Өндіріс факторларының нарықтары және факторлық табыстар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өндіріс факторларының нарықтары және факторлық табыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Экономикалық ресурстар өзінің қызметін өндірістік үдеріс барысында іріленген түрінде негізгі өндіріс факторлары ретінде атқарады. Оларға еңбек, капитал, жер және басқа да факторлар жатады. Экономикалық қызметті бастайтын және пайда табу мақсатында саналы іс-әрекетке баратын кәсіпкер белгілі бір өнімнің түрін өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті өндіріс факторларына сұраныс білдіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ


2024-2025 оқу жылы



БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері

Утесинова Г.А

_______________


Оқу сабағының жоспары №9

Курс

1

1

1

Топ

ЭнС 24-11

ПМ-24-11

Л-24-11

Күні





Модуль /пән атауы

Экономиканың теория саласындағы негізгі мәселелерді меңгеру

Педагогтің Т.А.Ә.

(бар болса)

Бейсенова Салтанат Нуржигитовна

Сабақтың тақырыбы:

Өндіріс факторларының нарықтары және факторлық табыстар

1.Жалпы мәліметтер

Сабақтың түрі

Теория

2. Сабақтың мақсаттары, міндеттері:


Экономикалық ресурстар өзінің қызметін өндірістік үдеріс барысында іріленген түрінде негізгі өндіріс факторлары ретінде атқарады. Оларға еңбек, капитал, жер және басқа да факторлар жатады. Экономикалық қызметті бастайтын және пайда табу мақсатында саналы іс-әрекетке баратын кәсіпкер белгілі бір өнімнің түрін өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті өндіріс факторларына сұраныс білдіреді. Бұл жерде өндіріс факторларының нарығы қалыптасады. Кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер осы нарықтардың негізгі сатып алушылары болып табылады, ал үй шаруашылықтары өндіріс факторларының иелері ретінде сатушылар қызметін атқарады. Әр өндіріс факторына сұраныс пен ұсыныс қалыптасып, ортақ тепетеңдік баға тағайындалып отырады.

3. Оқу процесінде білім алушылар меңгеретін, күтілетін нәтижелер

өндіріс факторлары нарықтарын жеке-жеке қарастыра отырып, әр ресурсқа тағайындалатын бағалардың, яғни жалақы, пайыз және рента ерекшеліктерін кеңінен талқылау.

4. Қажетті ресурстар:

Интерактивті тақта, слайдтар, үйлестірмелі карточкалар, оқулық, Абайдың «Қара сөздері» т.б.

Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

5. Сабақтың барысы:


Кезең

Іс-ірекеттер мен тапсырмалар

Ресурстар

Жоспарлау кезеңі

20 мин.

  • Оқыту әдістері

(Функционалдық сауаттылықты дамытуды ескере отырып, ұлттық құндылықтарды дамыту)

  • Бағалау әдістері, құралдарымен таныстыру

  • Үй тапсырмасы

Өндіріс факторларының нарықтары – бұл сұраныс пен ұсынысты жасайтын еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар. Бұл жерде өндіріс факторларына сұраныс туынды сұраныс деп аталады, яғни фирмалардың ресурстарға деген сұранысы солардың көмегімен өндірілетін дайын игіліктерге деген сұранысқа тәуелді болып табылады. Егерде, дайын игіліктерге сұраныс өссе, онда соларды өндіруге жұмсалатын ресурстарға да сұраныс артады. Ал өндіріс факторларының ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының белгілі бір уақытта өз мүмкіндіктерін, атап айтсақ, еңбекті, капиталды және жерді бәсекенің әртүрлі жағдайларында белгілі бір бағамен сата алуға деген дайындықтары. Ұсынысты жасайтын экономикалық субъектілер тұтынушылар, қарапайым адамдар, жалдамалы жұмысшылар, жинақтаушылар, қоғам ретінде көрінуі мүмкін. Әр ресурс өзінің иесіне әртүрлі формасында табыстарды қалыптастырады. Факторлық табыстар – бұл ресурстар иелерінің олардың сәйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері. Факторлардың әрбір тобына факторлық табыстың өзіндік формасы сәйкес келеді: еңбек факторының иегерлері үшін факторлық табыстың формасы болып жалақы табылады, капитал иегерлері үшін – пайыз, жер факторының иегерлері үшін – рента, ал кәсіпкерлік қабілет иесі үшін – пайда факторлық табыс болып табылады

А. Н. ДОҒАЛОВ


Н.С. ДОСМАҒАНБЕТОВ

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ» оқулық, Алматы 2014.




http://rmebrk.kz/bilim/Экономикалык%20теория.pdf

Оқыту (ұйымдастыру, өткізу)

50 мин.


  • Материалын ұсыну

  • Цифрлық білім беру ресурстарды және қосымша дереккөздерді қолдану

Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі) (20 минут)

Негізінен, үш факторлы нарық қарастырылады. Енді осылардың әрқайсысына тоқталайық.

Еңбек нарығы және жалақы

Еңбек нарығы – жұмыс күші сияқты ерекше экономикалық ресурсты сату және сатып алумен байланысты экономикалық 171 қатынастар жиынтығы. Еңбек нарығында еңбектің өзі емес, белгілі бір еңбек түрінің қызметтері сауда-саттыққа түседі. Осыны есте сақтаған жөн. Бұл жерде, қалыпты экономикалық жағдайларда ұсынылатын еңбек қызметтерінің саны мен сапасы еңбек иесі – жалдамалы жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейіне, оның біліктілігіне, тәжірибесіне, жұмысты әділетті атқара алу мүмкіндігіне, қабілеттілігіне және басқа да факторларға байланысты болып келеді. Еңбек нарығын талдау еңбеккке сұраныс пен еңбек ұсынысын қарастырумен байланысты. Еңбек нарығындағы сұраныстың субъектілері болып бизнес өкілдері және мемлекет, ал еңбек ұсынысының субъектілері болып үй шаруашылықтары табылады. Еңбекке деген сұраныс – бұл бәсекенің әртүрлі жағдайларында фирмалардың немесе мемлекеттің еңбек қызметінің белгілі бір түрлерін белгілі бір бағамен сатып алуын сипаттайтын қажеттіліктері. Еңбекке деген сұранысқа бірнеше факторлар әсер етеді: 1. Дайын игіліктерге деген сұраныс көлемі; 2. Жалақы деңгейі; 3. Еңбектің басқа факторлармен өзара алмастырыла алу дәрежесі; 4. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы; 5. Елде қалыптастып отырған экономикалық жағдайлар; 6. Жұмыс берушілердің монопсониялық әрекеттері.

Капитал теориясы экономикалық теорияда аса күрделі сұрақтардың бірі ретінде саналады. Басты мәселесі – бұл жекелеген индивидтердің, фирмалардың және басқа да тұлғалардың капиталға қатысты ресурстар бойынша шешім қабылдағанда олардың уақытаралық таңдау жасай алуының қарастырылуы, яғни бұл жерде ақшалай капиталды бүгінгі және болашақ кезеңдер аралығында қалайша тиімді пайдалануға болатындығы сөз етіледі. Жалпы алғанда, капитал кең мағыналы ұғым болып табылады. Осыған байланысты, капиталға бірнеше анықтама беруге болады: Капитал – бұл негізгі өндіргіш күштерден тұратын өндіріс құралжабдықтары түріндегі физикалық капитал. Капитал – бұл белгілі бір табыс ағынын қалыптастыратын кез келген құндылық. Капитал – бұл белгілі бір уақыт бойы жинақталған өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы қорлар. Экономикалық теорияда ақшалай және өндірістік нысандағы капиталдың түрлеріне сұраныс пен ұсыныс қалыптасады.

Капитал нарығында ұсынысты калыптастыратын үй шаруашылықтарын жинақтаушылар деп атаса, фирма тарапынан сұраныс білдірушілерді инвесторлар дейді. Капиталға деген сұраныс – бұл инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік беретін бизнес өкілдерінің ақшақаражаттарын және өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға деген қажеттіліктері. Капитал ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының өз қолындағы бос ақша-қаражаттарын және ақшалай салымдарын бизнеске материалдарға сұраныс түрінде қолдануға беруі. Әдетте, капиталға сұраныс пен ұсыныс қатынастары банк қызметтері арқылы жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтары өз қаражаттарын банкке белгілі пайыз түрінде табыс алу үшін жинақтайды, ал фирмалар осы жиналған қаражаттарды банктен несиелік қарыз құралдар түрінде сатып алып өздерінің инвестициялық жобаларын іске асырады.

Жер нарығын қарастырудың алдында жерді иемдену және жерді пайдалану сияқты негізгі екі ұғымды түсініп алу керек. Жерді иемдену деп қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаның тарихи қалыптасқан жағдайларда белгілі бір жер теліміне деген құқығын анықтауды және соны мойындауды айтады. Жерді иемденуді оның иесі жүзеге асырып оған меншік құқығын қалыптастырады. Жерді пайдалану – бұл белгілі жер телімін бекітілген заңдық тәртіппен қажетті мақсаттарда қолдану. Жерді пайдаланушы әрқашанда оның иесі болып табыла бермейді. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемденуді және оны пайдалануды әртүрлі тұлғалар жүзеге асырады. Қазіргі экономикалық теорияда жер категориясы ауылшаруашылықтық және ауылшаруашылықтық емес мақсаттарда қолданылатын өндіріс үдерісінің басты құралы және шешуші факторы ретінде сипатталады. Қ


Бағалау кезеңі

10 мин.


«ТҮСІНУ» Неліктен? Себебі? He үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар

оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек меңгереді.



Рефлексия

10 мин.


«өзін-өзі бағалау» әдіс арқылы барлық білім алушылар бағаланады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2024
184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі