыйлады. Сондықтан да біз бұл өмірді мәнді өткізуіміз керек.
Артымызда із қалдырып, тарихта атымыздың қалуын мақсат тұтуымыз да
қажет секілді. Тіпті сен жақсы жерде оқымай, дүниеден тапшылық
көрсең де сен туралы жақсы сөз айтылатын болса, ол сенің өмірді құр
өткізбегенің.
3- оқушы. Адам
кез келген мақсатқа қол жеткізе алады. Тек соған ерінбей еңбек етсе
болды. Мен де өмірімнің мәні болсын, бұл өмірден алар еншімді ала
өтсем деп өмір сүремін. Еліме елеулі, халқыма қалаулы егемен
еліміздің ертеңі болсам деген үкілі үмітімнің үзілмеуін қалаймын,
және сол үшін күресемін. Жалғанда қалмай, жаныма жарық түсірер
мақсат қою адамды алға жетелейтін секілді. «Шіркін!»- дейсің тек
қана, жаһанға жар салып, барша адамзатты да осы ізгі ниетімнің
жолына салсам ғой,- деп қиялдаймын. Мен өмірге ғашықтығымды осылай
дәлелдесем деймін. Мен өмірге ғашықпын. Тек ӨМІРГЕ
ғана!!!
4 –оқушы. Өмір
жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарасы да, жазығы да
көп. Асуы қиын асқармен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдилы да
болмайды. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп -
қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл
дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан
келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге
айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын
керуен ғана өте алады. Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне
жетеді.
5 –оқушы. «Мен
өмірден алатын еншімді алғаным жоқ әлі, мен өмірімді қатты сүйемін,
менің өмір сүргім келеді!» - деп бар дауысыммен айқайлағым
келеді.
6- оқушы. Өмір
деген кейде бақыт, кейде мұң
Секілді кезектескен күн мен
түн
Өмірді түсінемін сынақ
деп
Қиындық пен қуаныштан
тұратын.
Т оптастыру
қуаныш шаттық
1
Бақыт
Өмір
-топ
оқушылары өсу
саулық
махаббат
Есейю Қызыққа бөлену жетістік
жақсы денсаулық
.
.
Лабай жалпы орта
мектебі
Ашық
сабақ
«Өзін-өзі тану»
7-сынып
Тақырыбы:
«Өмір,қымбатсың сен
маған!»
Өткізген: пән
мұғалімі
А.Ханафина.
2015/2016 оқу
жылы