400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өндірістік тәжәрбиеден есеп беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Өндірістік тәжәрбиеден есеп беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мазмұны


Кіріспе

3

1 Кәсіпорнының шаруашылық қызметін талдау

1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы

5

5

1.2 Жөндеу-механикалық шеберхана (ЖМШ) сипаттамасы

8

1.3 Кәсіпорында орындалатын жұмыстар

9

1.4 Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау

10

2 Автокөліктерді ағымдағы жөндеу

11

2.1 Автокөліктердің ағымдағы жөндеуінің технологиялық үрдісі

11

2.2 «Жер қазу – тасымалдау машиналары»

13

2.3 Қада қағу жұмыстарына арналған машиналар және қондырғылар

17

Қорытынды

20

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

21


Shape1

Кіріспе


Мен Кәрімқұл Бекзат Берікұлы, өндірістік тәжірибемді «Астодор» ЖШС-да өттім. Тәжірибенің өту аралығы 27.01.2020 - 28.02.2020. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен,  қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу.

Жол - құрылыс машиналарының жалпы құрылысы және жіктелуі Жол құрылыс машиналары - автомобиль жолдарын салуға, оны күтіп ұстауға және жөндеуге арналған машиналар. Олар сондай-ақ техникалық жолдар, гидротехкалық, азаматтық, өнеркәсіптік, аэродром , т.б. құрылыстарды салу үшін де пайдаланылады. Жол салудағы даярлық жұмыстарға ағаш жыққыш, бұта отағыш, топырақ қопсытқыш, тамыр жұлғыш, тас жинағыш, т.б. машиналар қолданылады. Топырақты қазу, тасымалдау, үю, т.б. жер жұмыстары скрепер, бульдозер, автогрейдер, т.б. жер қазғыш машиналар көмегімен жүргізіледі.

Грунтты, жол негізін және жол жамылғысын тығыздауға жол тығыздағыштар, вибрациялық және пневматикалық таптағыштар, т.б. қолданылса, жол негізін төсеу және жол жамылғысын орналастыру үшін битум тасығыш, гудронаторлар, цемент тасығыш, топырақ араластырғыш, бетон қоспасын араластырғыш, қиыршықтастарды үлестіріп жайғыш, асфальт төсегіш, бетон төсегіш, т.б. машиналар пайдаланылады. Жолды жөндеу және оны пайдалану жұмыстары бетон бұзғыш, қар тазалағыш, жол жуғыш, т.б. машиналары арқылы атқарылады.

Құрылыс жұмыстары алуан түрлі, соған байланысты онда көптеген түрлі машиналар пайдаланылады. Құрылыс, жол машиналары туралы жалпы немесе нақты түсінік алу (беру) үшін оларды алдымен жіктеп, құрылымы, мүмкіншілігі, артықшылығы немесе кемшілігі т.с.с. туралы деректерді белгілі бір ретпен баяндаған жөн. Әдетте, құрылыс жол машиналарын атқаратын міндетіне, әсер принципіне, қозғалтқышының түріне, қимылдағыштық дәрежесіне және әмбебаптығына қарай жіктейді.

АShape2 тқаратын міндетіне қарай құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарды мына кластарға бөледі: келіктік; тасымалдағыш және тиегіш-түсіргіш; жүккөтергіш; жер жұмыстарына арналған; қадалау жұмыстарына арналған; тас материалдарын уату, сұрыптау және жуу; бетондар мен ерітінділерді дайындау, тасымалдау және орнықтыру, сақтау; әрлеу жұмыстарына арналған; механикаландырылған құрал; жеңілдетілген типті жетілдірілген төсемелі жол салуға арналған; жер қыртысын, цементбетон және асфальтбетон қоспаларын және т.б. құрылыс материалдарын нығыздайтын; асфальтбетонды жабындарды, цементбетон төсемелерді салатын; автомобиль жолдарын жөндеуге және күтуге арналған. Келтірілген машиналар класы олардың орындайтын технологиялық міндетіне, атқаратын жұмыс процесінің сипатына, жалпы құрылымына қарай және техникалық параметрлеріне байланысты жеке топтарға, типтерге, типтік өлшемдерге бөлінеді. Мысалы, жұмыс процесінің сипатына қарай жер жұмыстарының машиналары жерді қазып жақын аралыққа тасысалдаушы (экскаваторлар); жылжып жүру барысында топырақты өндіріп, белгілі бір қашықтыққа тасымалдаушы (бульдозерлер, скреперлер, грейдер мен грейдер-элеваторлар); су әсерімен топырақ өндіруші (топырақ сорушылар, гидромониторлар); тығыздалып және қатып қалған жерді қопсытқыш; жер қабатын тығыздағыш, жерді бұрғылаушы; жер беткейін құрылыс жұмыстарына дайындайтын және қосалқы жұмыстарды атқарушы (буга, тоғай түбірлерін жұлушы, бұта қиюшы, тастар жинаушы т.б.) болып бірнеше топқа бөлінеді.

Көптеген машина топтары типтерге, мысалы, біршөмішті экскаваторлар оны басқару жүйесіне қарай сымарқанды, гидравликалық болып бөлінеді. Одан әрі машиналардың көпшілігі басты (негізгі) параметрлеріне қарай типтік өлшемдерге тарайды. Басты параметр ретінде, мысалы, экскаваторларда оның шөмішінің сыйымдылығы, крандарда максималды жүк көтерімділігі немесе енді бір жолы машинаның массасы, күш қондырмаларының қуаты т.б. қолданылады.

Мақсаты: Студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану.


Shape3

1 Кәсіпорнының шаруашылық қызметін талдау

1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы


«Астодор» ЖШС 2018 жылы құрылған. Кәсіпорын Қарағанды облысында Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, Восток 2 ықшамауданында орналасқан. Кәсіпорын облыстық бюджеттен қаржыландырылады, Қарағанды облысының автожолдарын жөндеу, салу және қызмет көрсету түрлерімен айналысады. Жолдарға қызмет көрсетудің жалпы ауданы 192,09 км2 құрайды. Кәсіпорынның аумағында асфальтобетон зауыты бар, онда қала мен ауданның қажеттіліктері үшін сапасы жоғары асфальт шығарылады. Кәсіпорындағы автомобиль көлігі оның құрылған кезінен бастап қазіргі кезге дейін қолданылады. Автомобиль көлігі комбинаттың барлық бөлімшелеріне қызмет көрсету бойынша ажырамас құралдарымен автожолдарды салу, жөндеу және қызмет көрсетудің негізгі буыны болып табылады: бөлімшелер арасындағы әртүрлі жүктерді тасымалдау, жұмысшылар мен қызмет көрсетуші персоналдарды жұмыс орнына жеткізу және кейін алыап қайту және т.б.Автокөлік құрылыс материалдарын экскаватордан жол құрылысына арналған қиыршықтас пен кварцитті тиеуді, кәсіпорынның қажеттіліктері үшін материалдарды жеткізуді қамтамасыз етеді. Гараж алғашқыда өз қызметінің басында кәсіпорын басшылығының өкімінде болатын автомобильдерге (ММЗ-240, КамАЗ, Зил-130 және т.б.) есептелген. Кәсіпорынның даму шамасы бойынша жүк автомобильдері мен жеңіл автомобильдері паркінің сандық құрамы ұлғайды, оның қызмет ету салалары – комбинат ауданымен цехтарына қызмет көрсету аясы кеңейді.

Сонымен қатар автопарктің маркалы құрамы өзгерді, тозған автомобильдер орнына жаңа қазіргі заманғы машиналар келді.Жолаушылар автомобиль тасымалын дамыту, қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру және жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін арттыру бойынша маңызды жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі кезде автопарк құрамына УАЗ, ГАЗ, КАМАЗ маркалы және т.б. отандық автомобильдер енеді.

Кәсіпорындағы машина-тракторлық парк құрамы 1.1-кестеде келтірілген.


Кесте 1.1 Кәсіпорындағы машина-тракторлық парк құрамы


Машинаның №

Көліктік құралдар маркасы

Шығару жылы

1

А/грейдер ГС-10.01418

2000

2

А/грейдер ДЗ-143

1990

3

А/грейдер ДЗ-143

1985

4

А/грейдер ГС-14.02

2002

5

А/м ГАЗ-33023-414

2006

6

ДС-191 асфальт төсегіш

1998


1.1 кестенің жалғасы


7

ДТ-75 ДЗ-42 бульдозер

1991

8

ЗИЛ-133 ГЯ ЭД-403

1994

9

КАМАЗ-55111

1991

10

КАМАЗ-5511(53205)

1991

11

СД-802 (Т-150 К) аунақ

1997

12

ДУ-47 аунақ

2007

13

ДУ-99 аунақ

2008

14

МАЗ-5551-020

2002

15

ТО-18Б тиегіш

1994

16

ПК-2703 тиегіш

2002

17

АМКАДОР 333В тиегіш

2009

18

ПК-2703 тиегіш

2002

19

МТЗ-82 трактор

1997

20

МТЗ-82.1 трактор

2009

21

УАЗ-3909

2000

22

ГАЗ-330232

2010


Кәсіпорында 1.1-кестеден көрінгендей тозған техникадан тұрады. Маркалы құрамына байланысты, автопаркті талдау көрсеткендей оның құрамы өткізгіштігі жоғары автомобильдерден тұрады. Осындай автомобиль паркі қала мен ауданның автожолдарын қызмет көрсетумен байланысты тасымалдаудың барлық түрлерін орындауға мүмкіндік береді. Машина-тракторлық парк құрамынан байқалғандай, экскаватор, кран, қырғыш және т.б. сияқты жол-құрылыс техникасы жоқ. Осындай техника болмағандықтан кәсіпорынға тысқару ұйымдардың қызмет көрсету түрлеріне жүгінуге тура келеді.

Кәсіпорынның жол-құрылыс және басқа техникаларды күтіп ұстауға үлкен қаражат мөлшері жұмсалады.

Кәсіпорынның жол-құрылыс және басқа техниканы күтіп-ұстауға жұмсайтын шығындары жылдан жылға ұлғаюды. Алайда, автомобильдерді жөндеуге өз күшімен жұмсалатын шығындар азайды. Басқа жағынан алып қарағанда, «басқа шығындар» деп аталатын елеулі ұлғайды, «басқашығындар» техникалық тексеру, номерлер алу, сақтандыру төлемдерін алу және т.б. шығындармен байланысты. Үлкен шығындар автомобильдерді техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қызмет көрсеткен тысқары ұйымдар мен жеке тұлғаларға жұмсалады, осыған байланысты шығындар жыл сайын артуда. Кәсіпорында техникалық қызмет көрсету мен жөндеу пункті болған жағдайда тысқары ұйымдардың қызмет түрлерінен іс жүзінде бас тартуға және жөндеу-қызмет операцияларын дербес орындауға және осылайша қаражатты маңызды үнемдеуге болады.

Кәсіпорында соңғы жылдары сатып алынды:- МТЗ-82.1 трактор;

- жұмысшылар мен жабдықтарды тасымалдау үшін Газель (ГАЗ-330232) автомашинасы;

- АМКАДОР 333В тиегіш.

Кәсіпорында кез-келген басқа ұйымдар сияқты функциональдық және ұйымдастырушылық-өндірістік басқару құрылымын сипаттауға болады.

Аталған кәсіпорынның функциональдық құрылымы барлық деңгейде басқарудың жеке функциялары бойынша бөлімшелерді мамандандыруды ұсынады. Осындай ұйым басшылардың мамандануы есебінен басқару сапасын маңызды арттырады, әмбебап басшылардың орнына өз саласы бойынша құзіретті мамандар келуде.

Кәсіпорын қызметін әртүрлі функциялық салалар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл ретте әрбір функционалдық сала осы кәсіпорында болып жатқан процестердің жеке өзіндік ерекшелікті жинаққа сәйкес келеді. Кәсіпорынды басқару құрылымының сұлбасы 1.1-суретте берілген.



Сурет 1.1 Кәсіпорынды басқару құрылымының сұлбасы


Персоналдармен жұмыс жасау кәсіпорынның барлық деңгейдегі және бағыттағы басшылардың негізні міндеттерінің бірі болып табылады. Персоналдармен жұмыс жасаудың негізгі принциптері: еңбек туралы заңнама талаптарын сөзсіз басшылыққа алу, кәсіпорынның ағымдық және перспективалық қажеттіліктерін есепке алу, нарықтық конъюнктураны және жұмыс күшінің табиғи қозғалысының үрдісіне болжам жасау, кәсіпорын және оныңқызметкерлерінің мүдделерінің теңгерімін сақтау болып табылады.

Кәсіпорнында кадрлық потенциал қызметкерлердің келесі категориясымен берілген: тракторист-машинисттер, машина агрегаттарының операторлары, жүк автокөліктерінің жүргізушілері, басшылары, мамандар, инженерлер, механиктер, жол жұмысшылары (мамандар) және т.б.

Соңғы үш жыл ішіндегі талдау нәтижесі бойынша жұмыс күшінің сандық құрамында өзгерістер байқалады: кәсіпорын қызметкерлерінен 6 адам жұмыстан кеткен, автожолдарды жөндеумен айналысатын қызметкерлер санын қысқарту есебінен жүргізіледі. Аталған категориядағы қызметкерлер санын қысқарту тракторист-машинисттерден 2 адамды қысқарту, машина агрегаттарының операторларынан және жол жұмысшыларынан (мамандардан) 2 адамды және жүргізушілерден 2 адамды қысқарту есебінен жүргізілген. Басқа категориядағы қызметкерлерді қысқарту, яғни басшылар тарапынан 1 адам және мамандардан 1 адам қысқартылды. Сондай-ақ қосалқы өнеркәсіптік өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар саны 1 адамға қысқарды.



1.2 Жөндеу-механикалық шеберхана (ЖМШ) сипаттамасы


Кәсіпорын иелігінде болатын барлық автомобильдерге, тракторлар мен жол-құрылыс машиналарын ағымдық жөндеуді жүргізуге арналған.

Жөндеу шеберханасындамашиналарды жөндеуді орындайды, жаңа тетіктерді дайындайды және өлшемдері шағын құрастыру бірліктерінің тозған тетіктерін қалпына келтіреді, жөнделген жабдықтарды құрастыруды және бөлшектеуді жүзеге асырады.

ЖМШ белгілі бір жабдықтар жиынына ие, соның көмегімен слесарлық, дәнекерлеу, токарлық және басқа жұмыс түрлерін орындауға болады. Жөндеу шеберханасында тракторлар мен автомобильдерге техникалық қызмет көрсету пункті (ТҚП). Жөндеу шеберханасы жабдықтарының тізімі 1.2-кестеде келтіріледі.


Кесте 1.2 ЖМШ жабдықтарының тізімі


Жабдықтар №

Жабдықтар атауы

Саны, дана

Марка

1

Дәнекерлеген трансформатор

1

ЭК 250-У2

2

Жылжымалы компрессор

1

К-1

3

Жону-ажарлау станогы

1

ЗБ634

4

Үстел-бұрғылау станогы

1

НС-12А

5

Слесарлық шеберүстел

5

-

6

Шина құрастыру стенді

1

Ш514М1

7

Теңгермелі стенд

1

ЛС 1-01

8

Электрлік вулканизатор

1

«Тип-Топ»

9

Электр жабдықтарын тексеруге арналған стенд

1

Э-242

10

Тетіктерге арналған стеллаж

6

-

11

Қозғалтқыштарды бөлшектеу мен құрастыруға арналған стенд

1

-

1.2 кестенің жалғасы


12

Көмірқышқыл газды ортада дәнекерлеуге арналған жартылай дәнекерлеу автоматы

1

TELMIG-100

13

Стационарлық көтергіш

1

П-105

14

Домалатқыш көтергіш

1

ПП-104

15

Газды дәнекерлеу

1

-

16

Жуу аппараты

1

«Ker-Ker»

17

Электрлік таль

2

ТЭ-1

18

Токарлық-бұрандалық кескіш станок

1

1К-62

19

Вертикаль-бұрғылау станогы

1

2Н135А

20

Жоңғылау станогы

1

6Р82Г

21

Жону станогы

2

3Б35

22

Дәнекерлеу трансформаторы

1

СТД-500

23

Құрал-саймандық шкаф

3

-

24

Токарлық-бұрандалық кескіш станок

1

Ф-101


Қолданыстағы ТҚП-да диагностика қосыны немесе сағаткесі жоқ, қазіргі кездегі техниканың көп санына қолайсыз, өйткені диагностиканың болмауы оларды ағымдық жөндеу кезінде қаражаттың үлкен шығынына әкеледі. Бірақ агрегатты усағатке болады, ал бұл автомобиль қозғалтқыштарын,берлісі қораптарын және көпірлерін жөндеу кезінде қиыншылық тудырады. Сондай-ақ жөндеу шеберханасында жүк көтергіш айла-бқйымдар болады, көбінесе арқалық-кран(электрлік таль) болады. ТҚ-1 мен ТҚ-2 боксына ілінген электрлік таль машиналарды ағымдық жөндеумен байланысты барлық мәселелерді шешеді. Шеберханада жөндеу жұмыстарын орындау үшін арнайы жөндеу жабдықтарының қажетті саны болады. Жөндеу шеберханасында 1 слесарь, 1 қоймашы-жинақтағыш, 1 токарь, 1 электр-газ дәнекерлеуші және 1 электрик болады. Гаражда 2 инженер-техникалық қызметкер: жөндеу шеберханасының шебері және аға механик болады. Машина-тракторлық парктің жөндеу жұмысшыларының осындай саны барлық жөндеу-қызмет көрсететін жұмыстарды орындау үшін жеткіліксіз.



1.3 Кәсіпорында орындалатын жұмыстар


Кәсіпорын жолдарды салу, жөндеу және қызмет көрсетумен айналысады. Кәсіпорын жолдарды негізгі жөндеуді көктем-жаз мезгілінде жүргізеді. Кәсіпорын аталған кезең ішінде жолдарды салу мен жөндеу бойынша жұмыстарды орындайды, бөгеттік қоршаулар, жол белгілерін, жол таңбаларын және т.б. орнатумен айналысады.

Жолдарды жөндеу кезінде келесі жол-құрылыс материалдары – грунт, құм, қиыршықтасты қалдық, әктасты қиыршықтас, асфальтты қоспа, битум эмульсиясы (битум) қолданылады. Осы материалдардың барлығы Брянск облысының әр ауданынан, жеткізіледі. Мысалы, қиыршықтас Семей қаласынан теміржолмен жеткізіледі, сосын жүк автомобильдерімен қоймалау үшін базаға жеткізіледі. Битумдық эмульсия Астана қаласынан автомобиль жолымен жеткізіледі.

Жолдарды пайдалану ішінде жолдарға қызмет көрсету кезінде жолдардың шеттерін шөп жабынынан тазалау үшін құрылғы пайдаланылады, бұтақ кескіштер мен бензоаралар, сондай-ақ МТЗ-82.1 трактор үшін аспалы жабдықтар (роторлық косарка) пайдаланылады.

Кәсіпорын қыс мезгілінде ДЗ-143 маркалы автогрейдерді, сондай-ақ бульдозерлік қайырылмасы бар КАМАЗ 55111 автомобилін пайдалану арқылы жол «төсемін» қар және кір-лас жабыннан тазалау жөніндегі жұмыстар орындалады. Жолдың шеттерін қардан тазалау және қар үйіндісін жинау МТЗ-82.1(ДЗ-82) маркалы тракторларды пайдалану кезінде жүзеге асырылады.

Асфальт жабынын құм-тұз қоспасымен өңдеу ЗИЛ-133ГЯ ЭД-403, ЗИЛ-433362 МКД-4333, ЗИЛ-133ГЯ, МАЗ 5551-020, КАМАЗ 55111 автомашиналардың көмегімен жүргізіледі. Сонымен қатар тоқтау алаңдарын, жол тумбаларын, жол белгілері мен өтпелерін тазарту, көпірлерді, бөгеуілдік қоршауларды, тротуарларды қардан тазарту жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.



1.4 Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау


Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау өндірістік-қаржылық жылдық есеп көрсеткіштері бойынша қабылданған. Талдау абсолюттік және меншікті көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Жалпы айтқанда талданатын мерзім ішіндегі негізгі өндірістік қор құрылымында маңызды өзгерістер байқалмайды. 2018 жылы негізгі өндірістік қор құрылымындағы ең үлкен меншіктік үлес – 80%, сондай-ақ машиналар мен жабдықтардың үлесі - 15,8%-ға артқан. Ғимараттардың меншікті салмағы - 1,1%, ал машиналар мен жабдықтардың салмағы 1,8%-ға азайған. Бұл машиналар мен жабдықтар өндіріс процесінде тозған және дереу ауыстырылуы тиіс, ал кәсіпорынның жаңа машиналар мен жабдықтарды сатып алуға қаражаты жетпейді. Көлік құралдарының меншікті салмағы 0,4%-ға ұлғайды, ал бұл кәсіпорын талданатын мерзім ішінде жаңа көлік құралдарын сатып алғанын білдіреді.

Шаруашылық қызметін экономикалық талдау кемшіліктерді ашуға және осы кемшіліктерді дер кезінде жоюға мүмкіндік береді.









2 Жол құрылыс машиналары

2.1 Құрылыс машиналарының классификациясы.


Құрылыста құрылыс машиналарының мыңдаған типоразмерлері тағайындалуына, жұмыс істеу принципіне, өлшемдеріне, күштілігіне, өнімділігіне байланысты пайдаланылады.

Құрылыс машиналары классификацияланады: тағайындалуына (технологиялық түріне) байланысты; жұмыс істеу режиміне; қондырғының күш алу түріне; жүру дәрежесіне және әмбебаптылығына.

Құрылыс машиналарының тағайындалуына байланысты келесі топтарға бөлінеді: тасымалдау, тасымалдаушылар және арту-түсіру; жүк көтеру; жер жұмыстарына арналған; қада қағу жұмыстарына арналған; әрлеу жұмыстарына арналған; бетон және темірбетон жұмыстарына арналған; қол машиналары (механизацияланған құрал-саймандар).

Машиналардың әр тобы топшаларға бөлінеді (мысалы, жүк көтеру машиналары төрт топшадан тұрады – домкраттар, тебедкалар, подъемниктер және крандар). Әр топша машиналардың бөлек-бөлек типтерін құрайды. Олар бөлек түйіндерінің конструкцияларының айырмашылығы немесе бүтін машиналардың айырмашылығы (мысалы, подъемниктер, мачталы, шахталы, скипті және ішекті (струнные) болып бөлінеді). Машиналардың әр типі бірқатар типтік өлшемдерден (модельдерден), конструкциялары ұқсас, бірақ өзарапараметрлерінің айырмашылығынан тұрады (мысалы, ковштың сыйымдылығы, жүккөтергіштігі, өлшемі және массасы, өнімділігі, қуаттылығы және с.т.б.).

Жұмыс істеу принципіне байланысты машиналарды периодтық іске асыруы (циклдық), бір жұмысты бірнеше периодта қайталау жолымен және өнімді циклды беру түрі (құрылыс крандары, бір шөмішті эксковаторлар және погрузчиктер, бульдозерлер, скрекерлер және т.б.), және үзіліссіз іске асыру машиналары (конвейерлер, көп шөмішті эксковаторлар және артқыштар, ерітінді тасымалдайтын насостар және т.б.) Болып айырылады.

Қондырғының күш алу түрі бойынша машиналар іштен жанатын двигательдер, электрлік, гидравликалық және пневматикалық двигательдер болып айырады. Көп құрылыс машиналары аралас тарту түріне жатады, мысалы дизель-электрлік және дизель-гидравликалық (көп тарағандар), дизель-пневматикалық, электрлігидравликалық, электрліпневматикалық және с.т.б.

Жүру дәрежесіне байланысты машиналар стационарлы, көшіп-қондырылатын және жылжымалы болып бөлінеді. Ең соңғылар жұмыс уақытында немесе тасымалданғанда жүреді және олар өздігінен жүретін, прицепті және жартылай прицепті болуы мүмкін.

Әмбебаптық дәрежесіне байланысты машиналар көп мақсатқа пайдаланылатын әмбебап, әртүрлі ауыстырылатын қондырғылар жабдықталған және арнайландырылған, жұмыс қондырғысының бірақ түрімен жабдықталған және бір технологиялық  жұмысты орындауға арналған (қада қағу балғалары, бетонды насостар) болып айырылады.

Құрылыс машиналары өзінің тағайындалуына сәйкес болуы керек және өнімділік мүмкіншілігін максималды қамтамасыз етіп және сол өндіріс жағдайларында жұмыс өнім бірлігінің құнын минимумға келтіру, сонымен қатар ауыспалы пайдалану жағдайына көндігуі. Машина минимальді массасы, қарапайым, берік, құрыстырылған жатқан және тасымалдау уақытында ыңғайлы, сыртқы күштер әсеріненаударылып кетпеуіне орнықты талаптарына жауап беру керек. Машина үлкен сенімділік және шыдамды, оңай техникалық қызмет көрсету және жөндеу, пайдалы уақытында тиімді, жұмыс істеу жағдайын қауіпсіз қамтамасыз ету, жұмыс істеуге ыңғайлы болуы керек. Машинаның сыртқы түрі соңғы техникалық  эстетикаларға талаптарға  жауап беру керек. Машиналар қоршаған ортаны ластамау керек.

Өздігінен жүретін машиналар үлкен маневрылығымен және өту мүмкіншілігі (проходимость) жоғары болуы керек. Маневрылығы – машинаның  жүру мүмкіншілігі және тар кіші минимальды радиустарда бұрылуы. Өту мүмкіншілігі – машинаның әртүрлі қыр-ой жерлерден және кіші су бөгеттерінен өту, әлсіз көтергіш қабілетті топырақтардан жылжыуы.

Барлық шығарылған ққрылыс машиналарына бірыңғай индексация жүйесі бекітіліп таралған, сол себепке байланысты әр машинаға шығарылған орыннан индексация (марка) беріледі. Бұл индексацияда әріптік және сандық белгілеулерден тұрды. Сандардың алдында орналасқан индекстің негізгі әріптері машинаның түрін белгілейді. Мысалы, ЭО– бір шөмішті эксковатор (эксковатор одноковшовый), ЭТР – роторлы траншейлі эксковатор (эксковатор траншейных роторных), ЭТЦ – роторлы шынжырлы эксковатор (эксковатор траншейно-цепных), ДЗ – жер қазу тасымалдау машиналары (землеройно-траншейных машин), ДП – дайындау жұмыстарына арналған және тоңған топырақтарды өңдейтін машиналар (машины для подготовительных работ и разработки мерзлых грунтов), ДУ – топырақтарды және жол жабындарын тығыздайтын машиналар (машины для уплотнения грунтов и дорожных покрытий), КС - өздігінен жүретін жебелі крандар (кранов стреловых самоходных), КБ – мұнаралы құрылыс крандары (строительных башенных кранов), СП – қадаларды ендіруге арналған қондырғылар (оборудования для погружения сваи), БМ – бұрғылау және бұрғылау-кранды машиналар (бурильных бурильно-крановых машин), СО- әрлеу жұмыстарына арналған машиналар (машины для отделочных работ), ТЛ – лебедкалар (лебедок), ТМ – көп шөмішті артқыштар (погрузчиков многоковшовых), ТО – бір шөмішті артқыштар (погрузчиков одноковшовых), ТП – подъемниктер (подъемников), ТК – конвейерлер және (конвейеры и питожели), ИЭ – электрлі қол машиналары (ручных машин электрических), ИП – пневматикалық қол машиналары (ручных пневматических машин), ИВ – вибраторлар (вибраторов) және т.б. Индекстің сандық бөлігі негізгі машинаның техникалық сипаттамасы келтіріледі. Индекстің сандық бөлігінен кейін қосымша әріп қосылуы мүмкін, ол машинаның реттік модернизациясы, оның арнайы климаттық орындалу түрін белгілейді.



2.2 «Жер қазу - тасымалдау машиналары»


Жер қазу - тасымалдау машиналары деп жұмыс органдары пышақ, екіі жұмысшы бірдей атқаратын - массивтерден қабаттар айырып және сол екпінімен төсеу орнына топырақты тасымалдайды. Бұл группаларға келесі машиналар жатады: бульдозерлер, скреперлер, автогрейдерлер және грейдерлер. Бұл машиналардың бульдозерлержәне скреперлер өнеркәсіптік және азаматтың құрылыста кңінен қолданылады.

Жер қазу - тасымалдау машиналарының әр моделінің индексі болады, онда әріптік және сандық белгілеулер ендірілген. Индекстің бастапқы екі әріпі машинаның группасын белгілейді, қалған сандық - модельдің тіркелген реттік номері, индекстің сандық бөлімінен кейін әріптер - реттік модернизациясын (А,Б,В,....) Және машинаның климаттық атқаруы. Жоғарыда көрсетілген әріптерден басқа өздігінен жүретін скреперлердің модернизацияланған  индексіне М және П әріптері мүмкін. Автоматтандырылған басқару жүйесі бар бульдозерлер және скреперлер индексіне соңғысына 1 деген сан қойылады, келесі индекстің үш негізгі санынан кейін, ал модернизацияланған машиналарда әріптен кейін қойылады. Автогрейдерлердің индексіне жоғарыда көрсетілген саннан және әріптенкейін тере арқылы үш сан қойылады. 1,2,4,6, олардың модернификациясын белгілейді.

 Бульдозерлерді 1-4 категориялық қабат топырақ торын өңдеу және тасымалдауға, сонымен қатар жортасты және тоңған топырақтарды босатуға қолданылады. Олардың көмегімен құрылыс алаңын жоспарлауға, үйінді жасауға, ойпандарды және қазан шұңқырларды өңдеуге, топырақтарды тегістеу, басқа машиналар төккен, фундаменттер және коммуникациялар астына траншейлер қазу, шұңқырларды, траншейлерді, қазан шұңқырларды және ғимарат іргетасының  айналасын көму, алңды қардан, тастардан, өсімдік қабаттарынан, түбірлерден, майда талдардан және құрылыс қоқыстарынан тазалайды. Бульдозерлердің құрылыс өндірісінде кеңінен қолданылуы олардың конструкциялардың қарапайымдылығын, беріктілігін және пайдаланылуда тиімділігі, жоғарғы өнімділігі, қозғалмалығы және әмбебаптылығымен анықталады.

Бульдозер тағайндалуы бойынша, тарту класы бойынша және базалық машинаның жүру қондырғыларының типі бойынша жұмыс органының конструкциясы және отвалды басқару жүйесінің типі бойынша класификациланады.

Тағайындалуы бойынша  бульдозерлер жер қазу - тасымалдаудың негізгі түрлерін атқаруға қолданылатын жалпы және әртүрлі топырақтарда жұмыс жасайтын қосалқы тағайындалулары және арнайы қаситтері ерекше топырақтар немесе технологиялық  жағдайларда арнайы жұмыстарды орындауға арналған болып бөлінеді. Соңғылары (арнайы) итергіш бульдозерлер, жер асты және су асты бульдозерлер жатады.

Тарту класына байланысты базалық  машиналар кіші габарит (класс 0,9 дейін), жеңіл (класс 1,4...4), орташа (класс 6....15), ауыр (класс 25...35), және өте ауыр (класс 35-тен жоғары) болып бөлінеді.

Жүру қондырғылардың типі бойынша  шынжыр табанды және  доңғалақты болып бөлінеді.

Жұмыс органдарының конструкциясы бойынша бульдозерлер жоспар отвалының бұрылмайтын және бұрылатын отвалымен ол тракторға перпендикулярлы немесе 53 градусқа дейін екі жаққа продольді оске бұрышпен орналасуы мүмкін.

Басқару жүйесінің типі бойынша бульдозерлер гидравликалық және механикалық басқару болып бөлінеді.

 Скреперлер өздігінен жүретін немесе принципті жер қазу тасымалдау машиналары болып келеді. Олардын жұмыс органы доңғалаққа бекітілген ковш, оның астынғы жағына топырақ қабатын кесуге арналған пышақ орнатылған. Скреперлер қабаттарды кесуге, тасымалдауға, тегістеуге және 1-4 патегариялық топырақтарды алаңды құрылысқа инженерлік дайындауда, топырақты  аздап нығыздауға , кварталдарды жоспарлауға, үйінді жасауға,  енді трагшейлерді өңдеуге және ойпандарды әртүрлі ғимараттарды дайындауға және т.б. Арналады. Көбінесе скреперлерді суланбаған орташа топырақтарда (құмайт, саздақ, топырақтар) , ірі тасты құрылымдар болмаған жағдайда жұмыс істейді. Скреперлермен ауыр топырақтарды өңдегенде оларды алдын кесу қабаты қалындығыша босатып алады. Скреперлердің бастапқы бірқатар машиналардың негізгі параметрі ковштың геометриялық сиымдылығы болып табылады.

Скреперлер классификацияланады: ковштың сиымдылығы бойынша – кіші , орташа және ауыр сиымдылықты машиналар; ковшқа енгізу әдісі бойынша – топырақ қабатын жылжу күшімен кесіп пассивті енгізу, қырғыш көмегімен күштеп енгізу; ковштан төгу әдісі бойынша – ковш қабырғасын алдыға жылжитын күштен төгу, машинаның жүруі бойынша ковшты алдыға аударып еркін төгу; тарту қондырғылардың  агрегаттау әдісі бойынша – принцепті; шынжыр табанды тракторларға және екі ості доңғалақты тягачтарға, өздігінен жүретін, бір ості және екі ості доңғалақты тягачтарға агрегатталған; жұмыс қондырғыларын басқару әдісі бойынша -  арқанды  блокты, гидравликалық және электрогидравликалық басқару.

Қазіргі уақытша шығарылатын скреперлер гидравликалық және электрогидравликалық жұмыс органын басқару жүйесі болады, ол ковшты күштеп түсіруін, көтеруін және төгуін, кесу қабатын өзгертуін, ковштын алдын  көтеруін және түсіруін қамтамасыз етеді. Ковш пышағын топыраққа күштеп енгізуді кесу қабатының қалындығын тура туралауға, топырақ жию уақытын азайтуға және нығыз топырақтарды толық өңдеуге мүмкіндік береді.

Автогрейдерлер өздігінен жүретін жоспарлау профилдау машиналары болып келеді, олардын негізгі жұмыс органдары толық бұрылатын грейдерлердің пышағы бар отвал қызмет етеді. Отвал  автогрейдерлердің продольді осіне бұрышпен алдынығы және артқы пневмодоңғалақты жүру қондырғылары мосттар арасында орналасады. Автогрейдерлер жүру барысын пышақтар топырақтарды кеседі және отвал оны шетке ысырады.

Автогрейдерлерді жол ұүрылысында, үлкен емес үйінділер және профилді ойпандар ғимараттарында, котлован түптерін тазалау, аландарды жоспарлау, траншейлерді, оларды, шұңқырларды, каналдарды көмуге жоспарлау және профилдеу жұмыстары үшін, сонымен қатар жолдарды, құрылыс алаңын, қала жолдарын және алаңдарды қысқы уақытта қардан тазалауға қолданылады.

Автогрейдерлерді 1...3 категориялық топырақтарда қолданылады. Автогрейдерлердің жұмыс істеу процесі реттік жүрістерден тұрады, онда топырақтарды кесу, оны тасымалдау, тегістеу және ғимарат бетін жоспарлау болып іске асырылады.

Автогрейдерлер констуктивтік салмағы бойынша, трансмиссия түрі бойынша, доңғалақтардың схемасы және борттың берілу түрі бойынша классификацияланады. Конструктивтік салмағы бойынша автогрейдер жеңіл (12 т. Дейін), орташа (15 т. Дейін) және ауыр (15 т. Жоғары) болып бөлінеді. Автогрейдерлердің доңғалақты схемасы ахбхв формуласымен анықталады, мұнда А – басқарылатын доңғалақ остерінің саны; Б – тартатын доңғалақтар осінің саны және В – остердің жалпы саны. Автогрейдерлердің доңғалақты схемасы жеңіл және орташа типті 1х2х3, ауыр типі 1х3х3.

Трансмиссия түрі бойынша автогрейдерлерді механикалық және гидромеханикалық трансмиссиясымен бөлінеді. Гидромеханикалық трагсмиссия автогрейдер жүріс жылдамдығының автоматты және бірқалыпты ауысуын қамтамасыз етеді.

Борттың берілу түрі екі түрлі болады – борттық редукторлар түріне (жеңіл және орташа автогрейдерлерді) және бөлек тартатын мосттар (ауыр автогрейдерлерде).

Эксковаторлар өздігінен өздігінен жүретін жер қазу машиналары болып келеді, олар топырақты қазуға және тасымалдауға арналған. Эксковаторлар бір шөмішті негізгі жұмыс органының перидтық (циклдық) жұмыс істеу принципі, сонымен қатар ковштың әртүрлі сыйымдылығы және көп шөмішті тоқтаусыз жұмыс істейтін эксковаторлар болып бөлінеді.

Бір шөмішті эксковаторлар жұмыстарды бөлек көп қайталанатын циклдармен іске асырылады, сол уақыт ішінде қазу және топырақты тасымалдау операциясы бөлек және бірінен кейін бірі іске асырылады. Жұмыс істеу процесі кезінде машина периодты келесі топырақ көлемін қазуға орын ауыстырады.

Тоқтаусыз жұмыс істейтін эксковаторлар топырақты қазу және тасымалдау біруақытта және тоқтаусыз іске асырылады. Осындай эксковаторлардың еңбек өнімділігі бір шөмішті эксковаторлардан жоғары, олар 2/3 жұмыс уақытын топырақты тасымалдауға және жұмыс қондырғыларының орын ауыстыруларына жоғалтады.

Тағайындалуы бойынша бір шөмішті эксковаторлар құрылыстың универсалды (әмбебап) – жер жұмыстарына және құрылыста арту түсіру жұмыстарына, карьерлі – карьерлердегі құрылыс машиналарын өңдейтін болып бөлінеді.

Тағайындалуы бойынша тоқтаусыз жұмыс істейтін эксковаторлар ойпаңдарды төртбұрыш және трапеционалды, профильді, бойлық қазатын машиналар болып бөлінеді. Олар су желілері және әртүрлі тағайындалған коммуникацияларға траншейлер қазатын (траншейлі эксковаторлар, китледарды және су ағындарын қазатын машиналар), жоспарлау және милеративті жұмыстарға арналған машиналар.

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста бір шөмішті құрылыс жәнетраншейлі эксковаторлар көп қолданылады.

Құрылыс эксковаторы деп негізгі ковштың сыйымдылығы 0,25...2,5 м3, әртүрлі ауыстыратын жұмысшы қондырғылары орнатылған бір шөмішті универсалды эксковаторлар аталады. Құрылыс эксковаторлары I-IV категориялық топырақтарда жер жұмыстарына арналған. Унификацияланған ауыстыратын жұмыс қондырғыларының көмегімен (40 түріне дейін бар) олар арту-түсіру, монтажды, қада қағу, жоспарлау, тазалау және басқа да жұмыстарды орындай алады.

Құрылыс эксковаторының топырақты өңдегендегі жұмыс циклі келесі атқаратын опрациялардан тұрады: топырақты қазу (ковшты топыраққа толтыру), забойдан ковшты топырағымен көтеру, төгетін орынға ковшты бұру, ковштан топырақты тасымалдау қондырғысына немесе обвалға төгу, забойға бос ковшты бұру және оны бұрынғы орнына қазудың келесі операциясына кірісуге түсіреді.

Траншейлі эксковаторларды құрылыста сызықты жер асты коммуникацияларды ашық түрде төотбұрышты және трапеционалды профильді траншейлерді қазғанда (газ, мұнай, су және азық жүйелеріне, канализация және жылу жүйелерін, кабельді байланыс жүйелерін және электр қондырғыларына), сонымен қатар ғимараттар және үймереттер астындағы ленталы фундаменттерге траншей қазғанда қолданылады. Олар өздігінен жүретін көпшөмішті немесе шөмішсіз жұмыс органдары бар жер қазу машиналары.

Траншейлі эксковаторлардың өнімділігі жұмыс уақытында тоқтаусыз жүріп және массивтен топырақты айналып жұмыс істейтін ковштардың көмегімен бөлгенде, бір шөмішті эксковатордан 2...2,5 есе көп, 1 м3 өңделетін топырақтың жұмыстардың үлкен сапасы және аз энергия шығыны. Сонымен қатар траншейлі эксковаторлар жоңған топырақтарды өңдей береді.

Тізбекті траншейлі эксковаторлар тоңбаған топырақты өңдеу үшін пневмодоңғалақты және шынжыр табанды тракторларға орнатылған бір тізбекті және екі тізбекті қырғыш жұмыс органы орнатылған, сонымен қатар тоңған топырақтарды өңдеуге арналған арнайы тізбекті жұмыс органы кескіштермен (с резцами) жабдықталған.

Тізбекті траншейлі эксковатордың схемасы суретте келтірілген.

Роторлы траншейлі эксковаторлар шынжыр табанды тракторға немесе арнайы тягачтарға бекітілген немесе жартылай прицепті қылып орнатылған болып келеді және I-IV категориялық тоңбаған топырақтарды, ірі тас қосындылары жоқ (300 мм дейін), сонымен қатар беттері қатқан тоңған топырақтарды әр түрлі тереңдікке төртбұрышты және трапеционалды профильді траншейлерді өңдеуге арналады.

Роторлы траншейлі эксковаторлардың траншейлері алу тереңдігі ротордың диаметрімен анықталады. Қазу тереңдігінің көбеюі ротордың диаметрі мен массасының көбеюімен байланысты, сондықтан РТЭ рационалды қазу тереңдігінің шегі 3м аспайды. Тягачтардың дизельдерінен негізгі атқаратын механизмдеріне (роторлы доңғалаққа, отвалды конвейерге, шынжыр табандарға) және қосалқы қондырғыларға (жұмыс органын көтеру механизміне және конвейерге) энергияны беру механикалық, гидравликалық  және электромеханикалық трансмиссиялар көмегімен іске асырылады.

Роторлы траншейлі эксковатордың схемасы суретте келтірілген.



2.3 Қада қағу жұмыстарына арналған машиналар және қондырғылар


Орнатқан кезде екі түрлі қадалар қолданылады – қағатын (дайын) заводтарда темірбетон және металды және бұрғылап енгізетін темірбетон қадалары. Котловандардың, құдықтардың және траншейлердің судан қорғау қабаттарын (ограждение) орнатқан кезде металды және темірбетон шпунттар қолданылады. Дайын қадаларды және шпунты енгізу үшін қада енгізгіш агрегаттар, кокерлар мен кокерлік және қада бұрайтын жабдықтарды қолданады. Қондырғылардың кейбір түрлерін, сонымен қатар алдында енгізілген элементтерді суыруға қолданылады.

Дайын қадаларды батырудың технологиялық циклы мына операциялардан тұрады: қаданы ілу, жобалы жағдайға орналастыру, енгізгіштермен қаданы жобалы белгіге дейін топыраққа енгізу, қада соққыш қондырғыны кезекті қаданы батыру орнына жылжыту. Қада енгізгіштер конструкциясы бойынша, тоқты пайдалану түрі бойынша және жұмыс істеу принципі бойынша әр түрлі болып бөлінеді.

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста ең көп қолдану табылған – соққы әсерлі қада қаққыштар, оған қадалы балғалар жатады.

Қадалы балғалар ауыр ұратын бөліктен, цилиндр тәріздес барып қайтатынбағыттағыш конструкция, поршень штогымен, штанг және т.б. Балғаның ұру бөлігі қада басына кезекші соққылар береді. Балғаның бағыттағыш бөлігінде балғаны қадаға бекітуге және туралауға арналған қондырғы бар.

Балғаның жұмыс циклы екі жұмыстан атқарылады – бос (холостой) (ұру бөлігін соңғы үстіңгі деңгейге көтеру) және жұмысшы (ұру бөлігінің астыға жүруінің үдеуі және қадаға соққы береді). Қадалы балғалардың тарту бойынша механикалық (аз қолданылады және көп шығарылмайды), ауа-булы, дизельді және бөлігінің массасы, бір соққының ең көп энергиясы, ұру бөлігінің ең көп көтерілу биіктігі, соққының минуттағы жиілігі болып табылады.

Ауа-булы балғалар 0,5-тен 0,7 мпа сығылған ауаның немесе пар энергиясының көмегімен жұмыс істейді. Мұндай балғалардың екі түрі қарастырылады: жай – бір жаққа жұмыс істейтін, энергия тек қана жұмыс қондырғысын көтеруге, ал түсіруге балғаның өз күшімен іске асырылады және екі жақтан жұмыс істейтін балғаның түскендегі энергияға қосылатын энергия, сол себепті ұру энергиясы ұлғаяды және жұмыс циклының ұзақтығы қысқарады.

Жай ауа-булы балғалардың ұру бөлігінің құрамы шойынды қабықша массасы 1800…8000 кг ішінде цилиндр орнатылған цилиндр штокпен поршеньді басқарып отырады

Жай жұмыс істейтін балғалардың қызметтерінің айырмашылығы аз. Олардың жұмыстарын басқару -  жартылай автоматты.

Дизельді балғалар іштен жанатын, екі жақты дизель принципімен жұмыс істейтін, тік жұмыс істейтін двигатель болып келеді. Олар құрылысты өзінің энергия қажет етпейтіндігімен, мобильділігімен, конструкциялары қарапайым және берік. Сонымен қатар үлкен өсімділігімен көп таралған.

Дизель балғалар ұру бөлігінің бағыттаушы түрі бойынша құбырлы және штангілі болып бөлінеді. Құбырлы дизель балғаның ұру бөлігінің бағыттаушы қызметін жылжымайтын құбыр атқарады, ал штангілі дизельде – екі штанга қызметін атқарады. Штангілі балғаның жылу камерасына дизельді жанар майды шашу – форсункалы, ал құбырлыда – соққылы.

Покровты қондырғыға дизель балғаларды захваттар және көтеру-түсіру қондырғылар көмегімен (балғаны көтеріп-түсіруге арналған) іледі. Және покровты қондырғының лебедкасының арқанына бекітіледі.

Дизель балғалардың орташа (ұру белгісінің массасы 600 кг дейін), жеңіл (1800 кг дейін) және ауыр (2500 кг дейін) болып келеді.

Гидравликалық қада қағу балғалары қазіргі шығарып жатқан типі бойынша гидравликалық балғалардың ұру бөлігінің массасы 500 …7500 кг және бір ұрғандағы энергия.

Виброенгізгіштер (дірілдетіп енгізгіштер). Виброенгізгіштер батырылатын элементтердің өсін бойлау жиілігі мен амплитудасы белгілі бір шамадағы тербелісті береді, соның арқасында топырақ пен оған батырылушы элемент аралығындағы үйкеліс еселігі күрт өзгереді. Олар құмды және суға қаныққан құмайт топырақтарға металл шпунттарды, құбырларды, темірбетонды қадаларды және сыртқабықшаларды (оболочка) батыруға, сонымен қатар оларды топырақтан шығаруға қолданылады.

Виброенгізгіштер кіші жиілікті (n≤10 Гц) және үлкен жиілікті (n≥16,6 Гц) болып бөлінеді.

Кіші жиілікті виброенгізгіштерді біртекті әлсіз топырақтарға үлкен массалы темірбетон қабықшаларын және ұзындығы 12 м дейін қадаларды енгізуге қолданылады.

Үлкен жиілікті виброенгізгіштер су байланысқан топырақтарға бетінің кедергісі аз элементтерді: шпунттарды, құбырларды және профильді металдарды ұзындығы 10 м дейін қолданылады.

Дірілдетіп істейтін балғалар енгізілетін элементке вибрациялық және ұру импульстарын бере алады, сонымен қатар тығыыз топырақтарға ұзындығы 13 м дейін металды шпунттарды, 20 м дейін метал қадаларды және құбырларды енгізуін қамтамасыз етеді.

Дірілдетіп істейтін балғаларда біртекті суға қаныққан топырақтарға темірбетонды қадаларды батыруға және топырақтан құбырларды, қадаларды және шпунттарды шығаруға қолданылады. Шпунтты суырғыштардың ең көп тараған түрі – виброұру әдісінде вибробалғалар түрінде жұмыс істейтін шпунтты суырғыштар жатады. Олар клинді және гидравликалық қалпақшаларымен жабдықталады және өздігінен жүретін жебелі крандармен, экскаваторлармен, крандармен және кокерлі қондырғылармен бірге жұмыс атқарады.

Кокерлар және өздігінен жүретін кокерлі қондырғылар. Қадалы балғалар, виброенгізгіштер, вибробалғалар және басқа да енгізгіштер

Кокерлардың және өздігінен жүретін (өздігінен жүретін машиналар базасында) кокерлі қондырғылардың ауыспалы қондырғылары болып табылады. Олар қаданы қажетті орынға тасуы және белгіленген орынға қажетті бұрышпен орнатуға, қадаға қада енгізгіштерді орнатуға, қада енгізгіштерді және қадаларды енгізгенде туралау жұмыстарын атқарады.

Кокерлардың және кокерлі қондырғылардың негізгі параметрлері: жүккөтергіштігі – Q (ілінген қаданың, қалпақшаның және қада енгізгіштің қосындылық массасы), мачтаның биіктігі – Нм (кокердің тірек жазықтығынан үстіңгі жүк блогының өсіне дейінгі арақашықтық), мачтаның құлашы – L (бұрылу платформасының айналу өсінененгізілетін қаданың вертикальді өсіне дейінгі арақашықтық), мачтаның бойлық орнату еңістігі – β, көлденең орнату еңістігі – γ, кокерлі қондырғының тұру жолы – К, жалпы салмағы – mk.

Кокерлі қондырғылар рельсті жүру қондырғыда және рельссіз жүру қондырғыда іске асырады және универсалды, жартылай универсалды және жай болып үшке бөлінеді.

Универалды – толық бұрылатын платформада, құлаш ұзындығын өзгертуі, вертикальді және енкішті қаданы енгізу үшін мачталы кокердің бойлық және көлденең енкіштігі.

Жартылай универсалды – толық бұрылатын платформада, қаданы вертикаль деңгейде ендіру немесе қаданы еңкіш енгізгенде покровты мачталы қондырғы тек қана енгіш деңгейде ұстап тұруы.\


Қорытынды


Менің ойымша тәжірибе ойдағыдай өтті. Мекеме жұмысы жақсы тәртіп бойынша жұмыс жасайды. Барлық іс-қимылдары мән жағынан да, этикалық норма жғынан да жағымды болып келеді. Бөлім қызметкерлері адамдармен жақсы қарым-қатынасқа түсіп, оларға қанағаттанырарлықтай деңгейде қызмет көрсетеді. Басшылықтың талаптарын көнеді, олардың тапсырмаларын мерзімінде орындайды.

Жалпы өндірістік тәжірибе кезінде мен өз мамандығым бойынша көп мағлұматты игердім. Теория негізінде жинаған білімді нақты салыстырдым. Бөлім жұмысын толық игердім. Түсінбеген жерлерім жоқ. Тәжірибе барысында бөлім қызметкерлері нақты мәліметтерді айтып, көрсетіп отырды. Мен өз кезегімде ара-тұра жұмыстармен көмектестім. Зерттеу кезінде менің жұмысыма бөлім бастығы түсінісушілікпен қарап, өз жауапкершілігіме біраз жұмыстарды берді. Келісімшартта көрсетілген міндеттерін ойдағыдай орындады. Өз кезегінде сол талаптарға бейімдедім..Басқарма жұмыскерлерімен тіл табыстым. Тәжірибе соңында өзіме жүктелген жұмыстарды жауапты адамдарға тапсырдым.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1. Кудрявцев Е.М. Комплексная механизация строительства.М.АСВ.2005-416с.

2. Строительные, дорожные и коммунальные машины. Оборудование для производства строительных материалов. Справочник. Том IV- 9. Под общ. ред. И.П. Ксеневича. М. Машиностроение. 2005- 736 с.

3. Волков Д.П., Крикун В.Я. Строительные машины.-М.Изд.АСВ, 2002-376 с.

4. Волков Д.П. Строительные  машины и средства малой механизации  -М.:Академ. 2006-416 с.

5. Крикун В.Я. Строительные машины. М. АСВ. 2005- 314 с.

6. Домбровский Н.Г. и др. Строительные машины. М.АСВ. 2002- 528 с.

7. Волков Д.П. и др. Машины для земляных работ.- М.: Машиностроение, 1992 -448 с.

8. Современная техника в строительстве. Журнал. 2006, 2007 г.

9. Мауленов Ж.К. Бурцев В.В., и др .Грузоподъемные машины.(Теория, конструкция и расчет) Уч. пособие. Алматы, КазГАСА. 2002- 215 с.

10.  Мауленов Ж.К. Бурцев В.В., и др. Машины непрерывного транспорта. Алматы, КазГАСА. 2003- 137 с.

11. Мауленов Ж.К. Бурцев В.В., и др. Погрузочно-разрузочные машины. (Теория, конструкция, расчет). Алматы, КазГАСА. 2005- 137 с


16


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі