жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өндірістегі күл-қоқыстарды кәдеге жарату.
АННОТАЦИЯ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Ұсынылып отырған жұмыста Қазақстан экологиясы, табиғаттың ластануы, қоршаған ортаны қорғау және дұрыс пайдалану туралы мәселелер қарастырылған.
Жұмыстың мақсаты:
Қазақстан экологиясының нашарлауы, өндіріс орындарының табиғатқа әсерін талдау.
Ғылыми жаңалығы:
Өндіріс орындарының еліміздің экологиясына әсерін анықтау
Қоршаған ортаның аймақтық проблемаларын зерттеу
АННОТАЦИЯ
Общая характеристика научного проекта:
Предлагаемая научная работа об экологии Казахстана. Предусмотрена проблема загрязнении природы, охрана окружающей среды.
Цель работы:
Ухудшение состояние экологии Казахстана, влияние в природу производство и производственных отходов.
Научная новизна:
Влияние производственных отходов на окружающую среду Казахстана
Исследовать региональные проблемы окружающей среды.
ABSTRACT
General characteristic of the scientific project:
Offered scientific work about ecology of Kazakhstan. The problem nature pollution, preservation of the environment is provided.
The work purpose:
Deterioration of a condition of ecology of Kazakhstan, influence in the nature manufacture and an industrial waste.
Influence of an industrial waste on environment of Kazakhstan
To Investigate regional problems of environment
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ
II. Негізгі бөлім
Экологиялық білім беруде биология пәнінің маңыздылығы
Ата мекенді қорғайық
Адам мен табиғат біртұтас
III.ҚОРЫТЫНДЫ
IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
I. Кіріспе
Экология пәні. Ғаламшарымызда әрбір тірі ағза белгілі аумақта өмір сүріп, үнемі қоршаған ортаның сан алуан факторларының әсерін бастап кешіреді. Мұнымен бірге ағза туыстас және туыстас емес тіршілік иесі ретінде және тіршілік ортасына әсер етеді. Сан алуан ағзалардың орасан көп мөлшері өмір сүретін қоршаған ортамен байланысты үйлесімді жүйесі болып саналады. Тірі ағзалардың өзара әсерінің және қоршаған тіршілік ортасымен өзара әсерінің заңдылықтарын биологиялық ерекше бөлімі – экология зерттейді. Экология сөзі гректің «oikos» - үй-жай және «logos» - ілім деген сөзінен шыққан. Бұдан басқа мұнда белгілі аумақта тіршілік ететін ағзалар жиынтығы зерттеледі. Экология термині ең алғаш Эрнст Геккельдің «Ағзалардың жалпыға бірдей морфологиясы» және «Әлем жаратылысының табиғи тарихы» еңбектерінен ғылымға енді.
Экологияның міндеттері. Экология жеке ағзалардың және олардың бірлестіктерінің арасындағы өзара әсерді, оларға тіршілік орта факторларының ықпалын оқытып үйретеді. Ағзаның құрылысы мен тіршілік әрекетіне, оның мінез-қылығына қоршаған ортаның әсерін зерттейді.
Пайда болудың тарихи кезеңдері. Экология ғылыми пән ретінде ХХ ғасырда қалыптаса бастады, алайда арғы басталу тарихы швед биологы
К. Линней (1707-1778) еңбектерінен, XVIII ғасырдан есептеледі. Ол түрге ғылыми атау берген кезде анықтаушы сөзі ретінде тіршілік ортасына байланысты орман, шалғын, егістік, тау, батпақ және т.б сөздерді пайдаланды. Бұл К. Линней ағзаны тіршілік ортасынан бөле қарамағынан көрсетеді.
Француз биологы Жан Батист Ламарктың (1744-1829) еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Ол еңбектерінде жануарлар мен өсімдіктер эволюциясының ең маңызды себебінің бірі ретінде ең алғаш сыртқы факторлардың рөлін бәліп көрсетеді.
Нақтылы географиялық таралу аймағы (арнайы) ағзаларды зерттейтін жаңа ғылым – биогеографияны жасаушы, неміс ғылымы және жиһанкез
А. Гумбольдт (1769-1859) экологияның дамуына үлкен үлес қосты.
Экологиялық идеяны одан әрі қабылдауға ғылыми бірлестікті дайындауда
Ч. Дарвиннің еңбектері, ең әуелі эволюсияның қозғаушы күші ретіндегі табиғи сұрыпталу теориясы көрнекті орын алды. Дарвин микроэволюция қозғаушысы болып табылатын табиғи сұрыпталуға қоршаған орта факторының шешуші рөлін ең алғаш көрсетті.
Орыс биологы К. Ф. Рулье XIX ғасырдың ортасында қоршаған ортамен жануарлардың өзара ара қатынасынан арналған зоологияға бағыт беруді дәлелдеді.
Экология дербес ғылым болып дамуы тек ХХ ғасырда басталды.
“Экология” терминін гылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол үй туралы ғылым деген мағынаны береді. Оның түсініктемесі бойынша “Экология”-деп біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді – жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен , әсіресе, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеуді түсінеміз”.
Қазіргі кезеңде экология кең, әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі және қолданбалы пәндер комплексіне айналып отыр. Оны Н.Ф. Реймерс (1992ж) “Үлкен экология” деп атады.
Н.Ф. Реймерс: “Қазіргі жағдайда экология қазіргі заманғы кең мағынада алғанда биоэкологияның шеңберінен шықты. Ол қоғамдық маңызы мен ішкі мазмұны бойынша жер туралы физика-математикалық, химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне тең келетін білімдер цикліне айналады”-деп есептейді.
Н.А.Воронков: Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың, соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын, адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шекті дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе оларды толық нейтралдау мүмкіндіктер және олардың ауқымын анықтай отырып, зерттеулермен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет дейді.
Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологияның дағдарыстан шығуы туралы ғылым.
Ф.Дре: “Экология болшақтың ғылымы, себебі адамның біздің планетамызда өмір сүруінің өзі оның прогресімен анықталуы мүмкін”-дейді. Олай болса, қазіргі заманғы экология тек жеке ғылым ретінде ғана қарастырылып қоймай , ол дүниге көзқарасқа, адамзаттың тіршілігін сақтауы туралы ғылымға айналып отыр.
Жалпы алғанда экологияның негізгі міндеті студенттерде қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын оптимизациялаудың негізі ретінде табиғи және техногенді процестерге жүйелік көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
Экологияның қазіргі даму концепциясының негізі кезеңдерінің сипаттамасы:
Білімнің барлық салалары сияқты экология да бірқалыпты емес, бірақ үздіксіз дамиды.
Жануар мен өсімдіктердің таралу сипаты, өмір салты, қоршаған ортамен байланысы туралы мәліметтердің жиналуы адамның табиғатты терең меңгеруінен басталды. Ертедегі философтардың еңбектерінде бұл мәліметтерді қорытындылау мен жүйеге келтіруге алғашқы қадамдар жасала бастады. Аристотель (384-322 ж.б. э.д.) жануарлардың 500-ден астам түрлерінің мінез құлқын сипаттап жазды. Аристотельдің шәкірті, ботаниканың әкесі Теофраст (б.э.д. 372-287 ж.) әр түрлі жағдайдағы өсімдіктердің ерекшеліктері, олардың пішіні мен өсуінің топырақ пен ауа – райына тәуелділігі туралы мәліметтер келтірді.
Орта ғасырларда қоғам өміріндегі діннің маңызының артуына байланысты табиғатты зерттеу әлсіреді.
Қайта өрлеу дәуірінде, географиялық жаңалықтар мен жаңа елдерді отарлауға, өзіне тән өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бар жаңа жерлердің ашылуына байланысты сипатталған өсімдіктер мен жануарлардың саны артты. Мұның өзі олардың жүйелендіруге жаңа негіз болды.
XVIII ғасырда француз жаратылыс зерттеушісі Ж. Бюффон алғаш рет сыртқы орта жағдайларының жануарлардың құрылысына тікелей әсерін зерттей бастады. Ол бір түр басқа түрге температура, ауа – райы, тамақтың сапасына байланысты өзгере алады деді. Бірінші эволюциялық ілімнің аворы – Ж.Б. Ламарк “сыртқы жағдайлардың әсері ағзалардың бейімделуі, және өсімдіктер мен жануарлардың эволюциясының негізі себептерінің бірі” – деп есептеді.
Неміс жаратылыс зерттеушісі Э. Геккель өзінің “Ағзалардың жалпы морфологиясы” (1866) және “Әлемнің пайда болуының табиғи тарихы” (1868) еңбектерінде экологияны ағзалардың қоршаған ортамен, тіршілік ету жағдайларымен қатынасын зерттейтін жалпы ғылым ретінде түсіндіреді.
ХІХ ғасырдың ортасында орыс биологы К.Ф. Рулье жануарлардың өмірін зерттеуге, олардың қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін зоологияның жаңа бағытын тұжырымдады. Рулье ағзалардың эволюциясының мекен ету ортасының өзгерісіне байланыстығын дәлелдеді.
Экология жеке ғылым ретінде негізінен ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасты. ХХ ғасырдың ортасына дейін гидробиологтардың, фитоценологтардың, ботаниктердің, зоологтардың экологиялық мектептері қалыптасты. Олардың әрқайсысында экология ғылымының белгілі бір жақтары дами бастады.
1-кезең- жеке ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара байланыстарын биологиялық зерттеу.
2-кезең- трофтың байланыстарды, экологиялық пирамидаларды және т.б. зерттеу ( А. Гумбольдтың, Д.Дарвиннің, К.Ф.Рульенің жұмыстары).
3-кезең- ғылыми зерттеулердің негізі бірлігі ретінде экожүйелер мен биогеоценоздарды зерттеу.
4-кезең- биосфераны ғаламдық экожүйе ретінде қарастыру.
5-кезең- биосферадағы адамзат қоғамының ерекше ролін мойындау.
Экологияның әдістері. Қазіргі заманғы экологияның әдістемелік негізін жүйелік тұрғыдан қарастыру, ортаның жағдайын бақылау, эксперимент және модельдеу құрайды.
Жүйелік тұрғыдан қарастыру экологияның кез келген обьектісі, тірі табиғаттың барлық табиғаттың барлық элементтері өзара байланыста болғандықтан, жүйе немесе жүйенің бөлігі болып табылатындықтан көптеген экологиялық зерттеулерде қолданылады.
Экологиялық жағдайды дұрыс түсіну үшін берілген жердегі өзара әрекеттесетін факторлардың барлығын есепке алуды, ал бұл әр түрлі экологиялық әдістерді қолдануды талап етеді.
Ортаның жағдайын бағалау және есепке алу әдістері. Бұларға метеорологиялық бақылау, температураны өлшеу, судың химиялық құрамын, тұздылығын, мөлдірлігін, топырақ ортасының сипатын анықтау, радиациялық фонды өлшеу, ортаның химиялық және бактериалдық ластануын анықтау және т.б. жатады.
Экологияның бөлімдері : Ағзалар экологиясы (экология) ағзаның қоршаған ортада тіршілік етуінің шекараларын анықтап, ағзалардың орта факторларының әсеріне жауап беруін және олардың орта жағдайларына бейімдеушілігін зерттейді.
Популяциялық экология ( демэкология) міндеті популяциялардың құрылымы мен санының динамикасының жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Популяциялардың тіршілік етуінің жалпы экологиялық заңдылықтарын зерттейді.
Бірлестіктер экологиясы (синэкология) бірлестіктердің ұйымдасу заңдылықтарын құрылымын және қоректену тізбегіндегі заттардың биотикалық зат айналымны мен энергияның трансфармациясы ретінде көрінетін қызметін зерттейді.
Биосфера туралы ілім. Тірі ағзалардың және осы ағзалармен үздіксіз алмасуда болатын планета барлық затының және оның қызметінің жиынтығынан тұратын жердің қабықшасы.
Қоршаған орта жай - күйінің мониторингі Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құраушы бөлігі болып табылады. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жүйесінде қоршағ орта жай - күйіне бақылау 1972 жылдан бастап ұйымдастырылған. 1999 жылы қалпына келтірілді.
Қоршағ орта жай - күйінің мониторигісі Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 141 бабына сәйкес жүргізіледі және келесі т.рлерді қамтиды:
· атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі;
· атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйінің мониторингі;
· жер үсті сулары сапасының жай-күйінің мониторингі;
· топырақ жай-күйінің мониторингі;
· радиациялық мониторинг;
· трансшекаралықсуағыстарыныңмониторингі;
· фондық мониторинг.
II. Негізгі бөлім
Егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезеңге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, мемлекетіміздің болашағы саналатын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру – әрбір мұғалімнің парызы да міндеті. Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әр кезден-ақ мәлім. Қәзіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, адамзаттық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісінің тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.
Бүгінде мұғалімдердің іс-тәжірибесінде әр түрлі оқыту технологияларын пайдалану, оның жетістіктерін болжау, өз бетінше жобалау мен құрастыру негізінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылыс бар екендігі байқалады.
Бізді қоршап тұрған табиғат, оның бүгінгі жағдайы бүкіл жұртшылықты уайымға салып, алаңдатып отырғаны белгілі.
Осы орайда жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беруде биология пәнінің орны ерекше.
Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Сол қоғам дамуына себепші- адам болып табылады. Адам мен табиғат арасында жақындық болмаса даму да, біздің болашағымыз да болмайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертенгі иелеріне бүгінгі күннен бастап, табиғатпен оның ерекшелігін, маңызын жадында қалыптастыру, экологиялық білім беру маңызды болып отыр.
Биология пәні сабақтары ашық аспан астында, мектеп жанындағы оқу тәжірибе алаңында, мектеп айналасында немесе өлкетану және табиғат мұражайларында өтуі де мүмкін. Экологиялық білім берудегі басты мәселе – бағдарлама талаптарына сай сабақтың мазмұны мен әдістерін дұрыс таңдау, оқушылардың таным белсенділігін қамтамасыз ету.
Сабақтың сапасына қойылатын басты талап – балалардың пәнге деген қызығуына, шығармашылық белсенділігін дамытуға үлес қосу. Оқушыларға экологиялық білім беруде сабаққа қойылатын тәрбиелік талаптар:
Биология пәнінен игерілген білім негізінде қамтамасыз етілетін ғылыми әлем бейнесін қалыптастыру эстетикалық талғам, еңбек – сүйгіштік және экологиялық мәдениет қалыптастыруды қамтамасыз ететін сабақтың тәрбиелік міндеттерін нақты қою;
Оқушыларды танымдық қызығуды, білімді өз беттерімен игеруді біліктілік пен дағдыны, шығармашылық ынтаны және белсенділікті қалыптастыру мен дамыту:
Мұғалімнің педагогикалық әдепті сақтауы.
Оқушыларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп – баптауға баулу, соған орай бойларындағы қәбілет пен икемділігін орнықтыру;
Табиғаттың қызықты да құпия сырлары жөнінде эстетикалық және ұлтжандылық сезімдерін дамыту;
Табиғаттағы барлық нәрсенің бір-бірі мен өзара байланыста болатыны және оны күнделікті өмірде ескеріп отыру қәжеттілігін түсіндіру.
Экологиялық тәрбие беруде пайдаланылатын даналық ұғымдар, тыйым сөздер, аңыз – әңгімелер кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық асыл мұралар. Мәселен: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Ағаш
ексең аялап, басыңда болар сая бақ », «Бабалары еккен шынарды, балалары саялайды», - деген өсиет сөздерді, ұстаздар күнделікті жұмыстарында пайдалану керек, мағынасын балаларға қарапайым мысалдармен түсіндіріп отыруы тиіс.
Сабаққа қойылатын ұйымдастыру талабы:
тақырыптық жоспарлау негізінде сабақ жоспарларының болуы;
сабаққа әр түрлі көрнекі құралдар дайындау және оларды тиімді пайдалану.
Бүгінгі күні еліміз экологиялық аса қауіпті аймақтарымен әлем назарына ілініп отыр. Сондықтан еліміздің кез келген азаматы экологиялық жоғары сауатты болуы керек. Болашақ жас ұрпақ білімді, экологиялық сауатты, табиғат пен жан дүниесі үйлескен, дүниетанымы кең, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктері қалыптасқан азамат болып тәрбиеленулері қажет.
Туған өлке табиғатын қорғау және тиімді пайдалану, оны ластану мен бүлінуден қорғау үшін адамзаттық жауапкершілікке тәрбиелеу, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың азаматтық-отангерлік негіздерін қалыптастыру – Отанға сүйіспеншілік сезіммен байланысты.
Адам үшін табиғаттың жері мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері тіршілік етудің көздері болса, табиғат адам үшін оның бағбаны іспеттес. Демек, барды қастерлей білу парыз. Жалпы білім беретін мектептерде мектептен тыс жұмыстарды табиғат қорғау бағытында жүргізгенде әрбір оқушы төмендегідей іскерліктерді менгерулері қажет:
адамның табиғатқа әсерін бағалай білу;
адамның табиғатқа тигізетін әсерінің нәтижесін болжай білу;
табиғи ортада тәртіп сақтап, табиғи ортада адамның өзін қалай ұстау керектігін білу;
табиғаттың халық қазынасы екендігін сезіну;
Оқулық шеңберінде қалып қоймай, тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын ғылыми тұрғыда аша отырып, экологиялық факторлардың жан-жақты әсерін қоғамға, жеке адамға білдіру мұғалімдердің негізгі міндеті болып табылады.
Қоршаған ортаны аялау - баршамыздың азаматтық борышымыз.
Борышты екенімізді балаға бесіктен айтсақ, мектепте оның барлық тармақтарын тереңірек үйретеміз.
Қайта құру кезеңінің барасында дүниеге келген үлкен мәселелердің бірі – экология. Бұрын ол жөнінде жұмған аузымызды ашпаушы едік. Енді міне, айнала қоршаған ортаның амандығын сақтау, табиғатпен арадағы тепе-теңдігі қаз-қалпына келтіру төңірегінде кез келген жерде байбалам салып, экологиялық мәселелер күн тәртібіне бұрынғыдан да өткір қойылып жүр.
Бүгінгі азамат болашағына табиғат экологиясымен қатар, адамгершіліктің күйзеліс қауіпі төніп тұрған уақытта адам өзінің және басқаның өміріне жауапкершілікпен қарауға үйрену үшін мейлінше көмек керек. Бұл жұмыста әрбір жастың өзіне деген, сенім қоғамға деген қажеттілігін сезініну, өзінің қалыптасуының өзін-өзі тәрбиелеуге, денсаулығын сақтауға, бір сөзбен айтқанда өз ағзасының мүмкіндіктерін толық пайдалана алатын жеке тұлғаны қалыптастыру қажет. Бұл кезде әр адамның рухани бай, мәдениеті, кәсіби біліктілігі, интеллектуалды потенциалы жоғары болуын талап етеді. Қоршаған ортаның ластануы мен ауру түрлерінің көбеюі мен жақсаруы қазіргі кезде экологиялық білімді және салауатты өмір негіздерін білетін жаңа ХХІ ғасыр адамдарын қалыптастыруын қажет етуде. Экология және салауатты өмір сүру негіздері жүйелі және үзліксіз жүргізілгенде ғана табысқа жеткізіледі. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі экологиялық біліммен салауатты өмір сүру негіздерін қолма-қол өмірге енгізуді қажет етеді. Өйткені, табиғаттағы апатты жағдайлар мен адамның әлеуметтік адамгершіліктік құлдырау жағдайлары нашақорлықпен аурулардың санының өсуіне жасынан «Экологиялық сауатты және салауатты өмір заңы» игерген ұрпақтың өсіп жетілуіне ұзақ мерзімде эксперимент жүргізуге уақыт қалдырмайды. Адамның тіршілік әрекеті қазіргі кезде биосфераны ластанушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат, газ тәріздес, сұйық, қатты қалдықтар түсіп, бір тізбектен екінші тізбекке түсіп, ақыры адам ағзасына түсіп улайды. Адам денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі де жатады. Олар иіс газы, синель қышқылы, аммиак, эфир майы т.б. Темекі түтіні қауіпті. Олай болса, темекі тарататындар тек өзін емес, жанұясын, көршілерін, бірге жұмыс істейтін жолдастарын және қоршаған ортаны ластайды. Олардың әсерінен қатерлі ісік аурулары туатынын ғылыми түрде дәлелдеп отыр. Ал темекі тартушылардың санының өсуі, оған жастардың көбірек еліктеуі, қыздарымыздың ілесуі, жастарымыздың темекіні осыншама зиянын анық білмеуінен деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Біздің республикамызда бұл жұмыс кешегі тоқырау жылдарының тұсында өз бетімен жіберіліп, табиғатты қорғау қызметінде ойсыраған олқылықтарға жол берілді.
Кейбір келеңсіз жәйттердің де куәсі болуға тура келеді. Атап айтқанда, табиғи ресурстарға деген көзқарасымыз мүлдем теріс болды.
Оны шама-шарқымызша талан-таражға салу, жыртқыштықпен тонап, оған тек тұтыну тұрғысынан қарау кең етек алды. Тауды тіліп, тасты бұзып, табиғаттың бермесін тартып алу пиғылы әрқайсымыздың психологиямызды билеп-төстеді десек артық айтқандық емес.
Халқымызда «Ата мекенін азамат қана қорғай алады» деген қанағатты сөз бар. Олай болса қоршаған ортаны қорғау, ағаш, гүл отырғызу, туған жердің төсін түлету, табиғи ортаны таза қалпында мәңгілікке сақтау – әр азаматтың, қоғамның міндетіне айналып отыр. Осыдан келіп табиғатты қорғау деген ұғым туады.
Бүгінгі күні адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың
бірі – өзімізді қоршаған табиғи ортадағы жан-жануарлар, өсімдік,
өзен-су, ауа және орман-тоғайларды қолдан келгенше табиғи күйінде сақтап, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында қалдыра білу болып табылады.
Қазақдаласында 22 миллиард тонна қалдықтар мен қоқысжиналған. Оның 16 миллиард тоннасытехногендік-минералдыққалдықтарболса, 6 миллиард тоннасыадамағзасына аса қауіптіхимиялыққалдықтарекен.
Сарапшылардерегібойынша, жылсайынелімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптікқоқыс пен қалдықтаржиналатынболса, оның 250 миллионы денсаулыққақауіптіулызаттаркөрінеді. Осы зияндықоқысшығарудаҚарағандының тау-кенжәнекенбайытукешендері (29,4 пайыз) біріншіорындыиеленсе, ШығысҚазақстаноблысы (25,7 пайыз) екіншіорынды, ал тиісінше 17,0 пайызжәне 14,0 пайызқоқыс «өндіретін» Қостанай мен Павлодар облыстарыүшіншіорындыбөліседі.
Қазір республикамызда 6325 елді мекеннің 4525-інде ғана ҚТҚ мен күл-қоқыс төгілетін арнаулы бөлінген полигондар бар. Оның тек қана 6,8 пайызы немесе 307-сі ғана заңдастырылған. Қалған күл-қоқыс полигондары кез-келген жерде, қалай болса солай қалыптасқан. Ол ол ма, республикамыздағы 6325 елді мекеннің 25 пайызында немесе 1558 елді мекенде ғана ҚТҚ мен күл-қоқысты арнаулы полигондарға таситын кәсіпорындар бар. Ал қалған 75 пайызы немесе 4767 елді мекенде күл-қоқыс үй іргесінде немесе елді мекен маңында шашылып жатыр.
№5 жылу электр орталығы
Өндірістен шыққын күл-қоқыстардың адам ағзасына тигізетін кері әсері:
Өндірістен
шыққын күл-қоқыстардың өсімдік әлеміне
әсерін анықтау үшін, арнайы күтім
жасалынып өсірілген
Хлорофитум бөлме өсімдігі, бастапқы күл қосылған топыраққа отырғызылған
Гүлді өсіндіні отырғызғаннан соң 2 аптадан кейінгі көрінісі
Күл мен цемент қоспасынан жасалынған құрылыс материалы
Күл мен цемент қоспасынан жасалынған құрылыс материалының құрамы:
30% цемент, 70 % шлак, күл. Салмағы: 3,3кг.
Салыстырмалы түрде алынған шайыр мен цемент қоспасынан жасалынған құрылыс материалы
Шайыр мен цемент қоспасынан жасалынған құрылыс материалының құрамы:
30% цемент, 70 % құм. Салмағы: 5кг.
Күл мен цемент қоспасынан жасалынған құрылыс материалының шайыр мен цемент қоспасынан жасалынған құрылыс материалынан айырмашылығы
Күл мен цемент қоспасынан жасалынған құрылыс материалының шайыр мен цемент қоспасынан жасалынған құрылыс материалынан айырмашылығы көп емес, екі құрылыс материалының да беріктігі жоғары, тез сынғыш емес. Күл мен цемент қоспасынан жасалынған құрылыс материалының ерекшелігі жылуды өз денесінде жақсы сақтауы және салмағының жеғілдігі. Ежелде бұл материалды баня жасауда қолданылған, өйткені бұл материал іштегі жылуды сыртқа шығармай, өзінде ұзақ уақыт бойы жылудың сақталуына қабілеттілігі
Қорытынды
Еліміз өз егемендігін алған кезден бастап экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріні көңіл бөліп, қолға ала бастады. Осының дәлелі ретінде, айта кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті 1997 жылы шілденің 15-ші жұлдызында қоршаған ортаны қорғау заңын қабылдады. Бұл Заң негізінен экологиялық білім беруден, табиғатты қорғау және экологиялық сараптама мәселелерін қамтыды. Сонымен қатар 1993 жылы «Су кодексін», 1990 «Жер кодексін», 1980 жылы « Атмосфералық ауаны қорғау», 1992 жылы «Орман байлығын пайдалану» секілді маңызы бар заңдарды қабылдап, осы заңдардың орындалуын қадағалауда.
Кезінде Ф. Энгельс «Адамзаттың табиғатты есепсіз пайдалануы негізінде, кезі келгенде табиғат та адамзат баласынан кегін алатын болады», - деген болатын. Ал, қазақтың біртуар перзенті, ғалым Шоқан Уәлиханов: «Өзіңіз, айтыңызшы, табиғаттан әсем, табиғаттан артық не бар», - деген-ді. Адамзат қоғамының табиғат пен қарым-қатынас жасаған кезден бастап қоршаған ортаға зиян келтіре бастады. Зиян келтіріп қана қоймай табиғат байлықтарын тиімсіз, яғни жыртқыштықпен пайдалана бастады. Сонымен қоса, жануарлар мен өсімдіктерді мөлшерден тыс пайдаланып, табиғатқа көптеген зиянын тигізді.
Егер тиісті экологиялық шаралар қарастырылмаса, өндіріс орындарынан шығып жатқан бұл қалдықтардың әсері тек қана қазіргі халықтың жағдайына ғана емес, келер болашақ ұрпаққа да үлкен зардабын тигізуі әбден мүмкін.
Осы қалдықтарды азайту және пайдаға асыру мақсатында жасалған бұл ғылыми жобамыздағы материалдар құрылыс затында жасалынса, еліміздегі қалдықтардың азаюына аз болсада, өз үлесімізді қосқан болатын едік.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, қоршаған ортаны қорғап, дұрыс пайдалансақ, барлық жағынан тиімді болар еді. Сондай-ақ, халықтың денсаулығы мен демографиялық жағдайы да табиғаттың сапасына байланысты. Екінші айтатын мәселе елдің экономикасы. Бұл да табиғат жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Экономикасы дамыған елдердің барлығы да табиғатты тиімді пайдалануының арқасында дамып отыр. Менің ойымша табиғатты тиімді пайдалансақ, бұл идея экологиялық, әрі экономикалық тұрғыдан дұрыс болар еді. Ендеше, табиғатты аялайық адамзат!!!
Пайдалынылған әдебиеттер
Байконов С. Табиғатым тағдырым. 1991ж.
«Қазақстан мектебі» журналдары. 1994-2002ж.
«Биология, география, химия» журналдары.
«Жас Алаш», «Дидар», «Рауан» газет басылымдарынан 2000-2002ж.
Ормантаев К. «Экология және ана мен бала денсаулығы». 1991ж
Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. «Экология» Алматы 2002ж
«Қазақстан» Ұлттық энциклопедия.1 том.Бас.ред. Ә.Нысанбаев
«Қазақстан» Ұлттық энциклопедия.2 том. Бас.ред. Ә.Нысанбаев
Ж.З. Жатқанбаев, «Экология негіздері», Алматы: 2004ж
PAGE \* MERGEFORMAT1

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген