Материалдар / "Өмір!Сен маған қымбатсың" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өмір!Сен маған қымбатсың" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өмір!Сен маған қымбатсың» (7-10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел) Қазіргі таңда өз өмірін бағаламау, саналы түрде одан бас тарту әрекеті бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. Бала психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблема ретінде қабылдайды. Сондықтан, оларға қашанда ата-ананың түсіністігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Өзіне-өзі қол салуға қатысты әрекет – мінез-құлықтың бұзылу формасының ең шегі. Соның ішінде 9-10 сыныптармен жүргізілген ойын-тренингті назарларыңызға ұсынып отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3486
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өмір!Сен маған қымбатсың»

(7-10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел)


Қазіргі таңда өз өмірін бағаламау, саналы түрде одан бас тарту әрекеті бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. Бала психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблема ретінде қабылдайды. Сондықтан, оларға қашанда ата-ананың түсіністігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Өзіне-өзі қол салуға қатысты әрекет – мінез-құлықтың бұзылу формасының ең шегі. Соның ішінде 9-10 сыныптармен жүргізілген ойын-тренингті  назарларыңызға ұсынып отырмын.  


Мақсаты: оқушылардың өмір құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- жастар арасында суициалды мінез - құлықтың алдын алу;
- «өмір» ұғымына тереңірек үңілуге ықпал жасау;
- өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру;
- өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету.

Мақсаты :

өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне түсіну;

адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту

балалардың ойын ашу , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру .

Барысы:

Психолог: Бірінші біз іс – шарамызды бастамас бұрын Ереже қабылдап алайық.

Ереже : – біз тыныштықты сақтаймыз ;

бір – бірімізді тыңдаймыз ;

өз ойларымызбен бөлісеміз;

сезімдерімізді сыйлаймыз ;

бір – бірімізді мазақ етпейміз ;

уақытымызды үнемдеп , қысқа да нұсқа жауап береміз;

тәртіппен , өз кезегімізбен сөйлейміз ;

мектеп ережесін бұзбаймыз;

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар!

Көңіл күйлеріңіз қалай?

Мен сіздермен бүгін жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын! Олай болса,бір-бірімізге деген мейіріммен, жылы сезімдерімізді ояту үшін, жақсылап бір ерекше амандасып алайықшы.

Амандасу  түрлері

Ол үшін,  сыныптың ішін еркін аралап жүреміз. « Бір-бірлеріңе жақындандар» дегенде өздеріңе жұп табасыздар. Содан кейін мен, сіздерге тапсырма беремін. Бастайық!
Енді, бір-бірлеріңе қол алмасыңдар, жақындасындар-аяқ-аяғымызды, қол қолдарымызбен, иық-иықтарыңызбен, бет-беттеріңізбен, мұрын-мұрындарыңызбен амандастырамыз. (жақсы,өте тамаша!)


Бүгінгі біздің дөнгелек үстеліміздің тақырыбы  «Өмір тамаша. Босқа қауіпке жол берме!»-деп аталады. Сіздер жақсы орналасқан екенсіздер, ендеше топ құрайық.

1) Өмір    2) Бақыт 3) Достық 4) Денсаулық

Өмір – ол адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый . Осындай сыйды саған сыйлаған кім ?…

Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың , ол сенің ата – анаң .Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек ,айтады – ғой,

Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың” -деп. Себебі , біріншіден ол саған “өмір” сыйлады , саған жарық дүние көрсетті , сені өсірді , сенің ыстығыңа күйді , суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады , тәрбиелеп өсірді .

Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа , сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің.

Өз өмірің , өз әлемің өз қолыңда ! Біреуге ренжіп ,біреуді кінәлап , мін тағу дұрыс емес . Өмірдегі қайғыны , қиындықты , сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа , жақсы ойлар ойлау керек. Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен , сәттілік пен сәтсіздіктен , қайғы мен қуаныштан құралады . Міне өмірдің өзі біле – білсең сонысымен қымбат.

Енді осы өмір туралы ойларымызды тренинг – жаттығу жасау арқылы жалғастырайық .

Ассоциация «Өмір» (слайд)

Ө-

М-

І-

Р-

Бой сергіту. «Джунглидегі жаңбыр»

Мақсаты: Иық. мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.

Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға батырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар) .Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.

Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз.

«Мен және өмір» жаттығуы

Нұсқау: - Балалар, бәріміз ортаға шығып, жылылық шеңберін құрайық. Оқушылар шеңберге тұрып, мысалы «Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.

Ойлануға арналған балықтар ” жаттығуы. ( сұрақ – жауап түрінде ) (7слайд)

Өмір дегеніміз не , қалай түсінесің ?

Өмірдің мәні неде?

Өмір адамға несімен қымбат?

Ал,бақытты қалай түсінеміз?

 – Бақытқа жету үшін адамға не істеу керек деп ойлайсыңдар?

«­­Өмір» мен «Бақыттың» айырмашылығы неде?

- Өздеріңіз  қандай уақытта бақытты боласыңдар? Ол үшін не керек?

Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің ?

Мағынаны тану

Психолог сөзі : Сонымен өз ойларыңмен бөлісіп , пікірлестіңдер,өмір сүру үшін күйретуші ойлардан аулақ болуымыз керек екен ұқтыңдар. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп ,не істесеңде ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы , шыдамды , төзімді болуды үйрен .

Өмірде бәріде өткінші екенін ұмытпа .

Әрі қарай ой бөлісу , пікірлесу жаттығулар өткіземіз.

Құрылған топтағы оқушыларға
1 – топ: Өмір құндылықтары
2 – топ: Өмірдің мәні неде?»

3 топ: Біз өмірді сүйеміз!

Оқушылар үні. Өз ойларын жазу.

«Өмірге құштарлықты ояту» аутотренинг

  Ыңғайлы отырыңыздар. Көзімізді жұмайық. Өзімізді қараңғы түнде жалғыз айдалада қалғандай сезінейік.

    Қандай сезімдесіздер? (бірқалыпты)  Қандай шешім қабылдайсыз?

 Біршама уақыт өтті, ешкім жоқ, тыныштық, айнала қап-қараңғы, жайлап жел тұра бастады, тоңа бастадық, желмен қоса жабайы аңдардың дауыстары естіле бастады. Бірте-бірте жақындап келеді.

Қандай сезімдесіздер? (қорқыныш)  Қандай шешім қабылдайсыз?

 Жел күшейді. Үстіңдегі киімдеріңді жұлқылап, мазаңды кетірді. Табан астында қар жауды. Ол боранға ұласты. Төңіректе түк көрінбейді. Қар астында қалып қойдыңдар. Үстеріңді ауыр жүк басты, қол-аяқтарың үси бастады. Әлсізденіп, еш нәрсеге шамаларың келмей қалды.

          Қандай сезімдесіздер? (қорқыныш)  Қандай шешім қабылдайсыз?

Өмір сүргілерің келеді. Әлі жассыңдар. Ата-аналарың бар, бауырларың, достарың, туған ауыл. Асыл армандарың, алға қойған мақсаттарың орындалмай қалатын түрі бар.

          Қандай сезімдесіздер? (қимастық)  Қандай шешім қабылдайсыз? 

Ал енді бойымызды билеген қорқыныштан арылайық. Қолымызды, денемізді, аяқтарымызды сілкіп-сілкіп тастаймыз. Бәріміз бірігіп хормен:

«Өмір қандай тамаша!  Өмір маған қымбат!  Менің өмір сүргім келеді.

  Мен өмірді таңдаймын!»  –   деп айтамыз.

Енді осы тренингтен алған әсерлеріңізбен бөліссеңіздер. Қандай күйде болдыңыз?

Қызығушылықты ояту

«Жүректен жүрекке» (10 слайд)

«Метафора арқылы сөйлеу» жаттығуы. Өмірде кейбір жағдайларды суреттеу, ертегі, аңыз, мысал, өлең арқылы түсінуге болады. Ендігі тапсырма метафора арқылы сөйлетіндеріңді білдіреді.

            Сіздерге 9 сөз беріледі. Сіздер әңгіме, ертегі, не өлеңде осы сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыруларыңыз керек: директор, жарайсыздар, кемпірқосақ, апта, психология, мектеп, ойын, ал кімге жеңіл, ура.

Сіздің ойыңызша ” жаттығуы .( жазылған сөйлемді өз сөзімен толықтырып жазып , ой қорыту .)

Жақсы өмір – бұл …..

Бақытты адам – ол ……

Менің өмірімнің маңызы мынада.....

Менің өмірім – ол ...

Менің көңіл-күйім көбінесе ...

Менде нашар көңіл-күй пайда болады, егер...

Айналадағы әлем-ол...

Менің достарыма деген қарым – қатынасым...

Жалғыздық мен үшін ол ...

Оқу мен үшін ол...

Мен ойлаймын, біздің отбасымыздың бір-біріне деген қарым-қатынасы...

Отбасылық қарым-қатынас дегенді мен былай деп түсінемін...

Пікір алмасу. (Оқушыларға сөз беріледі)

«Өмір ағашы» психологиялық мінездеме беріледі 
- Сіз не үшін бұл топтарды таңдадыңыз? 


Оқушы пікірі 

Тамырды таңдағандар – істің нәтижесіне мән беретіндер. 

Діңін таңдағандар – берік, мықты біреуге тірек бола алатындар 

Жапырақ таңдағандар – сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар 

Мен- өмірді жас зерттеуші, жас ғалым, 

Енді оянып, енді зерттей бастадым. 

Өмір- кітап, түсінуі тым қиын, 

Әрбір күнім- әрбір бетін ашқаным. 

Психолог сөзі : Әрине өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес .

Өмір – өзен ағып жатыр , тынбайды ,

Өмір болмас қасіретсіз , мұң қайғы ,

Сондықтан да , өз – өзіңе абай бол ,

Өмір сені сонда ғана шыңдайды . – деп ақындар жырлағандай , Өмір – арнасы кең өзен , сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес , ол үшін қандай да бір қиындықтарға , кедергілерге кездесуің мүмкін. Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық , көреалмаушылық танытпа ,өз мақсатың үшін күресе біл .Өзіңнің күшті жақтарыңды көрсет , әлсіздік , шарасыздық танытпа . Сен өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің .

Келесі тренинг “ Менің мақсатым .

Сендер әрбіреуің бір – бір үйдің гүлісіңдер , сондықтан өз мақсаттарыңды берілген гүлдерге жазып осы ағашқа ілулерің керек .

Өзіндік бағалау маршы ” жаттығуы .

Мақсаты: өзіне деген сенімділігін дамыту .

Ой толғаныс

Психолог сөзі : Қымбатты балалар !  Қызықты өмір сүру үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Мен қазір  сіздерге психологиялық кеңес беремін , естеріңе ұстаңдар .

Психологиялық кеңес : қызықты өмір сүру үшін …

ай сайын жаңа кітап оқы  оқығандарыңды көңіліңе тоқы.

икемің бар іспен айналыс , мысалы (ән айту , би билеу , шеберлік істер )

әрбір демалыс күніңе жоспар жасап, қызықты өткізуге тырыс ,

ертеңгілік жаттығу жаса , сергек жүресің

ата – анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа көмектесіп тұр.

әр айдың бір күнінде өзіңді басқа біреудің орнына қойып көр , содан өзгеше ойлап , тәлім алуға тырыс ,

әр күні кешке “ мен бүгін не істедім?” деп өзіңе есеп беріп үйрен;

күнделік жазуға дағдылан , ол сенің ең сенімді серігің бола алады .

Олай болса балалар бүгінгі күнімізге ризамыз ба ?

Бәріміз РИЗАМЫЗ деп қайталап айтамыз. РАХМЕТ!

Ал сіз өмірде нені сүйесіз? Қатысушылардың ой бөлісуі (слайд)

«Кездескенше» жаттығуы

Шарты: барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз. Менің қолымда кішкентай жіп бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-бірлеріңізге беріп, тренингтен алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіріп, осымен бірге, әріптесіңіздің атына өз тілегіңізді айтасыз.

Ұран:
1  топ. Біз өмірді сүйеміз!

2.  топ. Бақытты өмір сүреміз!

Барлығы  қосылып.Біз бәріміз біргеміз!

Қорытынды психолог сөзі: Бүгінгі «Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме» дөңгелек үстелі аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет! Осылай өмірде белсенді, қуанышты болыңыздар! Өмірлеріңді бағалап, мәнді өткізе біліңдер! Қызықты сәттеріңіз мол болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!