400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Он саны мен цифрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сандар туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №17 жалпы білім беретін орта мектебі» МКМ

Ашық сабақ

10 саны мен цифры

















Бастауыш сынып мұғалімі:

Нұрғожаева Қарлығаш Укеновна















Сабақтың тақырыбы: 10 саны және цифры. Қайталау

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған тапсырмалар орындату .

2)Оқушылардыңлогикалық ойлау,есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.

3)Оқушыларды тапқырлыққа,жылдам ойлауға,ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Типі: Қайталау.
Түрі: танымдық сабақ
Әдісі
: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын т.б.сын тұрғысында ойлау стратегиясы.
Көрнекілігі: Құстардың суреті, 10 саны, үлестірмелі кесте,
Интерактивті тақта.Слайд.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ.

Біздің сабағымызға қонақтар – мұғалімдер келіп отыр. (Сәлемдесу)
Қуан, шаттан, қуан, шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін.
2.Бүгінгі сабақты ашу үшін слайдтан көрсетілген суреттен артық затты табу. Оқулық құралдары ( Түсті қарындаш, қалам, бояу, қылқалам,сызғыш, өшіргіш) және 10 цифры


11

Тапсырма: 10 санын жазып көрсету Екі тор көзге жазылады, 1 оң жақ бөлікке, 0 сол жақ бөлікке жазамыз.
1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандары қандай сандар?
10 саны неше таңбадан құралған?
- Дұрыс, 10 саны екі таңбалы сан деп аталады.

3.Өткен сабақтарды пысықтау: Ой қозғау.
Слайд арқылы көсетілген Шалқан ертегісі бойынша шалқандытартқан нешеу? Дұрыс жауабы бесеу, өйткені тышқан сыртта тұр
.

- Слайдта қызықты қызанақтар рет-ретімен шығады, ал оқушылар өсу ретімен санайды.


- Өткен сабақты пысықтау үшін 10 санының құрамын еске алу арқылы дұрыс оқу ережесін хормен айтқызу.

«Өз қатарыңды тап» ойыны. Оқушыларға цифрлар таратылып ойын түрінде 1-топ өсу ретімен, ал 2-топ кему ретімен тұру қажет.

Ұшып келген құс көгершін.
Көгершіннің басқа да аты бар. Оны кептер деп атайды. Кептердің түрлері көп. Кейбір түрлері «Қызыл кітапқа» еңгізілді. Көгершіндібейбітшілік құсы деп танимыз.

Сұрақ неше ақ және сұр кептер шатырға қонды?

1+9=10 оқылуы бірмен тоғыздың қосындысы онға тең.

Самат аквариумның суретіне 8 алтын балықтың суретін салып еді, оған тағы 2 алтын балықтың суретін Бекзат салды.Сұрақ: балалар неше алтын балықтың суретін салды?

8+2=10 оқылуы сегізбен екінің қосындысы онға тең.

-Мұхиттың оңтүстігінен жүзіп келген 7 дельфинге, солтүстіктен 3 дельфин қосылды.Сұрақ : Барлығы неше дельфин?

7+3=10 оқылуы жетімен үштің қосындысы онға тең.

-Астық қоймасынада 6 тышқан ойнақтап жүр еді , тағы сезімтал тышқандардың 4-еуі қосылды. Сұрақ қоймада неше тышқан билеп жүр?

6+4=10 алтымен төрттің қосындысы онға тең.-Үстінгі сөреде 5 бауырсақ, астыңғы сөреде 5 бауырсақ тұр. Сөрелерде барлығы неше бауырсақ тұр?

5+5=10 беспен бестің қосындысы онға тең. Сергіту сәті: Оңға, оңға , түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр,
Алға қарай бір қадам,
Артқа қарай бір қадам,
Жоғары – төмен қараймыз.
Орнымызды табамыз. Жасырын сөз оқулық, ендеше оқулықпен жұмыс:

1. Сурет бойынша түсінік.
1.Оқулықтағы балапандарды сана.
Не өзгерді?
2.9 + 1 =10 10 – 1 = 9
10 * 9 9 * 10
(оқу, теңдік, теңсіздік екенін атау ).
3. Тізбекті орындау (ауызша).

Партаға отыру ережесін еске түсіру.

Дәптермен жұмыс:
Оқулықтағы теңдіктерді көшіріп жазу, мәнін жа

1. Төртбұрыштың неше бұрышы бар?
2. Қосуға кері амалды ата.
3. Бір аптада неше күн бар?
4. 2 + 3 қанша болады?

5. 3 кг темір ауыр ма? 3 кг мақта ауыр ма?
6. 9 саны қалай шығады?
7. Партаның неше бұрышы бар? Сабақты қорытындылау:
Бағалау парғынан жеңімпаз топты байқау. әр оқушының жұмысын бағалап, мадақтау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
479
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі