400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫМ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
колледждің 2- курс студенттеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДӘРІС 2. ӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫМ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ.


1. Өндіріс және кәсіпорынның өндірістік құрылымына түсінік.

2. Өндірістік құрылымның типтері.

3. Өндірісті ұйымдастыру түрлері.

4. Өндірістік құрылымның даму жолдары.


1. Өндіріс және кәсіпорынның өндірістік құрылымына түсінік.


Өндіріс – қоғамның өмі сүруі және дамуы үшін қажетті материалдарды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.

Қазіргі заманғы өндіріс ғылыми-техникалық процесстің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын – цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.

Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым – қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың санын кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.

Кәсіпорынның өндірісіке байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.

Кәсіпорының негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.

Цехтардың 3 түрі болады:

- негізгі;

- көмекші;

- қосалқы және т.б.

Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Көмекші цехтарға – құрал – жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы цехтарға – қайта өңдеу цехтары, шығарылғагн өнімді безендіретін қораптар мен басқа да жұмыстар жатады (орау, жүктеу, таысмалдау, түсіру).

Цехтар – учаскелерден тұрады. Учаскелер 3 түрге бөлінеді:

  • негізгі;

  • қосымша;

  • қосалқы.


2. Өндірістік құрылымның типтері.


Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндірістік құрылымның 3 түрі (типі) бар.

  1. Заттай.

  2. Технологиялық.

  3. Аралас.

Заттай құрылымды қолданған кезде кәспорынның негізгі цехтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымының көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.

Технологиялық құрылым қолданылғанда технологиялық процесстің ретіне байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарудан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың күрделенуі, жоғарғы өнімді құрал-жабдықтар мен құралдар қолданудың мүмкіншілігінің жоқтығы жатады. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің төмендеуіне, шығындар көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.

Ал өндірістік құрылымының аралас түрі болса, заттай құрылымның да, технологиялық құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл тип цехаралық тасымалдардың көлемінің азаюына, өнім өндірудің өндірістік циклының қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.



3. Өндірісті ұйымдастыру түрлері.


Өндірісті ұйымдастырудың түрі дегеніміз - өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктері мен техникалық жағдайының жалпы сипаттамасын беру. Өндірісті ұйымдастырудың түріне көптеген факторлар әсер етеді:

  • мамандар деңгейі;

  • өндіріс көлемі;

  • шығарылатын өнім номенклатурасының күрделілігі және төзімділігі, т.б.


Өндірістің негізгі үш түрі болады:

  1. Жеке - дара өндіріс

  2. Сериялық өндіріс.

  3. Жаппай өндіріс.


Жеке-дара өндіріс – алуан түрлі және тұрақты емес номенклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы: ірі трибуналар, кемелер, металлургиялық, кен жабдығы және т.б. Сондай-ақ жеке тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар, кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.


Ерекшеліктері:

  • әртүрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;

  • жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;

  • әмбебап құрал-жабдықтар мен технологияларды қолдану;

  • қолмен жинау жұмыстарының үлкен көлемі;

  • жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылардың санының көп болуы;

  • өндіріс циклының ұзақтығы;

  • аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.


Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады.


Негізгі ерекшеліктері:

  • біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шығарылып тұруы;

  • жұмыс орнының тек қана партиямен орындауға мамандануы;

  • бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;

  • мамандандырылған құралдар мен технологиялық жабдықтардың көп қолданылуы;

  • қолмен жинау еңбегінің аз мөлшері;

  • орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;

  • өндіріс циклының ұзақ еместігі;

  • өнім сапасының бақылау процесінің автоматтандандырылуы.

Түрлері – ұсақ сериялы , орташа сериялы, жаппай сериялы өндірістер, мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.


Жаппай өндіріс - өндірісті мамандандырудың ең жоғары сатысы. Мысалы, автомобиль, трактор заводтары. Бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырылады.


Ерекшеліктері:


  • тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;

  • жұмыс орнынының тек қана бір операцияны орындауға мамандандырылуы;

  • жұмыс орындарының операциялардың ретіне қарай орналасуы;

  • арнайы және мамандандырылған техннологиялық құрал-жабдықтардың үлкен көлемі;

  • механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық процесстердің көп қолданылуы;

  • операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы;

  • қолмен жинау жұмыстары көлемінің азаюы;

  • ең төменгі білікті жұмысшылардың еңбегін қолдану;

  • өндіріс циклының қысқаруы;

  • өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландыру;

  • кәсіпорындарды басқаруда автоматтандыруды енгізу.



4. Өндірістік құрылымның даму жолдары.


Өндіріс құрылымына мынандай факторлар әсер етеді:


  • кәсіпорынның халық шаруашылығының қай саласына жатататындығы;

  • шығарылған өнімнің номенклатурасы;

  • оның конструкциялық ерекшеліктері;

  • қолданылған материалдар;

  • шикізаттар және оларды өңдеу түрлері;

  • өнімнің конструкциялық қарапайымдылығы және технологиялық төзімділігі;

  • өнім сапасына қойылатын талаптар;

  • өндіріс тұрпаты, оның мамандандырылуы және кооперацияландыруы;

  • технологиялық құраладр мен жабдықтардың құрамы;

  • өндірістің өзгертілген номенклатуралы жаңа өнім шығаруға қалыптаса алуы;

  • өндіріс процесінің негізгі, көмекші және қосалқы цехтардағы ерекшеліктері.

Әрбір сала кәсіпорындарының өндірістік құрылымыдары негізгі өндірістің жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланады. Тек, көмекші және қызмет етуші шаруашылықтар ғана барлық кәсіпорындарда бірдей болып келеді.


Өндіріс құрылымын әрі қарай дамытудың жолдары:


  • кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;

  • негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты сақтау;

  • кәсіпорынды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жүргізу;

  • өндірісті ірілендіру арқылы (тұрақты) қуатты, ғылыми-өндірістік ұйымдарды ұйымдастыру;

  • техника мен жоғары сапалы технологияны тұрақты түрде дамыту, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • өндірістің тиімділігін арттыру.

Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру арқылы жаңа жоғарғы өнімді техниканы кең көлемде енгізуге жағдай туады, технологияны дамыту, өндірісті ұйымдастыру жақсарады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
7665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі