ОМЖ алгебра 8- сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОМЖ алгебра 8- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге ОМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әбен Марина Мұғалім портфолиосы А бөлімі

1 тыңдаушысы «Тиімді оқыту мен оқу»

ПШО Қызылорда қ 11.03.2017ж





Түйінді идеяларды білу және түсіну

Тізбектелген сабақтар топтамасы туралы рефлексиялық есеп

«Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасының Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер «оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп» соның нәтижесінде әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген оқыту әдістемесі «сындарлы оқыту теориясына» негізделген. (Хетти 2009жыл). Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін кез-келген жағдайда тиімді пайдалану.

Мұғалім ұстанымы –ұғымы адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар жеке тұлғаның негізгі құндылығы ретінде қарастырады. Бағдарлама сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерде мұғалім қалай оқу керектігін үйретеді.

Кембридж бағдарламасы негізінде алған теориялық білімімізді мектептегі тәжірибемен ұштастыру мақсатында өзім қызмет етіп жүрген Жаңақорған кентіндегі №110 мектеп-лицейінде 8 сынып оқушыларымен сабақ өткізу үшін орта мерзімді сабақ жоспарын жоспарладым. Осы тұста, әрине мұғалімнің рөлі ерекше. Дәстүрлі оқытуда оқушылар алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді қолдана алмауы, жай ғана еске механикалық түрде  сақтауы  жайыттары  орын табатын. Мұнда оқыту үдерісінің доминанты рөлі мұғалімге жүктелген болатын, ал жаңа сындарлы технологияда оқудың негізгі міндеті оқушыға жүктеліп, мұғалім тек бағыттаушы,  жетелеуші, бақылаушы болып, оқушыға өз бетімен және өз еркімен білім алуға ықпалдасады.

Бағдарламаның жеті модулі мәнмәтінде мектеп тәжірибесінде қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұрады: 

 -Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер:

 -Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету:

 -Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

 -Оқытуда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану;

 -Талантты және дарынды балаларды оқыту;

  -Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.;

   -Оқытудағы басқару және көшбасшылық.


Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетеді.

Диалогты оқыту баланың қабілеті мен талантын ашуға көмектеседі. Оқушының  өн бойында  еркін пікір айтуға деген құлшынысын арттырады, белсенділігі артады. Кез келген жастағы баланың қызығушылығын арттыратын тапсырмалардың барлығы сұрақ-жауап әдісіне құрылады. Сондай-ақ  диалогтік оқытудың «әңгіме-дебат» түрі де оқытуда жиі пайдаланылады. Өзара пікірсайыста, пікіралмасуда әңгімелесудің бұл түрінің  оқушылар шығармашылығын арттыруда пайдасы мол табысты. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты  қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін  айтып өткен .Кейінірек Мерсер мен Ходжкинсон (2008) зерттеулеріне қарағанда Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Сабақта  оқушылармен диалог құра отырып оқыту арқылы АКТ-ны тиімді қолданып, жаңа әдіс –тәсілдерді пайдаланып, талантты және дарынды балалардың жұмысымен көшбасшыларды анықтауда оларды сыни тұрғыдан да ойлантуға  болатынын байқауға болады. Осы орайда менің негізгі мақсатым диалогты оқыту арқылы оқушылар белсенділігін арттыра отырып, сабақ барысын  басқа модульдермен ықпалдастыру.

Оны мен орта мерзімдегі сабақ жоспарында берілген тізбектелген сабақтар топтамсы пәннің тарауындағы «Квадрат теңдеулер», «Квадрат теңдеудің түрлері», «квадрат теңдеудің формулалары», «квадрат теңдеудің формулаларын пайдаланып есептер шығару» тақырыптарында өткен сабақтарымда  байқап көрдім. Квадрат теңдеудің анықтамасымен, квадрат теңдеудің түрлері, квадрат теңдеудің формулаларымен оларды шешу жолдары, анықтамасымен, формулалар ұғымымен танысады, түсінеді, анықтама бере алады, амалдарды орындағанда формулаларды тиімді қолданып есептер шығара алады . Сыныптағы диалогтік әңгімені дамытудың Мерсердің (2000) зерттеуі бойынша 3 түрі бар:

-         Әңгіме-дебат

-         Топтық әңгіме

-         Зерттеушілік әңгіме   

Мен өз сабақтарымда диалогтік әңгімелесудің осы үш түрін де қолданамын деп мақсат қойып отырмын. Квадрат теңдеу тақырыбында өткен сабақта диалогтік оқыту арқылы   сыни ойлата отырып, дарынды оқушыларымды анықтау мақсатында өткен тақырыпты пысықтау үшін топтарға тапсырмалар беремін.

І топқа 1- сұрақ: Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?

Теңдеудің сол жағында белгісіз айнымалыға тәуелді екінші дәрежелі көпмүше, ал оң жағында нөл саны берілген теңдеу квдрат теңдеу деп аталады?

ах2+вх+с = 0 түрінде берілген теңдеу квадрат теңдеу деп аталады. Мұндағы

а≠0 болғанда а,в,с-нақты сандар. Х1 х2 а1

ІІ топқа. 2-сұрақ. Квадрат теңдеудің неше түрге бөлінеді?

1.Толымды және толымсыз квадрат теңдеу болып екіге бөлінеді.

1 . ах2+вх+с= 0 в≠0 және с≠0 болса, онда ол теңдеу толық квадрат теңдеу деп аталады.

2. в немесе с, немесе в мен с нөлге тең болатын квадрат теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады.

3-сұрақ. Квадрат теңдеудің дискриминантын табу формуласы қандай?

D=b2-4ac егер D˃0 болса онда теңдеудің екі түбірі болады.

D˂0 болса шешімі жоқ, D=0 болса бір ғана түбірі болады.

  • IV-топқа 4-сұрақ: Қандай теңдеу келтірілген квадрат теңдеу болады? Егер толық квадрат теңдеудің бірінші коэффиценті 1-ге тең (а = 0) болса, онда ол келтірілген квадрат теңдеу деп аталады? Осы топтарға қойылған сұрақтар бойынша оқушылар топта жеке-жеке ізденіп, кітаптан оқып, бір-біріне жұппен талқылап, топпен ақылдасып отырып есептерді шығарды, түсінбеген жерлерін бір-бірінен сұрап, берілген формулаларды тиімді қолданып есептер шығару ал мұғалім бағыт –бағдар беру мен қатар оқушыларды ізденіп еңбектенуге бағыттайды. «ЖИГСО» әдіс-тәсілі оқушының ақпаратты өз бетінше ұғына және меңгере алуына;

  • меңгерілген ақпаратты сыныптастарына түсінікті етіп жеткізе білу;

  • мәтінмен өз бетінше жеке жұмыс жасау дағдысын дамыту;

  • ақпаратпен жұмыс жасау барысында ынталы болады;

  • белгілеу, тұжырымдау және мәтінге сұрақ қоя біледі ;

  • кластастарын ести және тыңдай біледі;

  • ақпаратты қысқа да нұсқа жазбаша түрде бере алады;

  • өзінің және кластастарының білім алуына жауапкершілікпен қарау;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі миға шабуыл, бағалау мадақтау өзін-өзі бағалауы, өзара бағалауы

Егер толық квадрат теңдеудің бірінші коэффиценті 1-ге тең (а = 0) болса, онда ол келтірілген квадрат теңдеу деп аталады? тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшелігімен деңгейіне қарай беремін.

1.Дарынды окушыларға логикалық жолмен шешу жолын таба алады.

2.Оқу үлгерімі орташа оқушылар түрлендіру арқылы есептер шығара алады.

3.Үлгерімі төмен оқушыларға формуланы қолданып есептер шығара алады «Ойлан-жұптас-бөліс» әдіс-тәсілі оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға сабаққа деген қызығушылығын арттыруға , өз бетінше ізденіп, өз ойын саралап айтуға басқа оқушылармен ынтымақтастық орната отырып, өз білімін көпіршелер арқылы тереңдетуге, практикада теорияда оқыған формулалар мен қасиеттерін, анықтмаларды орынды тиімді қолданып есептер шығаруда пайдаланамын .Дарынды да, қабілеті жоғары оқушылар өз білімдерін терең түсінуде ақпараттық технологиялармен қатар терең оқытуға бағытталған бағдарламалық жаттығулар кітаптардан деңгейлігі жоғары есептерді шығарып отырады. Бұл бағдарлама оқушылар өз білімін кітаппен ғана шектемей ары қарай ізденіп көп білуге тырысады. Сабаққа, пәнге деген қызығушылығы артады. Оқушылар  сыни ойлай отырып, бір-бірімен диалогқа түседі. Бұл тапсырма негізінде байқағаным  үндемейтін оқушыларым Т А, К Ә есімді оқушыларым ашылады деп ойлаймын. Сабақ барысында оқушыларымды зеріктіріп алмайын деп сергіту сәтін ұйымдасытырамын. Бұл сергіту баланы ширатып, қайта оқуға деген құлшынысын арттырады. 45 минут есеп шығару баланы шаршатып, жалықтырып жібереді. Сондықтан балаға сергіту сәті қажет деймін. Сабағымды бекіту кезеңінде «Шатасқан баулар» стратегиясын қолданамын. Оқушыларымды  сыни ойлата отырып, диалогка түсіру арқылы , дарынды оқушыларымды анықтаймын Мұғалім оқушыларға дұрыс және дұрыс емес тапсырмалар мен сұрақтар  береді. Оқушылар жеке-жеке берілген тапсырманы оқып дұрыс емес тапсырманың қатесін тауып өз ойын тобында талқылап жауабын береді. Оқушының сын тұрғысынан ойлауына ,топта талдау жүреді. Мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша  диалог пен ауызекі немесе «интерактивті» оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданылатын диалектика элементі.(Wolfe and Alexander 2008 Бағдарлама оқушының білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және түсіністікпен қарауға талап етіп отыр. Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәнінде тиімді түрі болып табылады. (мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 43 бет).  Нұсқаулықта оқушылардың тақырыпты түсінуге қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі бар:  төмен дәрежедегі немесе жабық және жоғары дәрежедегі немесе ашық сұрақтар. Ашық сұрақтар талқылауды кеңейте түседі және білім мен «дәлдіктің» растығы негізінде пайымдау жасауға, пікір білдіруге негіз болады. (www.cpm.kz)

Сабақтың барысында орындалған тапсырмалар арқылы мен өз мақсатыма жетемін деп ойлаймын . Оқушылар әрекетінен мынадай нәтиже көрінеді:

          Қорыта келсем, диалогтік оқыту әдісін қолдана отырып, өзіме мына

-         сабақ жоспарлауда Блум таксаномиясына сүйене әр кезеңіне сұрақтарды дайындау;

-         оқушыларға қоятын сұрақтардың бағытына, сапасына ерекше мән беру;

-         төмен дәрежелі сұрақтардың орнына жоғары дәрежелі сұрақтарды қолдану;

-         сұрақ қоюдың түрткі болуы, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты техникаларын пайдалану;

-         оқушыларды сөйлеуге бағыттау үшін ойын жинақтауға мүмкіндік беру;

-         оқушыларға сұрақ қоя және олардан ала білу;

-         диалогтік әдісті басқа модульдердің әдістерімен ықпалдастыру.      

         Сонымен, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдердің де, оқушылардың да білім алуға қомақты үлес  қосатын өзара әрекетінің шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Кез келген дебаттық тақырыпта  оқушылардың теориялық материалды ғана  емес, дүниетанымдық деңгейлерін де көрсететін кезі болады. Дебат –дүниетанымды кеңейтіп, білімін толықтыратын, мұғалімнің де  сыни көзқарасты оқушыларының пікірін тыңдауға мүмкіндік беретін тиімді әдіс.Диалогтік   оқытуда ерекше мән беретін жағдай-  сұрақтарды қоя білу. Тосыннан қойылған сұрақтар мен астарлы мағынаны меңзейтін сұрақтар болады.Тек оларды жағдайға қарай, оқушылардың  жас ерекшелігіне қарай қою керек деп ойлаймын.

  Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, жақсаратындығын  атап  көрсеткен  ЖАДА  оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер,өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды.Бұл тапсырмаларды орындауда оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек.Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды  және Выготский  бұл жағдайды  оны оқытудың негізгі  құралы деп есептейді.(МАН 39-бет)

Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олар- ды оқыту  тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде.Осылайша балаларды ХХІ­ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру­–мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық ­үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек­(Wolfe­and­Alexander,­2008).  (51-бет)              Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Өмір бойы білім алу қазақстандықтардың  жеке кредосына айналуы тиіс» деген еді.Сондықтан да әрбір ұстаз еліміздің болашағы өз қолында тұрғанын ұмытпауы керек.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
643
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі