|
Білу
(Кім?
Не?Қайда?)
|
Қазақ халқының он саусақпен яғни қолөнерімен
жасалатын бұйымдарына, он саусақпен жасалатын қазақтың ұлттық ою -
өрнек зергерлік бұйым, киім - кешек, тамақ олардың қыр - сырлары
туралы жалпы сипаттама
беремін. Зергерлік бұйымдар мен қолөнер бұйымдарының
ұлтымыздың тарихындағы алатын орны жайлы түсінік беру, ұлттық
өнерді қастерлеуге тәрбиелеу.
Халық арасында қолмен жасалған шеберлердің
бұйымдары мен суреттерінің көрмесімен тарихи жәдігерлерімен,
қазақтың ұлттық тағамдарымен
танысады
Болашақта ұлттың табысты болуы
оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен
айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт
ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы
керек.
|
|
Түсіну
(Неге? Неліктен? Не
үшін?)
|
1. Кіріспе. Он саусақпен жасалған зергерлік
бұйымдар мен ұлттық қолөнер тарихы және ұлттық тағамдар, ұлттық
киімдер жайлы түсінік
беру. 2. Оқушылардың
ізденісі. Он саусақпен істелетін бұйымдар мен заттардың
тарихын білу. 3.
Қорытынды. Ата бабамыз сонау ерте заманнан өзінің
еңбегінің арқасында тіршілік етіп, жер жыртып, егін егіп, мал
бағып, екі қолымен еңбек етіп, күн көрген. Екі қол он саусақтың
арқасында атадан балаға еңбек жолы жалғасып
отырған. 1. Мысалы: Бірінші. Нан қалай келеді? жерді
соқамен жыртып, ол жерге дән сеуіп, суарып, оны піскеннен кейін
орып, ол дәнді қырманға
жинап
|
|
Қолдану
(практика)
(Қалай пайдаланылады? Немен
байланысты? Өз ойың
қандай?)
|
2. айдап, дәнді суарып, оны
келіге түйіп, диірменге тартып, ұн шығарып, одан қамыр илеп, ашытып
нан пісіріп, содан соң бары ол адамның аузына түседі. Соның бәрін
адам өз еңбегінің арқасында, екі қолы, он саусақпен іске асырады.
Дайын ұн, дайын нан алдымызға келіп тұр. Он саусақтың арқасында
дүниең түгел, тамағың тоқ, киімің көк өмір
сүресің. Енді қолөнерді алайық. Ата - бабамыз көне
заманнан қолөнер бұйымдары зергерлік бұйымдар жасаумен айналысқан.
Бұл халыққа көп тараған, сәндік және қосалқы өнердің бір түрі.
Алтын, күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланып сән салтанат үшін
әшекейлі жиhаз, қыз келіншектердің сәндік бұйымдары мен қару жарақ,
сауыт - сайман, ер - тұрман, зерлеу өнері болған. Шебер түрлі
материалды пайдаланып өз қол күшімен көп еңбек етіп сәнді бұйымдар
жасаған. Қазақ зергерлері он саусақпен қазақ қыздарына
арналған сырға, білезік, жүзік сақина, шолпы, бойтұмар, алқа,
қаптырма, батырлардың қару - жарақтарын, үй - іші мүліктерін,
музыка аспаптарын әдемі
жасаған.
|
|
Талдау (Салыстыр,
айырмашылығы неде
т.б.)
|
Қорытып айтқанда қазақ шеберлері жасаған
зергерлік бұйымдар біздің ата - бабаларымыздың он саусағынан өнері
тамған, өздері сері, өздері сұлу болғанын
көрсетеді. 1Әркімге керек қол
өнер Он саусаққа он
өнер Түгел болар
дүниең Біліп алсаң оны
егер. 2. Кесте тіге
алмайтын Болмаушы еді қыз
бұрын Жасауын өзі
қамдайтын Төсек жапқыш жүк
жапқыш Ең қымбат заттан оны
кем Кім бар екен
көретін 3. Түбіт түтіп
шүйкелеп, Саусаққа әже
іледі Сұрамайды бір
көмек Бәрін өзі
біледі 4. Біреуі жүн
жаймалап Біреуі су
себеді Енді бірі шиге
орап Жабылып бәрі
тебеді. Жүн тұтасса
бірігіп, Қайта жазып
алады Ширықсын деп
кірігіп, Білекке енді
салады. Ыстық су құйып
үстіне Шықты киіз пісті
де Сыннан өтіп сан
қилы 5. әжем киім
тіккенде Тастамапты
қиықты Әр алуан қиық
түскенде Дорбаға салып
жиыпты
Енді тамаққа келетін болсақ. Қамыр илеу, нан
пісіру, сиыр сауып, аран пісу, түрлі тағамдар мен салаттар мен
сусындар бәрі бәрі он саусақсыз
бітпейді.
Оқушылар шығармашылық жұмыстарын қорғап
көрмеге қояды
|
|
Жинақтау
(Алынған ақпарат негізінде
қорытынды жасау)
|
Қорыта келе айтқанда кетпен шауып, жер
жыртудан бастап айтылған барлық тіршіліктің бәрі екі қол, он
саусақсыз бітпейтінін жаңа туған сәбиден еңкейген кәріге дейін
тіршілік тоқтатқанша екі қол, он саусақпен өмір сүретінімізді
ұмытпайық.
|