400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Өндірістік оқыту бойынша сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Өндірістік оқыту бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ


күні 28.03.20


Тақырыбы: Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

есебінің синтетикалық есебі


Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ұсынылған қарыздар, ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек; өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;

саудаға арналған қаржы активтері, бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады.

Қаржы активтерін егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері хеджерлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда саудаға арналған ретінде қаралады.

Қаржы салымының есебі 1100 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар», 2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» шоттарында жүргізіледі. Бұл шот активті, негізгі, ақшалай болып табылады.

Инвестиция өзінің арнаулы мақсаты бойынша:

  • Қаржылық

  • Нақты

Нақты инвестиция – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық -өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

Қаржылық инвестиция – бұл субьектінің табыс алу мақсатында пайдаланылатын активті, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар.

Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестициялардың бір түрі болып бағалы қағаздар саналады. Барлық бағалы қағаздар 2 топқа жіктеледі:

  • Ақшалай

  • Күрделі

Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақашлай түрде етіп ресімделеді. Оларға вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттары және т.б. жатады.

Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олар бойынша бөлінеді:

Бағалы қағаздар ұсынушыға – құқықтарын орындау үшін бірақ олардың иелерін теңестіруді талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды.

Атаулы бағалы қағаздар – белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі.

Ордерлік бағалы қағаздар – ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады.

Борыштық бағалы қағаздар – пайыздарды төлеуді немесе негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады.

Инвестициялық бағалы қағаздар – эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.

Фондалық бағалы қағаздар – көптеп шығарылуымен ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.

Ссудалық бағалы қағаздар – коммерциялық бағытқа ие. Олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларда орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

Депозитті сертификат – салушының депозитті алуға құқығын куәландыратын ақша қаражаттарын депозиттен өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік.

Депозиттер – бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары.

Бондар – мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері.

Қазыналық вексельдер – мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі, олардың пайыздық купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады.

Қазыналық ноталар – қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі.

Шартты бағалы қағаздар – бұл опциондар, варранттар, қаржылық фьючерстер, алуға ерекше артықшылық құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.

Опцион – опциондық контрактінің нәтижесі болып табылады, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы қағаздарда алдын-ала ескерілген бағасы бойынша алуан немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады.

Варрант – бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар.

Фьючерлік контракт – мәміле жасасу кезінде белгілі бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген бағалар бойынша уағда етілген құндылықтар көлемін жеткізіп беру туралы келісім жасалған құнды қағаздар.

Өздік бақылау сұрақтары:

  1. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ұсынылған қарыздарға не жатады

Жауап: Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ұсынылған қарыздар, ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек; өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;

саудаға арналған қаржы активтері, бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады.

  1. Қаржы салымының есебі қай бөлім шоттарында жүргізіледі

Жауап: Қаржы салымының есебі 1100 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар», 2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» шоттарында жүргізіледі.

  1. Инвестиция өзінің арнаулы мақсаты бойынша қалай жіктеледі

Жауап: Инвестиция өзінің арнаулы мақсаты бойынша:

  • Қаржылық

  • Нақты

Нақты инвестиция – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық -өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.

Қаржылық инвестиция – бұл субьектінің табыс алу мақсатында пайдаланылатын активті, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар.

  1. Нақты және қаржылық инвестициялар арасындағы айырмашылық

Жауап: Накты инвестицияда кәсіпорынның материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салым, ал қаржылық инвестиция табыс алу мақсатында пайдаланылатын активті немесе алынатын басқа олжалар.Қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады

Студент орындауы керек:

  • қаржылық инвестициялар есебі бойынша дәріс материалымен танысу, толық оқып шығу

  • өздік бақылау сұрақтарына жазбаша жауап беру

  • тапсырма 1 және тапсырма 2 берілген талаптарға сәйкес орындау


ТАПСЫРМА 1

Қаржылық инвестициялар есебі бойынша шаруашылық әрекеттерге кқрреспонденцияны қою керек


Кесте 1

Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар есебі бойынша шаруашылық әрекеттер

Шаруашылық операция мазмұны

Дт

Кт

1.Кәсіпорын кассасынан қысқа мерзімді қарыз берілді

1110

1010

2. Ағымдағы банктік шоттан қысқа мерзімді қарыз аударылды

1110

1030

3. Ұйымда саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың алғашқы құны нарықтық құнға тең өсті

7010

1120

4. Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық инветициялар кіріске алынды

1120

3310

3390

5. Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық активтердің алғашқы құны нарықтық құнға теңестіруге қарай төмендеді

7330

1120

6. Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар сатылды

1210

1280

1130

7. Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар кірістелді

6280

1130

8. Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестицияларға сыйақы есептелді

2020

7310

9. Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар қысқа мерзімдіге ауыстырылды

1130

2020

10. Ұйымда сатуға арналған қолда бар қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар кіріске алынды

6280

1140

2030

11. Кәсіпорында сатуға арналған қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларда оң бағам айырмашылық сипатталды

6250

1140

12. Кәсіпорында сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларда теріс бағам айырмашылық анықталды

2030

6250

13. Ұйымда сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың алғашқы құны көбейді

7010

6280

2030



ТАПСЫРМА 2

Инвестициялар есебі бойынша әрбір инвестиция түрінің үлес салмағын есептеңіз, нәтижесіне талдау жасаңыз

Кесте 2

Инвестициялар есебі

Инвестиция түрі

Үлестік саны, %

Құны м.тг

Техникалық жабдықтар мен машиналар

29,43%

44103,68

Транспорт құралдары

7,36%

11025,92

Өндірістік аудан

44,31%

66412,5

Әкімшілік ғимарат

3,55%

5313

Құрылыстар

13,29%

19923,75

Күш машиналары

1,18%

1764,1472

Жиһаз және басқа қорлар

0,88%

1323,1

Барлығы

100%

149866,1



Қорытынды:Инвестициядар есебі бойынша әрбір инвестиция түрінің үлес салмағын есептеген кезде ең үлкен көрсеткіш өндірістік аудан (44,31%) ал ең төменгі көрсеткіш жиһаз және басқа қорлар(0,88%) нәтиже көрсетті.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
1164
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі