Материалдар / "Өндіргіш күштер мен өндірісті интернационализациялаудың жолдары" атты экономика пәнінен баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өндіргіш күштер мен өндірісті интернационализациялаудың жолдары" атты экономика пәнінен баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Экономика пәнінен мақала іздегендер үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2020
1239
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК






Мақала



Т
АҚЫРЫБЫ:
Өндіргіш күштер мен өндірісті интернационализациялаудың жолдары




Тобы: 310

Авторы: Құмарова Қаламқас







Өндіргіш күштерді орналастыру – өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және транспорттың жеке елдердің территориясында және халықаралық көлемде географиялық жағынан бөлінуі. Өндіргіш куштерді орналастыру Елдің табиғи байлықтарын пайдалануға, қоғамдық өндірістің тиімдігіне, қоғамдық ұдайы өндіріс процессіне үлкен ықпалын тигізеді, сонымен қатар оның әскери-стратегиялық маңызы да үлкен. Ірі өнеркәсіп орындарының. белгілі бір өндіріс әдісіне тән объективтік экономикалық заң бойынша жузеге асырылып отырады. Капиталист өндіріс әдісі жағдайында Өндіргіш куштерді орналастыру стихиялы түрде жүргізіледі. Пайданы көп алуға жанталаса ұмтылу, бәсеке өндіргіш күштердің капиталист елдердің территориясында әркелкі және экономикалық қолайсыз орналасуына апарып соғады. Капитал дүниедегі өнеркәсіп өндірісінің басым көпшілігі капитал система елдері халықтарының 15%-і тұратын жерлерге ғана орналасқан. Сонымен қатар халқы капитал система елдері халқының 70%-і болатын бұрынғы отар және тәуелді елдер территорияларында капит. Система шаруашылығындағы өнеркәсіп өндірісінің 5-ақ проценті орналасқан. АҚШ-тағы бүкіл өнеркәсіп өндірісінің ¾ -нен артығы өнеркәсіпті солтүстік аудандарда Басты капиталист елдердің өнеркәсібі шикізаттардың шығар көзінен бірден-бірге алыстай түседі; ал өнеркәсіпке керекті шикізаттарды олар бұрынғы отар және тәуелді елдерден арзан бағамен тасып келтіріп отырады.

Өндіргіш күштердің тиімді орналасуы тек социалист өндіріс әдісі жағдайында ғана мүмкін болады. Социализм жағдайында Өндіргіш куштерді орналастыру жөнінде мына принциптер қолданылады:соц. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс процессіне барлық аудандардың табиғи және еңбек ресурстарын барынша мол тарту үшін өндіргіш күштерді бүкіл елдің территориясына біркелкі орналастыру; өнімдерді алыстан тасып, тасымалдау шығындарын көбейтпеу үшін, өнеркәсіп орындарын шикізаттардың шығар көздеріне және дайын бұйымдарды тұтынатын аудандарға неғұрлым жақын орналастыру; тұтас алғанда соц. Мемлекеттің қуатын нығайту мүддесін әрбір ұлт аудандарының мүддесімен дұрыс ұштастыра отырып, барлық ұлт республикаларының шаруашылығы мен мәдениетінің өрлей өсуін қамтамасыз ету; экономик. Аудандардың арасында жоспарлы шаруашылық еңбек бөлінісін дұрыс жүзеге асыру; экономик, аудандарды шаруашылық түрлеріне мамандандырып, олардың экономикасын комплексті дамыту;елдің бұрынғы орталықтарын барынша өркендетумен қатар жаңадан игерілген аудандарда қуатты экономик.орталықтар жасау арқылы соц. Мемлекеттің экономик.тәуелсіздігін және қорғаныс қуатын нығайту;өнеркәсіп орындарын бүкіл ел көлемінде барған сайын неғұрлым біркелкі орналастыру және өнеркәсіп өндірісі мен а. ш, өндірісін жақындата түсу арқылы қала мен деревня арасындағы елеулі айырмашылық жоюға жағдай туғызу. Бұл принциптерді бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып, жүзеге асыру КСРО-да өндіргіш күштерді, дұрыс орналыстыруға, толық мүмкіндік жасайды. Мұның өзі советтік экономиканы үздіксіз өркендеуге және бұрын артта қалған ұлт республикаларының экономикасы мен мәдениетін көтеруде үлкен рөл атқарады.

В.И Лениннің партияның екінші бағдарламасы деп аталған ГОЭЛРО жоспарында елді электрондыру мен байланысты өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру мәселесі үлкен орын алды. Социалистік жағдайда Өндіргіш куштерді орналастырудың мынандай принциптері қолданылады. Барлық аудандардың табиғи және еңбек ресурсын барынша мол тарту үшін өндіргіш күштерді бүкіл елдің территориясына біркелкі орналастыру. Өнімдерді алыстан тасып тасымалдау шығындарын көбейтпеу үшін өнеркәсіп орындарының шикізаттарының шығар көздеріне және дайын бұйымдарды тұтынатын аудандарға неғұрлым жақын орналастыру болып табылады.

Өндіргіш күштерді орналастыру әсіресе соғысқа дейінгі бесжылдықтарда маңызды рөл атқарды. Елдің социалисттік жолмен индустрияландыру, патшалық ресейден мұра болып қалған өндіргіш күштердің тым әркелкі және тиімсыз жолдарын түзеуді талап етті. Ірі өнеркәсіп орындарының жалпы өнімі 1913 жылы партияның 24 съезі Өндіргіш күштерді орналастыру халық шаруашылығында территориялық пропорцияны жақсартудың аса маңызды міндеттерін алда қойды: Сібірде, Қазақстанда және Орта Азияда арзан энергетика ресурстарын молдығын есепке ала отырып, электр қуатын көбінесе осы аудандарда орналастыру жолымен еліміздің шығыс аудандарындағы табиғи ресурстарды жедел игеруге бағыт берді. Ірі өнеркәсіп орындарының социалистік принциптері социалист лагерьдің басқа елдерінде де ойдағыдай қолданылды. Социалистік елдердің арасындағы халықаралық еңбек бөлінісі социалист лагердің қуатын күшейтуде үлкен рөл атқарады.




Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Маркс.К «Капитал», 1 том;

  • Ленин «Ресейде капитализмнің дамуы, Шығармалар» 3 том;

  • КОКП ХХҮІ съезінің материалдары Алматы, 1971 жыл;



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!