400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тірі ағзаларды жүйелеу


Күні: 16.06.2017 ж.

Мектеп: Ақтөбе қаласы, №31 қазақ-орта мектебі

Мұғалімі: Демеуғалиева Гүлнафис Мырзашқызы

Сабақтың тақырыбы:

Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Оқу мақсаты:

7.1.1.3-Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының ерекшеліктерін сипаттау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тіршілік ету ортасын түсіндіру

Көптеген оқушылар:

Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың сыртқы құрылысының ерекшеліктерін сипаттау

Кейбір оқушылар: Омыртқалы және омыртқасыз жануарларға тән белгілерді анықтау

Бағалау критерийі

-Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылыс

-Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының ерекшеліктерін салыстырады

Тілдік мақсаттар




Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

-Мантия; Хитин; Омыртқалылар; Омыртқасыздар; Ішкі қаңқа; Бассүйектілер

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Ядросы жоқ ағзалар қалай аталады?

Ядросы қалыптасқан ағзалар атауы не?

Жүйелеудің негізін қалаған ғалым кім?

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, география, экология

Алдыңғы білім


7.1.1.1.-жүйелеудің маңызын түсіндіру

7.1.1.2.-жүйелеуде тірі ағзалардың орнын анықтау



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



-«Көңілді күн» тренингі

Оқушыларды шаттық шеңберінде тұрғызу. Әуенді тындатып, дене қимылдарын жасату


-«Лездеме» әдісі

Конвертке алдыңғы білім бойынша сөздер жазылған салынған парақтарды (жіктеу, жүйелеу, түр, тұқымдас, туыс) тандайды, оқушылар параққа жазылған сөзді түсіндіреді.





-Сөздер жазылған парақтар мен суреттер

Сабақтың ортасы

«Миға шабуыл»

-Слайдтан көрсетілген сурет бойынша өз ойларын білдіреді, Суретте не бейнеленген? деген сұрақтарға жауап беріп, жаңа сабақтың тақырыбын ашады


Оқушылар жаңа сабақ бойынша мәліметті

-«Мозайка» әдісі арқылы қима суреттер бойынша 3 топқа бөлу


-«Дөңгелек стол» әдісі арқылы 3 шағын дөңгелек столда жаңа сабақтың мазмұнын ашып түсінеді 1-топ. Омыртқасыз жануарлар

2-топ. Омыртқалы жануарлар

3-топ. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері


-Оқушылар бір-бірінің тақырыпты түсіну деңгейін және талқылау дағдыларын бақылап «Бағдаршам» арқылы бағалайды


-«Кім тапқыр?»

Тапсырма-1

а) Суретте берілген ағзаларды құрылыс ерекшелігіне байланысты екі топқа жіктеңіз.



в) Ағзаларды жіктеуге негіз болған маңызды белгілерді атаңыз.


Дескриптор

Білім алушы

-сурет бойынша омыртқалы жануарларды жазады;

-сурет бойынша омыртқасыз жануарларды жазады;

-ағзалардың құрылыс ерекшеліктерін анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау: Стикерлер мен диалог. Оқушылар өз пікірлерін стикерлерге жазып білдіреді.

Не нәрсе оңайболды?

Не нәрсе қиынболды?

Не білгіңіз келеді?


Тапсырма-2 «Тұжырымдамалық кесте» сызбасы әдісі арқылы кестені толтырып, салыстырыңыз.


Дескриптор

Білім алушы:

-Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ерешеліктерін ажыратады

-Кестені толтырып, салыстырады


-Оқушылар тапсырманы топта ақылдасып, орындайды. Топтар бірін-бірі

«Басбармақ» арқылы бағалайды
















Сабақтың соңы

-Кері байланыс

«Тазалық»

-Оқушылар сабақтың соңында өз пікірлерін стикерге жазып, қалдырады


Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

«Лездеме сұрақтар» және «Дөңгелек стол» әдісі кезінде омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тіршілік ету ортасы туралы түсінік қалыптасады


Көпшілік оқушылар

Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмаларды орындау арқылы омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың сыртқы құрылысының ерекшеліктерін сипаттады


Кейбір оқушылар

«Тұжырымдамалық кесте» сызбасын қабілеті жоғары оқушылар орындау арқылы омыртқалы және омыртқасыз жануарларға тән белгілерді ажыратады

-Оқушылар жаңа сабақты меңгеруде бір-бірінің тақырыпты түсіну деңгейін және талқылау дағдыларын бақылап «Бағдаршам» арқылы өзара бағалайды



-Кім тапқыр және суретпен жұмыс жасау барысында

Стикерлер мен диалог.

Оқушылар өз пікірлерін стикерлерге жазып білдіреді.

Не нәрсе оңай болды?

Не нәрсе қиын болды?

Не білгіңіз келеді?

Тапсырма-2 «Тұжырымдамалық кесте» сызбасын алғаш орындаған оқушыларды «Басбармақ» арқылы бағалауды қолданамын






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі